INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
54
- Ең бірінші өсіп келе жатқан жас ұрпақты жан жақты дамыту және сауықтыруының
маңызы. Бала ағзасын шынықтыру арқылы, сыртқы ортаның зиянды әсерлеріне қарсы
тұра алу қабілеттерін жетілдіріп, денсаулығын нығайтып, дене мүмкіншіліктерін
жоғарлатады, бұл арадағы бастысы жас өспірімдердің денесінің ақаусыз, дене мүсінінің
дұрыс өсуіне, ауырған немесе уақытша қызыметін тоқтатқан дене мүшелерін қалпына
келтіруде маңызды рөл атқарады.
- Еңбек етудің яғни, ақыл-ой еңбегі немесе дене еңбегінің қандай түрінде болмасын
оқушылар мен жастар дене және психикалық күштерін жұмсап шаршайды, жұмысқа
қабілеттілігі төмендейді. Осы кезде дене тәрбиесі көмегімен жұмысқа қабілеттілігімен
дене қуатын күшейтіп, ептілігі мен икемділігін арттырып, шыдамдылығын шыңдап,
оқушылармен жастардың әр түрлі еңбек саласында қызымет етуге дайындығын
жетілдіреді.
- Дене тәрбеиесі мен спорт оқушылар мен жастар арасында салауатты өмір салтын
қалыптастыруда ең басты үгіт-насихат құралы болып табылады. Салауатты өмір салтын
қалыптастыру бағытында әртүрлі деңгейдегі оқу орындары арасында жарыстар өткізу.
Жеткен жетістіктерді марапаттау арқылы олардың спортқа қызығушылығын ояту, сол
арқылы жастарды дене тәрбиесі және спортпен шұғылдандыру, ал дене тәрбиесі мен
спортпен шұғылданған адам жат қылықтан аулақ болып, салауатты өмір салтын сақтай
алады және өз төңірегілерге үлгі бола алады.
- Тұрмыс пен демалыс мәдениетін жетілдіру, бос уақытын тиімді пайдалануды
ұйымдастырудағы маңызы; күнделікті сабақтан кейінгі бос уақытта, демалыс күндерінде
дене тәрбиесі және спортпен айналысу арқылы, көңіл-күйді жақсарту, ағзаның ауыр
жұмыстан қажуының алдын алу, дене мүшелерін тыныш күйге келтіріп, жұмысқа
қабілеттілігін арттырудағы ерекше маңызға ие болуы.
- Дене тәрбиесі мен спорттың қолданбалылық маңызын түсіндіру; оқушылармен
жастар арасында Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріндегі әскери маман,
сондай-ақ экстремалды және өмірге қауіпті жағдайлар қызыметі саласында еңбек еткісі
келетін оқушылар мен жастарды дене тәрбиесі мен спортпен айналыстыру арқылы дене
қуаты қасиеті толық жетілген, қажырлы да қырағы әскери мамандарды дайындауға
жетелеп олардың армандарының жүзеге асуына жол ашады.
- Дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық маңызы; оның негізгі түрлері:
тәрбиелік, білім берушілік, сауықтыру және бос уақытты тимді пайдалануға жәрдемдесуі,
жеке тұлғаны жан-жақты жетілдіру, балалар мен жас жеткіншектер арасындағы
қылмысты істерді азайтуы; бұл әр түрлі оқу орындарындағы дене тәрбиесі арқылы жүзеге
асады. Балалар осы педагогикалық үрдісте адамгершілікке, отан сүйгіштікке,
еңбекқорлыққа, қайсарлыққа тәрбиеленеді, дене мәдениеті мен спорт туралы білімдерін
толықтырады, денсаулығын нығайтады, бос уақытын ұтымды ұйымдастыра алады.
- Мемлекеттің халықаралық мәртебесін көтерудегі, сонымен қатар адам мүмкіндігінің
қорларын іздестіру және жетілдірудегі маңызы; оқушылар мен жастарды мемлекеттік
халықаралық мәртебесі бар спорт шеберлермен кездестіру, сол арқылы оқушылар мен
жастардың дене тәрбиесі және спортқа қызығушылығын арттырады. Олар жүйелі
айналысқан спортта жоғары жетістікке жететінін түсініп, сол арқылы өз ұлтының,
халқының, мемлекетінің, отанымның атақ даңқын асырсам деген патриоттық сезім
орнатады әрі солай жасауға ұмтылады.
- Техника дамыған дәуірде көптеген оқушылар мен жастар қимыл тапшылығына
ұшырайды. Осы сырқаттардың алдын алу және оны қалпына келтірудегі маңызы; дене
тәрбиесі мен спорттың жаттығуларын жасату арқылы денсаулықты нығайту, ауруға
қарсылық күшін арттыру, ауырған дене мүшелерінің қызметтерін жаттығулар жасау
арқылы қалпына келтіруде дене тәрбиесі мен спорттық жаттығулар өте үлкен маңызға ие.
|