68
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
ҚОРЫТЫНДЫ: Қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға
лайық.
ҚОРЫТЫНДЫ: Кәсіптік дайындық деңгейін, басшылық
қызметтегі тәжірибесін ескере отырып, Н.С. Нұртазаевты конкурс-
тық негізде Статистика бөлімінің бастығы қызметіне ұсынуға бо-
лады – деген түйінді сөздер жазылады.
3. Жеке (функционалды) мінездеме адамның жеке басының мінезін,
білімін,
кәсіби шеберлігін, икемділігін т.б. сипаттай отырып жазыла-
ды. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап
көрсетіледі. Мысалы,
«Еңбек келісімін ұзарту үшін».
Жауапты адамның, яғни мінездеме иесі қызмет істейтін мекеме
басшысының қолы қойылғаннан кейін,
қажет болған жағдайда мөр
басылады. Кей жағдайда мінездеме алушы адам парақтың соңына
мінездемемен таныстым деп жазып, қол қояды. Аты-жөнін, танысқан
күнін де жазады.
Мінездеменің мақсаты:
•
Жеке тұлғаның мінезін сипаттау.
õ
Мінездеменің ерекшеліктері:
•
Басқа біреу тарапынан жазылады.
•
Үшінші жақта жазылады.
•
Ресми стильде жазылады.
Мінездеме 2 дана етіп дайындалады. Біреуі талап етуші мекеме-
ге жіберіледі, екіншісі мінездеме иесінің
жеке ісіне я мінездемелер
тіркелетін іске тігіледі.
Мінездеменің көлемі шағын, 1 беттен аспауы керек.
6
Құрылымы:
1. Құжаттың атауы.
2. Мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет:
а) аты-жөні, туған жері, туған күні, айы, жылы, ұлты,
азаматтығы;
ә) білімі, бітірген оқу орындары;
б) қызмет істеген жылдары, орны.
3. Негізгі мәтіні:
а) кәсіби біліктілігі (өз міндетіне, қоғамдық тапсырмаларға қатысы);
ә)
жеткен жетістіктері;
б) отбасы жағдайы;
в) жеке басының адамгершілік қасиеттері;
г) сын көтеру қабілеті.
69
Орынғазы Әбутәліп
4. Қорытынды.
5. Мінездемені талап етуші ұйымның атауы.
6. Мінездеме беруші туралы мәлімет.
7. Мінездеме берілген күн, ай, жыл.
8. Қосымша.
Бұл құжатты төмендегідей тәртіпте толтыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: