INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
3
шығармашылық әдістері: жеті есе іздеу стратегиясы; кездейсоқтық әдісі; тапсырмаларды
шешу теориясы; инновациялық ойын.
Жоғары мектептегі инновациялық іс-әрекет инновациялық жүйе ретінде белгілі бір
қызмет атқарады. В.С. Лазаревтың инновациялық жүйенің теориялық үлгісінде олардың
саны бесеу:
Педагогикалық жүйені өзгертудің қажеттігін анықтау;
Педагогикалық жүйенің даму мүмкіндіктерін анықтау;
Жаңашылдықты өңдеу;
Өзгерістерді жобалау және жоспарлау;
Жаңаны ендіру және институализация [3].
Педагогтар даярлаудың рөлі аса үлкен екендігін ХІХ ғасырдағы аса ірі немістің ірі
педагог-демократы А.Дистерверг өзінің «Неміс мұғалімдеріне білім беруге басшылық»
(1835) еңбегінде атап көрсетті. Дамушы білімнің принциптері мен дидактикалық
ережесінің жүйесін ашып көрсете отырып Дистерверг мұғалімдер даярлауға қойылатын
талаптарға тоқталды. Ол өзін-өзі жүйелі түрде жетілдіру, білімін ұдайы ұштау
нәтижесінде педагогика мен әдістемені тереңірек меңгеруге болатынын айқындады.
Дистервергтің пікірінше, мұғалім жұмысының табысты болуының негізі – оқуға деген
ынта. Білім алудың ешқашан аяқталмайтындығын, бұл процесс ұдайы даму, өзгеру,
айқындалу үстінде болатындығын көрсетіп отырды. «Мұғалім өзін-өзі тәрбиелеу мен
білім алу үстінде болған кезде ғана шәкірттерді тәрбиелеуге және білім беруге қабілетті»
[4].
Жаһандану дәуірінде қазіргі заман бастауыш білім беру стратегиясы көбінесе 6-9
жастағы балаларда интеллектуалды даму мен ой өрісі кеңдігінің жалпы деңгейін
қамтамасыз ететін ойлаудың құралдары мен тәсілдерін қалыптастыруға деген
бағыттылығымен анықталады. Болашақ маманның жеке тұлғасының дамуына арнайы
түрде бағытталған оқыту жүйесін ұйымдастыру дегенді білдіреді. Мұндай жүйені құру
бастауыш білім мазмұнын әрбір балаға мәдениеттің сан қилы «даласында» жеке-дара
бейімділігі мен ынталарын молынан ашумен бірге кеңінен бағыт-бағдар табу мүмкіндігін
қамтамасыз ететіндей қайта құруды талап етеді. Жаһандану жағдайында мұғалім
дайындығының міндеттерін шешуге психологиялық-педаогогикалық циклдың арнайы
курстары жүйесі көмектеседі.). Арнайы курстың негізгі мақсаты болашақ мұғалімнің
«жаһандану»
ұғымы
туралы
білімін
қалыптастыру,
жаһандық
білім
беру
ерекшеліктерімен, бастауыш мектеп мұғалімдерінде жаһанадық кәсіби іс- әрекетті
қалыптастырудың формалары және әдістерімен таныстыру болып табылады. Кәсіби-
педагогикалық іс- әрекетке дайындау жүйесінің жасалуының негізгі қағидалары:
1) дүниетанымдық, білімдік және кәсіби бағытты анықтайтын педагогикалық мәдениетті
қалыптастыру;
2) тұлғалық білімді жүзеге асыруда ойлау компоненттерін дамыту;
3) білім жүйесін, бүтін әрекетті, шығармашылық тұлғаның табиғи бағытын басынан
қалыптастыруға танымның жалпыдан дараға бағытталған дедукция ұстанымы мүмкіндік
береді;
4) біртұтастық, даму, сәйкестік және сақтау ұстанымы ойдың бір-бірімен байланысты,
жалпыдан дараға және керісінше, екі үрдістің қозғалысын қамтамасыз етеді;
5) кәсіби-педагогикалық іс- әрекетті игеру механизмі танымның бастапқыда жабық
құрылымын кейініректе оны маңыздырақ элементтер арқылы құрылымдар мен жаңа
пайымдауларды құруды болжайды;
6) педагогтің қалыптасу барысының тұтастағы дифференциалды білім беру барысында
пәнаралық байланыстар және теория мен тәжірибенің бірлігі арқылы ойды жүзеге асыруда
болады.
|