Оңалту және банкроттық туралы 1-бап



бет10/35
Дата11.05.2023
өлшемі0.55 Mb.
#473513
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
onaltu zhane bankrottyk turaly

45-1-бап. Борышкердің немесе кредитордың (кредиторлардың) өтiнiшiн қараусыз қайтару

1. Борышкердiң оңалту рәсiмiн қолдану немесе банкрот деп тану туралы, осы Заңның 41 және 42-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтiн өтiнiшпен сотқа жүгiнуi соттың өтiнiштi қараусыз қайтаруына негiз болып табылады.

2. Борышкер үшiн банкрот деп тану туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну осы Заңға сәйкес мiндеттi болып табылатын және қажеттi құжаттар өтiнiшке қоса берілмеген жағдайларда, мұндай өтiнiштi сот iс жүргiзуге қабылдайды, ал жетіспейтін құжаттарды сот талқылауына iстi дайындау тәртiбiмен сот талап етеді.

3. Кредитордың (кредиторлардың) осы Заңның 44 және 45-баптарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін өтiнiшiн сот қараусыз қайтарады.

Ескерту. 4-тарау 45-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
46-бап. Бiр немесе бiрнеше кредитордың талаптарын бiрiктiру

1. Кредитор әртүрлi мiндеттемелер бойынша борышкерге қойылған бiрнеше талапты бiр өтiнiшке бiрiктiруге құқылы.

2. Кредиторлар борышкерге қойған өздерінің талаптарын бiрiктiруге және сотқа бiр өтiнiшпен жүгiнуге құқылы. Мұндай өтiнiшке өздерінің талаптарын бiрiктiрген кредиторлар қол қояды.
47-бап. Прокурордың өтінішi

1. Прокурор:

1) ол әдейі банкроттық белгiлерiн анықтағанда;

2) кредитор – Қазақстан Республикасының, мемлекеттік органдардың мүдделерінде борышкерді банкрот деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.

2. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе құқықтық қатынастардың мәнінен туындамаса, прокурордың өтінішi сотқа осы Заңда кредитордың өтiнiшiне қатысты көзделген талаптар сақтала отырып берiледi.
48-бап. Оңалту немесе банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзудi қозғау

1. Осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн, оңалту рәсiмiн қолдану немесе борышкердi банкрот деп тану туралы өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал осы Заңның 53-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда, банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұйғарым шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей іс қозғау туралы ұйғарым шығарады.

Іс қозғау туралы ұйғарым мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және өзге де органдардың, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңның 50-бабының 1-тармағында көзделген шектеулерді қолдану жөніндегі міндетін қамтуға тиіс.

1-1. Сот, егер өтініш оңалту рәсімін қолданудан бас тарту туралы сот шешімі немесе оңалту рәсімін тоқтату туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап екі жыл өткенге дейін берілген жағдайда, оңалту рәсімін қолдану туралы өтінішті қайтарады.

2. Іс қозғау туралы сот ұйғарымының көшiрмелерін сот борышкерге, өтiнiш берушiге, уәкiлеттi органға, мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарға және өзге де органдарға, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясына, борышкер тұрған жердегі жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына және аумақтық әдiлет органына жібереді.

3. Уәкілетті орган, егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылса, сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде уақытша басқарушыны тағайындайды.

4. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5. Алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 48-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
49-бап. Уақытша әкімшінің және уақытша басқарушының борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындысы

1. Борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша уақытша басқарушы банкроттық туралы істі сотта қарау кезеңінде борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасайды, ол төменде санамаланған тұжырымдардың бірін қамтиды:

1) борышкер қаржылық орнықтылықтың I сыныбына жатады, банкрот деп тану туралы өтініш негізсіз болып табылады;

2) борышкер қаржылық орнықтылықтың II сыныбына жатады, борышкерді банкрот деп тану үшін негіздер жоқ, бірақ оңалту рәсімін қолдану үшін негіздер бар;

3) борышкер қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жатады, оны банкрот деп тану үшін негіздер бар.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды, егер:

1) борышкерде өтініш берушіден бөлек, басқа кредиторлар болмаған жағдайда жасалмайды.

Осы тармақшаның ережелері салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор немесе "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес атқарушылық құжат қайтарылған кредитор өтініш беруші болып табылатын жағдайларға қолданылмайды;

2) борышкер уақытша басқарушыға есепке алу құжаттамасына қол жеткізуге рұқсат бермеген жағдайда жасалмайды.

3. Уақытша басқарушы сот банкроттық туралы іс қозғау туралы ұйғарым шығарған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде, ал егер салықтар және кедендік төлемдер бойынша кредитор не мемлекеттік орган немесе мемлекет қатысатын заңды тұлға өтініш беруші болып табылған жағдайда, өзі тағайындалған күннен бастап:

1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда – борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасаудың орынсыздығы туралы;

2) осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайда – борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасаудың мүмкін еместігі туралы акт жасайды.

4. Оңалту туралы істі сотта қарау кезеңінде борышкердің қаржылық жағдайы туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыру нәтижелері бойынша уақытша әкімші борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытынды жасайды, ол төменде санамаланған тұжырымдардың бірін қамтиды:

1) борышкер қаржылық орнықтылықтың I сыныбына жатады, оңалту рәсімін қолдану туралы өтініш негізсіз болып табылады;

2) борышкер қаржылық орнықтылықтың II сыныбына жатады, оңалту рәсімін қолдану үшін негіздер бар;

3) борышкер қаржылық орнықтылықтың ІІІ сыныбына жатады, оны банкрот деп тану үшін негіздер бар.

5. Борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны уақытша әкімші және уақытша басқарушы осы Заңның 49-1-бабының ережелерін ескере отырып жасайды.

Ескерту. 49-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет