О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет38/68
Дата30.08.2022
өлшемі4.9 Mb.
#460078
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68
dokumen.pub 9786010400351

Магазин ойыны
Мұғалiм – сатушы, ал оқушылар – сатып алушылар. Мұғалiм 
қағаздан түрлi заттардың бейнесiн жасап, артына тақырыпқа 
сәйкес сұрақтар жазады. Затты сатып алған оқушы сұраққа жауап 
береді. Егер сұраққа дұрыс жауап берсе, сол затты сатып алған 
болып есептелiнедi. 
Рөлдiк ойындар
География сабақтарында көп қолданылатын ойын түрлерiнiң 
бiрi – рөлдiк ойындар. Мысалы, 8-сыныптағы «Қазақстан жерi-
нiң зерттелу» тақырыбын алсақ, оқушылар П.П. Семенов-Тянь-
Шаньский, Ш. Уәлиханов, С.Л. Берг, т.б. атақты саяхатшы-
зерт теу шiлердiң бейнесiн сомдап, рөлдiк ойындарға қатысады. 
Сабақта мұғалiм тек ұйымдастырушы, ал оқушылар сабақты 
өздерi өткiзедi. Мұнда оқушылар өз беттерiмен iзденедi және 
сабаққа деген жауапкершiлiктерi артады. Сабақта оқушылар сая-
iлiктерi артады. Сабақта оқушылар сая-
лiктерi артады. Сабақта оқушылар сая-
iктерi артады. Сабақта оқушылар сая-
ктерi артады. Сабақта оқушылар сая-
i артады. Сабақта оқушылар сая-
артады. Сабақта оқушылар сая-
хатшы, ғалым, зерттеушiлер мен басқа да рөлдердi сомдай алады. 
Сабақта қазақ халқының ұлттық ойындары «Көкпар», 
«Бәйге», «Алтын сақа» тәрiздi ойындарын қолдануымызға бола-
iздi ойындарын қолдануымызға бола-
здi ойындарын қолдануымызға бола-
i ойындарын қолдануымызға бола-
ойындарын қолдануымызға бола-
ды. Мұның бәрi викториналық сұрақтар арқылы жүзеге асады. 
Мысалы, «Қыз қуу» ойыны. Тақтаға бiр қыз бен ұл шығарылып, 
сұраққа кезек-кезек жауап бередi. Әр сұраққа аялдама белгiленiп, 
белгiлi бiр мәре қойылады. Сұрақ саны 8-10 болып, жеңiл және 
нақты етiп қойылады. Егер жiгiт мүдiрмей жауап берсе, қызды 
қуып жеткенi және керiсiнше. 


111
Сонымен, география пәндерiнiң сабақтарында ойын әдiстерiн 
қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, 
iскерлiгi мен дағдысын қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет