О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеті



Pdf көрінісі
бет41/68
Дата30.08.2022
өлшемі4.9 Mb.
#460078
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
dokumen.pub 9786010400351

7.2. Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеті
Сыныптан тыс жұмыстар төмендегiдей мiндеттер негiзiнде 
құрылады:
1) оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiктерiн дамытып оқу iс-
әрекетiнде белсендiлiктерiн арттыруға, бағдарлама бойынша 
берiлген материалдарды тез меңгеруiне көмектеседi;


115
2) сыныптан тыс жұмыстар өткiзу және оған дайындық ба-
рысы оқушылардың бақылау жүргiзуiне, қарапайым тәжiрибелер 
қоя бiлуiне, белгiленген әдебиеттердi оқуына мүмкiндiк бередi. 
3) сыныптан тыс жұмыстар – оқушылардың iскерлiгiн артты-
ру бағытында жүргiзiлетiн педагогикалық бiлiм, тәрбие беруде 
басты орын алатын жұмыстардың басты салаларының бiрi. 
Сыныптан тыс жұмыстардың түрi көп, бiрақ олардың әр қай-
сысының өзiндiк ерекшелiктерi бола тұрса да бiрдей орындалуға 
тиiстi мынадай ортақ ұстанымдары бар деп есептеймiз:
1) сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар түрлерiне оқушы-
ларды қатыстыру тек қана ерiктi түрде iске асырылады;
2) қандай жұмыстың түрi болса да оның қоғамдық және қол-
данбалы бағыты болуы керек;
3) сыныптан тыс және мектептен тыс жүргiзiлетiн жұмыс 
түрiн белгiлегенде әр оқушының ықыласына, ұсынысына, құш-
тар лығы мен құмарлығына сүйенген жөн;
4) ұйымдастырылған жұмыс түрi оқушылардың белсене қаты-
суына, iзденушiлiктерiне бағыттайтындай болу керек;
5) балалар мен ұйымдастырылатын жұмыстардың әртүрiнде 
романтика (елiктiргiштiк) басым болғаны дұрыс;
6) нәтижелi болу үшiн бұл жұмыстардың нақты белгiленген 
күнi, мерзiмi немесе айқын жасалған графигi болуы керек;
7) сыныптан тыс жұмыстардың кешендi түрде iске асырылу 
талабы үнемi сақталып отыруы қажет;
8) сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға оқушыларды 
түгел қатыстыру жолын қарастыру керек;
9) сыныптан тыс жұмыстарға тартылатын және тартылған 
оқушылармен жұмыс жүргiзгенде олардың жас ерекшелiктерiн, 
қабiлетiн ескеру қажет. 
География пәндерiнен жүргiзiлетiн сыныптан тыс жұмыс тар-
дың рөлiнiң артуына төмендегiдей жағдайлар әсер етедi:
1) сыныптан тыс жұмыстардың жан-жақты болуы, бiлiм беру 
және тәрбие жұмысының әдiстемелiк дамуына әсерiн тигiзедi;
2) мектеп бағдарламасында оқу материалдарын сыныптан тыс 
жұмыстармен байланыстыру барысында оқушылардың бiлiмiн 
жан-жақты арттыруға мүмкiндiк бередi. 
Сабақ мазмұндары мектеп бағдарламасында шектеулi болуына 


116
байланысты күнделiктi өмiрде болып жатқан ғылыми-техника лық 
өзгерiстердi кеңiнен қамти алмайды. Сондықтан тек қана iскер лiк 
пен ұйымдастырылған сыныптан тыс кешендi жұ мыс тарда жаңа 
материалдағы өзгерiстердi кең түрде қолдануға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет