Оңалту және банкроттық туралы 1-бап


-1-тарау. Бітімгершілік келісім



бет25/35
Дата11.05.2023
өлшемі0.55 Mb.
#473513
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
onaltu zhane bankrottyk turaly

6-1-тарау. Бітімгершілік келісім

Ескерту. Заң 6-1-тараумен толықтырылды - ҚР 13.11.2015 № 399-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


112-1-бап. Бітімгершілік келісімді жасасу шарттары

1. Банкроттық рәсімін жүргізудің кез келген сатысында борышкер мен кредиторлар бітімгершілік келісімді жасасуға құқылы.

2. Кредиторлар тарапынан бітімгершілік келісімді жасасу туралы шешім кредиторлар жиналысында қабылданады.

Банкрот тарапынан бітімгершілік келісім жасасу туралы шешімді дара кәсіпкер, банкрот – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген орган), құрылтайшысы (қатысушысы) және банкроттықты басқарушы қабылдайды.

Бітімгершілік келісімде көзделген құқықтар мен міндеттерді өзіне алатын үшінші тұлғалардың бітімгершілік келісімге қатысуына жол беріледі.

3. Бітімгершілік келісімді сот бекітеді.

Бітімгершілік келісімді бекіткен кезде сот бітімгершілік келісімді бекіту туралы ұйғарым шығарады, онда банкроттық рәсімінің тоқтатылатыны және борышкерді банкрот деп тану және банкроттық рәсімді қолдану туралы шешімнің орындауға жатпайтыны көрсетіледі.

4. Бітімгершілік келісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы күшіне енген күннен бастап ол күшіне енеді және бітімгершілік келісімге қатысатын борышкер, кредиторлар және үшінші тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

5. Күшіне енген бітімгершілік келісімді орындаудан біржақты бас тартуға жол берілмейді.

Ескерту. 112-1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


112-2-бап. Бітімгершілік келісімнің мазмұны

1. Бітімгершілік келісім:

1) банкрот міндеттемелерін орындауды кейінге қалдыру және (немесе) мерзімін ұзарту;

2) банкроттың талап ету құқықтарын басқаға беру;

3) банкроттың міндеттемелерін үшінші тұлғалардың орындауы;

4) борышты аудару;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, кредиторлардың талаптарын банкроттың акцияларына, жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне алмастыру;

6) кредиторлар талаптарын Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қанағаттандыру жағдайларында жасалуы мүмкін.

2. Бітімгершілік келісімде банкрот міндеттемелерін орындау мөлшері, тәртібі мен мерзімдері туралы және (немесе) оның міндеттемелерін тоқтату туралы мәліметтер болуға тиіс.

3. Банкрот тарапынан бітімгершілік келісімге банкрот – дара кәсіпкер, банкрот – заңды тұлға мүлкінің меншік иесі (ол уәкілеттік берген тұлға), құрылтайшысы (қатысушысы) және банкроттықты басқарушы қол қояды. Бітімгершілік келісімге кредиторлар атынан кредиторлар жиналысының төрағасы қол қояды.

4. Егер бітімгершілік келісімге үшінші тұлғалар қатысқан жағдайда олардың тарапынан бітімгершілік келісімге осы тұлғалар немесе олардың уәкілетті өкілдері қол қояды.

5. Бітімгершілік келісім борышкердің кредиторлар алдындағы міндеттемелерді орындау тәртібі мен мерзімдері туралы ережелерді қамтуға тиіс.

6. Бітімгершілік келісім жасасуға қарсы дауыс берген немесе дауыс беруге қатыспаған кредиторлар үшін бітімгершілік келісімнің шарттары оны жасауды жақтап дауыс берген кредиторларға арналған шарттарға қарағанда нашар болмауға тиіс.

Ескерту. 112-2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 290-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет