INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
8
4) «Педагог-оқушы» қатынасы.Барлық топпен жұмыс істей отыра, педагог
оқушының тұлға ретінде дамуы үшін жағдайлар жасай отырып, оның рефлекстік ойлауы
мен жеке пікірін қалыптастыру мақсатында жұмысын ұйымдастырады [4,83].
Калмыкова З. И.
тұлғаға бағытталған сабақты дайындау және өткізу кезінде
мұғалім бірінші орынға оқушыны содан соң өз қызметін қоя отырып, өзінің жеке
ұстанымын белгілей отырып, өз қызметінде негізге алынатын бағыттарын анықтап алуы
керек екендігін алға тартады.
Білім беру моделі (үлгісі) төмендегі принциптерден құралады:
-оқытудың мақсаты тұлғаны дамыту болуы керек. Педагог пен оқушы оқудың тең
құқылы субъектілері;
-педагог оқу процесінде ең алдымен серіктес, үйлестіруші және кеңесші, содан соң
ғана көшбасшы [5,153]. Оқыту балада соған дейін болған жеке тәжірибеге негізделуі
тиіс. Баланы нақты бір білімге, шеберлікке және дағдыларға оқыту үшін ең алдымен
олардың әдістерін және таным стратегиясын дамыту қажет. Оқушылардың танымдық
стратегиялары білім беру технологияларында айнадай көрсетілуі керек. Оқу процесінде
оқушылар қалай тиімді оқу керектігіне үйретілуі керек. Таным қызметі процесінде нақты
бір оқушының жеке пайымдаулары, білімді түсінуі мен қолдана білуі үшін пайдаланатын
тұлғалық мазмұнды ескеру маңызды. Таным процесінде танымның эвристикалық
әдістеріне басымдық берілуі керек. Тұлғаға бағытталған сабақта тек білім ғана
мазмұндалмайды сонымен бірге оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылып,
қалыптасып, жүзеге асатындай жағдай болуы керек. Мұндай сабақта оқушылардың
жұмысқа деген эмоционалды жағымды ниеті басым болады, сабақ қызықты, тартымды,
нәтижелі өтеді. Педагог тек жағымды шығармашылық атмосферасын туғызып қана
қоймай, балалардың субъектілік тәжірибесіне де үнемі көңіл бөліп отырады. Ақырында,
ең маңыздысы әрбір оқушының өзіндік ерекшелігін және бірегейлігін мойындайды.
Педагогтың міндеті – материалды «беру» емес, әрбірінің қызығушылығын ояту,
мүмкіндігін ашу, әрбір баланың бірлескен танымдық, шығармашылық қызметін
ұйымдастыру. Осы технологиямен сәйкес әрбір оқушы үшін оқу бағдарламасына
қарағанда жеке сипаттағы жеке білім беру бағдарламасы жасалады. Ол сол оқушыға тән
сипаттамаларға, оның даму мүмкіндіктері мен динамикасына негізделеді. Тұлғаға
бағытталған оқыту технологиясында бүкіл білім беру жүйесінің орталығы баланың
тұлғалық даралығы құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |