География пәнiндегi өлкетану жұмысының мақсаты.
Өлкетану пәнi өзiң туған, өнiп-өскен жерiңдi танып-бiлуге, зерттеуге үйретедi. Зерттеу нәтижесiнде жинақталған өлкета- нымдық материалдар арқылы әр адамда өзiндiк географиялық көзқарас қалыптасады. Сабақ барысында туған өлкеде табиғат құбылыстарын бақылау, тәжірибелік жұмыстар, туристiк экскур- сиялар, зерттеулер жүргiзiледi. Өлкетанымдық ұстаным геогра- фия пәнiн мынадай заңдылық бойынша; белгiлi нәрсе арқылы, яғни бiлмейтiнiңдi анықтау, жақын дүниенi бiлу арқылы алысың- ды тануды оқытуға дағдыландырады.
Оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелейді.
Туған өлкенiң тарихын, жер бедерiн, табиғатын зерттеп та- нысу арқылы географиялық бiлiмiн тереңдетеді.
Жекелеген оқушының пәнге сүйiспеншiлiгiн арттырып, олардың келешек мамандық таңдауларына көмектеседі.
Географиялық өлкетанудың мән-мазмұны.
География пәнi мұғалiмi өз еркiмен мектептiң өлкетану негi- зiнде туған өлкесiнiң географиялық құбылыстарына зерттеу жұмысын жүргiзеді, оны микрогеография-физикалық, экономи- калық немесе географиялық өлкетану десе де болады. География- лық өлкетануды төмендегi мазмұнда қарастыру керек:
Туған жердiң жер қыртысын зерттеу, өсiмдiгiн, жан-жануар- ларын, микроклиматы айырмашылықтарын зерттеп салыстыру.
Адамзаттың әсерiнен табиғи ортаның қалай өзгеруiн зерт-
теу.
Жер бетiнiң эрозияға ұшырауы, су аңғарларының өзгеруi,
суалу, көшкiн сияқты құбылыстарды бақылау.
Жергілікті (ауыл, қала) тұрғындардың географиялық құбы- лысын анықтау.
Тұрғындардың немен, қандай шаруашылықта жұмыс iстей- тiндiгi жайлы, табиғаттың бұл жұмыстарға әсерi жайлы зерттеу- лер жүргiзу.
Жеке кәсiпорын, мекеменi зерттеу.
Туған жердiң, ауданның физикалық-экономикалық картала- рын жасау.
Туған өлкеге деген сүйiспеншiлiк сезiмдi тәрбиелеу мектепте- гi өлкетану жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Мектептегi
өлкетану оқыту мен тәрбиелеудi өмiрмен байланыстыратын ма- ңызды құрал. Өлкетану жұмыстары мектепте нақты пәндiк ба- ғытты қамтиды және ғылым негiздерiн практикамен, қоршаған ортамен байланыстырады.
Мектептегi өлкетанудың қоғамдық өлкетанудан айырмашы- лығы, өлкетану мектептiң оқу-тәрбие үдерісiнде педагогикалық басшылықпен жүргiзiледi. Өлкетанудың ғылыми-танымдық және тәрбиелiк маңыздылығына тоқтала келiп, Н.К. Крупская: «Мек- теп балаға баспа кiтаптарды оқытумен ғана шектелмей, сонымен қатар өмiр кiтабын да үйретуi керек», – деп атап көрсеткен.
Өлкетану жұмысын өткiзу барысында неге көңiл аудару ке- рек:
Тақырыптарды өту барысында бiрыңғай теориямен шек- телмей, сарамандық жұмыстармен ұштастыру.
Ең жаңа деректер мен ғылыми терминдерге, анықтамаларға негiзделген кестелер, карталар сызғызып, оқушылардың шығар- машылығына жол ашу, пiкiрталас туғызу, «Қазақстан-2030» ел Президентi Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа алып, болашақтың тiзгiнi өздерiнде екенiн жете түсiндiрiп, жауапкершiлiкке үйрету.
Қаладағы iрi өнеркәсiп, мекеме орындарының тiршiлiгiнен хабардар етiп, қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн шешу жолда- рын iздеуге мiндеттеу.
Туған өлкенi жан-жақты бiлу үшiн көзбен көрiп, санаға сiңiру мақсатында тарихи орындарға, мұражайларға, мәдениет ошақтарына, табиғат аясына саяхатқа бару.
Тақырыптардың ауқымы толық мәндi, мазмұнды болу үшiн жергiлiктi жер туралы ақпарат материалдарын, теледидар хабар- ларын, мұрағат көздерiн пайдалану.
Өз елiнiң жер-суын, табиғатын, байлығын, қыры-сырын, экономикасындағы өзгерiстер мен қатынастарын бiлiп, даму болашағын оқып-үйрену арқылы санасына сiңiрiп, сол бiлiмдi ұрпағына мұра етiп қалдыру – әр елдiң төл перзентiнiң азаматтық борышы.
Өлкетану жұмысынан оқушылар қандай бiлiм алып шығады?
Туған өлкеге деген сүйiспеншiлiк сезiмi, бауырмалдық, адамгершiлiк қасиеттерiнiң оянуы.
Қоршаған ортаны қорғай, сақтай бiлуi.
Табиғатты аялауға, қастерлеуге үйренуi.
Қоғамдық қатынастардан хабардар болуы.
Рухани дүниесiнiң байлығы.
Көзбен көру, есте сақтау қабiлеттерiнiң дамуы.
Жергiлiктi жердiң iшкi-сыртқы экономикалық жағдайын түсiнуi.
Мектептегi өлкетану сабағы оқушылардың ой-өрiсiн, таным- дық қызығуын дамытуға, шығармашылық iс-әрекетке баулиды. Сарамандық iскерлiктi және ақыл-ойды қалыптастыруға көп ықпал етедi, себебi өлкенi танудың объектiлерi – туған жер таби- ғаты, оның халқы, шаруашылығы, өткен тарихы мен бүгiнi, өнерi мен мәдениетi. Өлкетану арқылы оқушыларды айналадағы орта- ны қорғауға баулып, олардың экологиялық бiлiмiн жетiлдiрiп, ке- лер ұрпаққа қолда барды рәсуаламай жеткiзуге мiндеттеу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |