INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
55
- Нормативтік сынақтарды орындаудағы маңызы. Бұл оқушылар мен студент
жастардың жалпы білім беретін мектептерді, орта және жоғары оқу орындарын
бітірушілердің дене дайындығын жоғарылатуы; мұнда ең бастысы дене тәрбиесі сабағын
жүйелі өткізу, спорт түрлерінен үйірмелерді ұйымдастыру, спорттық жарыстар өткізіп
тұру арқылы аталған оқу бітірушілердің дене дайындықтарының жоғары болуын
қамтамасыз етеді.
- Әлеуметтендіру маңызы; дене тәрбиесі және спортпен айналысуға бәрінен бұрын
оқушылар мен жастарды тартуға және халықтық ойындар мен спорт түрлерінде
меңгеруге, ұлттық мәдени дәстүрлерді меңгертуге бағыттайды.
- Коммуникативтік маңызы; дене тәрбиесі және спортпен айналысу барысында
оқушылар мен жастар әр түрлі адамдармен қарым-қатынаста болады, спорттық дәрежесі
жоғарлаған сайын қарым-қатынас көлемі біртіндеп өсіп үлкейеді де, адамдар қарым-
қатынасы молайа түседі.
- Отбасылық-тұрмыстық және жүйкені реттеудегі маңызы; дене тәрбиесі және
спортпен айналысу оқушылар мен жастардың күн тәртібінің құрамдас бөлігіне айналса,
осындай тұрақты түрде жүйелі дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу көңіл-күйді
реттеудің, бойды сергітудің, тамаша психикалық мінез-құлық қалыптастырудың тиімді
әдісі болып табылады.
Қысқаша айтқанда, әркімнің денсаулығы өз қолында, жастық шағында дұрыс дене
шынықтырған адамдар, олар өз өмірін ойлаған жандар. Сол үшін де барлығымыз өз
денсаулығымызды бекемдеуге, қорғауға тиіспіз. Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы.
Мемлкеттің ертеңгі күнін, тұтқасын ұстайтын, ұлт мүддесін, халық қамын ойлайтын
жастарды тәрбиелеп қалыптастыру және кез-келген ұлт балаларының сымбатты, көрікті,
шымыр, денсаулығы мықты болғанын қалайды. Бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына ену
үшін біз сан түрлі сайыстарға жолығамыз. Бәсекеде жеңіп шығу кепілі – ұлт сапасы. Сол
үшін жастар мен оқушылардың дене тәрбиесі маңыздылығын ескере отырып мынандай
нақты шаралар атқару керек.
1. Дене мәдениеті мен спортты оқу орындарында дамытудың түрлі заңдары мен
бағдарламаларына өзгертулермен толықтырулар енгізіп, қазіргі қолданыстағы заң мен
бағдарламалардың дұрыс жүзеге асырылуын қадағалап, әрбір қоғам мүшесі азаматтық
борышы ретінде оқушылармен жастардың денсаулығын нығайтатын және сақтайтын
бірден-бір мүмкіндіктің онан ары дамуына үлес қосулары керек.
2. Оқу орындарында көпшілік сауықтыру қимылдарын ұйымдастру, қабырға гәзет
шығару арқылы дене тәрбиесі мен спортты оқушылар мен жастар арасында көбірек
насихаттау. Оқу орындары арасында дене тәрбиесімен спортты насихаттайтын, салауатты
өмір салтын сақтауға үндейтін қимылдарды көп өткізу.
3. Дене тәрбиесі мен спортты дамытуда балалар бақшасы мен мектеп жасынан
бастап, оқушылардың ол туралы білімдерін молықтырып, оны бала жастан күн тәртібіне
енгізіп, жүйелі түрде шұғылданып, салауатты өмір салтын сақтауға дағдыландыру керек.
4. Жоғары оқу орындарында, оқушылар мен жастарға білім беретін дене тәрбиесі
мен спорттың теориясы мен әдістемесін толық меңгерген, кәсіби даярлығы жоғары
мамандарды дайындау керек.
Міне осы аталған шараларды орындаған жағдайда дене тәрбиесі мен спорт дұрыс
дамып, оқушылар мен жастар арасында ықпалды орынға көтеріле алады. Өз рөлін толық
сәулелендіре алады деп сенім артуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |