95-1-бап. Банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту
1. Борышкерге қатысты оңалту рәсiмi қолданылмаған, ал банкроттық рәсімі барысында борышкер – дара кәсіпкер, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы) осы Заңның 73-бабы 1, 4 және 5-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін оңалту жоспарын әзірлеген жағдайда, борышкер – дара кәсіпкер, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы) банкроттықты басқарушыға әзірленген оңалту жоспарын және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өту мүмкіндігін қарау үшін кредиторлар жиналысын өткізу туралы өтiнiшхатпен жүгінуге құқылы.
Банкроттықты басқарушы борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкі меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) өтiнiшхаты келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кредиторларды кредиторлар жиналысын өткізу туралы осы Заңның 25-бабында көзделген тәртіппен хабардар етуге міндетті.
2. Кредиторлар жиналысы ұсынылған оңалту жоспарымен және банкроттық рәсімінен оңалту рәсіміне өтумен келіскен жағдайда жиналыс бір мезгілде борышкерді басқару жөніндегі өкілеттікті борышкер – дара кәсіпкерге, борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі, құрылтайшысы (қатысушысы) уәкілеттік берген органға немесе тұлғаға жүктеу туралы мәселені шешуге не әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар тұлғалар хабарламаларының тізілімінде тұрған тұлғалар арасынан оңалтуды басқарушының кандидатурасын таңдауға міндетті.
3. Банкроттықты басқарушы оңалту жоспарын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылуын ескере отырып, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жасауға және оны борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесіне (ол уәкілеттік берген органға), құрылтайшыларына (қатысушыларына), дара кәсіпкерге жіберуге міндетті.
Осы тармақта көзделген борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы қорытындыны осы Заңның 49-1-бабын ескере отырып, банкроттықты басқарушы жасайды.
4. Борышкер – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы), дара кәсіпкер кредиторлар жиналысының келісімі және оңалту жоспарында көзделген іс-шаралардың іске асырылу қорытындысы бойынша борышкер қаржылық орнықтылықтың І сыныбына жатқызылатын, борышкердің қаржылық орнықтылығы туралы банкроттықты басқарушының қорытындысы болған кезде банкроттық рәсiмін тоқтату, оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы.
5. Сот борышкер – дара кәсіпкердің, борышкер – заңды тұлға мүлкі меншік иесінің (ол уәкілеттік берген органның), құрылтайшысының (қатысушысының) банкроттық рәсiмін тоқтату, оңалту рәсiмiн қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы өтінішін осы Заңда көзделген ерекшеліктермен азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы қағидалары бойынша қарайды.
6. Істі қарау нәтижелері бойынша сот банкроттық рәсімін тоқтату, оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы не бас тарту туралы шешім шығарады.
7. Сот оңалту рәсімін қолдану және оңалту жоспарын бекіту туралы шешім шығарған жағдайда, борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы шешiмнің күші шешім шығарған соттың жоюына жатады.
Ескерту. 6-тарау 95-1-баппен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 399-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
96-бап. Мүліктік масса
1. Мүліктік массаның құрамына:
1) банкроттың, оның ішінде оның қаржылық құжаттарында көрсетілмеген, бірақ талап құқықтарын (дебиторлық берешек) қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі;
2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген жағдайларда банкроттың тұрақты және ұзақ мерзімді уақытша жер пайдалану құқықтары кіреді.
2. Мүліктік массаға банкрот – дара кәсіпкердің жеке мүлкі, толық серіктестік, коммандиттік серіктес, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік қатысушыларының, сондай-ақ өндірістік кооператив мүшелерінің мүлкі бөлек енгізіледі және ескеріледі, оларға банкроттың мүлкі жеткіліксіз болған кезде Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасына сәйкес өндіріп алу қолданылуы мүмкін.
3. Тұлғаны субсидиарлық жауаптылыққа тарту кезінде мәлімделетін талаптардың мөлшері мұндай тұлғаны әкімшілік немесе қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен әдейі банкроттыққа кінәлі деп тануға негіз болған сот актісінде белгіленген залалдың мөлшеріне тең болады.
4. Мүліктік массаға:
1) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары;
2) Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес жобалық қаржыландыру кезінде арнайы қаржы компаниясының міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету және секьюритилендiру кезінде арнайы қаржы компаниясының облигациялары бойынша қамтамасыз ету болып табылатын бөлiнген активтер мен ипотекалық облигациялар бойынша мынадай қамтамасыз ету болып табылатын кепілге салынған мүлік: ипотекалық тұрғын үй қарызы шарттары бойынша (ипотекалық куәліктерді қоса алғанда) талап ету құқығы, сондай-ақ көрсетілген облигацияларға олардың ұстаушыларында мәмілелер не Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де негіздер бойынша меншік құқығы туындаған немесе оларға ауысқан жағдайларда Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары енгізілмейді.
Банкроттықты басқарушы бөлінген активтерді қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен арнайы қаржы компаниясының облигацияларын ұстаушылардың өкіліне басқаруға (бөлінген активтерді өткізу және кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды қолдану құқығымен және бөлінген активтердің құрамына кіретін өзге де қамтамасыз ету) береді.
Банкроттықты басқарушы осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепілге салынған мүлікті ипотекалық облигациялар эмитенті кредиторларының талаптарын қанағаттандыру үшін ипотекалық облигацияларды ұстаушылардың өкіліне береді;
2-1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатылған мүлік;
3) Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңамасына сәйкес құрылған тарату қорларының қаражаты;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия объектiсiнiң құрамына кiретiн мүлiк;
5) Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көзделген, қызметті жүзеге асыру салдарын жоюға байланысты міндеттемелер бойынша талаптарды қаржылық қамтамасыз ету болып табылатын І санаттағы объект операторының банктік салымы, сондай-ақ шығарындыларды, сертификатталған шығарындыларды қысқарту, шығарындыларды ішкі қысқарту, парниктік газдарды сіңіру квоталарының бірліктері;
6) осы Заңның 104-1-бабында көзделген тәртіппен және шарттармен кепілді кредиторға берген жағдайда кепілге салынған мүлік;
7) уақытша өтеусіз және уақытша қысқа мерзімді өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы;
8) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында көзделген, мәмілелер бойынша міндеттемелерді толық немесе ішінара қамтамасыз ету, маржалық жарналар, клиринг (кепілді және резервтік) қорларына жарналар болып табылатын клиринг ұйымы клиентінің (клиринг қатысушысының) қаржы құралдары;
9) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) үлестік құрылысын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері);
10) кредиторлар жиналысының лизинг нысанасын мерзімінен бұрын сатып алу туралы шешім қабылдау жағдайын қоспағанда, лизинг нысанасы;
11) банкроттық және (немесе) оңалту туралы іс қозғалған күнге немесе борышкерден қаржы саласындағы қызметпен және (немесе) қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензия кері қайтарып алынған күнге дейін, осы күндердің қайсысы бұрын болғанына қарай, бас қаржылық келісім шеңберіндегі мәміледе (мәмілелерде) айқындалған тәртіппен және шарттарда кредиторға берілген қамтамасыз ету төлемақысы енгізілмейді.
Ескерту. 96-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 31.10.2015 № 380-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 487-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) ; 07.04.2016 № 487-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 401-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
97-бап. Банкроттың мүліктік массасын түгендеу
1. Уақытша басқарушы, кепілге салынған мүлікті қоспағанда, банкроттың мүліктік массасына түгендеу жүргізеді және түгендеу туралы есепті кредиторлардың алғашқы жиналысына ұсынады.
2. Түгендеу туралы есеп негізінде кредиторлар жиналысы:
1) түгендеу туралы есепті мақұлдау және банкроттықты басқарушыға мүліктік массаны бағалау мен өткізуге кірісуді тапсыру туралы;
2) түгендеу туралы есепті нақтылау және банкроттықты басқарушыға он жұмыс күнінен аспауға тиіс мерзімде қайталап түгендеу туралы есеп беру мерзімін белгілеу туралы шешім қабылдайды.
3. Банкроттықты басқарушы:
жаңадан анықталған не борышкерге қайтарылған мүлікке қатысты - осындай мүлікті өз қорғауына және бақылауына қабылдаған күннен бастап;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3-тармақтың үшінші абзацына өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
кепілге салынған мүлікке қатысты – кепілді кредитор немесе Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент кепілге салынған мүлікті заттай қабылдаудан бас тартқан не кепілді кредитор немесе Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру туралы заңнамасына сәйкес кредиторлар синдикатына қатысушылардың атынан және мүдделерінде әрекет етуді жүзеге асыратын банк-агент осы Заңның 104-1-бабының 3-тармағында белгіленген мерзімде уақытша басқарушының ұсынысына жауап ұсынбаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде түгендеу жүргізуге және түгендеу туралы есепті кредиторлар комитетіне ұсынуға міндетті.
Ескерту. 97-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
98-бап. Банкрот мүлкінің құнын бағалау
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
1-тармақтың бірінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Уақытша басқарушының түгендеу туралы есебінде көрсетілген мүлікке бағалау жүргізу туралы шешімді кредиторлардың алғашқы жиналысы қабылдайды.
Жаңадан анықталған не мүліктік массаға қайтарылған мүлікке бағалау жүргізу туралы шешімді банкроттықты басқарушының түгендеу туралы есебін қарау кезінде кредиторлар комитеті қабылдайды.
2. Кредиторлардың алғашқы жиналысының немесе комитетінің бағалау туралы шешімінде банкрот мүлкіне бағалау жүргізу мерзімдері және бағалаушыны таңдау тәртібі қамтылуға тиіс.
3. Кредиторлардың алғашқы жиналысының немесе комитетінің шешіміне сәйкес банкроттықты басқарушы тиісті мамандарды тарта отырып, дебиторлық берешекті қоса алғанда, борышкер мүлкіне бағалау жүргізеді.
4. Банкроттықты басқарушы кредиторлар комитетінің шешімі негізінде мүлікті баланстық құны бойынша электрондық аукционға қоюға құқылы.
Ескерту. 98-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
99-бап. Банкрот мүлкін сату
1. Талап ету құқығын қоса алғанда, банкрот мүлкiн сатуды банкроттықты басқарушы сату жоспарына сәйкес электрондық аукцион өткiзу арқылы не тікелей сату әдісімен жүзеге асырады.
Банкрот мүлкiн сату бойынша электрондық аукцион өткiзу тәртiбiн және оны ұйымдастырушыны уәкілетті орган айқындайды.
2. Сату жоспарын банкроттықты басқарушы банкроттың мүліктік массасын түгендеу және бағалау деректері, сондай-ақ кредиторлар комитетінің мүлікті баланстық құны бойынша электрондық аукционға қою туралы шешімі негізінде жасайды.
Банкроттықты басқарушы кредиторлар комитеті белгілеген мерзімде сату жоспарын жасауға және оны кредиторлар комитетіне ұсынуға міндетті.
3. Банкроттың айналымда шектеулі мүлкін өткізу жабық электрондық аукционда жүзеге асырылады. Осы мүлікті сатып алуға құқығы бар тұлғалар жабық электрондық аукционның қатысушылары бола алады.
4. Мүлікті сату жоспарына сәйкес банкроттың сатуға ұсынылған, бірақ өткізілмей қалған мүлкі өздерінің талаптары толық көлемде қанағаттандырылмаған, тиісті кезек кредиторларына олардың келісімімен сату жоспарында көрсетілген бастапқы баға бойынша ортақ үлестік меншікке беруге жатады.
5. Стратегиялық объектіні сату кезінде Қазақстан Республикасының осындай мүлікті сатып алуға басым құқығы болады.
Банкроттықты басқарушы стратегиялық объектіні сатуды "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оны иеліктен шығаруға рұқсат беру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін алғаннан кейін жүзеге асырады.
6. Банкрот мүлкін, сондай-ақ банкрот кәсіпорнын тікелей сату кезінде сату бағасы мен басқа да шарттары, сондай-ақ сатып алушы және онымен сатып алу-сату шартын жасасу мерзімі кредиторлар жиналысының бірауызды шешімімен айқындалады.
7. Банкроттың мүліктік массасында банкроттықты басқарушы тағайындалғанға дейінгі мерзім ішінде құны едәуір төмендейтін мүлік (тез бұзылатын тауарлар, мал және жедел өткізуді талап ететін өзге де тауарлар) болған жағдайларда, уақытша басқарушы осындай мүлік анықталған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде мүлікті сату жоспарын жасауға және оны уәкілетті органға келісу үшін ұсынуға міндетті.
Уәкілетті орган екі жұмыс күні ішінде уақытша басқарушының өтінішін қарауға және қабылданған шешім туралы уақытша басқарушыны дереу хабардар ете отырып, сату жоспарын келісу туралы не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдауға міндетті.
Уақытша басқарушы мүлікті бекітілген сату жоспарына сәйкес өткізуге міндетті.
Ескерту. 99-бап жаңа редакцияда - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 352-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Достарыңызбен бөлісу: |