О, табиғат үлкен сезім бастаған, Өз заңымен келген ылғи аспаған. Адамға тән қасиеттер маған дос, Ғаламға жат қасиеттер қас маған…



бет3/3
Дата15.06.2016
өлшемі233 Kb.
#138119
1   2   3

Тау басында
Қостұраның биігінде тұрмын мен,

Көз тартады таудың әжім қатпары.

Апамыздың атамызбен бір жүрген,

Бүгін аңыз жастық жалын шақтары.


Биіктіктен биіктікті қаладым,

Мынау кеңдік қазағыма тән екен.

Ұрпағымыз біз Домалақ ананың,

Бәйдібектің ұлылығы берекем!


Көк аспанда қыран самғап барады,

Неткен ғажап табиғаттың тартуы.

Самал соғып, иісі мұрын жарады,

Желбіреді намыс, жігер, ар туы!

01.05.2008жыл.
Өмір - ғажап, сезінсеңіз, сенсеңіз!
Жылы шуақ сезіндім де жандардан,

Көңіліме көрік келді таңдардан.

Қуанышты құшақ жая қарсы алдым,

Кеудемде күй, өмір мәнін аңғарғам.


Өмір-ғажап, сезінсеңіз, сенсеңіз,

«Бақыт» атты ән әлемге енсеңіз.

Жақсылыққа жақын болса жаныңыз,

Көтеріңкі көңіл күй мен еңсеңіз.


Өмір-әсем, сұлулықтан құралған,

Әрбір жанда үміт, сенім, мың арман.

Тіршілікке тірі жандар тым құштар,

Қызығумен шыға алмаған құмардан.


Өмір-көркем, көз алмадық көркінен,

Кейбір ісің шамадан тыс еркінен.

Жалын жастық жанымызды жаралап,

Махаббаттың емделгеміз өртімен.

Өмір-қызық, өмір сүру-құштарлық,

Сұлулыққа тартылдық та ұсталдық.

Жақсылықпен жасай берсе жұмыр жер,

Тыс қалады дұшпандық пен іштарлық.


Өмір-қымбат, өмір-тәтті сүргенге,

Осы өмірде бас бәйгең де, жүлдең де.

Адам-сымбат, қатал, қатты көрінер,

Шын болмысы мөлдір, нәзік гүлден де!

05.05.2008жыл.
Сұлулық сәулесі
Сұлулыққа көз тоймады көргенмен,

Сан жетпеді қанша баға бергенмен.

Тіл жетпеді, табиғаттай тартымды,

Ана тілдің сөз маржанын тергенмен.


Жақсы өмірге әрбір адам тым құштар,

Жасай алсаң жанға жайлы тұрмыс бар.

Жас боп тұру әрбір жанның арманы,

Көктем күліп, жаз жеткен соң күз, қыс бар.


Көріктінің керемет қой күлкісі,

Қуанамыз көрінгендей жыл құсы.

Ғашық болған, асық болған кездер-ай,

Жас өмірдің күрделілеу бұл тұсы.


Сұлулықтан сәуле мәңгі тараған,

Көңіл мәңгі жасарады жаңадан.

Сағындырған сағынышың сарғайтар,

Жүректегі ктпес ойдан, санадан.


Кейбір жанға бәрін берген үйіп те,

Кей адамдар уайым шаршау күйікте.

Сұлулардың сұлуы боп қалатын,

Рухани бай, жаны сұлу биікте!

06.05.2008жыл.
Күй құдіреті
Күй-құдірет, өн бойыңды баураған,

Сиқыр әуен болмысыңды жаулаған.

Сағыныштың сазыменен сарғайып,

Сары уайымның самалынан жаурағам.


Күй-керемет көңіліңді көтерген,

Балдай тәтті құралатын шекерден.

Тазалықтың тартылысын таныдым,

Көз алмадым ең ғажайып мекеннен.


Күй орындар сүйрік саусақ, қыпша бел,

Ұлылыққа бойы балқып, ұқсады ел.

Әрбір жанның тұла бойы алтын-кен,

«Ішкі шерім күй кәусармен шықса» -дер.

07.05.2008жыл.
Ән мен күй туралы
Ән төгілді, шалқып көңіл, ашылғандай сыр сандық,

Жан егілді, балқып өмір, дүниеңді дел-сал қып.

Ән-құдірет, алып кетті сырлы сезім жанды өртей,

Еске алып қимас жанды, жақсы күнді аңсадық!


Күй кернеді, елестейді дала,жайлау, тауларым,

«Елім-айлап» көшкен ауыл қуған батыр жауларын.

Мың құбылып көңіл-көктем, қан ойнайды бойыңда,

Ләззат тауып рахаттан, тарқалғандай жанда мұң!

1997жыл.
Ай, жастар-ай...
Тал бойыңда бір мін жоқ, көсілесің,

Ай, жастар-ай, есі жоқ есіресің.

Еліміздің ертеңі қолдарыңда,

Бақытты баянды ету-осы үлесің!

Не деген мүмкіндік бар бойларыңда,

Сендерде алтын кілті қойманың да.

«Сыйласаң сыйланасың» деген де бар,

Жақсылық пен жамандық айналымда.


Ай, жастар-ай жүрсіңдер қызық қуып,

Өмірдің басы ыстық, соңы суық.

Жалғанды шын басынан бастау болса,

Қатемді түзетер ем қайта туылып!



Ән: Сұлу-сезім
Қарап көзім тоймады,

Жанды сезім жайлады.

Еркем естен тандырдың,

Көркің тілді байлады.



Қайырмасы:

Арман неткен алыссың,

Өмір-күрес, жарыссың.

Қымбат, сағынған жаның

Әнмен жүрек табыссын!
Сұлу неткен шырынсың,

Жүрек сенен жылынсын.

Өмір өзіңмен қымбат,

Жанға жақын жырымсың!



Қайырмасы:

Күттің алыстап кетсем,

Күн-түн ойымда тек сен.

Өмір сезіммен мәнді,

Сені бақытты етсем.

Қайырмасы:


Көзің мөлдір бұлақтай...
Көзің мөлдір бұлақтай,

Сезімге бастар шырақтай.

Аққу мойын, ай дидар,

Асау жүректі тулатты-ай,

Кетпеші сырғып, сынаптай.
Еркесің ерке лақтай,

Қоймайсың сұлу құлатпай.

Жанарыңменен жандырып,

Өртедің мені шыдатпай,

Сағындым әр сәт бірақ та-ай.
Өзіңсіз өмір түнектей,

Оқысаң жүрек дір еткей.

Сұлулық неткен сиқырлы,

Өзіңсіз кетті күн өтпей,

Көрінші маған тілетпей.
Өмір гүлі
Сұлулық-ай, көрер оны көз керек,

Жеткізуге тіл жетпеді, сөз керек.

Аялауды ардың ісі деп ұқтым,

Сұлу жаның өзгерек!


Қиылдың да, жайнай түсті қас қабақ,

Күн келбетің өзгелерден басқарақ.

Ұйықтап жатқан жүрек неге сілкінді?

Көңіл неге ашқарақ?


Ай дидарың әппақ нұрға кенеліп,

Суық қолға ұстатпаған тең елік.

Сұлулықтың сиқырынан сүріндім,

Шуағыңа бөленіп.


Ерке назбен жымиясың жасқанбай,

Әсемдіктің әліппесін ашқандай.

Тардымдысың, тағат тауып, тоқталдым,

Жүзден жаңа асқандай.
Еске аларсың пәк жырымды таңдарда,

Бақыттысың, бақыт тіле жандарға!

Өмір гүлі, көңіл жыры сезіммен,

Сағынышсыз мән бар ма?

21.05.2008жыл
Адамға осы не керек?
Адамға осы не керек?

Көңілі көкте, толмайды.

Арманы жүрсе жетелеп,

Сағынған жандай болмайды.


Беймаза күйлер кешкені,

Ажары әркез алаңдар.

Мақтанбас жерде бөскені,

Көрінбес жерде қараңдар.


Ыстық та жақпас наданға,

Суықта қалса күйбеңдер.

Өзгере салар табанда,

Жағымпаз басын изеңдер.


Кешегі өткен күн алыс,

Ертеңгі күнің тез келер.

Өмір де өзен мың ағыс,

Заман да, заң да өзгерер.


Адамды қиын түсіну,

Аз ғана жасын қысқартар.

Жеп жатса миын, ішін у,

Мықтыға өзін ұқсатар.


Денсаулық екен керегің,

Онсыз тым өмір қиын-ды.

Рухани байлық қорегің,

Сыйластықпенен тиімді.


Жүрекке жақын жан керек,

Ұрпақпен адам көрікті.

Саналы жанға сән керек,

Өнеге өмір өріпті.


Байлық та керек бағалы,

Жарық күн онсыз түн болар.

Ақшалы болар саналы,

Тиынсыз жүрсең сын болар.


Адамға сезім-от керек,

Махаббат-жалын маздатқан.

Ағайын теппес шеткерек,

Ауыртып жүрек сыздатқан.


Адамға туған жер керек!

Туған ел-бесік тербеткен!

Еңбек пен ақыл өң беред,

Адам боп жүрсек құрметпен!

19.05.2008жыл.
Ару қыз
Ару қыз қайда бұрымың?

Жанымыз біздің үндес пе?

Жүректің сығып шырынын,

Ұсындым саған жыр-десте.


Сұлудың әркез сыры мың,

Көзіңнен көрдім көктемді.

Қараймын қымбат қылығың,

Жалындап, жүрек шектелді.


Көріпсің қызық, қиынды,

Тағдырға мойын ұсынып.

Көркіңе көңіл сүйінді,

Шабыттың қыран құсын ұқ.


Аққуға теңсің ақ таңғы,

Мөлдірсің тұнық бұлақтан.

Өн бойым сенен шаттанды,

Көңілді көктен құлатқам.


Сағыныш жанды жүректе,

Көз тоймас көркем мүсінің.

Қоштастық жылы тілекте,

Сертінде сезім күшінің.

22.05. 2008жыл

Қазақ қызына
Мөлдірсің таза бұлақтай,

Ай дидар, сұлу, тау мүсін.

Сағынып жүрсем жырақта-ай,

Жанымнан жырым алғысым!


Жанардан ұқтым жақсылық!

Таулардан шыққан Күн едің!

Жанымда жанған жақсы үміт,

Амандығыңды тіледім!


Өмірдің көп қой көктемі,

Артынан жаз да жайнайды.

Әр күнің тарих беттері,

Бағыңда бұлбұл сайрайды.


Жайнайтын жансың жадырап,

Күлкіңмен «Күн» боп күлімде!

Бақытты болғын балбырап,

Бағың да жанар түбінде!

Бақытың күтер алдағы,

Мөлдірей қалған көзіңнен.


Адамның бағы жанбағы,

Бірінші білгін өзінен...


Арманға бастап арайлы,

Бақытқа баста базарлы.

Үмітпен елің қарайды,

Жақсылыққа баста ажарлы!

2008жыл.
Жаныма азық тілектер...
Жаныма азық тілектер,

Жылуын сездім шаттана.

Жұлқынып жүрек дір етер,

Байыпты сөзден бақ таба.


Қаншама үміт сенім бар,

Жазылған жалын әр сөзде.

Қолдасаң қолдар елің бар,

Қиын мен қызық бар кезде.


Сағынып кеттім езіліп,

Жақсының оқып тілегін.

Шуақ нұр тұрар сезіліп,

Амандық тілеп жүремін!


Жаныма жақын өткен шақ,

Сыйладым, сыйды күтпедім.

Жақсыны тұрам мың аңсап,

Жақсылық туы тікпегім!


Әлемді шарлар сағыныш,

Адамдар күшпен тартылар.

Жүректі жеңсе жарылыс,

Аңсатып жүрер шарты бар!

22.05.2008жыл.


Балаларға базарлық
Анам менің сүйікті,

Бар жақсылық үйіпті.

Мен ер жетсем шығатын,

Арман етер биікті.


Әке жақын балаға,

Ұқсатармыз данаға.

Қамқоршы да қорғаның,

Ақылшы да, пана да.


Атам менің иманды,

Не айтсам да иланды.

Жақсы көреді мені де,

Және асық жиғанды.


Әжем менің ардақты,

Бізге өмір арнапты.

Сандығында бәрі бар,

Қаншама адам дәм татты.


Түйе-дала кемесі,

Ұйықтап қалған демеші.

Еркелесе ботасы,

Елжірейді енесі.


Тұлпар-ердің қанаты,

Биік тұрар санаты.

Құлагерге арналған,

«Маңмаңгер» ғой ән аты.


Сиыр сүтін ішкенде,

Толығасың күшпен де.

Мамам риза ағама,

Күбі бірге піскенде.


Қой момындау төл екен,

Пайдасы да көл екен.

Бастап жүрер оларды,

Сержант серке сол екен.


Табиғатқа барамыз,

Тамашаны қараңыз.

Тау мен тасы, өзені,

Бәрі жақсы, бәрі аңыз!


Бала бақша мекенім,

Тәрбиеден өтемін.

Осы жерден мектепке,

Қимай-қимай кетемін.


Пияз кейден ұнайсың,

Бізді кейде сынайсың.

Ұрмай соқпай әйтеуір,

Көзің ашып, жылайсың,


Қауын тәтті балдай ма?

Шырын тиді таңдайға.

Аузың жара болмасын,

Сумен шайғын ондайда.


Қыстың күні соғымда,

Алма жегін соңында.

Жаздың күні жемейміз,

Аңсап жеттік жоғында.


Байқадың ба Серікті?

Көре сала өрікті.

Бұтағына шығып ап,

Жердегідей теріпті.


Көре сала қарбызды,

Дәулет бірден жарғызды.

Қарны шықты қампиып,

Ұмытты да дәм-тұзды.

Арыстандар айбатты,

Жолбарыстар қайратты.

Аққу қаздар ажарлы,

Шалқар көлде жайнапты.


Қасқыр тісін қайрапты,

Бұлбұл бақта сайрапты.

Талдан талға секіріп,

Маймыл тынбай ойнапты.


Аю шықты ақырып,

Көңілі толмай бақырып.

Қыран көкте самғады,

Биіктікке шақырып.


Табиғатқа тартымды,

Барлық үміт артылды.

Қорғайық та сақтайық,

Шақырамыз жалпыңды!


Қазақ балалар әдебиеті,

Хрестоматиясы маңызды.

Дамытар ойды, көркем ниеті,

Елестетер аңызды.


Сұлулық сыйлар, жаныңды тербеп,

Оқысаң ақыл толысар.

Білімді адам рахат көрмек,

Жұмбақ әлеммен танысар.


Жүрекке жақын алтынды теріп,

Кітаппен бала достасар!

Жақсыға еріп, жаманнан жеріп,

Ынтымақтасып бас қосар!



Ақ жауын
Себелер жаңбыр,тырсылдар тамшы түндегі,

Сен бе едің бұл шын, сендегі тылсым үн бе еді?

Тамшылар құлап, жапырақ жылап тұрғандай,

Ешкім де мұны білмеді...


Дәл тиіп тамшы, жапырақ-жүрек дір етті,

Өзіңді аңсап, сағынуменен күн өтті.

Шөлімді суар, өңімді жуар ақ жауын,

Жандағы жушы түнекті.


Уайымым кетсін, өзіңмен бірге тазарып,

Көңіл-көктемі, жүректің-емі, жазы анық.

Самал жел желпіп, өзіңе елітіп, ерідім,

Ақ, жаның мөлдір, ғажап ұқ!


Құйды да нөсер, жанымнан жырды селдетті,

Жуылып сана, сұлулық бойды тербетті.

Ақ жауын менен аяулы ару арман боп,

Жүрекке салған өрнекті.


Ақ жауын құйшы, тазартшы менің бойымды,

Түсірші сәуле, басқаға аудар ойымды.

Жалынам жүрек, жалынға мені жандырма,

Көңілім болшы тойымды...


Сағыныш-салмақ, уайым бір-қармақ, жан шыда,

Ақ жауын мені тап-таза етші аршы да...

Сезімім менен үмітім бірге үлбіреп,

Мөлтілдеп тұрды жапырақ ұшы тамшыда...

23.05.2008жыл.

Адамдар үшін алаңда!!!

Жалыннан болса көзіңнің оты жарқылы,

Мейірім төгіп, жүзіңнің болса тартымы.

Бақыт пен байлық тікелей сені таңдайды,

Адамды сыйлау,ерінбеу,еңбек арқылы.
Көңілді жүріп,оқ бойы озсаң біліммен,

Көрінсең күнде өзіндік, өзге үніңмен.

Жаныңнан жайсаң жақсылық нұрын сезінсе,

Жақындар елің үңілген.


Жағасың жанға адал іс,айқын тіліңмен,

Қасың мен досың қиындықтарда білінген.

Болуы үшін ертең күн қызық бүгіннен...

Азайып күлкі, кірпіктер кештеу ілінген,

Сенімің болсын, болашақ мәнді бүгіннен...
Көз ілмей кейде атырсаң небір таңды ұзақ,

Уайыммен жүрген сен ғана емес жалғыз-ақ.

Қиындықтарды көтерер жанға береді,

Өте алсаң сыннан өмір сүресің ханға ұқсап.


Бейшара болып, ұрмағын тасқа маңдайды,

Бақыт пен байлық өзгеше жанды таңдайды.

Қасқырдай қайтпас, қырандай қайсар болмасаң,

Жалған-қу түлкі алдайды...


Мейірім болсын, жылылық толсын санаңда,

Сұлулықпенен ұсталып тұр ғой ғалам да.

Жақсылықтарды қолыңнан келсе жасай бер,

Адамдар үшін алаңда!!!

Адамдар үшін алаңда!!!

27.05.2008жыл.


Жігіт сыры...

Күннен шыққан шұғыла сияқтанып,

Жібердің ғой көңілден күй ақтарып.

Көріктеніп кетті де бүкіл әлем,

Сұлулыққа бас иді тұрақталып.
Қара көзді төңкеріп тастадың да,

Жарық еттің жүректің аспанын да.

Әдемісің әуенмен әуелетіп,

Көркіңмен көкке ұшырдың қас қағымда.


Мейіріммен ерекше күліп қарап,

Жалыныңмен бөлекше отқа орап,

Пейіліңнің кеңдігін сезіндім де,

Өн бойымды еріткен сезім тарап.


Байқадым да жаныңның нұр-асылын,

Үндес таңсың көргенде мың тасыдым.

Содан бері сананы сезім орап,

Бір сиқыр жібермеді құлашы мың.


Елжірейсің ерекше сағыныштан,

Жүрегіңді баса алмай алып ұшқан.

Қайран өмір тартымды тартылыстан,

Тұрады екен тағдырға бағыныштан...



29.05.2008жыл







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет