Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет152/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
146 
Ал, оқу әрекетінен тыс уақытта(негізгі сабақтардан тыс уақытта) мынадай түрде 
жүзеге асырылады: 
Күн тәртібі ішіндегі жаттығуларғажататындар: таңертеңгілік гигиеналық 
гимнастика, ұзартылған үзілістегі дене тәрбиесі жаттығулары, қосымша сабақтар, күн 
тәртібіндегі гимнастикалық жаттығулар және т.б. 
Ұзартылған үзілістегі дене тәрбиесі жаттығулары 4 аудиториялық немесе 
тәжірибелік сабақтан соң 8-10 минут көлемінде орындалады.
Қосымша сабақтар (жеке немесе топпен) дене тәрбиесі мұғалімінің басқаруымен 
дене қуаты дайындығы төмен студенттермен оқу бағдарламасына сай қорытынды 
сынақтарға дайындық ретінде жүргізіледі. 
Күн тәртібіндегі гимнастикалық жаттығулар белсенді демалыс қызметін атқарады. 
Спорттық секциялардағы, ЖДҚД топтарындағы жұмыстар дене тәрбиесі 
мұғалімдерінің басқаруымен өткізіледі. Спорттық секциялар студенттердің сабақтан бос 
уақыттарында, әр түрлі спорт түрлерінен(спорттық ойын түрлері, гимнастика, жеңіл 
атлетика және т.б.) өткізілуі мүмкін. 
Өз беттерімен орындалатын дене тәрбиесі жаттығуларынастуденттердің толық өз 
еріктерімен, ынталарымен орындалатын жаттығулар жатады. Олар дене тәрбиесі 
сабағынан үй жұмысын орындау мақсатында орындалуы мүмкін. 
Көпшілік сауықтыру және спорттық шаралароқу жылы көлемінде демалыс күндері 
және семестр аяғындағы демалыс уақытында жүргізіледі. Оларға туристтік саяхатттар, 
жорықтар, спорт мейрамдары, денсаулық күндері, спартакиадалар, жарыс күнтізбесіне сай 
ЖОО ішіндегі немесе ЖОО-дары арасындағы жарыстар жатады. 
Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі және спорт 
жұмыстары студент ағзасына оңды әсер етіп, нәтижесінде оның жүйке жүйесі жетіледі
жүрек қызметі жақсарады, тыныс алу тереңдейді, қанның құрамы жақсарады, ағзаның 
қорғаныс күші ұлғаяды, бұлшық еттерінің көлемі ұлғайып, күші көбейеді және т.б. 
Сонымен қатар, көптеген зерттеулер нәтижесінде студенттің ЖОО-нда оқу 
барысында ақыл-ой жұмысқабілеттілігінің тұрақталынуы, жоғарылауы оның күн 
тәртібіндегі дене жүктемелерінің көлеміне байланыстылығы дәлелденген. Студенттерге 
күн тәртібінде өте қажет зейін тұрақтылығы да осы дене жүктемелерінің көлеміне тығыз 
байланыстылығы анықталған. 
Ал, ЖОО-дағы дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын дұрыс ұйымдастырылуына 
дене тәрбиесі кафедрасының оқытушылары жауапты десек, қазіргі таңда спорттық 
ұстаздың еңбек қызметіндегі ізденісті істерінің жедел өсуі жалпы білімнің, ойлаудың 
шығармашылық үлгісін, маманның өз білімін үздіксіз жетілдіріп отыру қабілеттілік 
деңгейін бірінші орынға шығарып отыр. Кәсібімен байланысты қызмет түрлері мен 
ғылымның түрліше салаларынан алынған білімді шұғыл пайдалануға қабілетті жан-жақты 
білімді мамандарға сұраныс өсуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет