О, табиғат үлкен сезім бастаған, Өз заңымен келген ылғи аспаған. Адамға тән қасиеттер маған дос, Ғаламға жат қасиеттер қас маған…



бет2/3
Дата15.06.2016
өлшемі233 Kb.
#138119
1   2   3

Кешір мені , айыбым болса егер
Кешір мені егерде болса айыбым,

Күндіз есте, түндерде сен уайымым.

Аққу болсаң мен едім айдын көлің,

Аңсап ұшып жететін Ақжайығым!


Кешір мені сан ойға мұңға салсам,

Түсін мені егерде түсіне алсаң.

Жазығым да бар шығар жүрегімнің,

Жалынын өз қолыңмен өшіре алсаң.


Жанымды жадыратар жарық күн ең,

Өзіңсіз қалай жүрем, қалай күлем?

Бал тәтті бірге жүрген күндерімді,

Аңсаумен, сағынумен өмір сүрем.


Бар әлем сендей құшақ жайыпты ма?

Ұлылар нақ өзіңдей байыпты ма?

Адамдар бірін-бірі жақсы көріп,

Шын сүйсе сол үшін де айыпты ма?


Мәңгілік сағынарым, сағынышым! (Әні бар)
Мәңгілік сағынарым, сағынышым,

Аруым ары таза, көңілі шың.

Жанымның саған деген махаббатын,

Ән еттім жүрегіңде қалу үшін!


Қайырмасы:

Өмірді мәнді етер,

Көңілді сәнді етер,

Жүректе ән тербетер,

Сен...

Шуақты күнім болар,



Жадымда үнің қалар,

Әнімсің мәңгі салар,

Сен...
Жүрегім бір өзің деп елеңдеді,

Күн сайын сезім көлі тереңдеді.

Жанымда өзің жүрсең өмір қызық,

Өзіңмен қуанышым бөлек еді.


Сағыныш сазы
Таңғажайып жұмақ бақтың ішінде,

Ару қызбен бірге жүрдім түсімде.

Бақыттан мас, жас боп мәңгі қалыппын,

Ынтызармын үлбіреген мүсінге.


Тұла бойы тәнті етеді назданып,

Жүрегімде әсем әуен саз қалып.

Сарғалдақтай сарғаямын аңсаумен,

Сағыныштан жарылуға аз қалып.


Тал бойына әсемдікті жинаған,

Ару еді өзгелерге қимаған.

Екі адамым болса егер бас иген,

Бірі болды қадір тұтып, сыйлаған!


Сағыныш жыры

Не деген көркем едің,

Келеді еркелегің.

Жүректі қинасаң да,

Өртемегін.

Қылықты қыз баурадың,

Жауладың ерке назыңмен.

Еліктен өзің аумадың,

Қыран ем аққу қаз ілген.
Көз алмай саған үңілгем,

Сұлу қыз саған байландым.

Тәнті еттім сиқыр үніңмен,

Сағыныш-жырға айналдың.


Жаралған жансың тұнықтан,

Бойыңда әсем бір мін жоқ.

Өзіңе қарап құныққам,

Жүректе маздап, бір гүл шоқ!


Ерке қыз неткен тәтті едің,

Жақынсың маған балсың сен.

Нұр шашып, мәңгі көктегін,

Бақытқа лайық жансың сен.


Сұлулық-ақыл бір болып,

Толықсын жан сарайың.

Тым болмаса жыр болып,

Жүрегіңде қалайын...


Мектеп бітіруші түлектерге

Қоштасарда қия алмадым, қимадым,

Мектебімнен білім нәрін жинадың.

Өмір-мектеп алдарыңнан күтеді,

Ақ жол тілеймін, оңынан болсын бұл қадым!
Сендерге арнап арналатын жырым бар,

Білім биік саналады ұғыңдар!

Дендерің сау, бақытты боп өмірде,

Сағынғанда қуантып, келіп тұрыңдар!


Шәкірті үшін ұстаз әркез шырылдар,

Алтын ұя-мектеп ыстық ұғыңдар!

Ата-ананың үміттерін ақтаңдар,

Ұстаздардың сенімінен шығыңдар!




Аңсайды жүрек бір-бірін...
Құшақта мені, кеудеңе басшы пейілмен,

Уайымым,қайғым болсыншы бір сәт сейілген.

Бар әлемді ұмыт, тек маған құнық, мені ойла,

«Жанымсың күнім» дейін мен.


Аяла мені, емдеші жүрек жарасын,

Назды үнің ерітіп, елітсін ынтық қарасың.

Жұмылып көз де, ұмытылып өзге, о дүние,

Айналып неге барасың?!...


Аймала мені бейнебір жұтып алардай,

Көрсетші қылық есімнен мүлдем танардай.

Жұлқынып жүрек, бұлқынып,түлеп, шабыттан,

Мәңгілік есте қалардай...


Сүйе бер мені, ентігің мүлдем басылмай,

Аңсау мен шаршау, сағыныштарыңды жасырмай.

Жарасым неткен,жанға гүл еккен мұндай сәт,

Келе ме мың бір ғасырда-ай?!

Келе ме мың бір ғасырда-ай?!
Өмір-өлең
Көріктім сұлу көркемсің,

Мөлдірсің, пәксің, тұнықсың.

Бұл жүрек «Сен»-деп өртенсін,

Жанымды сендей кім ұқсын?


Толқытқан толқын сезімсің,

Жаныма шуақ тараған.

Қуаныш сыйлар өзіңсің,

Жаутаңдай саған қарағам.


Қор қызы ма едің жұмақта?

Иілген бақта гүл ме едің?

Жүрмін ғой аңсап жырақта,

Қиялмен мәңгі біргемін.


Адамдық шектен аса алмай,

Сағынам, ойлап, күрсініп,

Тағдырдан тағы қаша алмай,

Жатыр ғой өтіп тіршілік...


Қыз сыры

«Қыздың ішкі жан дүниесін біле аласыз ба» - деген сауалдан туылған өлең
Бірден құшып арманың ба жетпегің?

Кешір жігіт сірә олай етпегін.

Қыз-қызғалдақ, сұлулық та өткінші,

Қалай қисын оралмайтын көктемін?


Әттең мені басады да өктем үн,

Сені ойлаумен қанша запа шеккенмін.

Құлап тұрып, құшағыңа ене алмай,

Көргім келіп, көрмегенсіп өткенмін.


Түсіне алмай кеудемдегі шаттықты,

Тұла бойым асау жүйрік аптықты.

Көздеріңнен отқа орандым өртеніп,

Сөздеріңнен сезіндім де пәктікті.


Жақын келсең дүрсілдеді қос жүрек,

Дидарыңнан сезіледі дос тілек.

Сахна-өмір, маңғаз болып көрінем,

Ал жанымды сезім жатыр кескілеп.


Мен өзіңді құшқым келіп, құша алмай,

Махаббаттың бал шырынын іше алмай.

Өтіп жатыр күйбің тірлік күрделі,

Өзімді де, өзгені де бос алдай...


Мен өзіңді жүрегімде сақтадым,

Бұлбұлы жоқ жапырақсыз бақтамын.

Күндіз күн боп, жарқырадың күлімдеп,

Түндерімде түсімдесің ақ таңым!

25.10.2006 жыл.

60 жасқа арнау


Ата бабам тал түс дейді алпысты,

Осы жаста мүмкіндік көп, хәл күшті.

Қабанбайлар жекпе-жекте үстем боп,

Бөгенбайлар алып болған намысты!


Алпысында жігіт күшке енеді,

Осы жаста ақыл қайрат тең еді.

Еткен еңбек еліменен еленіп,

Өскен ұрпақ жемістерін береді!


Ұрпақтары аялайды тік тұрып,

Қасиетті, тектілікті ұқтырып.

Сынақтарда сыр бермеген жан ағам,

Жайраң қағар жанарына шық тұрып!


Білімді үйген, ғылым сүйген ер еді,

Жаңа ғасыр ғалымдарға төр еді.

Немерелер жан жағыңнан қоршаса,

Шөберені тағы сүйгің келеді!


Асыл аға құтты болсын тойыңыз!

Жігіт шақты еске салу ойымыз.

Деніңіз сау, бақытты боп, жүз жасап,

Жеңгемізді беттен сүйіп қойыңыз!

2006жыл.
Бақыт-уайым
Ару қыз-ау күн шырайлы келбеттім,

Жаңбыр болып, сезімімді селдеттің.

Көлге айналып, аққу болып тербеліп,

Шөлге айналып, ерініңе шөлдеттің.


Көктем болып жайнадың да жайлауда,

Қол ұстасып шыққым келді ойнауға.

Жүрек-жалын отқа орап кеудемді,

Асау аттай ауыздығын шайнауда.


Жаз болдың да тұнық түнге айналып,

Ай боп тұрдың жанарымда жайланып.

Келбетіңнің кереметін көре алмай,

Кете алмадым, жіпсіз қалдым байланып.


Күз болдың да жапырақша сарғайдым,

Сенсіз жүрсем мұңым да көп, бар қайғым.

Өзіңменен пәк сәбидей бала боп,

Өзіңменен дана болып, қартайдым.


Қыс болдың да сезім қардай борады,

Мені бірдей бақыт-уайым орады.

Сезімімді селк еткізген сен едің,

Сол сезімді сақтап қалсақ жарады.

Сол сезімді сақтап қалсақ жарады.

29.10.2006жыл.


Қыз мұңы...
Жанымды езіп қанша мұң,

Сүйгенге кетіп аңсарым.

Сарғайғам сені сағынып,

Мен күтуден шаршадым.


Қиналғам «Сен»-деп қанша мың,

Төбемнен жауған қарша мұң.

Қасымда қарап тұрсаң да,

Көрмедің мені шаршадым.


Құшағыңа мені алшы әнім,

Өзіңмен өтер бал шағым.

Үмітсің үзбей үңілдім,

Шаршадым, жаным, шаршадым...

2006жыл
Қазақ қызы...
Қазақ қызы, секілдісің таңғы шық,

Сәуле сездім жанарыңнан ән құшып.

Көктемдейсің көрік берген көңілге,

Бірақ өмір тұрғандай ма аңдысып?


Сырыңды айтшы, сыр сақтауға жарайын,

Жырыңды айтшы, жүректен жыр тағайын.

Мөлдіреген тұнығым-ау көз тоймас,

Қадіріңе жетсе деймін ағайын...


Келбетіңнен көркем мүсін келісті!

Сұлулықпен ұсталып тұр жер үсті!

Сағынамын пәк сәбидей күлкіңді,

Тілеп бақыт, зор денсаулық, жеңісті!


Қазақ қызы жырымды шын ұғарсың,

Бәрі алда сен шығатын шығар шың.

Көре білсең көрікті ғой бұл өмір,

Сезе білсең, сезінерсің, шынарсың!


Домбырада төгіледі сазды уайым,

Әз басыңда мәңгі тұрмас жаз дәйім.

Әуеніңмен әуелеші ән болып,

Қобыз болып, жүрегіңді қозғайын.


Сағыныш көп, мөлдіреді жанарың,

Бұлақтайсың, ақылдысың, бағалым.

Көңіліңе көрік берем көктем боп,

Бірі болып ақ пейілді ағаның.


Биікті алар әрбір адам сынға асық,

Жанарыңмен қалдым бір сәт сырласып.

Көңіл- жүйрік, жүрек-жалын, өмір-от,

Сол жалынға адам мәңгі шын ғашық!


Ар намыспен адам әркез биікте,

Ұятын ойлап, өзі қалар күйікте.

Адамдықтың алды арты ардақты,

Бақытты бол, сүйікті боп, сүйіп те!

11.04.2008жыл


Бауырым Бекзат!

Жаныңның сездім тұнығын.

Еліңді аңсат,

Ерлігін көрсет ұлының!

Мейірім төккен,

Жүзіңнен көктем,

Айналдым!

Табиғат әсер,

Нұр құяр нөсер,

Нәр алғын!


Ағаңмын Бекзат!

Жақсылық тілер бағыңа.

Бұл күнді аңсап,

Жүрерміз әлі-ақ сағына.

Жалынды жассың,

Еліңе бассың,

Түбінде.

Ұл-қыздар бақыт!

Махсудаң- жақұт!

Күлімде!


25.04.2008жыл.
Алаңдап жүрсің...
Алаңдап жүрсің, жүрекке жетті жаралы үн,

Орман да күтер үйренген күнде маралын.

Сағыныш толы, қыздардың жолы жіңішке,

Аққудай күтер Аралын...


Жамандық сөнер, жақсылық жеңер әрдайым,

Күрсінбе көркем, ұмытылар әлі-ақ мың уайым.


Жаныңа жебеу, көңіліңе демеу жырыммен,

Көркейсін алтын сарайың!


Уайымдап сені, жолдадым әппақ тілекті,

Жақсылық алда, орната берме түнекті.

Дидарың сұлу, жаныңнан жылу, сезіліп,

Бұл жүрек неге дір етті?!

25.04.2008жыл
Қазақстан-менің телеарнам!
Қазақстан-менің телеарнам!

Жасарып, жайнап, жаңарған.

Елу жыл елге «Ұстаз» боп,

Ерлігі елде таралған.


Халықтың көзі, құлағы!

Көрікті ой-көңіл тұрағы.

Жұртымен бірге жасасар,

Өнердің өшпес шырағы!


Жақсылыққа елді бастаған,

Әр күні тарих, дастан, ән.

Қуанған кеше Алматым,

Шаттанды бүгін Астанам!


Ерлікке бастап ер етіп,

Елдікке бастап ел етіп,

Бірлікке бастап біртұтас,

Ынтымақты еттің тең етіп!


Телеарна тылсым құбылыс,

Жаныңда жаңа құрылыс.

Егілесің де езіліп,

Бойыңда болар бұрылыс.

Ел жүгін келдің арқалап,

Қорған да болдың қалқалап.

Рухани байлық алуға,

Сағынар сені шартарап.


Қазақстан арнам асылым!

Жүрекке енген ғашық үн.

Халықпен бірге қалықтар,

Қыран боп самғар ғасырын!


Келісті келбет көркемім,

Абыройлы айқын ертеңім.

Өзіңмен өрге өрледім,

Жаңалыққа бастар желкенім!


Қазақстан нұрлыь ақ таңым!

Телеарна мәңгі мақтаным!

Өзіңмен көктеп, көгеріп,

Толысқан, толған шақтарым!


Елімнің абырой айбыны!

Құдіретті, таза айдыны!

Халықпен мәңгі жасай бер,

Намысы, ары, байлығы!

03.12.2007жыл.
Рухани аштық адамда
Жаңа жылдың кеші еді,

Көңіл шіркін өседі.

Жақындарды құттықтау,

Әдетіміз кешегі.


Дастархан тұр жайқалып,

Тәтті дәм тұз байқалып.

Қазаны оттан түспейтін,

Қазағым ғой бай халық!

Құрақ ұшқан келін де,

Тектілік бар тегінде.

Көңілденген апамыз,

Қуаныштың көгінде.


Інімізде дара бақ,

Қызметке жарамақ.

Аяз ата болыпты,

Ағайынды аралап.


Көңіл күйге қарық-ты,

Жақсылыққа жаныпты.

Алаңдаулы келінжан,

Ыңғайсыздық танытты.

-«Қар жауып тұр, майда екен,

Аяз ата қайда екен?

Туыстарды түгендеп,

Кешігуі жай ма екен?»


«Үйіміздің қорғаны,

Қуанту еді арманы.

Аяз ата әйтеуір,

Аман болса болғаны»


«Жолына көз талғаны,

Жаңа жылдың талғамы.

Ұят болды ғой сіздерден,

Арақ болмай қалғаны»


Солдыратын гүліңді,

Зор шығарар үніңді.

Сонда ғана байқаппыз,

Арақ жоғы білінді.


Айтқызатын шыныңды,

Дөп көрсетер мініңді.

Арақ деген албасты,

Түсіретін құныңды.


Жаңалыққа баспайтын,

Жамандыққа бастайтын.

Арақ деген арамза,

Ақ жаныңды ластайтын.


Болдыратын ұрысты,

Азайтатын ырысты.

Дастарханда арақтың,

Болмағаны дұрыс-ты...


Өткенге кетті есеміз,

Рухани қашан өсеміз?!

Иманды болып әрдайым,

Қымызға қашан көшеміз?!


Көмескі тартса тез көркем,

Жамандық жаяр тез өркен.

Рухани аштық адамда,

Мағынасы ұяттың өзгерген...

07.01.2008жыл.
Қар бейнелі сұлу қыз
Шындығында, қар бейнелі сұлусың,

Дидарыңа жүрек толқып елітті.

Аязды күн жанды еріткен жылусың,

Елестеттім пана іздеген елікті...


Ар намысты биік қойып бәрінен,

Ұятты ойлап, өте алмапсың өткелден.

Орын алып қасиеттің төрінен,

Биік болдың қанша уайым шеккенмен.


Шаттанып жүр қазақ қызы, жасыма!

Ай жүзіңнен күн шуағы тарады!

Бақыт, байлық, бақ тіледім басыңа,

Жақсылықтар сенен бастау алады!

29.01.2008жыл.
Ән: Сағыныш сәттер
Сағыныш сәттер...кешегі күндер елес пе?

Шуақты үндер, тоңдырған түндер бәрі есте.

Жәудірей қалған жауқазын едің жайдарлы,

Күн нұрын күткен белесте...


Нұр құйып еді жаныңның шырай шаттығы,

Басыла алмай жүректің дүрсіл аптығы.

Жанымда болып, жалынға орап кеттің сен,

Сезімнің сыршыл пәк гүлі...


Есімде бәрі, есіме түсе бересің,

Көңілімде көркем ай дидар әппақ елесің.

Көктемнің күні, найзағай болсам күркіреп,

Ақ жауын болып клесің...


Қимастық сәттер...қиыла қалған кезің-ай,

Ұйқысыз таңнан мөлдіреп жанған сезім-ай.

Қоштасар сәттен сағыныш қайта басталған,

Қимаған жүрек өзін-ай...


Ұялған сәттер...Қызарып беттер өзгеріп,

Жастық-ай жалын, сұлулық-сиқыр сөзге еріп.

Жия алмай есті, кездесу кешті мың ойлар,

Келе ме ару сөз беріп?


Қуаныш сәттер...ыстық нұр бойды кернеген,

Жалынға орап, шабытпен өрге өрлеген.

Кешегі арман кейінге жалған көрінер,

Сезінбей адам сенбеген...

Сезінбей адам сенбеген...

03.03.2008жыл.


Сұлулықтардың дарасы...
Басылды жаңбыр, мөлдірер әлем, қарашы,

Тамшыдан моншақ тағыпты әрбір ағашы.

Мөлтілдеп тұрған бәлкім ол сенің жанарың,

Сұлулықтардың дарасы...

Сұлулықтардың дарасы...
Таң атты тағы, күн күліп, сәуле таратты,

Осы бір сәтті жүрегім мәңгі қалапты.

Жаныма жарық, тап-таза ауа таңымсың,

Мен үшін сені жаратты...

Сен үшін мені жаратты...
Самал жел соқты санамды ойға кездірген,

Өзіңді аңсап, ойлармен шаршап, көзді ілгем.

Көктем де келді, төбемнен ұшып тырналар,

Сағыныштарыңды сездірген...

Сағыныштарыңды сездірген...

07.03.2008жыл.


Жапырақ-жүрек...
Іздедім Сізді, сарғая күтіп күзбенен,

Бақытын әркез сағынар жандар іздеген.

Жапырақ-жүрек желменен ұшып барады,

Шарқ ұрып жүрген «Сіз» дегем.


Көңілінің көркем көктемін адам таба ма?

Ең жақын жаның кетпейді ойдан санада.

Мөлдіреп тұрған, сезімге тұнған жанарың,

Қорғаушы іздер панада...


Жаның да жаздай, шуағың саздай, еліттің,

Назың да бөлек, Сұлусың ерек еріттің.

Жарқ еткен сәулең сезімге ішкі от тастап,

Бойымда жалын өртпін...


Дидарың әсем, қыстағы қардай әппақ тым,

Жүректе қалар жыр-маржан саған тақпақпын.

Бір-бірін адам біздердей іздер ме екен?

Шөліне көніп аптаптың...

Шөліне көніп аптаптың...

14.03.2008жыл.


Жырларымнан сезін мені, сыр ұғын,

Ажыратты-ау салып уақыт құрығын.

Қиыныңда бірге бола алмадым,

Алыстағы сағынышым, тұнығым...


Жыл мезгілдері
Дауыл соқты, қыстың көзі қырауда,

Аяз ата шыдамдыны сынауда.

Ақ көрпесін жамылыпты кең дала,

Қасқыр ұлып, қарны ашып, жылауда.


Көктем келді тыраулатып тырналар,

Сұлулықты көргің келсе қырға бар.

Көкек үнін тыңдасаңыз таңдана,

Әсемдік пен жастық жыры жырланар...


Жаз жайдары сұлуланған реңі,

Үкі түннен ажырамас бір елі.

Күндіз күлмей, түн ұйықтамай күзеткен,

Елін қорғар бабалардан сыр еді...


Сары күзде сағыныш мол байқасақ,

Жел уілдеп, аспан бұлтпен айқасады.

Туған жерін қимай барар тырналар,

Қимастыққа жапырақтар үн қосады.

31.03.2008жыл.
Өзіңсіз әлем көріксіз...
Жанымда болып алыссың,

Айта алмай қалдың тілекті.

Ең жақын болып таныссың,

Ауыртып кеттің жүректі...


Өзгеше өзіңді шектеп,

Жасаурар мөлдіреп жанар.


Бұл өмір бізден де өтпек,

Сағыныш жаныңда қалар.


Тылсым күй бойымды баурап,

Елітті әуен еріксіз.

Ысыдым тоңдым да жаурап,

Өзіңсіз әлем көріксіз...

01.04.2008жыл.
Сұлулық сенсің...
Көктемдей көрік бердің де,

Жанымда қалды елесің.

Қасиетіңе қардай ерідім де,

Аңсадым, қашан келесің?


Қоштасу сәтте қия алмай,

Көздегі жасты жасырып.

Өзіме өзім сия алмай,

Бала боп кеткем асығып.


Түсіне алмай сезімді,

Өзімді өзім жеңбедім.

Шуақты мөлдір кезімді,

Есіме салған сен бе едің?


Жанымды қинап сағыныш,

Алаңдап сені іздегем.

Жүректе жалын, жарылыс,

Қуандым «Көркем», «күзде» мен.


Сұлулық-сенсің, жаныңда,

Қасиет-бітім, болмысың.

Тектілік –кенің, қаныңда,

Аман бол ару, алғысым!

06.04.22-008жыл.


Жүрегімдесің тек менің
Мөлтілдеп тұрдың, мөлдірей қалған тамшыдай,

Жұлқынып жүрек, оятқан сезім қамшылай.

Құралай көріп, жаныммен еріп, ынтықтым,

Мейірімі түскен аңшыдай.


Қиыла қалдың, жаныңның сезгем көктемін,

Жемісін жерсің, алдыңнан шығар еккенің.

Жауқазын бейнең, жадымда сәулең, жылылық,

Жүрегімдесің тек менің.


Өмір-ай, өмір...адамда мәңгі арман көп,

Адамдық армен, қасиетпен таңғы қалған көп.

Бұлақсың еркем, шырақсың көркем көңілге,

Жүрермін сырттай қорған боп!

06.04.2008жыл.
Іздесең мені...
Қайтейін енді, көргім кеп сені көрмесем,

Сұлулықтарға ұқсата берем, сенбесең.

Жан дүнием қалап, сағыныш саған тартады,

Дәл мендей іздей берме сен.


Іздесең мені, табарсың жылы шуақтан,

Көрерсің мені жайқала өскен құрақтан.

Леп белгі болып, қуансаң тұрам шаттана,

Мұңая қалсаң құралам ойда сұрақтан.


Іздесең мені, табарсың тұнық таңдардан,

Сәуледен көріп жанымды сезер аңғарған.

Таза ауа жұтсаң мен деп біл енген өкпеңе,

Жүректе жанған мәнді арман.

Іздесең мені, көрерсің таза бұлақтан,

Көңілін көркем керемет таудан құлатқан.

Өзеге құлап, мұхитқа ұнап, қалғанмен,

Сезе ме жаным бірақтан?


Іздесең мені, көрерсің көктен күннен де,

Сезерсің мені жағымды әннен, үннен де.

Адамды адам алыстан ғана аңсайды,

Жандағы жанды білген бе?


Іздесең мені, табарсың тұтас әлемнен,

Жаныңды ұғу-сағымды қуу дегенмен.

Өмір де жұмбақ, құпия құрмақ қыздай боп,

Өзімді іздеп келем мен...

Өзімді іздеп келем мен...
Өмірім өтіп барады...
Бақытын ойлап өзгенің,

Сағынышқа толы кездерім.

Жаралап жанды өзге мұң,

Өмірім өтіп барады.


Сарғайтып сағым сананы,

Аңсаумен ата ананы.

Ұлы етіп әулие бабаны,

Өмірім өтіп барады.


Сағынып жақын жандарды,

Қарсы алып үміт таңдарды.

Үлгі етіп ойшыл заңғарды,

Өмір де өтіп барады.


Көңіл де толмай кей іске,

Ұрынып ұрыс керіске.

Кей ісім шығып теріске,

Өмірім өтіп барады.


Жақсылық ойлап өзгеге,

Қызықты, қиын кезде де.

Сиқырлы сұлу сөз деме,

Өмір де өтіп барады.

Жылаған жанды жұбантып,

Налыған жанды қуантып.

Көңілді жасыл қуартып,

Өмір де өтіп барады.


Сағынған жанды көре алмай,

Өзіме есеп бере алмай.

Өзімді танып, жеңе алмай,

Өмір де өтіп барады.


Ұрпаққа қалар жаңғырып,

Не қалар бізден мәңгілік?

Жалғанды жүрміз ән қылып,

Ал өмір өтіп барады.


Адамдар үміт үзбейді,

Біз өтсек кімдер іздейді?

Ұқпассыз қазір Сіз мейлі,

Гүл-өмір өтіп барады.

18.04.2008жыл.
Жан сәулем (әнге арналған)
Жанымда болып алыссың,

Айта алмай қалдың тілекті.

Ең жақын болып, таныссың,

Ауыртып кеттің жүректі.



Қайырмасы:

Арман боп қалдың аңсаумен,

Үмітпен өтті күн ұзақ.

Жаныма нұрсың жан сәулем,

Кеттің ғой қалқам шын ұзап.
Келісті көркем көктемде,

Күн болып бойды еріттің.

Аққу боп аңсап жеткенде,

Көрінбей кеттің көріктім.

Шарқ ұрып іздеп келемін,

Көңілдің таппай бір емін.

Сағыныш саған сенемін,

Аман бол ару, тілегім.

15.04.2008жыл.
Сұлулық сырлары
Сұлулыққа мәңгі құштар жанбыз ғой,

Әсемдік те қайталанбас жалғыз ғой.

Сүйкімдіге сөз айта алмай сүріндік,

Көріктіні көрмегендей таңбыз ғой.


Әдемінің әуені де өзгеше,

Сөзі шәрбат, көзі арбар көздесе.

Сұлулыққа сиынады бар әлем,

Қарсы тұру мүмкін емес ендеше.


Сұлулықпен ұсталып тұр тіршілік,

Жақсылықта гүл ашады бүр шығып.

Жақсы адамдар жарық сыйлар жаныңа,

Қараңғыда қалып қойсаң тұншығып.


Жақсылыққа тарттық жалғыз жебені,

Сұлулықты сағынамыз себебі.

Көркем болып көрінгіміз келеді,

Бар адамзат «Сұлу болсақ» дегені.


Бар әлемді құтқарады сұлулық,

Жан жүйеңе жақын тұрар жылылық.

Сұлулыққа қанша қарап тоймадық,

Шөлдеуменен ашығамыз құнығып.


Сұлулықтың бағы кейде жанбаған,

Ары менен абыроймен мәнді адам.

Сұлу болып, сыйықсыз боп көріну,

Тағдырыңнан, бәрін шешер Алладан!

23.04.2008жыл.
Қандай ғажап...
Қандай ғажап балбырауы сәбидің,

Берекесі, бақыты ғой әр үйдің.

Сәби үні-сөздің шыны, байлығың,

Сыйдың сыйын күлкісінен танимын!


Қандай ғажап ақ жауыны көктемнің,

Тап-таза ауа, жанға жақын өткен күн.

Табиғатқа көз тоймады қараумен,

Көктемменен тым жасарып кеткенмін!

Қандай ғажап адамдармен ұғысқан,

Өмір мәні зерттелген-ді Шығыстан.

Жер-шаңырақ, өмір сүрген адамдар,

Ұға білсек бір-біріне туысқан!

24.04.2008жыл.
Сұлулық - әлем сиынған...
Көңілді кетті ән тербеп,

Мұндай сәт күнде болар ма?

Сыйластықта адам көгермек,

Қимастық қалды жанарда.


Қия алмай, қимай, қиылғам,

Қызғалдақ болып көріндің.

Сұлулыққа әлем сиынған,

Жылуы болып өмірдің.


Көркемі болып көктемнің,

Жыл құсы болып келгенсің.

Ақ жауын болып өткен күн,

Қайсарлықпенен өнгенсің.


Өмір де күрес білгенге,

Жеңіле салу айып та.

Еңбекпен сыйлық жүлдең де,

Қайсарсың қыран қайтпа.

Мөлдірлік тұнды жаныма,

Тілеймін ашық саған жол.

Жүрерміз әлі-ақ сағына,

Ерекше сұлу аман бол!

28.04.2004жыл.
Бақыттымын...
Бақыттымын, бақытты сезінгенмін,

Ешқашан көрінбесін көзіңнен мұң.

Жүрегім жақсылыққа жадыраған,

Көркейіп көкке ұштым төзіммен мың!


Өмірді өзгеше өріп, өзгермедім,

Құрметтеп, құрақ ұшты көз көргенім.

Ұстаздық ұлы жолды таңдағанмын,

Әйтпесе тек баюды көздер ме едім?!


Халқыммен қарапайым қалып сақтап,

Текті мен имандыны мәңгі жақтап.

Адам боп абыроймен өтсем деймін,

Еліммен елжіреген үміт ақтап!


Жаныңды түсінер жан биік екен,

Жүрекке жақсылықты жиып өтем.

Туған жер, өскен орта ең бір жақын,

Мәңгілік тағзым ете сүйіп өтем!


Күресіп, ертеңге үміт артасың да,

Сүйесің топырағын әр тасын да.


Балқытқан бақытыңмен балбырасаң,

Еміренген еліңнің арқасында!


Өмір-қымбат мәні мен сейілімен,

Адам-сымбат адамдық мейірімен.

Жақсы болу әр жанның ниетінен,

Бақытқа бастау жолы пейілінен!

30.04.2008жыл.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет