40
беткейде жыраның немесе сайдың қалайша пайда болатынын
балаларға түсiнiктi, ұғымды тiлмен айтып отыр. Мұғалiм беткей
неғұрлым қия болса, тасқын судың одан төмен қарай соғұрлым
қатты ағатынын, ал тасқын күшеюiнен оның топырақты шайып
кету әрекетiнiң артатындығын, т.б. атап айтуда. Сөзiнiң ақырында
мұғалiм қысқаша қорытындылар жасайды. Ал балалар оларды өз-
дерiнiң дәптерлерiне жазып алады. Бұл қорытындылар мынадай:
1. Беткей неғұрлым қия болса, су соғұрлым жылдам ағады.
2. Тасқын ағысы неғұрлым жылдам болса, беткейдiң шайы-
луы да соғұрлым күштi.
3. Тасқын суы неғұрлым көп болса, топырақтың шайылуы да
соғұрлым күштi болады.
Ендi бiз басқа мектепте болып, дәл осы тақырып оқылып жат-
қан кезге тап боламыз. Бiрақ бұл мектепте тақырыпты мұға лiм
сыныпта емес, тыста түсiндiрiп жатыр. Ол екi ағаш науа алып,
олардың
бiреуiн сәл қисайтып, екiншiсiн оған қарағанда әлде-
қайда көбiрек қисайтып қойды. Бұдан кейiн мұғалiм бiрдей екi
қаңылтыр шәйнек алып, олардан жаңағы екi науаға су құяды. Ба-
лалар оны қоршай орналасып, өңкей науамен судың әлдеқайда
тез аққанын көрiп тұр. Бұдан кейiн мұғалiм бiрiншi науаға iрi құм
себедi және қайтадан су құяды. Балалар су баяу аққанда құмның
мүлде дерлiк шайылмайтынын тағы да өз көздерiмен көредi.
Мұғалiм науаның бiр шетiн еңкейте түседi. Бұл жағдайда ағынның
шапшаңдығы артты және су құмды тезiрек шайды. Ендi мұғалiм
науаға екi шәйнектiң екеуiнен бiрдей су құйды. Оқушылар судың
көбеюiне байланысты құмның шайылуының кенет артқанын
көрдi. Бұл тәжiрибелерден кейiн мұғалiм бiз жоғарыда атап өткен
қорытындыларымызды – беткей неғұрлым қия болса, су соғұрлым
жылдам ағады, т.с.с. қорытындыларды жасайды. Бiр тақырыпты
түсiндiрудiң осы екi тәсiлiн салыстырайық.
Бiрiншi жағдайда мұғалiм құбылыстар туралы баяндайды, қо-
рытындылар жасайды және осы қорытындыларды жазып алуды
өтiнедi. Оқушылар мұғалiмнiң айтқанын түсiнiп және есте сақ тап
қалуға тиiс. Бұл жерде бiз бiлiмдi
әңгiмелеу арқылы ауыз ша үйрету
тәсiлiн көрiп отырмыз. Бұл тәсiлдiң құнды лығы, мұғалiмнiң қысқа
уақыттың iшiнде көптеген фак тіні хабар ла ғанында және мұғалiмдi
бiрден 40-45 оқушының тыңда ғанында. Мұндағы кемшiлiк –
41
мұғалiмдi бұған дейiн жаң быр тасқындарын және олардың әртүрлi
беткейдегi әрекетiн көрген дер ғана түсiнедi. Басқа оқушылар бұл
аталған фактілер мен жасалған қорытындыларды түсiне алмауы да
мүмкiн. Оқушы лардың барлығы бұл фактілерді ешбiр сын көзiмен
қарамастан қабылдады. Мұндай
жағдайда оқушылар мұғалiм
хабарлағанның бәрiн селқос қабылдайды. Әдістемелік кейбiр
оқулықтарда мұндай әдіс (немесе түсiндiру жолы)
догматикалық
(хабарлау) әдіс деп аталады.
Екiншi тәсiлге тоқталайық: Бұл тәсiлдiң фактілерді әлде қай-
да терең ұғуға мүмкiндiк беретiндiгi әркiмге айқын. Бұл тәсiл
қолданылғанда фактілер зор ынтамен қабылданады, оңай ұғы-
нылады және ұзақ есте сақталады. Бiрақ екiншi тәсiлдi орындау
қиынырақ. Мұғалiм бұл тақырыпты алдын ала әзiрлеуге уақыт
пен құралды көп жұмсауға тиiс. Оқушылар көп болған жағдайда
бұл тәжiрибенi барлығына бiрден көрсету мүмкiн емес. Егер
бiз оқушылардың
бiлiмiн ғана еске алсақ, онда екiншi тәсiлдiң
артықшылығы сөзсiз. Бұл арада мынаны айта кетелiк, тәжiрибе,
сурет немесе қандай да бiр басқа көрнекi құрал көрсетуге
негiзделген мұндай әдіс
иллюстрациялық әдіс деп аталады.
Иллюстрациялық әдіс догматикалық әдістен едәуiр өзге. Оның
өзiне тән ерекшелiгi – нақты материалдың қатыстырылуында.
Өзiмiздi тағы да мектепте екенбiз делiк, тағы да өзiмiзге жақ-
сы таныс жаңағы тақырып оқытылып жатыр. Бұл жолы мұға лiм
балаларды мектептен алып шығып жуықта ғана жаңбыр суы-
ның тасқыны қазып кеткен жыраға бастап келдi. Балалар жыра
ше тiне жақындай бергенде, мұғалiм оларға мынадай тапсырмалар
бердi:
1. Жыраны мұқият қарап шығыңдар және судың өте көп ша-
йып кеткен жерлерiн атаңдар.
2. Сол жерлердi қараңдар және оларды судың нелiктен күштi
шайып кеткенiн анықтаңдар.
3. Жыраның жазықтыққа ұласатын жерiн қараңдар, бұл жерде
судың не себептi арна қазбағанын айтыңдар, т.б.
Балалар
жыраны мұқият қарайды, оның түбiндегi құм мен
тас ты байқауда, әлдене туралы таласуда, ақыры, судың биiк жер-
ден төмен қарай құлаған және терең апан қазған жерiн табады.
«Тасқын осы араны өте күштi шайған», – деп ұйғарады бала-
42
лар. «Нелiктен олай дейсiңдер?» – деп сұрайды мұғалiм. «Бұл
нағыз қия жер, су мына арадан құлай аққан, мына жердi апан
етiп қазып кеткен», т.б. Нақ осылайша балалар жұмыс iстей
бередi, нәтижесінде олар да бiздiң
бiрiншi жағдайда атаған қо-
ры тындыларымызды жасайды. Мұғалiм бұл жолы да балалардан
осы қорытындыларды дәптерлерiне жаздырады.
Осы үшiншi әдісті алғашқы екеуiмен салыстырайық. Тақы-
рып соның өзi, бiрақ жұмысты орындау жолдарында және ол
жұмыстың сипатында қаншалықты зор айырмашылық бар.
Мұнда, үшiншi жағдайда, мұғалiм әзiр түсiнiктердi хабарла-
майды. Ол балалардың алдына мiндеттер қояды және олар-
ды балалардың өздерiне шештiредi.
Бұл жағдайда бiз өздiгiнен
зерттеу жұмыстарын жүргiзудiң элементтерiн кездестiрiп отыр-
мыз. Мұндай әдісті көптеген әдіскерлер
зерттеу әдісі деп атай-
ды. Егер бiз терең бiлiм беруге ұмтылсақ, егер бiз балалардың
белсендiлiгiн, талапкерлiгiн және жiгер еркiн жетiлдiргiмiз кел-
се, онда ең соңғы әдісті қолдану ең жақсы нәтиже бередi. Со-
нымен қатар жұмыстың мұндай жолы әлдеқайда көп уақытты,
жақсы жабдықты және жақсы даярлығы бар мұғалiм болуын
талап етедi. Әртүрлi елдерге географиялық сипаттама бергенде,
Достарыңызбен бөлісу: