О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу


Дәлелді себептермен келмегендері – 1



бет102/116
Дата04.01.2024
өлшемі3.81 Mb.
#488491
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   116
is-kagaz Abutalip

Дәлелді себептермен келмегендері – 1. Дәлелсіз себеппен келмегендері – жоқ. Қатысқандардың жалпы саны 14.

«Қатыспағандар» туралы жазғанда мәжіліске олардың қаншауы дәлелді себептермен келмегені немесе дәлелсіз себептермен келмегендігін аты-жөнімен қоса нақты саны көрсетілуі қажет. Мысалы,


ҚАТЫСПАҒАНДАР:


А.Мүсірәлиева (себепті іссапарға кетуіне байланысты).


6. Күн тәртібі. Күн тәртібінде сол күнгі мәжілісте қаралатын негізгі мәселелер жазылады. Күн тәртібіндегі мәселелер маңыздылығына қарай нөмірленіп беріледі. «Күн тәртібі» деген сөз жолдың ортасына үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылады. Мысалы,


КҮН ТӘРТІБІ:





  1. Кафедра оқытушыларының ғылыми жобаға қатысуы туралы.
  2. Эдвайзерлік туралы.


  3. Ашық сабақтар туралы.



7. Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет. Бұл тармақ азат жолдан
«Тыңдалды» деген сөзбен басталады. Бұл сөз үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады. Егер күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралатын болса, олар күн тәртібіндегі нөмірлермен сәйкес нөмірленіп көрсетіледі. Мысалы,


  1. ТЫҢДАЛДЫ:


  2. ТЫҢДАЛДЫ:
  3. ТЫҢДАЛДЫ:


Егер күн тәртібінде бір ғана мәселе болса, онда нөмірленбейді. Мы- салы,


ТЫҢДАЛДЫ:


Әдетте күн тәртібінде қаралатын негізгі мәселе бойынша баянда- ма жасалатын болса, баяндама туралы қысқа ғана мәлімет үшінші жақ, жекеше түрде жазылып, баяндама мәтіні хаттамаға қосымша ретінде тігіледі. Мысалы,




1.ТЫҢДАЛДЫ:


Жиналыс төрағасы Гуманитарлық тілдер кафедрасының меңгеруші- сі, философия ғылымдарының докторы, профессор Г.Ж. Нұрышеваның баяндамасы (Баяндама мәтіні қосымша тіркелді).

Сұрақтар туралы мәлімет азат жолдан бастап беріледі. Азат жолдан СҰРАҚТАР: деген сөз қоюлатылған, үлкен әріптермен жазылып, қос нүкте қойылады, одан кейін азат жолдан сұрақ қоюшының аты-жөні, қызметі немесе лауазымы жазылады. Егер бірнеше адам бірнеше сұрақ


қоятын болса, әр сұрақ нөмірленеді. Барлық сұраққа жауап беретін баян- дамашы болғандықтан, ол адамның аты-жөні қайталанып жазылмайды. Мысалы,




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   116




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет