INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA»
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020
37
Құндылықтар уақыт өте өзгерістерге ұшырағанына қарамастан, құндылық бағдарлары
жеке тұлғаның, оның мәдениетінің дамуы мен өзін-өзі дамытуға ауысуы қажет. Адамның
мәдени байлығы құндылықтардың жеке қызметке қосылуына байланысты, бұл рухани
мәдениетті қалыптастырудың негізіне айналады. Сұлулық арқылы тәрбиелеу индивидтің
көркемдік-құндылық бағдарын ғана емес, сонымен қатар шығармашылық,көркем
шығармашылық қызметте, тұрмыста және іс-әрекеттерде құндылықтар жасау қабілетін
дамытады.
Білім беру үдерісінде құндылықтарды зерттеу педагогикалық аксиология аясында
жүргізіледі, оны ғалымдар білім беру құндылықтары туралы ғылым ретінде анықтайды.
Аксиология құндылықтар табиғатымен, олардың шын мәніндегі орнымен және құндылық
әлемінің құрылымы туралы, яғни әр түрлі құндылықтардың бір-бірімен, әлеуметтік және
мәдени факторлармен және жеке тұлғаның құрылымымен байланысы туралы мәселелерді
зерттейді және аксиологиялық тәсілдің теориялық негізі болып табылады. Педагогикалық
үдерістерде іске асырылып, қоғамның құндылықтық бағдарларының эволюциясы мен
қызмет ету заңдылықтары жалпы адамзаттық мәдени құндылықтардың басымдығын
түсінуге әкеледі.
«Құндылықтар» санатынан басқа педагогикалық аксиологияда мынадай ұғымдар
маңызды болып табылады: құндылықтар жүйесі, құндылық орнату, құндылық бағдар
және т. б.Адам өмірінің жоғары мәні ретінде құндылық бағдарлары мінез-құлық
реттегішінің қызметін атқарады, жалпыадамзаттық және жалпыұлттық сипатқа ие.
Құндылықтық бағдарлар жүйесі адамның әлеуметтік шындыққа жанасуын білдіреді және
бұл сапада оның мінез-құлқының мотивациясын анықтайды, оның қызметінің барлық
жағына елеулі әсер етеді. Жеке тұлға құрылымының элементі ретінде құндылық бағдарлар
қажеттіліктер мен мүдделерді қанағаттандыру бойынша белгілі бір қызметті жасауға ішкі
дайындығын сипаттайды.
Болашақ мамандыққа аксиологиялық бағдарлар, құндылық-мағыналық қарым-
қатынастар ЖОО-да кәсіптік оқыту үдерісінде қаланады.Біздің ойымызша, білім беру
құндылықтары арасында алдыңғы орынға болашақ педагогтың мәдени шығармашылық
кәсіби құндылықтары шығады, өйткені қазіргі қоғамда болып жатқан үдерістерді
реформалау мұғалім тұлғасына жаңа талаптар қояды. Бүгінгі күні білім беру мекемелеріне
білім алушылардан жоғары құндылықты көре алатын ізгілікті педагог қажет: ол кәсіби-
педагогикалық мәдениеттің,руханилықтың және адамгершіліктің жоғары деңгейіне ие
болуы, оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын меңгеруі және өзінің педагогикалық
қызметінде өзін-өзі көрсетуге үнемі ұмтылуы тиіс.
Болашақ педагогтың кәсіби құндылықтарды игеруі педагогикалық мамандықты
таңдау және меңгеру сәтінен басталады және барлық кәсіби қызмет барысында
жалғасады.
Келешекте
оқытушының
педагогикалық
құндылықтарын
қалыптастыру
педагогикалық іс-тәжірибесіз мүмкін емес. Осы іс-тәжірибе барысында студенттер нақты
туындайтын педагогикалық міндеттерді шешулері қажет. Педагогикалық тәжірибе кәсіби
білім берудің негізгі білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлігі және студенттерді
мұғалім жұмысына табысты дайындаудың пәрменді құралдарының бірі болып табылады.
Іс жүзінде педагогикалық қызметтің барлық компоненттері: мақсаттары, себептері,
мазмұны, ұйымдастырылуы, функциялары, нәтижелері, бақылау, өзін-өзі бақылау.
Сонымен қатар іс-тәжірибе болашақ кәсіптік оқыту педагогының кәсіби бағдарлы
тәжірибесін эмоциялық-сезімтал уайымдар мен құндылықтық-кәсіби ұстанымдар
негізінде байытуға ықпал етеді [3].
Студенттердің педагогикалық тәжірибесінде өзінің әлеуметтік-кәсіби белсенділігін
өзгертуге қабілеттілігі, болашақ мұғалімнің педагогикалық қызметтің барлық салаларына
жан-жақты бағдарлануы, рефлексивтік мәдениетті қалыптастыру, ол үшін өзіндік
|