О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



бет17/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   116
is-kagaz Abutalip

жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Сіздің аты-жөніңіз кім?

  2. Сіз қай жерде және қашан дүниеге келдіңіз?

  3. Сіздің отбасы жағдайыңыз қандай?

  4. Сіздің біліміңіз қандай?

  5. Сіз қайда оқыдыңыз, нені бітірдіңіз?

  6. Сіздің мамандығыңыз қандай?

  7. Сіз қайда жұмыс істедіңіз?

  8. Қазір қайда жұмыс істейсіз?

  9. Сіз қандай компьютер бағдарламаларын білесіз?

  10. Қай тілде еркін сөйлейсіз?

  11. Әскери қызметке міндеттісіз бе?

  12. Қандай әскери атағыңыз бар?




  1. жаттығу. Орыс тілінде жазылған «Өмірбаянды» қазақ тіліне аударыңыз. (Үлгіден алыңыз).




Автобиография


Я, Исаев Марат Болатович, родился 1 сентября 1974 года в селе Талас. Мой отец – Исаев Болат, работает экономистом. Моя мать – Исаева Алия, домохозяйка.
С 1990 года по 2001 год я учился в средней школе №1. Был редактором школьной стенгазеты. В школе увлекался математикой, принимал участие в олимпиадах. Занимался спортом.
В 2002 году поступил в МАБ. В настоящее время являюсь студентом 2 курса Международной Академии Бизнеса.


18.02.2004.

 Тапсырмалар:


  1. 3-жаттығудағы сұрақтарды пайдалана отырып, өз өмірбаяныңызды жазыңыз.

  2. Ағаңыздың «Қазақ тілі» пәні бойынша республикалық олимпиадаға қатысуы үшін құжат дайындауы керек. Осыған байланысты өмірбаян жазуға ағаңызға көмектесіңіз.

  3. Орыс тілінде жазылған «Өмірбаянды» қазақ тіліне аударыңыз (Үлгіден алыңыз).

 Сөздік және сөз тіркестері:


туу ұлты білімі
жоғары білім орта білім арнайы орта оқу
оқу орны түсу бітіру үйлену
тұрмысқа шығу жұмыс істеу ауысу
ата-ана мұғалім оқытушы отбасы жұбайы ажырасқан міндетті
әскери қызметке міндеттімін әскери қызмет
қызметі қызметкер маман мамандық бөлім бірлестік
әкімшілік

  • родиться

  • национальность

  • образование

  • высшее образование

  • среднее образование

  • средне-специальное

  • учиться

  • учебное заведение

  • поступать

  • закончить

  • жениться

  • выйти замуж

  • работать

  • перейти

  • родители

  • учитель

  • преподаватель

  • семья

  • супруг (супруга)

  • разведен

  • обязан

  • военнообязанный

  • воинская служба

  • должность

  • сотрудник

  • специалист

  • специальность

  • отдел

  • объединение

  • администрация

акционерлік коммерциялық
қосымша мәліметтер

  • акционерный

  • коммерческий

  • дополнительные сведения

..... жылы ..... институтының .....
факультетіне күндізгі бөлімге түстім

– в ..... году поступил(а) в инс-
титут на факультет дневное от-
деление

..... жылы жұмысқа тұрдым

– в ... году устроилась (ся) на работу

..... жылы қаласындағы
(облысындағы, ауданындағы, ауылындағы), №. орта мектепке
бардым

– в году пошел(а) в среднюю
школу №. города (области, райо-
на, села) ..... .

..... жылы басқа жұмысқа ауыстым

– в году перевелся(ась) на дру-
гую работу

..... жылы атты байқауда бірінші
орын иелендім

– в году занял(а) первое место в
конкурсе .....

«Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағын алдым

– получил(а) звание «Заслуженный деятель культуры»

1992 жылы университетке оқуға түсіп, 1998 жылы үздік дипломмен бітірдім

– в 1992 году поступил(а) на учебу, в 1998 году с отличием окончил(а) университет

1998-2000 жж. аралығында аспиран- турада оқыдым

– в период 1998-2000 гг. обучал(ась) ся в аспирантуре

2001 ж. кандидаттық диссертация қорғадым

– в 2001 году защитил(а) кандидат- скую диссертацию

№ мектепке жұмысқа тұрдым

– устроил(ась)ся на работу в школу
№ .....

анам – мұғалім

– мать – учительница

аяқталмаған жоғары білім

– неоконченное высшее образование

әкем – зейнеткер

– отец – пенсионер

әскери атағым бар

имею воинское звание

әскери міндетті емес

– невоеннообязанный

ғылыми дәрежесі

– научная степень

ғылыми еңбектері

– научные труды

диплом бойынша мамандығы

– специальность по диплому

екі балам бар

– имею двоих детей

екінші білім алдым

– получил(а) второе образование

еңбек өтілі

– стаж работы

жеделдетілген бөлімге түстім

– поступил(а) на ускоренное отде- ление

жоғары білімі жоқ

– нет высшего образования

институтты ..... жылы .....
мамандығы бойынша бітірдім

– закончил(а) институт по специаль- ности .....

кәсіптік техникалық училищеге түстім

– поступил в профтехучилище

кешкі бөлімге түстім

– поступил(а) на вечернее отделение

күндізгі бөлімге түстім

– поступил(а) на дневное отделение

компьютер курсын бітірдім

– закончил(а) компьютерный курс

Қазақстан Республикасының азаматы

– гражданин Республики Казахстан

қызым – ..... ..... № мектептің 6
сынып оқушысы

– дочь ученица 6 класса шко-
лы № .....

мақтау қағазымен марапатталдым

– награжден(а) Похвальной грамо- той

мемлекеттік марапаттарым бар

– имею государственные награды

мемлекеттік сыйлық алдым

– получил(а) Государственную премию

орта мектепті жылы бітірдім

– закончил(а) среднюю школу в .....
году

сырттай бөлімге түстім

– поступил(а) на заочное отделение

тапсырмаларды табысты орындағаным үшін

– за успешное выполнение заданий

тұрмыс құрғанмын

замужем

тұрмыс құрмағанмын

– не замужем

училищені бітіргеннен кейін

– по окончании училища

жынысы

– пол

ұлым ..... ..... № мектептің
3 сынып оқушысы

– сын ученик 3 класса школы
№ .....

үйленбегенмін

– не женат

үйленгенмін

– женат

7-cабақ




Анықтамасы:


Кадр есебі жөніндегі ЖЕКЕ ІС ПАРАҒЫ

Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы дегеніміз – белгілі бір тұлға туралы толық мәлімет беретін, арнайы бланкіге толтырылатын ісқағаздарының бір түрі.


Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы – жұмысқа қабылдану, магистратураға тапсырған кезде, кандидаттық және докторлық диссер- тация қорғайтын кезде, сайланбалы органдарға сайлану кезінде, сондай- ақ ұйымдар, мекемелер талап еткен жағдайларда толтырылатын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат.

Жеке іс парағын толтыру кезінде қажет болатын құжаттар:



  • Жеке куәлік,

  • СТТН (салық төлеушінің тіркеу нөмірі),

  • ӘЖК (әлеуметтік жеке коды),

  • Диплом (нөмірі),

  • Еңбек кітапшасы,

  • Әскери билеті.

Жеке іс парағы – визит карточкасы, өмірбаян, түйіндемеде берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылуы керек. Жеке іс парағында адамның білімі, кәсібі мен мамандығы, отбасы жағдайы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.
🟔Жеке іс парағының ерекшелігі:

  1. жеке адам туралы толық мәлімет береді;

  2. арнайы бланкіде толтырылады;

Қорыта айтқанда, жеке адам туралы нақты және толық мәлімет беріледі.
🖶 Құрылымы:

  1. Аты-жөні.

  2. Жынысы.

  3. Туған күні, айы, жылы.

  4. Туған жері (ауыл, аудан, қала, облыс, республика).

  5. Ұлты, азаматтығы.

  6. Білімі.

  7. СТТН (РНН).

  8. ӘЖК (СИК).

  9. ЖСН (ИИН).

  1. Жеке куәлік нөмірі.

  2. Мекенжайы.

  3. Телефоны.

  4. Оқу орнының атауы, орналасқан жері. Түскен жылы. Бітірген не- месе шыққан жылы. Бітірмесе, қай курстан кетті. Қандай мамандық бо- йынша білім алды. Оқу орнын бітірген соң кім болып шықты, диплом не куәлік нөмірі.

  5. Қандай шетел тілдерін және ТМД халықтарының тілдерін білесіз (қандай дәрежеде).

  6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы.

  7. Ғылыми еңбектері және жаңалықтары (өнертабыстары).

  8. Еңбек жолы (Келген уақыты. Кеткен уақыты. Күні, айы және жылы. Қызметі, мекеме, ұйым, кәсіпорын, министрлік). Мекеме, ұйым, кәсіпорынның тұрған жері.

  9. Сайланбалы орындарға қатысуы (Сайланбалы органның тұрған жері. Сайланбалы органның атауы. Кім болып сайланған. Сайланған жылы. Шығарылған жылы).

  10. Мемлекеттік марапаттары.

  11. Әскери қызметке қатысы, әскери атағы (Құрамы. Әскер түрі).

  12. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы (Отбасы мүшелерінің туған күні, айы, жылы).

  13. Толтырылған мезгілі.

  14. Қолы.



Бұл мәліметтерді төмендегідей тәртіпте толтыруға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет