Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет118/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
116 
аталатын физика-математикалық конкурсты ұйымдастыру да дәстүрге айналған. Мұндай 
конкурстар – дарынды оқушыларды анықтаудың, республикалық, халықаралық деңгейдегі 
олимпиадаларға дарынды оқушыларды даярлаудың, іріктеудің алғашқы баспалдақтары 
немесе әдісі. 
Қазақстанның балалары қай уақыттан бастап, халықаралық олимпиадаларға қатыса 
бастады? Тәуелсіздік алғаннан кейін Халықаралық олимпиада комитетіне өтініш түсіріп, 
қатысу жөнінде тіркелгенімен тек екі жылдық сынақ мерзімінен кейін ғана әр жылдары әр 
пәннен 1-2 оқушының қатысуына қол жеткізсе, тек 1998 жылдан бастап Қазақстанның 
дарынды балалары 7 пәннен құрама команда ретінде қатыса бастады. 2016 жылы Астана 
қаласында Назарбаев Университеті базасында физика пәні бойынша 48-ші Халықаралық 
олимпиада өтті. Оған сексеннен астам ел қатысса, біздің елдің құрама командасы 8-
орынды иеленіп, үздік ондықтың қатарына кірді. 
Республикалық «KAZBILIM» орталығының директоры Ахметжан Аятжанның пән 
олимпиадасының пайдасы туралы пікірін келтірсек: 
Ең әуелі, пән олимпиадасы елдегі дарынды балаларды анықтаудың, оларды ғылым 
жолына бағыттауда баламасыз жоба. Себебі, дарынды балаларды анықтау және оларды 
ғылымға тарту елдің ертеңіне іргетас қалау деген сөз. 
Екіншіден, пән олимпиадаларына дайындау балалардың ғылым жолына түсуіне 
көмек жасап, елдің болашақ ғылыми базасын жасауға үлес қосады. Олимпиадалық 
тапсырмалар оқушыларға дұрыс ғылыми көзқарас қалыптастыруға бағыт сілтеп, ғылымға 
деген құштарлығын арттырады. 
Үшіншіден, логикасы дамыған, ғылыми тұрғыда сауатты жастардың ғылыми 
жаңалықтар ашу мүмкіндігі жоғары. Бұл- ел ғылымына локомотив болатын күш. 
Төртіншіден, халықаралық деңгейдегі кез келген бәсеке елдің әлем алдындағы 
беделін айшықтайды. Ал, халықаралық сарапшылар елдің ғылымға деген көзқарасын
мектептегі білім сапасын, ұлттың интеллектуальдық деңгейін осы пән олимпиадалары 
арқылы сараптайды. 
Бесіншіден, пән олимпиадалары ұстаздардың сапалық деңгейін арттырады. Себебі, 
пән олимпиадаларына оқушы дайындау мұғалімді бірізділіктен құтқарып ізденіске 
жетелейді. Ал, ұзақ уақыт олимпиадаға шәкірт тәрбиелеген ұстаздың кәсіби білімі 
өзгелерден оқ бойы озық тұрары анық. Бұл- елдің білім сапасын арттыруға қосылған 
үлкен үлес. Білім сапасы деген - ол ұстаз сапасы [2]. 
Елімізде дарынды балалармен жұмыс жүйесі «Дарын» ғылыми-практикалық 
орталығының барлық аймақтардағы бөлімшелері арқылы дұрыс жолға қойылған. 
Орталық дарынды балалармен жұмысты жыл бойына үздіксіз жүргізеді. Былтырғы 
жылдан бастап, «Олимпиадалық резерв мектебі» (ШОР) жобасы іске қосылып, болашақ 
олимпиада жүлдегерлерін дайындау қолға алынды. Оқушылардың күзгі, көктемгі, қысқы, 
жазғы демалыстары кезінде «Олимпиадалық резерв мектебі» демалыс лагері типінде 
жұмыс жасайды. Облыстың барлық аудандарынан арнайы сынақ өткізу арқылы іріктелген 
мектептің тыңдаушылары осы уақыттарда олимпиадалық дайындықтан өтеді. Бұл жоба 
«Дарынды бала» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда. 
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – 
Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Дарынды ауыл 
жастарын іріктеп, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарына дайындау керек» деп 
Үкіметке дарынды балалардың қабілетін дамытудың Жол картасын әзірлеуді тапсырған 
болатын. С0онымен қатар ол осындай балалардың үйірмелер мен орталықтарға, жазғы 
лагерьлерге баруы үшін мүмкіндіктер жасау керектігін айтқан еді. Осы ретте, Мемлекет 
басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асырудың Жалпыұлттық 
жоспарының 55-тармағын іске асыру мақсатында ауылдық жерлерде тұратын, сондай-ақ 
әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет