Объединение юридических лиц в форме ассоциации


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАЛАРЫН



Pdf көрінісі
бет117/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАЛАРЫН
ӨТКІЗУДІҢ МАҢЫЗЫ
 
Шуйншкалиева Гульжанар Сансызбаевна 
М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты,
Ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., доцент Сырым Ж.С. 
Орал, Қазақстан 
Аннотация: Пәндік олимпиадалар - мемлекеттің интеллектуалдық адами 
ресурстарын қалыптастыруының қайнар көзі. Мақалада пәндік олимпиадалардың өткізілу 
тарихына шолу жасалып, еліміздегі дарынды балалармен жұмыс талданып, «Дарынды 
бала» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобалар қарастырылған. 
 
Кілттік сөздер: халықаралық, республикалық, облыстық, аудандық олимпиада, 
дарынды оқушы, білім, ғылым, олимпиадалық дайындық.
 
Мектеп оқушыларының пәндік олимпиадаларының ұйымдастырылып өткізіле 
бастағанына ғасырдан артық уақыт болған. Олар әр түрлі елдерде алғашында әр түрлі 
атпен аталған. Мысалы, Еуропа елдерінде «Ғылым бәсекесі», шығыс Азияның Қытай, 
Жапония, Корея сияқты елдерінде «Зейін бәсекесі» деп атаған. Екінші дүниежүзілік 
соғыстан кейін ғана ел экономикасын дамыту, көтеру мақсатында ғылымды игерген адами 
капиталды жасау қажеттілігі туындады. Сондықтан да, пән олимпиадаларына дүние 


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
115 
жүзінің барлық елдерінде айрықша көңіл бөліне бастады. Ең алғашқы олимпиада АҚШ-та 
ХХ ғасырдың ортасында «Жас ғалымдар олимпиадасы» деген атпен өткізілді. Біз 
құрамында болған Кеңестік одақта оқушылардың пәндік олимпиадасы 1974 жылдан 
бастап Бүкілодақтық олимпиада деген атпен өткізіле бастады. Бұл олимпиада КСРО-ның 
әр түрлі қалаларында (көбінесе Ресей қалаларында) жыл сайын өткізіліп тұрды. Ол 
олимпиадалар тапсырмалары бірнеше рет жеке жинақ ретінде басылып шығып тұрды. 
Алайда, территорияның үлкендігі, жердің шалғайлығы, олимпиадалардың орыс тілінде 
өтуі сияқты алуан түрлі кедергілер алыс ауылдардағы мектептерде оқитын дарынды, 
талантты балалардың мұндай білім жарыстарына қатысу мүмкіндігін шектеді. 
Бүкілодақтық олимпиадаға қазақ балаларының да қатысуын қамтамасыз ету үшін Қазақ 
ССР Министрлер Кеңесінің 1972 жылы 16 қазандағы №55бұйрығымен Республикалық 
физика-математикалық мектеп-интернаты ашылып, бұл мектепке елдің түкпір-түкпірінен 
дарынды балалар жинақталып, арнайы тереңдетілген бағдарламамен оқытыла бастады. 
Бұл мектеп әлі күнге дейін табысты жұмыс жасауда, Халықаралық олимпиада 
жүлдегерлері осы мектепте даярланады. 
ҚР екі дүркін премьер-минмистрі Кәрім Мәсімов, Яндекс браузерінің негізін 
қалаушылар- Аркадий Волож, Илья Сегалович, «Казатомпром» басшысы болған Мұхтар 
Жәкішов, Қазақстан Ұлттық Банк төрағасы болған Қайрат Келімбетов, ҚР қоршаған орта 
және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, ҚР бас прокуроры Қайрат Қожамжаров, 
Астана қаласының экс-мэрі, Қаржы министрі болған Бақыт Сұлтанов, ҚР ұлттық 
экономика министрі Ерболат Досаев сияқты басқа да елдің зиялы тұлғалары - осы 
Жәутіков мектебінің түлектері [3].
Біздің еліміздегі олимпиадалық қозғалыс тәуелсіздік алғаннан кейін кең өріс алды. 
Тұңғыш Республикалық пән олимпиадасы 1992 жылы Қызылорда қаласында өткізілді. 
Содан бері қарай Республикалық пән олимпиадасы барлық жалпы білім беретін пәндер 
бойынша жыл сайын үзбестен өткізіліп келеді. Қазақстанның талантты, дарынды 
балаларымен жұмысты жүйелі, кешенді түрде жүргізу үшін “Дарынды балаларға 
арналған мектептерді дамыту және мемлекеттік қолдау көрсету” туралы (1996ж.) 
Президент Қаулысы Қазақстандағы аса қабілетті балалар және жасөспірімдермен 
қарқынды түрде жұмыс жүргізудің себепкері болып отыр.
Осы Қаулыны жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Өкіметінің 1998 
жылғы 24 наурыздағы №256 қаулысымен Білім және ғылым министрлігі жанында жаңа 
ғылыми-құрылымдағы білім беру мекемесі республикада дарынды балалармен жұмыс 
істеу жүйесін ұйымдастыратын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 
құрылды.
20 жыл ішінде Қазақстанның дарынды оқушыларымен ең абыройлы халықаралық 
пәндік олимпиадалардан 2241 алтын, 3266 күміс, 4763 қола медальдар жаулап алынған 
болатын.
Қазақстандық оқушылар соңғы жылдар ішінде әлемдік интеллект нарығында өзінің 
бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеуде. Қазіргі кезде, халықаралық олимпиада қозғалысы 
рейтингі бойынша 123 қатысушы елдердің арасынан Қазақстан құрамасы 10-шы орында 
тұр.
Қазіргі таңда осы орталық мектеп оқушыларының әр түрлі деңгейдегі аудандық, 
қалалық, облыстық, республикалық пәндік олимпиадаларын (он пәннен) ұйымдастырып, 
өткізумен шұғылданып отыр. Пәндік олимпиадаға дейін оқушыларды білім бәсекесіне 
дайындау жұмыстары да ескерілген. «Дарын» орталығы арқылы бастауыш сынып
ортаңғы сатыдағы мектеп оқушылары үшін арнайы «Ақбота», «Кенгуру» сияқты жеке 
оқушыға арналған сайыстар, ал 9-11 сынып оқушылары үшін «Ақ желкен» математикалық 
регатасы, «Апельсин» физика-техникалық турнирі жыл сайын облыстық деңгейде 
командалық форматта өткізіліп келеді. Сонымен қатар қалалық деңгейдегі «Квант» деп 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет