О. М.Әбутәліп ісқАҒаздарын мемлекеттік тілде жүргізу



Pdf көрінісі
бет76/159
Дата09.05.2023
өлшемі3 Mb.
#473411
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   159
О.ӘБУТӘЛІП (4)

16-cабақ 
КЕЛІСІМШАРТ

Анықтамасы:
Келісімшартжеке тұлғалардың және заңды тұлғалардың 
азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуді, өзгертуді және 
тоқтатуды реттейтін, нотариалды түрде куәландырылатын рес-
ми құжат. Мысалы: сату – сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға 
беру туралы немесе сыйға беру туралы және т.б.
Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар екіжақты немесе 
көпжақты болады.
Келісімшарттың жазбаша түрінде жасалынатын мәміленің мазмұны 
толық көрсетіледі, екі жақ (тараптар) немесе тараптардың өкілеттігі 
берілген адамдар қол қояды, мәтінді нотариус бекітеді.
Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және күні, 
айы, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекен-
жайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы 
көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Яғни, пәтерді сату-са-
тып алу туралы келісімшартта пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те (Тіркеу 
инвертаризация бөлімі, жылжымайтын мүлікті тіркеу) тіркелген 
нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы 
пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге 
сатылмағандығы, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда 
болмағаны көрсетіледі.
Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. 
Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі нотариалдық кеңседе 
сақталады. Қалған даналары тараптарға беріледі.
Келісімшарт мынадай жағдайларда жасалады:
1. Жылжымайтын мүлік жөніндегі мәмілелер:
а) тұрғын үйді сатып алу-сату туралы; 
ә) тұрғын үйді сыйға беру туралы;
б) тұрғын үйді ауыстыру туралы.
2. Жер телімдері туралы мәмілелер:
а) жер телімдерін сыйға беру туралы келісімшарт; 
ә) жер телімдерін ауыстыру туралы келісімшарт;
б) жер телімдерін сатып алу-сату туралы келісімшарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   159




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет