СҰРАҚТАР:
Н.Ә. Әміреев: Жауап: А.Б. Тұманова: Жауап:
Жарыссөзде сөйлегендер туралы мәлімет. «ЖАРЫССӨЗ:» деген сөз азат жолдан, үлкен, қоюлатылған әріптермен жазылады. Жарыссөз күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша болса, 1.ЖАРЫССӨЗ: деп, ал екінші мәселе бойынша болса, 2.ЖАРЫССӨЗ: деп, ал күн тәртібінде бір ғана мәселе болса, нөмірленбейді, ЖАРЫССӨЗ: деп қана беріледі. Бұл бөлімде сөз сөйлеушілердің айтқан нақты пікірлері мен тұжырымдары жазылады. Мысалы,
ЖАРЫССӨЗ:
Бұл жерде мәжіліске қатысушылардың айтқан ұсыныс, пікірлері жа- зылады.
Дауысқа салу. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе қаралып болған- нан кейін, сол мәселе бойынша жиналысқа қатысушылар қаулы қабыл- дау / шешім шығару үшін қаралған мәселені дауысқа салады. Мысалы,
«Иә» деп дауыс бергендер саны – 14
«Жоқ» деп дауыс бергендер саны – 0
«Қалыс қалғандар» саны – 0.
Қабылданған қаулы (шығарылған шешім) туралы мәлі- мет. Жиналыста (мәжілісте, отырыста) күн тәртібіндегі қарас- тырылған мәселелер бойынша шешім шығарылады немесе қаулы қабылданады.
Қажет болған жағдайда: қаулы немесе шешім мәтінінде нақты не істеу керектігі, яғни оған жауапты қызметкердің аты-жөні және орындау мерзімі көрсетіледі. «ҚАУЛЫ» және «ШЕШІМ» деген сөз үлкен, қоюлатылған әріптермен жолдың ортасына жазылады. Мысалы,
ШЕШІМ:
Эдвайзерлік жұмысты қадағалау Нұрлан Әденұлы Әміреевке жүктелсін.
Хаттаманың шешімі «жүктелсін», «ұсынылсын», «қаралсын»,
«қанағаттандырылсын», «қабылдансын», «шығарылсын» деген бұйрық райда жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |