Жүргізуші:
Ж-1
Армысыңдар достарым армысыңдар,
Құрбы,құрдас, шәкірттер бармысыңдар,
Осындай мерекелі той кездесуді
Қосыла қуануға барымсыңдар.
Ж-2
Бұл тойға барша достар жиылып тұр,
Тілегі күн нұрындай құйылып тұр.
Ұстаздардың қызықтарын бөліскелі,
Сағынысып сан жүрек жыйлып тұр..
Армысыздар кешегі жалынды жастар, қарымды ұстаздар, қауымы! Өнер мен ғылымның қасиетті тұғыры болған оқу ордамыздағы дәстүрлі кездесуімізге қош келіпсіздер..
Жүргізуші-1
: Жалын мен жырдан жаралған
Әні мен сыры – ақ арман.
Өнерпаз жастар алдыңда,
Намыс пен нұрдан жаралған!
Мәдениет пен әдебиетті, білім мен өнерді бір қазанда қайнатқан ұстаздар мерекесі құтты болсын!
Жүргізуші-2
Ұстаздар-ұлы істер, ұлт мерейін өсірер керемет жанкешті жандар. Өйткені, олардың алдынан біздің келешектегі көсегемізді көгертіп ұлғайтар біртуар, кесек тұлғалар қанатталып жатыр. Ұстаз- ұлы тұлға. Бүгінгі кездесуіміз «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деген ұлы Абай атамыздың қанатты сөзімен астарласып жатыр.
Ж 1
Кие тұтқан ән менен күй өнерін,
Ұстаздықты ежелден сүйеді елім.
Ортаның көркі енсін деп беу ағайын,
Шақырайық осы той иелерін.
Ән шашу. «Ұстазым менің, ұстазым»
Ж-2
Көрсетіп ойдың өресін,
Айтыңдар ойдың төресін,
Жұртқа тауып жақсы сөз,
Биік болсын белесің.
Жүздіріп ойдың кемесін,
Жарым –ырыс жақсы сөз,
Жаныңды нұрға бөлесін.
Шешен сөйлеу қашанда,
Биік шыңы өнердің.
Сендер айтқан тілекпен
Көсегесі елдің көгерсін.
Сөз кезегі 38 ЖНББ мектебінің директоры Әбілғазиновқа беріледі.
Ж-1
Білдіріп шәкірттердің ақ ниетін,
Ұстаздың алып жүрген атын еркін
Біз сіздерге алуан гүл ғып ұсынамыз
Жүректің алғысы мен рақыметін.
Ж-2
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақылдығы
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Ұстаздарға арналған көрініс.Ұстаздар бейнесін салу.
Ж-1
Дос болса өткізбедік қыл арадан,
Туғаннан артық көрдік бір анадан.
Қайырым мейлі кімге істесек те,
Халықпыз қарымтасын сұрамаған.
Дос көңілі егіз екен, бірін-бірі өзім дер,
Досқа деген ақ ниетті жүрегіңмен сезіңдер.
Өміріңді өрге қарай жетелейтін талмастай,
Досқа деген аса мөлдір сезімдер.
Педагоги все прекрасны,
Каждый чем-то, да хорош
Только лучше чем учитель
Не старайся не найдешь!
Сөз кезегін ұстаздарға берейік. Ұстаздар бір-біріне арналған тілектерін айтсың.
Ж-2
Оқушыны ең алдымен, көруге, түсінуге және сүюге үйрету қажет, оқуға үйрету одан кейін келеді» деп Я.Корчак айтқандай келесі кезекте ұстаздарға арналады көріңіздер.
(Би)
Ж-1
Бақытыңды бағалай біліңдерші.
Бүгін думан риясыз күліңдерші.
Ақ жарқын, ашық көңіл, ақ жүрекпен
Ойнап-күліп, қуанып жүріңдерші!
Айт дегенде өлеңді аңырмаймын
Көлден ұшқан аққудай мамырлаймын.
Қашан көрсең жақсының жанындамын.
Іздегенмен жаманға табылмаймын.-дей келе
мына ән ұстаздар сіздерге арналады.
Ж-2
Ұстаздың берген дәрісін,
Шығармай естен мықты ұстап.
Санамыз өсіп, ер жетіп
Келеді уақыт, жас қыстап
Не дейін саған, недейін?
Балалық өмір – жастық шақ
Ж-1
20 ға келгенше сұлу болмаған, одан кейін сұлу болмайды.
30 ға келіп күшті болмаған, одан кейін күшті болмайды.
40 дейін ақылы кірмеген, өмірі ақылы болмайды.
70 келгенше немере сүймеген,
өмірі шал болмайды. (Ұстаздар келбеті)
Ж-1
Алдыда күтіп, қол бұлғап таңдар ағарған
Жетелеп барад, жетелеп барад ақ арман
Бала болған көп жылдың соңғы ширегі
От болып шықты, жас болып шықты жанардан.
Ж-2
Ұстаздық құт береке даналығы,
Сезілер әр існен даралығы.
Ұстаз деген сезімнің ақындығы,
Тіршіліктің ғұмырлық даналығы.
Қорытынды: Ұстаздарға арналған кешіміз өз мәресіне жетті. «Ұстаздық еткен жалықпас» деп, Абай сөзімен кешімізді аяқтауға рұқсат етіңіздер. Ешқашан шаршамаңыздар, асыл ұстаздар!
Ән көгінің сұнқары - Шәмші
Жарияланды 9-01-2013, 22:43 Категориясы: Музыка
«Ән көгінің сұңқары - Шәмші»
Шәмші Қалдаяқовтың еске алуға арналған ән кешінің сценарийі.
1 – жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Саған шөлдеп, айызым тамсанады.
Өкініш пе білмеймін, қуаныш па?
Өз - өзімнен жүрегім ән салады.
Әнсіз өмір - өмір ме, қаңсымай ма?
Өзегіңді өртеп дерт, жаншымай ма,
Махаббатқа арнап бір ән шығарсын
Шәміл – ау, Шәмші қайда? Шәмші қайда?
Шәмшіге айт, тағы да бір таңдандырсын,
Жындандырсын жүректі, жандандырсын.
Мәңгі өлмес махаббатым айта жүрер
Мәңгілік өлмейтұғын ән қалдырсын.
- Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын.
2 – жүргізуші: Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, өзі елеусіз де аянышты тірлік кешкен қайран Шәмші!
1 – жүргізуші: Бірақ біз - ән сүйер қауым, оның өмірі дәл осылай бақытсыз өткенін білмедік, ән әлемінің падишасы атанған талант иесі социалистік жүйенің елеусіз құрбанына айналды. «Ештен кеш жақсы» демекші, егеменіміздің арқасында бүгінде «Вальс каролі» атанып отырған бір – ақ адам. Ол – Қалдаяқов Шәмші! Ендеше, сол Шәмшіге арналған «Ән көгінің сұңқары – Шәмші » атты кешін бастауға рұқсат етіңіздер.
2 – жүргізуші:
Кім білсін, қаншама әлі шырқарымды,
Кім білсін, қай күні сен қырқарынды.
Мұқағали жоғалса қайтер дейсің,
Жоғалтпасам болғаны ұрпағымды, - деп
Мұқағали ақын жырлаған ұрпақтары мына сіздер мен біздер. Мұқағалидің ұрпағы Шәмшінің ұрпағы емес пе? Осылар тұрғанда ұлы адамдардың аттары еш уақытта өшпек емес. Келесі кезекті жас ұрпақтарына берейік.
Ән «Ақ бантик» орындайтындар Толғанай, Гүлден, Мұратова Әйгерім қабыл алыңыздар
1 – жүргізуші:
Адам жылап туады,
Жатады оны жұбатып.
Және жылап өтеді,
Өзгені де жылатып.
Жылайтыны туа сап,
Жамандар бар қинайтын.
Жылайтыны өлгенде,
Жақсылар бар қимайтын.
Осылай деген уа, Қадыр аға неткен ерсің!
Қазақ халқының біртуар перзенті, вальс падишасы атанған Шәмші Қалдаяқов.
2 – жүргізуші: Дегенмен, ұлы дарын өмірден өткенімен, көңілден кетпеді. Халқымызды әсем әуенімен әлдилеген ұлын, атамекені әлдилеп жүр. Оған дәлел қыстың құлазытар қара суығында жылытатын Шәмші әуендері болмақ.
Шәмші Қалдаяқовтың өмірі туралы 6 «а» класс оқушысы Сапарова Айсұлу баяндап береді.
Бейнебаян «Шәмшінің өмірі»
1 – жүргізуші:
Табады асыл сөзді ер данасы,
Шығады білімдіден сөз сарасы.
Салшы бір әсем әнге шарықтатып,
Тыңдасын мына халық шабыттанып.
Сахнаға Қуаныш Айдананы ортаға шақырайық.Айдананың орындауында Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән
«Бақыт құшағында» қабыл алыңыздар.
Көрініс:
Қалқожа Жолдықпаев – Багдаулет 5 «а» кл
Шәмші Қалдаяқов – Мустафин Марат
Қасындағы жігіттер – Нурдаулет, Темирлан, Нурбек
2 – жүргізуші: Бір күні Шәмшіге бір қара торы, дембелше жігіт жолықты да «Мен Қалқожа Жолдықпаевпын» деді
- Е, болсаң бол. Оны маған несін, айтып отырсын?
- Екеуміз де Арыстың бойында туыппыз. Бір өзеннің суын ішіппіз. Артымда Арыс тұрғанда алдымда сескенбеймін. Осы өзеннің жағасында мен өзімнің ең сұлу нақ сүйерімді тауыппын. Шәмші деген атыңыз бар, қалайша осы өзеннің бойында бір сұлу жолықпады сізге?
- Неге олай дейсің? Ондай сұлу менің қиялымда осы Арыстың бойында туды.
- Олай болса, әндеріңізде неге Арыс жоқ ? Айналайын ерке өзеннің аруларын неге ән етпедіңіз? Оларды әлде жақтырмайсыз ба?
- Әй, бала, сен қалай – қалай сөйлейсің? Мен кімді ән қылам, кімді....онда шаруаң бар?
- Шаруам бар! Өскен жеріңіздің сұлуларын неге жырламайсыз? Мен Қалқожа, соны айтуға келдім – деді де тайып тұрды.
- Өй, әлгі ит не деп кетті? – деді Қасымдағылар.
- Ол менің нағыз ауру жерімді түртіп кетті, - дедім мен. Шәмшінің
«Арыс жағасында» әннің жазылуына әлгі жігіт себеп болды. Оның көз алдындағы небір аруларды келтіріпті.
Ән «Арыс жағасында» орындайтын Нурбек және Толганай. Қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші:
О, заманда ашқан қазақ өнер сырын,
Шақырған кештеріне бірін – бірін.
Көрейік тамашалап көрермендер,
Жас биші аруларымыздың өнеріне.
Сахнаға 3 «ә» класс оқушыларын шақырайық «Қара жорға»биі
қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші:
40 жылдан астам шығармашылық қызметінде Шәмші Қалдаяқұлы 300 – ге жуық ән жазған. Ш.Қалдаяқұлының әндері тұнып тұрған лирика, махаббат тақырыбында болған. Бұл әндерді жұртшылық барлық жерде: студенттік және отбасылық кештерде, жұмыс орнында, демалыс кезінде әуелете шырқайтын.
Маратова Айгерим, Толганай, Куаныш Айдананын орындауында Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған ән
«Әнім сен едің» қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші: Әр адамға әлемнің жарығын сыйлаған кім?
2 – жүргізуші: Жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы, нәр беруші сол АНА !
АНА – теңдесі жоқ таусылмайтын жыр. Өнер қайраткерінің қай – қайсысы болмасын өз шығармаларында арнайы сөз етпей кетпейтін болған.
«Ана туралы жырдың» тууы
Әннің шығуына себеп болған Шәмшінің ән дүниесіне жетелеген аяулы анасы Сақыпжамал Бұқарбайқызының мезгілсіз дүние салуы. Ананың арманда кетуі Шәмшіні қатты тебірентті. Жазылмастай дертке шалдыққан анасы Алматыдағы баласын шақыртады.
- Балам, - деді көзіне жас алып, - жалғыз тілегім сен аман бол. Бұл өмірде салған әнің айтылмай жатып үзілмесін. Ол әнің ұзаққа жетсін. Бақытты бол, балам.
- Апа, қарыздармын саған....Қарыздармын, апа!...Сенің басыңа кесенеден ескерткіш орнату менің қолымнан келе қоймас. Бірақ саған әсем әннің ең асылынан ешқашан ұмыт болмайтын ескерткіш қалдырамын, - деді Шәмші.
1959 жылдың 4 қыркүйегі болатын. Шәмші анасына берген уәдесін 2 жылдан соң, 1961 жылы орындады.
Бұл ән ана алдындағы ешқашан өтелмейтін борышын сезінген баланың төгілген көз жасы еді. Бұл ән аналар туралы Әнұран болатын.
Толғанай, Гүлден және хор
Диана, Гулден, Ару, Балжан, Бекзат, Диана, Аяжан
«Ана туралы жыр»
1 – жүргізуші: Бірде бір қуаныш дастарханы әуезді әндерінсіз өтпейтін, ешкімді тосырқамайтын кең пейілді Шәмшінің тағдыры қаталдау болды. Үй – күйсіз жүрген кездері де болған. Шәмші Қалдаяқовтың Жамбылдың түбіндегі дүнгендер ауылында тұрған кезінде шығарған «Дүнген қызы» атты әнін .Жұмабеков Нұрбектің орындауында қабыл алыңыздар.
2 – жүргізуші: Ән де адам секілді өз тағдырымен туады. 1963 жылы Қызылорда облыстық комитетінің хатшысы Жарқымбек Қаржаубаевтың нұсқауымен ән – би ансамблін құру керек болды. Бағдарлама дайын болғанда ансамблдің шыққан тегін, затын, білдіретін, жалау етіп ұстайтын ән жоқ екен. Сол кісінің тапсырмасымен Алматыдан Шәмші Қалдаяқовтың шақырып алып, «Сыр сұлуы» әнін жазғызады. Сөзін Зейнолла Шүкіров жазған.
Маратова Айгерімді шақырайық. Айгерімнің орындауында
ән «Сыр сұлу» қабыл алыңыздар.
1 – жүргізуші: Профессор Құлбек Ергөбектің зерттеулеріне қарағанда Шәмші Қалдаяковтің «Нан», «Арақ», т.б.бірнеше поэма жазған. Бәлкім, қолжазбасы табылып қалар. Жоқтаушысы да жоқ емес. Академик «Халық қаһарманы» М.Әлиев Ш.Қалдаяқов атындағы «Шарапат» қорын құрып, біршама ізгілікті жұмыс атқарды. Көше берілді, ескерткіш орнатылды.
ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Амалбек Тшанов өткізіп отырған Ш.Қалдаяқов атындағы Халықаралық ән фестивальдерінен кейін шоқтығы биік жұлдыздардың пайда болуы ел үшін үлкен жетістік.
2 – жүргізуші:
Әлі де бұл кеудемде толмай арман,
Жас көңіл еш нәрсеге болмай алаң.
Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан,
Қол созып құшақ жайған қандай адам?
Жүрегім сәулесінен дірілдеген,
Көктегі күнім бе екен күлімдеген
Әлі бір көктемдегі сандуғаш па?
Жанымды елжіреткен үніменен?
Қалайша жүрегімді алдай алам,
Мен оны жалғыз соған арнай алам.
Бейхабар жүр едім ғой махаббаттан,
Дариға – ай, құшақ жайған қандай адам?
1 – жүргізуші: Шәмші Қалдаяқов тек қана композитор емес, бата беруге де өте шебер болған. Бір ғажабы, оның берген баталары бір – біріне ұқсамайды екен. Осындай біртуар, қазақтың ұлы адамының баталарының біреуін сіздерге біз берейік.
(Шәмшінің батасын Темірлан айтып береді:)
Көргенің рахат болсын,
Жүрген жерің рабат болсын.
Екі тойың қабат болсын,
Дастарханың берекелі болсын,
Әр күнің мерекелі болсын.
Шайың қызыл болсын,
Ғұмырын ұзын болсын,
Несібең таса берсін,
Дұшпаның қаша берсін!
Шаңырағың Кремльдің сарайындай биік болсын!
Босағаң – Ақсақ Темірдің дарбазасындай берік болсын
Беттеріңе түскен әжім қасірет табы емес,
Шаттық күлкінің ізі болсын. Әумин
2– жүргізуші:
Шәмші, Шәмші болғалы өтті небір замандар,
Бірін – бірі күндеумен өтіп жатыр адамдар.
Қулар менен зұлымдар өмір сүре біледі,
Қай заманда болса да солар ғана күледі.
Шындықпенен жүрсең сен жексұрын боп қаласың,
Етек – жеңнен тартқылап қайда қазақ барасың?
86 қырғынаң есіңе алшы кешегі,
Желтоқсанды есіңе жастар шыққан көшеге!
1 – жүргізуші:
Мұқағали, Шәмшілер тірі шақта шіркін – ай!
Қошеметін қазақтың көрмеді ғой бір күні – ай!
«Ештен – дағы кеш жақсы» деді қазақ бабамыз,
Егемендік алып ап, гүлдеп жатыр даламыз!
Қолымыздан келгені осы болды біздердің,
Ойыңыздан шықтық па, білмейміз біз сіздердің?!
Осыменен Шәмшіні зерттеп біттік демейміз,
Жалғастырар болсаңыз, біз де сізге келеміз!
1 – жүргізуші: (Ш.Қалдаяқовтың «Поппури» әні орындалады.)
Жумабеков Нурбек, Маратова Айгерим, Мукангалиева Толганай
2 – жүргізуші:
Қош Шәмші!
Қош Шәмші! «Қош!» - деген сөз ауыр қандай!
Жан, жүрек, миың қоса ауырғандай,
Қан тулап, құлақ шулап, көз бұлдырап,
Тал, түсте ақыл - естен жаңылғандай,
«Жоқ» деген «оқ» дегенмен бірдей болып,
Отырмын ой тантырап, әлі нанбай.
Аққудың жерде жүрген бір баласы, -
Жігіт ең өзің қандай, әнің қандай.
Қырық жыл бар қазақты балқытып ең,
Рахат теңізіне малынғандай.
Сен болып бүкіл дала жырлаушы еді
Құдайдан тілегені табылғандай.
Шаршамай шабытыңның ақ сұңқары
Самалда самғаушы еді сабыр қалмай,
О, дүние, ойда жоқта ғайып дүние,
Бұлбұлды күн туды ма сағынғандай!
1 – жүргізуші:
Қош, Шәмші! Көңіл айттық далаға біз,
Ардақтап сен жырлаған анаға біз.
Жастыққа, махаббатқа, сәбилерге,
Алдымен қазақ деген – данаға біз.
Дүниеден жұмсақ қана, жұмбақ қана,
Желдей боп өте шықтың, қайран абыз,
Әлемде ән өлуі мүмкін емес, -
Өлмейді сен туралы қалған аңыз!
2 – жүргізуші:Құрметті өнер сүйер қауым, әнді қадір тұтатын ағайын.
1 – жүргізуші: Аяулы ана, мөлдір махаббат, шынайы бақыт туралы тамаша әндер жазып, ән әлемінің падишасы атанған бірегей талант иесі, қазақ халқының ұлы мақтанышы, Ш.Қалдаяқовтың «Ән көгінің сұнқары - Шәмші» атты кешті жабық деп жариялаймыз. Келгендеріңізге көп – көп рахмет.
Кері қайту
Материал рейтингісі:
Әдеби кеш «Ж Ы Р – Ж А Ң Б Ы Р»
|
04.04.2012, 11:20
|
Кештің сценариі
«Ж Ы Р – Ж А Ң Б Ы Р»
1-жүргізуші: Армысыздар, жиналған қауым!
- Қазақта «Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас» деген мақал бар, шүкір, ел ағалары баршылық.
2-жүргізуші:
- Киелі поэзия әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сырлы да нәзік өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген һәм есімі республикаға танымал дарынды жерлесіміз Ақмола облысының Степногорск қаласындағы «Степногорск ақшамы» газетінің редакторы Жанбаев Полатбек Тілләбайұлына арналған «Жыр жаңбыр» атты кешімізге қош келдіңіздер!
1-жүргізуші:
- Бүгінгі кешіміздің мақсаты – ақын туралы, елі елеңдеп жүрген елгезек ер туралы ой-пікірімізді айту, оның өлеңдерімен танысу.
2-жүргізуші:
- Олай болса, ақын, журналист, сатирик Жанбаев Полатбек Тілләбайұлын қошеметтеп кешіміздің төріне шақырамыз.
(Жанбаевты төрге шақыра отырып, гүл шоғын ұсыну)
(Презентация)
1-жүргізуші:
- Автор жайлы айтар болсақ, Полатбек Тілләбайұлы 1962 жылдың 6 тамызында Өзбекстан Республикасы Бұхара облысына қарасты Тамды ауданындағы «Аяққұдық» ауылдық Кеңес аумағындағы Ленин атындағы ұжымдық шаруашылықтағы шаруа жанұясында дүниеге келген. 1980 жылдан бері өлең жазумен айналысатын қаламгер қазір кемелдене түскен шағында. Ол проза, поэзия, сатира саласында өнімді қалам тартып жүр. 1985 жылдан бері журналистика саласында еңбек етеді. Ташкенттен шығатын республикалық «Нұрлы жол», Тамды аудандық «Тамды шаруагері» газеттерінде еңбек етті. 1987 – 1993 жылдары Алматы қаласындағы ҚазМУ – дың журналистика факультетінде оқыған.
2-жүргізуші:
- Полатбек Жанбаевтың жеке және ұжымдық авторлар топтамасында кітаптары жарық көрген. 2001 жылы Ташкент шаһарында Біріккен Ұлттар Ұйымы өткізген халықаралық журналистер байқауында жүлделі 3-орынды иеленген. 2005 жылдан «Степногорск ақшамы» газетінде еңбек етуде, қазір осы газеттің редакторы.
Жанұялы, жолдасы Қалдыгүл Көшекқызы, балалары: Манас, Қарашаш, Нұрсұлтан.
Полатбек Тілләбайұлы талай байқаулардың жүлдесін жеңіп алған. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне өткен ақындар мүшайрасында Ақмола облысы бойынша 1 – ші орныды иеленген.
1-жүргізуші:
(Кітап көрмесі)
- Сіздердің назарларыңызды Полатбек Тілләбайұлының жетістіктері мен шығармашылығына арналған «Ақын да мен, сал да мен, сері де мен » көрмесіне аударуларыңызды сұраймын.
- Ал, енді сөз кезегі «Мемлекеттік тілдерді оқыту» орталығының басшысы Сейтназаров Молдабек Бердіқабылұлына беріледі.
- Жуық арада Полатбек Жанбаевтың кітабы жарық көрмек. Біз осы өлеңдер жинағыңызды сізбен бірге асыға күтудеміз.
- Полатбек аға, осы «Жыр жаңбыр» жинағы туралы қысқаша айтып берсеңіз! Бұл жинаққа қандай өлеңдер енді?
- Ал енді, мектеп оқушыларынан осы кітапта басылып шығатын туған жер, тәуелсіздікке арналған өлеңдеріңізді тыңдасақ.
1. №9 мектептің 9 «в»сынып оқушысы Әділхан «Елбасым» өлеңі
2. Халилоллаева Меруерт 8 «в»сынып «Әнұраным» өлеңі
3. Талғатов Мұхтар 9 «в» «Қазақстан жалауы»
4. Тойлыбаев Айтқұл 9 «в» «Елтаңбам»
(Музыкалық номер) «Мирас» МҮ-нен Есенберді Алибаевтің жыр шашуы
2-жүргізуші:
- Полатбек Тілләбайұлы, Сіздің ақындық қабілетіңізді кім байқап, кім ашты, алғашқы ұстаздарыңыз кім болды?
- Ал өз балаларыңыз сіздің жолыңызды қуып, өлең жаза ма?
- Қарашаш, сіз өлең жазарда немесе жазған соң әкеңізбен ақылдасасыз ба?
- Әкеңіздің өлеңдерін жиі оқисыз ба? Олардың ішінен сізге ерекше ұнайтыны бар ма? Оқып берсеңіз!
1. №9 мектептің 9 «в» сынып оқушысы Қалбаев Мұхтар «Бауырларыма»
2. Ізтілеуов Амангелді 9 «в» «Балаларыма»
1-жүргізуші:
- Өзіңіздің жан жарыңыз туралы не айтып бере аласыз? Ол кісі қандай адам? Немен айналысады?
- Полатбек Тілләбайұлының махаббат лирикасына арналған өлеңдерін
мектеп оқушылары оқып береді.
1. №5 көпсалалы мектеп – лицейінің оқушылары«Жан жарым », «Сені сүйдім» өлеңдерін оқиды.
(Музыкалық номер) «Мирас» МҮ-нен Ақышева Әселдің музыкалық сәлемі
2-жүргізуші:
Журналист кім, жазғыш емес ол тегін,
Журналистің бағалай біл еңбегін... – деп, «Журналист» деген өлең де жазған екенсіз. Жалпы Журналистикадағы алғашқы қадамдарыңыз жайлы еске түсіре кетсеңіз...
- Келесі сөз кезегі Полатбек Жанбаевтың әріптесі Қалиева Жұлдыз Жүсіпқызына беріледі.
1. №5 көпсалалы мектеп – лицейінің оқушысы Ташполатова Құралай «Журналист» өлеңі
2. Көлбаев Темрлан «Полицияшы» өлеңін жатқа оқиды
1-жүргізуші:
Қандай әсем жасыл әлем қаптаған,
Сөз жете ме сымбатыңды қаттасам.
Қарағайлы ормандарың бір ғажап,
Сендей керім кербез жерді таппағам - деп, ақынымыз әсем қаламызды, табиғатты көркем бейнелеген.
1. №9 мектептің 8 «в» сынып оқушысы Сырбаева Альбина «Степногор»
2. Бертаева Әйгерім 8 «в» «Көкшетау табиғаты»
3. Орынбасарова Балжан 9 «в» «Қыс мінезі»
4. Жұмағалиев Еркебұлан 9 «в» «Көктем келді»
(Музыкалық номер) «Мирас» МҮ-нен Ақышева Әселдің музыкалық жыр шашуы
Залда отырған мектеп оқушыларының сұрақтары:
- Алға қойған қандай мақсаттарыңыз бар? Болашақта сіздің тағы бір кітабыңызды көріп қаламыз ба?
- Өзіңіздің шығарған өлеңдеріңіздің ішінде жаныңызға жақыны қайсысы? Оқып бере аласыз ба? Т.б.
2-жүргізуші:
Полатбек Жанбаевтың «Қанарбай ата», «Жаңа Тамды», «Бауыржан» атты әндері бар.
Бәрекелді, кемелді
Жүзге жетсін жасыңыз!
Білімге бөлеп көп елді,
Асулардан асыңыз.
Күмбірге толы сырлы әлем,
Мереке әнмен жалғансын.
Музыкалық бір сәлем
Тыңдарманға арналсын!
Қазіргі тыңдайтын әндеріңіз «Жаңа Тамды» өлеңі, орындайтын ақын ағамыз өзі.
1-жүргізуші:
- Сіздің жиналған қауым – Отанымыздың болашағына айтар қандай тілегіңіз бар?
2-жүргізуші:
- Осымен бүгінгі кешіміз аяқталды. Қош, сау болыңыздар!
|
№ 182 мектепте өткізілген
мұғалімдер күні мерекесіне арналған
«Ұстаз аты – биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік жиын
Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының
қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
Би: «Ақбұлақ»
І жүргізуші: Ұлылықтың ұйытқысынан жаралған,
Өнегеңнен барлық шәкірт нәр алған.
Шапағатты шуақ сепкен ұстаздар,
Өздеріңнен бастау алар бар арман.
ІІ жүргізуші: Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің бала шағы.
Өмірді алға қарай өрлететін,
Сендерде Ұлы Отанның болашағы –
І жүргізуші: Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық
нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың Ұлжан.
«Ұстаз» деген сөз қазақ баласы үшін қашанда қасиетті, қадірлі болған.«Ұстаздан тәрбие алған » немесе «Ұстаз алдын көрген» деген сөздер « ана тәрбиесін алған» деген сөздермен ұштасып жатады.
І жүргізуші: Иә, Жеңісбек.
Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің » дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
ІІ жүргізуші: Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде еңбегі зор.
І жүргізуші: Шәкірттерге білім беруде ұстаздардың еңбегі ұшан теңіз. Сондықтанда ұстаз әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, қадірлі ұстаздар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз.
І жүргізуші: Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін.
І, ІІ жүргізуші: Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем бола берсін демекпіз.
І жүргізуші: Олай болса бүгінгі мерекеге арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды ашу үшін мектеп басшысы Ғалымбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!
«Той бастар» әнін қабыл алыңыздар. Орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.
ІІ жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз «Ұстазым» орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.
І жүргізуші: Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән – мағына, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жүрексіз өмір болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.
ІІ жүргізуші: Иә, ол – ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі – ұлы еңбек.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып тер төккен шопан да бәрі – бәрі ұстаздан тәлім алған, сондықтан барлық құрмет ұстаздарға арналады.
І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымыздың құрметіне ауыл әкімі Бибісара апайдың жылы лебізін тыңдасақ.
Рахмет, апай!
ІІ жүргізуші: «Қазақ қызы» орындайтын 8 – класс оқушысы Қуанышбай Әбдуали.
І жүргізуші: Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып,
Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік! – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді ардагер ұстаз Кемал ағайға береміз. Рахмет, ағай!
ІІ жүргізуші: «Ұстазыма» орындайтын 7 – класс оқушысы Жеткербай Гүлзат.
І жүргізуші: «Мектеп – білім тірегі, ұстаз - оның жүрегі» - деп ғұлама ағаларымыз айтқандай, Жеңісбек менің ойымша, кез – келген адам ұстаз бола алмайды.
ІІ жүргізуші: Олай ойлауыңның себебі неде?
І жүргізуші: Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез – келген адамға қона бермейді.
ІІ жүргізуші: Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт.
Ұлжан, «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.
І жүргізуші: Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың – деп келесі мерекелік құттықтау сөзді мектепішілік ата – аналар ұйымының төрағасы Мейрамбек ағайға береміз. Рахмет, ағай!
ІІ жүргізуші: «Асыл досым» әні орындайтын 8 – класс оқушысы Сейділда Жұлдыз.
І жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Төгілген арай, шуағым
Арманым қонса, қолыма,
Арқаң деп сенің ұғамын.
ІІ жүргізуші: Мұғалім, ғазиз мұғалім,
Сарқылмас мәңгі бұлағым.
Ұланың бүгі тойыңда,
Арнайды саған бұл әнін.
І жүргізуші: Жеңісбек, ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзінің уақытын аямау – деген екен ғұлама ағаларымыз.
ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, Ұлжан.
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор.
І жүргізуші: Олай болса ұстаздарымызға арналған құттықтау сөзді мектепішілік өзін - өзі басқару ұйымының президенті Әбілова Ақмаралға береміз. Рахмет!
ІІ жүргізуші: «Ұстазым» әні орындайтын 7 – класс оқушысы Жұматай Тұрсынай.
І жүргізуші: Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам – дей келе ендігін мерекелік құттықтау өзді мектеп басшысы Ғалымбек ағайғ береміз. Рахмет, ағай!
«Достар» әні орындайтын 10 – класс оқушысы Сілтеу Мадина.
ІІ жүргізуші: Мектеп үйім, ұстаздарым ата – анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырлары сан тарапқа тараған.
І жүргізуші: Бүгінгі күн құшақтары гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімімен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
ІІ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бүгінгі Ұстаздар мерекесіне арналған «Ұстаз аты – биік әрі мәңгілік» атты мерекелік жиынымызды жабық деп жариялаймыз.
І жүргізуші: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |