Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет4/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 

Кәсіби-педагогикалық іс- әрекеттің қалыптасу барысы төменде көрсетілген 
ұстанымдардың ара байланысы арқылы тиімді жүзеге асады. 
Педагогикалық басқару іс- әрекеті келесі мәселелерді атқаруы қажет: кәсіби-
педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының бүтін қызметі, даму құрылымы бар, ал білім 
алушы жеке тұлға осы тұрғыда кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің түрлі деңгейлерінде (іс-
әрекет деңгейі, әрекет деңгейі, операция деңгейі) өзін-өзі басқару сипатын алады. 
Педагогикалық жүйе ақпараттылық қасиетке ие. Білімнің құрылымдық элементтерінің 
негізінде жүзеге асатын ақпараттың жалпылау үрдісі оқу ақпаратының тежелуінің 
негізгі құралы болып табылады. Әрекеттің нсаналы ұстанымы (Л.В. Усова, Л.Я.Зорина, 
В.Ф. Шаталов), білім элементтері мен игеру жүйесін студенттердің меңгеруі берілген 
алгоритмдік және эвристикалық ұйғарымдардың негізінде жүзеге асырылады. 
Білім беруде әрекеттік тәсіл және студенттердің білімін жүйелендіру білім 
ақпаратының мазмұны мен құрылымын қарастыруға мүмкіндік берді. Бұл білімнің екі 
жүйесінен тұрады: пәндік қызмет және оқу қызметі. Педагогикалық білім білімнің екі 
(мазмұндық және операциалы) түріне саяды. Мазмұндық педагогикалық білім деп 
педагогикалық деректер, педагогикалық ұғымдар (педагогикалық құбылыстар, үрдістер, 
олардың сипаттары мен көлемдері), педагогикалық заңдылықтар мен теорияларды 
түсінеміз. Операциялық педагогикалық білімге кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің 
құрылымдық білім (әрекет және интеллектуальды операция), ғылыми танымның әдіс 
тәсілдері, ойлаудың түрлері мен деңгейлері эвристикалық және алгоритмдік құралдар 
жатады. Көрсетілген ұстанымдар болашақ мұғалімдерде кәсіби-педагогикалық іс- 
әрекеттің қалыптасуын жан - жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Ұстанымның кейбір 
ерекшеліктері – диалектикалық тұтастығы және теория мен практиканың үйлесуіне 
тоқталайық. Аталмыш ұстаным оқу-шығармашылық іс-әрекеттің ұтымды іске асуына 
ықпал етеді. Қазіргі уақытта бұл тұтастық үздіксіз педагогикалық тәжірибені 
ұйымдастыру құралдарымен жүзеге асады. Дегенмен, үздіксіз педагогикалық тәжірибені 
ұйымдастыру сараптамасы бойынша бірінші курс студенттері үздіксіз педагогикалық 
тәжірибені тәжірибелік іс-әрекет ретінде қабылдамайды. Студенттер, тек жоғарғы 
курстарда мектеп оқу тәжірибесінде болып, сыныптарда мұғалім болып жұмыс істеп 
былай дейді: «Ақырында мектепте болдық қой!». Студенттердің бірінші оқу 
тәжірбиесінен кейінгі есептерін сараптау осындай дәлелдемелер негізі болып табылады: 
Оқу-шығармашылық іс-әрекетті педагогикалық басқару барысында оқушылардың саналы 
және санадан тыс психикалық барысына үнемі ынталандырып және әсер етіп отыру керек. 
Интуицияны ынталандыру барысында эвристикалық ұйғарымдарды кеңінен 
пайдалану. Оқушылардың логикасын стимулдауда, дамытуда логикалық операцияларды 
қолдануға бағыттау. 
Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінде педагогикалық іс- 
әрекетті қалыптастыруды басқарудың дидактикалық заңдылықтарының жиынтығы 
арқылы түйін анықталады: 
- кәсіби-педагогикалық іс-әрекет нақты педагогикалық мәселелерді шеше алуда жүзеге 
асқанымен, мұғалімнің кәсіби-педагогикалық іс-әрекетінің қалыптасуы бүтін ретінде 
жүзеге асады; 
- кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің функциональды үлгісі оны нақты мақсат қойғанда 
дара педагогикалық қабілет құрылымына айналатын пайымдалған құрылым ретінде 
қарастыруға мүмкіндік береді. 
- ортақ пен дара арасындағы сәйкестік ұстанымы нақты педагогикалық іс-әрекетті 
ерекшелік арқылы ортақтың ішіндегі дара ретінде қарастыруға мүмкіндік береді; 
- педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттерінің кәсіби-педагогикалық іс-
әрекетін қалыптастыру сәйкестік ұстанымын жүзеге асыруға құрылған бір-бірімен 
байланысты эвристика және алгоритм жүйесімен басқарылады. Сана қызметін алгоритм 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет