Мекеменің, (ұйымның, кәсіпорынның) атауы. Мекеменің атауы және өткізіліп отырған шара түрі ісқағазының ортасына жазылады. Мы- салы,
Гуманитарлық пәндер кафедрасы жиналысының
Құжат нөмірі мен құжат атауы. Жаңа жолдың ортасына үлкен, қоюлатылған әріптермен құжат нөмірі мен атауы жазылады. Мысалы,
Хаттамалар күнтізбелік жыл бойынша нөмірленіп отырады. Келесі жылы қайтадан 1-ден бастап нөмірленеді. Оқу орындарының хаттама- лары күнтізбелік жылдан бастап емес, әр оқу жылының басынан бастап нөмірленеді.
Жиналыстың (мәжілістің, отырыстың) өткізілген орны мен күні. Жиналыстың өткізілген орнына кәсіпорын я мекеме орналасқан елді мекеннің атауы мен жиналыстың өткізілген күні жазылады. Мыса- лы,
Алматы қаласы 2011 жыл, 11 қаңтар
Хаттамаға оның жазылған немесе рәсімделген күні, я болмаса төраға мен хатшының қол қойған күні емес, міндетті түрде жиналыстың өткізілген күні жазылады. Егер жиналыс бірнеше күнге созылатын бол- са, онда басталған күні мен соңғы күні көрсетіледі. Мысалы,
2011 жыл, 11-14 қаңтар
Жиналыс төрағасы мен хатшы туралы мәлімет. Жиналысқа төрағалық етуші лауазымды тұлғаның қызметі, аты-жөні жазылады. Келесі жолға хатшы туралы мәлімет жазылады. Мысалы:
ТӨРАҒА: Гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, фи- лософия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышева.
ХАТШЫ: Гуманитарлық пәндер кафедрасының ассистенті Ә.С. Қалығұлова.
Қатысқандар мен қатыспағандар туралы мәлімет. Жиналысқа қатысушылардың аты-жөні, лауазымы жазылады. «ҚАТЫСҚАНДАР:»
деген сөз азат жолдан үлкен әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады. Содан кейін азат жолдан бастап қатысқандардың лауазымы, аты-жөні тізбелеп жазылады. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: |