О некоторых математических моделях распространения газа в атмосфере


Оқу мазмұнының ақпаратты көлемiн жоғарылату



бет3/7
Дата23.02.2016
өлшемі5.77 Mb.
#3068
1   2   3   4   5   6   7

Оқу мазмұнының ақпаратты көлемiн жоғарылату;


  • Оқу-танымдық қызметiн үйренудiң активтiлiгi;

  • Оқу қызметiнiң қарқындылығын жоғарылату;

    Электрондық оқулықпен жұмыс iстеу тиiмдi, тек қойылатын талаптар орындалса:

    1. Жылдам байланыс;

    1. Керектi анықтамалық-ақпаратты iздеу жылдам жүргiзiлсе;

    2. Көрiнiстiк мысалдар мен моделдер;

    3. Бақылау.

    Мультимедия – бұл аппараттық комплекс пен құрал-жабдықтар бағдарламасы, яғни, пайдаланушылардың диалогтiк режимде графикпен жұмыс iстеуiне мүмкiндiк бередi.

    Мультимедия 4 типтi әртүрлi мәлiметтердi бiр арнаға байланыстырады:



    1. Мәтiн

    2. Бейнелер

    3. Қозғалатын бейнелер

    4. Дыбыс, әуен.

    Электрондық оқулықтың ерекшелiгi құрылымы мен гипермәтiндiк құжатында. Гипермәтiн – бұл құжат басқа құжаттарға сiлтеме берiп, тек жай ғана тышқанның көмегiмен секiрiп өте алады. Сiлтеменiң орнына мәтiн, сурет, түймелер және басқа да объектiлердi бере алады.

    Электрондық оқулық интегралдық дайындықты бередi, бiрнеше курстық бөлiмдерге немесе әртүрлi тәртiптерге де қабылдаулардың тұтастығын қамтамасыз етедi. Қатынастың да маңызды байланысын анықтау дифференциялды және индивидуалды оқуға сәйкес келуiн өзiнiң жеке оқытатын картасы негiзiнде қамтамасыз етуi мүмкiн. Электрондық оқулықтың оқу жүйесiнде ұйымдастырылған мақсатынан нәтижесiне дейiн көрсетiледi .

    Қазiргi жағдайда электрондық оқулықты компьютерлiк жүйеде оқыту ұйымдастырылып отыр. Байқап отырғанымыздай, электрондық оқулық, оқулыққа арналған жалпы дидактикалық талаптарға сай құрылады. Сондықтан электрондық оқулық құрылымы дәстүрлi оқулыққа ұқсас болады.

    Қазіргі уақытта электрондық WЕВ оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз-мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс. Электрондық оқулық білім алушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және білім алушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Қазіргі таңда ғылым мен техниканың даму қарқынын оқыту барысында жаңа технологиялық әдістер кең көлемде қолданылуды қажет етеді. Оқытудың жаңа технологиясының барлығы білім алушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқыту технологиясы оқу мен мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы. Оқытудың жаңа технологиясы негізінде қарапайымнан күрделіге қарай әртүрлі технологияны пайдаланып білім алушылардың білім деңгейлерін бақылауға болады



    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


    1. Информационные технологии управления: учебное пособие/ Под ред. Ю.М. Черкасова: М.: ИНФРА-М, 2001. – 216 с.

    2. Информационные технологии управления : Учебное пособие для вузов/ Под ред. проф. Г.А. Титоренко. – 2-е изд, доп. – М.: Юнити-Дана, 2004 - 439 с.

    3. Информатика негіздері журналдары

    4. Панкратова Л.П., Челак Е.Н. Контроль знаний по информатике: тесты, контрольные задания, экзаменационные вопросы, компьютерные проекты. – Спб.: БХВ-Петербург, 2004. – 448.


    УДК 510.6.001.12
    ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН БАҒАЛАУДА ТЕСТІЛЕУ ӘДІСІН САБАҚТА ПАЙДАЛАНУ
    Жұмабеков Сәдірбек Қасымтайұлы

    «Қазақ-Қытай» академиясы, Қызылорда қаласы


    Ғылыми жетекшісі – Ахметова Асель Булатовна
    Барлық адамзаттын дамуында қоғамнан ақпараттық қоғамға ауысуы білім беру ортасының алдына ауқымды мәселені қойып отыр – ақпарат меңгерілу тиіс, бекітілген оқу уақытты бойынша оқу ақпаратының санын көбейту және сапасын арттыру.

    Осы қарама-қайшылықтың шешілуін қамтамасыз ететін жолдардың бірі – көптеген педагогикалық инновациялардың бөлігі тестілеуді пайдалану. Тестілеу білім, біліктілік, дағдыларды және түсінік деңгейін объективті бағалауға, дайындық кезіндегі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

    Шетелдік мемлекеттердегі тестілеу тәжірибесін талдау соңғы жүз жылдықта тестілеудің әлемнін көптеген елдерінде кең масштабта қолданатының көрсетті. Дамыған мемлекеттерде білім беру нәтижелерін бақылау және оның мониторингісі үшін ұлттық қызметтер құрылады. Мемлекеттер педагогикалық өлшемдер саласында жүйелі ғылыми зерттеулер жүргізіп отырады.

    Информатика және КТ-ды оқыту кезінде білімді тестілік бақылау үшін әдістемелік қаптама құрастыру.

    Қойылған мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді шешу қажет:


    1. Информатика пәні бойынша оқушылардың білімін бақылауын қазіргі заманға сәйкес зерттеу.

    2. Білімді тестілеу мәселесін зерттеу.

    3. Тест тапсырмаларының мәліметтер қорын құрастыру.

    Қоғамды ақпараттандыру жағдайдында оқушының жеке тұлғасын қалыптастырып, ақпараттық қоғамда өмір сүруіне, сонымен қатар оның ақпарат ағымында дұрыс бағдар жасап, тиімді шешім табуына қажет жаңа ақпараттық технологияларды таңдап алу және оларды қолдану қабілетін қалыптастыруда информатика пәнінің маңызы зор.

    Қазіргі кезде республикамызда сапалы білім беру мәселесіне үлкен мән беріліп отыр. Сондықтан да заман талаптарына сай оқушылардың білім сапасына бақылау және бақылауды жетілдіріп отыру іргелі мәселелердің бірі болып табылады. Оқыту үрдісінің міндетті компоненттерінің бірі оқыту нәтижелерін тексеру немесе бақылау болып табылады. Оқыту нәтижесін тексерудің мәні оқу пәні бойынша білім беру стандартына сәйкес оқушылардың білімін меңгеру деңгейін аңықтау болып табылады.

    Информатикадан қарастырылған стандарт жобасының принципті жаңалығы оқушылардың міндетті дайындықтарының деңгейін бағалау болып табылса, онда негізделген (“сыналды” -“сыналмады”) шкалаға баға процедурасының негізінде критерилік-бағытталған жүйе қолданылады. Осы мезетте стандарттың ең төменгі талаптарынан асып кететін оқушылардың жетістіктерін бағалау, дәстүрлі жүйе аналогын орынды қолдану керек. Осыған сәйкес оқушылардың білімін, біліктілігін тексеру мен бағалау дайындықтың екі: міндетті және жоғары сатысында жүргізілуі тиіс. Ол үшін бақылаудың: күнделікті тексеруде тапсырмалардың екі деңгейін қамту, оқыту үрдісінде және емтиханда бақылаудың осындай түрін бөліп алу сияқты әр түрлі технологиялары болуы мүмкін.

    Сонымен қатар информатика пәнінің бір ерекшілігі пәнді оқыту әдістемесінің маңызды элементінде оқушылардың білімін бақылау мен бағалау тікелей көрініп тұруы керек. Оқу ақпаратын қабылдау мен түсіну және оны меңгеру үдерісінде меңгерілген білім сапасының бағасын бақылау, таным процесінің жалпы құрылымының өзгермейтініне қарай занды болып табылады.

    Осы мақсатта информатиканы оқыту үрдісінде білім бақылауды ұйымдастырудын тиімді тәсілдерін аңықтап алу қажет және осыған байланысты мынадай мәселелерді шешу керек:


    • информатика курсы мазмұнының ерекшелігіне сәйкес бақылау түрі мен әдістемесін бөліп алу;

    • информатикадан білім бақылауды тиімді іске асыру үшін бақылау түрінің ерекшелегін есепке алу және анықтау;

    • білім бақылауда нормативті-технологиялық және жеке тұлғаға бағдарланған әдістің бірдейлігін қамтамасыз ету .

    Соңғы жылдары оқушы білімін тексерудің тиімді бір жолы, тест әдісі кеңінен қолданылып жүр. Тест оқушы білімінің деңгейін ғана анықтап қоймайды, оның ойын жүйелеп, жылдам есептеуіне, логикалық ойлау, есептеу дағдыларының қалыптасуына, тез шешім қабылдау қасиетінің дамуына тиімді әсер етеді.

    Қай пәннен болмасын оқушы білімін тексерудің, бағалаудың бір түрі – тестік бақылау болып табылады. Тест оқушының білім дәрежесі қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол. Тестік бақылауда берілетін есептер есептеу жолы жеңіл, ықшам, шешуге жеңіл, оқушыны жалықтырмайтындай болғаны абзал.

    Тест әдістерінің мақсаты оқытушыны ауыстыру емес, қайта оған көмектесу, оны үйілген жұмыстан құтқару, оқытудың сапасын көтеруге мүмкіндік беру. Екіншіден, тестілеу теориясы мен практикасы тестер мен сыналушыларға арнаулы ережелер бойынша қарым-қатынасты қалыптастырып, олардың мәртебесінің кемімеуі мәселесін сол жеке адам пайдасына шешуге мүмкіндік береді де, төмендегідей сенімге ие болады:

    -Тест тапсырмалары бағдарламаға сай екеніне көз жеткізеді.

    -Тест тапсырмасы тек қандай да бір тарауды емес, барлық бағдарлама курсын қамтитынын байқайды.

    Информатикадан жетістікке жету тестерін қолдану, оқушыларды пән бойынша даярлау да әртүрлі оқыту әдістемесін, оқулықтарды және қолданбалы программалар пакетін салыстыру сияқты әдістемелік мәселелерді шешуге елеулі әсер етеді. Информатикадан оқыту нәтижелерін бағалау үшін тест тапсырмаларын жасау және қорытынды тестерді құру мәселелері туындайды.

    Тест - оқушының білімін, біліктілігі мен дағдысын бақылаудың немесе оқушы білімінің бір сапалық қасиеті бар-жоғын тексерудің ерекше түрі болып табылады. Көп жұмыстарда «тест» ұғымы анықталды. «Тест» (ағылшын сөзінен test – байқау, зерттеу, сынау) - психология мен педогогикада сынаулышынын білімін, біліктілігін және дағдысын, сонымен қатар психофизиологиялық және өзіндік мінездемелерін стандартталған тапсырмалардың орындалу қорытындысы бойынша өлшеу дегенді білдіреді.

    В.С. Аванесов «Тест түріндегі тапсырма - бұл мазмұнынан басқа тесттің түріне де мынадай талаптар қойылатын:барлық сыналушылар үшін нұсқаулардың бірдей болуы; нұсқаулардың тапсырма мазмұны мен түріне сәйкестілігі; қысқалығы; тапсырманың – ақиқат немесе жалған, жауапқа қатысты логикалық түрде тұжырымдалып айтылуы; тапсырма элементтерінің дұрыс орналасуы, қысқалығы, фасеттілігі жауаптың белгілі бір орнының болуы, бағаның қабылданған қалыптағы бірдейлігі» деп тұжырымдады.

    Қазіргі өркениетті даму кезеңінде оқушылардың білім сапасын анықтаудың жаңа әдістерін қарастыру қажеттіліктері пайда болып отыр. Бұл мәселеде тест арқылы тексерудің орны ерекше, осыған сай тест арқылы тексеру кейінгі 10 жылда кең қолданыла бастады. Оқушылардың білімінің сапасын тексеруде тест әдісін пайдаланудың артықшылығы байқалып келеді. Ал тест арқылы тексеру ортақ стандарт арқылы жүргізіледі.

    Тест - оқушылардың білімінің сапасын анықтауға мүмкіндік беретін тестік тапсырмалар жүйесі, оның өткізу тәртібі мен нәтижесін технологиялық қорыту, талдау жолдары алдын ала ойластырылған сынақ түрі.

    Ойластырылған тест емтихан сұрақтары немесе сауалнама емес. Ол арнайы даярланған тапсырмалар жиынтығы, ол арқылы оқытудың сапасын, оқушылардың қабілеттерін статистикалық әдіспен анықтауға болады. Тест үш бөлімнен тұрады: арнайы ұсынуға болатын тапсырмалар жүйесі, оны тексерудің жүйесі, тексеруді қорыту нәтижесін талдау. Тест өлшем құралы ретінде көптеген елдерде тәжірибе жинады. Тестілеу- әділ баға берудің құралы, оның қолданылу аясы да анықталған. Жақсы дайындалған, орынды жүргізілген тест сапалы әрі сенімді болады. Тестілеу - білімді нақты, әділ бағалаудың ең тиімді жолы, өйткені ол белгілі стандартпен өткізіледі және қорытылады. Тест оқу материалының негізгі ұғымдарын, тақырыптарын, оқушылардың білім мен біліктілікті игеру деңгейін анықтайды.

    Тест бойынша тапсырма орындалғанда оқушы барлық оқу материалы бойынша білімін пайдаланады. Емтиханға 20-25 тақырып алынса, билет бойынша тапсырған оқушы 1-2 тақырыпқа жауап береді. Яғни барлық тақырыпты қамти алмайды. Ал тест оқу материалының барлық тақырыбын қамтүға мүмкіндік береді. Сондықтан тестілеу білім сапасын әділ бағалайды әрі уақытты үнемдеуге де көп септігін тигізеді. Тестілеудің жүргізілуі де, бағалау түрі де бірдей жағдайда өтеді. Тестілеуде оқу материалын кең түрде алып қарастыруға болғандықтан, оқушы өз білімін көрсетуде көбірек мүмкіндік алады. Ұйымдастыру жағынан да тестің көмегі өте зор. Тестілеуде оқу материалынжеңілдетуге немесе ауырлатуға болады. Сондай-ақ тест оқушының ойлау және есте сақтау қабілетін дамытуға көп ықпал етеді. Негізгі мәселе: оқу материалын дұрыс пайдаланып, тест құрастыру. Жақсы құрастырылған тесті оқытушы ұзақ пайдалануға болады. Тест құрастыруда пәндік педагогикалық тәртіп ескеріледі:


    • оқу пәнінің мазмұны;

    • білім сапасын анықтауда тапсырманың жалпы көлемі;

    • сол көлемнен тест сұрақтарын таңдау;

    • оқушының жауаптары;

    • оқу материалы туралы білімін белгілеу.

    Тест құрастыруда ескерілетін ең маңызды нәрсе – оқушылардың жалпы тестке дайындығын анықтау, осы тақырыптағы негізгі ұғымдарды жете білуі, ойлау қабілетіне білімін дұрыс пайдалануы, экономикалық мәселелерді шешуде математикалық әдістерді пайдалана білуі.

    Тест тапсырмаларын құрған кезде, ең алдымен, теориялық материалдармен қатар нақты жекелеген мәселелерге тоқталып, содан кейін тәжірибелік мәселелерге көшу керек. Тест құрастыру барысында тест бақылауына берілетін уақыттмөлшерін басты назарда ұстау керек. Тест нәтижесінен кейін оның сапасын анықтауға да уақытты үнемдеу қажет. Оқытушы тестің нәтижесін неғұрлым тез шығаруға тырысқаны жөн.

    Тестің қорытындысында оқушы балдың 90-100 пайызын алса, ол «өте жақсы». Ал 70-89 пайызын алса, ол « жақсы», 50-69 пайызын алса, «қанағаттанарлық», 50 пайыздан аз болса, «қанағаттанарлық емес» болып бағаланады.

    Дәстүрлі тест даярлау – оқушылардың білімділік, біліктілік деңгейі нақты тексеріледі. Ең алдымен білім сапасының көрсеткіші, деңгейі және құрылымы ескеріледі.

    Қазіргідей жаһандану заманында маманның білім сапасы өте маңызды. Әртүрлі жағдайда, заманның өзгеуіне байланысты тез шешім қабылдауға дағдылану керек.

    Маман дайындығының сапасын анықтауда оның білімі, біліктілігімен қатар жеке қасиеттерінің дамуы да үлкен рөл атқарады. Жоғары маман қызметкерлерін даярлау қажеттілігі білім беру мәселелеріне ерекше мән беруді талап етеді. Әсіресе, нарықтық экономика үнемі ізденуді, білімді жетілдіруді қажет етіп отыр.

    Білім беру – қоғам дамуының негізгі шарты. Ендеше білім беру адам әрекетінің қалыптасуында, дамуында шешуші орын алады. Сонымен бірге адамның өмірі, адамгершілік қасиеттері, мінез-құлқы қалыптасады.

    Қазіргі білім берудегі мемлекеттік саясат талабына сай ізгіліктік тұрғыда адамгершілік қасиеттердің еркін дамуына ерекше мән берілген. Осы мақсатта әрбір оқушының білім мен біліктілік деңгейін анықтау басты назарда тұрады. Сондықтан осы тест жүйесі ең тиімді әдіске айналған. Сол себепті де барлық ЖОО-да, мектептерде, жалпы барлық білім орталықтарында тест жүйесі кең көлемде дамып келе жатқаны байқалды.



    • Тестілеу әдісінің беретін нәтижесі:

    1. Оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендіктерін аңықтауға;

    2. Оқушыларға өтілетін тақырыптардың қандай бөліктерінің ауыр тиетінін білуге;

    3. Оқушылардың оқуға жауапкершілігінін арттырып, олардың өздігінен жұмыс істеуге талпындыруға;

    4. Оқушылардың іскерлігін артырып, дүниені тануға ұқыптылығын дамытуға;

    5. Ең бастысы тесті құрастыру қиын да көп уақыт алатын жұмыс болғанымен, ол оқушы білімін тексерудің тездігі арқасында, мұғалім еңбегін жеңілдетуге мүмкіндік береді;

    6. Жүйелі жүргізілген тест жұмысы, тестіленушінің білімін, біліктілігін дұрыс бағалайды.

    Тест біліктілігі, соңдай-ақ, тест ұзақтылығына, яғни тестке кіретін тапсырмалар мөлшеріне тәуелді. Егер тым ұзақ болса, оқушы зейіні кеміп, тестің сенімділігі азаянды. Теория бойынша тест ұзақ болса, ол сенімді деп есептеледі. Ал, практика 1,5 сағатқа арналған тестілеу тиімді екенін көрсетеді.

    Тест сұрақтарын құрастыруда әрбір сұраққа 1 ұпай берген дұрыс, себебі айталық мынау сұрақ қиындау екен деп оған 2,3,4 ұпай бергенмен оның жауабын білетін бала үшін әділ ұпай берілгенмен, жауапты білмейтін, кездейсоқ жауапты таңдай салған бала үшін ақиқат бағалаудың қатесі өсе түседі.

    Тесті бағалау, оны өткізуді ұйымдастырудың формасына мынадай өзгертулерді ұсынамен.


    1. Әрбір тестіленуші үшін баға қорының құжаты жасалып жоспарланған тестілеуден өтіп, жыл аяғында қорытынды шығарылып, міндетті тестілеу нормасын тапсыру талап етілген жағдайда, тестінің оқытудағы рөлі дұрыс жолға қойылды –деп есептеуге болады.

    Аты-жөні_____________ сыныбы_______оқу жылы________

    Пәні ____________ мұғалімі ________________





    N тақырыбы

    уақыт

    деңгей

    N n

    Баға ескертулер

    1

    10

    1

    16




    2

    12

    2

    18




    3

    14

    3

    22



    Қорытынды___________________________

    Тест алушы мұғалім: ___________________

    Білімді бақылау үшін тестілеуді пайдалану қызықты және өзекті. Тестілік технологияның енгізу кезіне қарамастан, көптеген мұғалімдер мен әдіскерлерді қызықтыратын негізгі құндылығы – оқушымен жедел түрде кері байланыс және нәтижелі лезде бағалау мүмкіндігі. Шектеулерге келсек, оңда жетістіктер деңгейін тексеру үшін арналған кез келген құралдардын пайдалану шегі болады.

    Тестілерді құрастыру оңай жұмыс емес, ол тек үлкен практикалық тәжірибесі ғана емес сондай-ақ арнайы білімді және біліктілікті қажет етеді. Тестің басқа бақылау құралдарынан айырмашылығы, біріншіден орындау, екіншіден ұйымдастыру процедурасын стандарттау.

    Соңымен, мен жобамда білім бақылауда тестілеу формасы өте кең мәнді болатындығын көрсетуге тырыстым. Және білім сапасы бақылауға арналған қажетті тестер үлкен ықыластылықпен өңдеу керек. Сондай тексерулер жүйелі түрде өткізілу тиісті.

    Біздің елімізде тестілеу бірнеше жылдары бойы өткізіліп келе жатыр. Тестер оқушылардың іскерліктері мен дағдыларын Информатика пәні сабақтарында білім бақылау бір түрі ретінде мұғалімдермен ағымдық және қорытынды тексеру өткізу барысында қолданылады.
    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


    1. А.Е. Сағымбаева. Мектеп информатика курсы бойынша тест тапсырмаларын жасау әдістері. Информатика негіздері.2008. №11, 14-17 б.

    2. Аванесов В.С. Современные методы обучения и контроля знаний. Владивосток: Дальрыбвтуз, 1999. - 125 с.

    3. Хубулашвили В.В. Дидактические возможности тестового контроля – М7: «Знание», 1974. – 48 с.

    4. З. Ихсанова. Тестік бағалау жүйесі - уақыт талабы // Мұғалім және қоғам. - 2009. - № 3. - С. 19-20 б.

    5. Н.П.Валишевская. Рекомендации по моделированию тестовых заданий (алгоритм составления тестов).

    6. Кречетников К.Г., Черненко Н.Н. Системный дизайн при построении интерфейса компьютерных обучающих программ // Интернет-журнал "Эйдос". - 1999. - 2 марта.

    7. Панкратова Л.П., Челак Е.Н. Контроль знаний по информатике: тесты, контрольные задания, экзаменационные вопросы, компьютерные проекты. – Спб.: БХВ-Петербург, 2004. – 448.

    8. А.С. Ивашина, Т.С. Свиридова. Тестовый контроль знаний // Специалист 1997 №12

    9. Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. // М., - 1995. 336 с.

    10. Воронина Т. П., Кашицин В. П., Молчанова О. П. Образование в эпоху новых информационных технологий. // М.: Информатика, - 1995. 220 с.

    11. Назарова Т. С, Полат Е. С. Средства обучения: технология создания и использования. // М.: Изд-во УРАО,-1998. 204 с.

    12. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. // Под ред. Полат Е. С. / М.: "Академия", - 2001.

    13. Панюкова С. В. Информационные и коммуникационные технологии в личностно ориентированном обучении. // М.: ИОСО РАО - 1998, 225 с.

    УДК 004.056.55


    РЕАЛИЗАЦИЯ АЛГОРИТМА ЛЕМПЕЛЯ-ЗИВА-ВЕЛЧА (LZW)
    Исаева Д.Х.

    Евразийский национальный университет им. Л.Н.Гумилева, Астана
    Научный руководитель – Ташатов Н.Н.,к.ф.-м.н., доцент
    Идея о сжатии информации зародилась одновременно с шифровкой информации и кодированием и имеет гораздо более давнюю историю, чем история ЭВМ. Замысел состоял в том, чтобы создать меньший объем информации, а именно более компактный выходной поток информационных единиц из изначально большего входного потока, используя некоторые преобразования.

    Возникает вопрос: «Как максимально сжать информацию без потерь?» Такую задачу решает алгоритм Лемпеля-Зива-Велча (LZW).

    В данной работе описывается алгоритм работыLZW, достоинства и недостатки метода, а также предоставляется его реализация.

    Кодирование реализуется следующим образом: последовательно считываются символы входного потока, после чего происходит проверка на существование строки в заданной таблице строк. Если такая строка есть, то считывается следующий символ, иначе в поток заносится код предшествующий строки, а сама строка заносится в таблицу, и поиск проводится заново.

    Алгоритму декодирования на входе требуется только закодированный текст, поскольку он может воссоздать соответствующую таблицу преобразования непосредственно по закодированному тексту. Алгоритм генерирует однозначно декодируемый код за счет того, что каждый раз, когда генерируется новый код, новая строка добавляется в таблицу строк. LZW постоянно проверяет, является ли строка уже известной, и, если так, выводит существующий код без генерации нового. Таким образом, каждая строка будет храниться в единственном экземпляре и иметь свой уникальный номер. Следовательно, при дешифровании при получении нового кода генерируется новая строка, а при получении уже известного, строка извлекается из словаря [1].

    Алгоритм метода

    Кодирование


    1. Начало.

    2. Все возможные символы заносятся в словарь. Во входную фразу X заносится первый символ сообщения.

    3. Считать очередной символ Y из сообщения.

    4. Если Y – этосимвол конца сообщения, то выдать код для X, иначе:

    5. Если фраза XY уже имеется в словаре, то присвоить входной фразе значение XY и перейти к пункту 3.

    6. Иначе выдать код для входной фразы X, добавить XY в словарь и присвоить входной фразе значение Y. Перейти к пункту 2.

    7. Конец.

    Декодирование

    1. Начало.

    2. Все возможные символы заносятся в словарь. Во входную фразу X заносится первый код декодируемого сообщения.

    3. Считать очередной код Y из сообщения.

    4. Если Y – этоконец сообщения, то выдать символ, соответствующий коду X, иначе:

    5. Если фразы под кодом XY нет в словаре, вывести фразу, соответствующую коду X, а фразу с кодом XY занести в словарь.

    6. Иначе присвоить входной фразе код XY и перейти к пункту 2

    7. Конец [2].

    Достоинства и недостатки

    Не требует вычисления вероятностей встречаемости символов или кодов.

    Для декомпрессии не надо сохранять таблицу строк в файл для распаковки. Алгоритм построен таким образом, что мы в состоянии восстановить таблицу строк, пользуясь только потоком кодов.

    Данный тип компрессии не вносит искажений в исходный графический файл, и подходит для сжатия растровых данных любого типа.

    Алгоритм не проводит анализ входных данных поэтому не оптимален [2].

    Применение

    Опубликование алгоритма LZW произвело большое впечатление на всех специалистов по сжатию информации. За этим последовало большое количество программ и приложений с различными вариантами этого метода.


    Этот метод позволяет достичь одну из наилучших степеней сжатия среди других существующих методов сжатия графических данных, при полном отсутствии потерь или искажений в исходных файлах. В настоящее время используется в файлах формата TIFF, PDF, GIF, PostScript и других, а также отчасти во многих популярных программах сжатия данных (ZIP, ARJ, LHA).

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет