О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор



Pdf көрінісі
бет50/68
Дата30.08.2022
өлшемі4.9 Mb.
#460078
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68
dokumen.pub 9786010400351

Бiрiншi экскурсия. Көз мөлшерлi түсірілім және жер бетiнiң 
пішіні (күздi күнi). 
Екiншi экскурсия. Жер асты сулары. Ағын сулар әрекетi. Өзен 
және өзен аңғары. Көз мөлшерлi съемкаға жаттығу (күздi күнi). 
Үшiншi экскурсия. Көктемдегi тасқынның әрекетi. Өзен-
дердiң тасуы. «Жер бетiнiң формалары» жөнiндегi тақырыпты 
қайталау және тереңдету. Көлдер мен батпақтар. Топырақтар. Көз 
мөлшерлi түсірілімге жаттығу (жаз немесе күздiң басында). 
Төртiншi экскурсия. Өсiмдiк және оның физикалық-
географиялық жағдайға тәуелдiлiгi. «Жер бетiнiң формалары», 
«Өзен әрекетi», «көлдiң өмiрi» туралы тақырыптарды қай-
талау және тереңдету, съемка жасауға жаттығу (жаз немесе күз-
дiң басында). Төртiншi экскурсия уақыт жағынан 6-сыныпқа 
тиiстi болғанымен, шындығында, ол 5-сынып бағдарламасынан 
шығатын экскурсия. Төртiншi экскурсия бiр күндiк болуы мүмкiн, 
ең жақсысы екi күндiк болғаны. Бұл экскурсияда көбiрек жердi 
қамтыған жөн, сондықтан оны алысырақ жерде өткiзген жақсы. 
Қаладан сыртқы экскурсиялар туралы айта келiп, бiз 
экскурсияның басқа (съемкаға алғаш жаттығу үшiн мектеп ау-
ласында өткiзiлетiн, өлкетану мұражайында болатын) түрлерi 
жөнiнде ештеңе айтпадық. Ондай жақын жерде болатын экскур-
сиялар сабақ кестесiн бұзбайды және ондай экскурсиялар көп 
еңбек те тiлемейдi. 
Экскурсия уақытында денсаулықты сақтау. Экскурсияға 
тек денi толығымен сау адам ғана жақсы барып қайта алатынын 
әркiм-ақ бiледi. Сондықтан қаладан тысқары экскурсияға барарда 
оқушылардың денсаулығын жақсы тексерiп шығу қажет. Жолға 
шыққаннан соң да балалардың ауырып қалуы мүмкiн, бiрақ 
ондайлық қатты ауырып қалу өте сирек болады, онда да тек алыс 
экскурсияларда кездеседi. Ал анау-мынау ауру-сырқаулар аз бол-
майды. Ең көбiрек кездесетiндерiне тоқталайық:
15 шақырымдық жолдың орта шенiне келгенде, «Менiң аяғым 
қажалып қанап қалды» дейдi оқушылардың бiрi. Мұнда алып 


139
бара жатқан ештеңе де жоқ, бiрақ жағдай ауыр. Әрине, оны бол-
дырмауға шара қолдану керек. Ондай шаралар мыналар:
1. Экскурсияға ешуақытта жаңа аяқ киiммен баруға болмайды, 
өйтпегенде 1-2 шақырымнан соң-ақ аяқ қажалып қолдырайды. 
2. Еш уақытта экскурсияға өкшесi немесе тұмсығы жыртық 
ұйық киiп баруға болмайды, жыртық жерлерiнiң шеттерi шира-
тылып, аяқты қажайды. 
3. Жолда аяқты салқын сумен, тiптi, жылы сумен де жууға 
болмайды. Одан кейiн аяқ терлейдi де, соның салдарынан қол-
дырайды және бақайларының арасы үйкелiп терiсi сыдырылып 
қалады. Аяғы терлей беретiндер болса, бақайларының арасын ва-
зелин немесе қойдың таза майымен жақсылап майлаулары қажет. 
Осындай шаралар аяқ қажалмауын қамтамасыз етедi. 
Жолығатын қиыншылықтың екiншi түрi – құрғақ ыстық күн-
дерде ерiннiң жарылуы, бұл жанға өте батады. Ерiннiң жарылу 
себебi: адам кеберсiгенiн сезiп, оны бұрынғысындай жұмсартпақ 
болып жалай беретiн болады. Сiлекейдiң желiмдi массасы (му-
цин) кебедi де, ерiндi одан да жаман кеберсiте түседi. Қайта-қайта 
жаланғаннан кейiн адамның ернiне қатты қабыршақ пайда болып, 
ол барып жарылып, ерiннiң терiсiн тiлiп кетедi. Ондай жа рыл-
ған жерлер өте қатты ауырады және көпке дейiн жазылмайды. Ал 
экскурсияға шығар алдында немесе ерiн кеберси бастағанын сез-
генде, оны таза маймен немесе вазелинмен майлаған болса, он-
дай жағдай болмас едi. Ерiндi кеберсiтпеу үшiн және мұрынның, 
беттiң күнге күймеуi үшiн вазелин немесе май (тұздалмаған) 
жаққан жақсы болады. 
Бiрдеңе кесiп не жыртып кеткен болса, онда йод жағып бай-
лап қою керек. Экскурсия уақытында сусынмен қамтамасыз 
етудiң маңызы зор. Бұрын мәлiм болмаған жерлерден су iшу 
қашан да болса қауiптi. Сондықтан ең жақсысы – оқушылардың 
жолда суды неғұрлым аз сирек iшкенi. Бұл қиын да емес, ол үшiн 
экскурсияға шығар алдында оқушылар тұзды тамақ жемеу керек. 
Жолда шекiлдеуiк шақпау және аузына кәмпит салып, сорып же-
меу керек. Тағы үшiншi шарт, жоспарда белгiленген жерге жет-
кенше сусын iшпеу керек. 
Тоқталатын жерге жетiп, сусын iшетiн уақыт болғанда, 
мұғалiм алдын ала оқушыларды су алатын жермен танысты-


рып, мынадай шаралар қолданады: егер су өте суық болып, күн 
ыстық болса немесе балалар жүрiстен терлеп, қызып келген 
болса, суды тек 10-12 минут дем алғаннан кейiн iшуге болады. 
Адамның жiгерi даму үшiн өте пайдалы болатын сондай кiдiрiс 
балаларды тұмауратып аурудан сақтайды. Сусынды әдейi соған 
арнап алып шыққан кружкадан iшу керек. Сусын iшу тәртiбi де 
тамақ жегендегiдей балалардың ең әуелi әлсiздеулерi, онан кейiн 
әлдiлеулерi iшедi. 
Дем алғанда дымқыл жерге, әсiресе салқын жерге жат-
пау керек. Экскурсияда жүрiп, суға түсу өте қауiптi. Экскурсия 
уақытында мұғалiм өзiнiң қарамағындағы балалар үшiн толық 
жауапты екендiгiн ұмытпауы керек. Бұрын таныс емес жердегi 
суға балалар түгiлi жақсы жүзе бiлетiн кiсi де суға кетiп қалады. 
Экскурсия уақытында үш баланың бiрден суға кетiп қалғаны 
бiзге мәлiм. Бұл оқиғаның олардың ата-аналарына да, мұғалiмнiң 
өзiне де қандай әсерi тиетiнiн өздерiңiз ойлап қараңыздар. Амал 
қанша ондай жағдайлар кездесiп тұрады. 


141


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет