Бизнес Академия
Академиясы Бизнеса
Қазақстан Республикасы, Республика Казахстан 050060 050060
Алматы қ., Розыбакиев к-сі, 227 г. Алматы, ул. Розыбакиева, 227 Тел.: +7 727 302 22 22, Тел.: +7 727 302 22 22,
Факс: +7 727 302 21 21 Факс: +7 727 302 21 21
e-mail: info@iab.kz e-mail: info@iab.kz
www. iab.kz www. iab.kz
№
« » 20 ж.
«ХБА»,
Бірінші проректоры Ж. Нүсеновке
БАЯНДАУ ХАТ
Орыстілді аудиториядағы студенттердің білім деңгейінің әртүрлі екен- дігін баяндай келе, сізге орыс аудиториясындағы 1 курс студенттері «бас- тауыш», «жалғастырушы», «тереңдетілген» деңгейлер бойынша оқулары керектігін мәлімдеймін.
Тілдер кафедрасының меңгерушісі (қолы) О. Киричок
Сұрақтарға жауап беріңіз.
Баяндау хат қандай құжат?
Ол қандай бөліктерден тұрады?
Баяндау хат кімнің атына жазылады?
Баяндау хаттың негізгі мәтіні қалай басталады?
Тілдік бірліктер:
сізге мәлімдеймін
жұмыс жоспары орындалған жоқ
прокуратураға жіберілгенін мәлімдеймін
қалалық ішкі істер бөлімі бастығына
мектеп директоры
себепсіз сабақтан босатқанын
баяндаймын
|
Тапсырмалар:
Факультет деканының атына студенттердің себепсіз сабақта болмағандарын мәлімдеп, оқытушы атынан баяндау хат жазыңыз.
Қалалық білім беру басқармасының атына биылғы оқу жылы- на 1-сыныпқа 420 бала қабылданатынын мәлімдеп, бастауыш сынып мұғалімінің 3 штаттық орнын сұрап, мектеп директоры атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.
Бөлім меңгерушісінің атына тоқсан қорытындыларын, тауар сапа- сы мен сатылу деңгейі туралы мәлімдеп, менеджер атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.
Қалалық ішкі істер бөлімі бастығының атына қаладағы ұйымдасқан қылмыстық топты ұстап, олардың қылмысы туралы іс прокуратураға жіберілгенін мәлімдейтін бөлім бастығының атынан баяндау хат үлгісін жазыңыз.
Кітапхана меңгерушісінің атынан мектеп директорының аты- на қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттерді мәлімдеп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.
Сынып жетекшісі атынан мектеп директорының атына 11-сынып оқушыларының таңдаған төртінші пәнін көрсетіп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.
Кітапхана меңгерушісінің атынан мектеп директорының аты- на қажетті оқу-әдістемелік әдебиеттерді мәлімдеп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.
Топ басшысы ретінде сынып жетекшісіне сабақта болмаған оқушылардың аты-жөнін, пәннің атын, сағат санын көрсетіп, баяндау хат үлгісін жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |