Тапсырыс – келісімшарттың негізінде мекемеаралық қатынаста, көлемді заттарды алуға сұраныс жасау үшін жасалатын ісқағаздарының бір түрі.
Тапсырыстың аса маңызды түрі
өнім өндіру мен беру, соның ішінде экспортқа шығару жөніндегі мемлекеттік тапсырыс деген болады.
Тапсырыс қызметіне қарай 3 түрге бөлінеді:
сатып алу,
алмастыру,
коммерциялық ұсыныс.
Тапсырыс мәтіндік тұрғыда сипатталады.
Мысалы,
техникалық құрал-жабдық, жиһаз, құрылыс материалда- ры, медициналық дәрі-дәрмек т.б.
Тауардың нақты атаулары жазылады. Мысалы,
компьютер, үстел, шкаф т.б.
Тауардың бағасы мен саны берілген тапсырыстың көлеміне байланыс- ты
«ең аз» немесе
«ең көп» екендігі көрсетілуі қажет.
Жеткізілім шарты екі жақтың келісуіне байланысты көрсетіледі.
Мысалы,
сатып алушы өзі жеткізіп алады немесе сатушы жеткізіп береді.
Төлем шартында оның қандай жолмен жүзеге асырылатындығы тура- лы көрсетіледі.
Мысалы,
қолма-қол немесе банк арқылы есептесу (теңге, рубль, сом, доллар т.б.).
Жеткізілім мерзімі нақты көрсетіледі. Мысалы,
5 қазан 2009 жыл.
Ұсынысқа қосымшада (құжаттар) келісімшарт көшірмесі көрсетіледі.
Мысалы,
2010 жылдың 25 сәуірінде жасалынған №777 келісімшарт негізінде.
Тапсырыс беруші төлем жүргізу қабілеттілігіне (сатып алушы үшін), тауардың болуына (сатушы үшін) кепілдік береді.
Тапсырыс беруші осы тапсырыстың шарттарына енгізілген өзгерістер туралы Өндірістік-коммерциялық орталыққа дереу хабар беруге міндетті.
🖶
Құрылымы:
Тапсырыс түрі.
Тапсырыстың мәтіндік сипатталуы.