Объединение юридических лиц в форме ассоциации


ӘОЖ 373,3:371,385.4:378,245.2



Pdf көрінісі
бет6/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

ӘОЖ 373,3:371,385.4:378,245.2 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ НЕГІЗІНДЕ ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒДАРЛЫ 
БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 
Қалиева Раушангүл Сарсеналиевна 
Қорқыт Ата атындағы ҚМУ , «Педагогика және оқыту әдістемесі» кафедрасының 
магистранты 
Ғылыми жетекшісі : Ф.ғ.к. Ерназарова Гульбаршын Шаршыбековна 
Қызылорда, Қазақстан 
 
Аннотация: Мақалада жаңартылған білім мазмұны негізінде бастауыш сынып 
оқушыларына тұлғалық – бағдарлы білім берудің педагогикалық негіздері
қарастырылады.
Түйін сөздер: тұлғалық – бағдарлы білім беру, интелектуалдық даму, танымдық 
белсенділік, жаңартылған білім беру мазмұны, «Педагог-оқушы», Білім беру моделі. 
 
Қазақстар Республикасы тәлім - тәрбие тұжырымдамасында: «Тәрбиенің негізгі 
мақсаты-дені сау, ұлттық сана – сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, 
парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан 
адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. 
Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру – қазіргі кездегі 
тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл 


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 

міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы – оқушылардың тұлғасын қалыптастыруда мектеп 
пен отбасының ынтымақтастық жұмысын өзіндік құндылық. Оның тұлғаралық қасиетінің
дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек. 
Баланың интелектуалдық дамуындағы сияқты тұлғалық дамуы да жалпы мінез-
құлықтың және мінезінің белгілі жағдайлардағы реакцияларының еркіндігінен, 
қарқындылығынан оның реттелуіне қарай жүреді. Бұл беталыс баланың өз мінез-құлығын 
басқара алу, саналы түрде мақсат қою, қиыншылықтар мен тосқауылдарды жеңіп, оларға 
жетудің жолдары мен құралдарын әдейі іздеу іскерлігімен көрінеді. Ырықтылық пен өзін-
өзі реттеу – баланың интелектуалдық-тұлғалық дамуының өзекті бағыты. Жеке оқушының 
белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп 
айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, 
бұл әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға 
қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарын таңдау. Жеке адамды білім алуға қол 
жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін 
көрсетуді қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады. 
Қазіргі кезде бейінді оқытудағы тұлғалық-бағдарлы білім берудің педагогикалық 
негіздеріне – тұлғаны қалыптастыру, дағдысы мен іскерлігін, дара психологиялық 
қасиеттері мен оның шығармашылдық қабілетін дамыту мен жүзеге асыру білім беру 
жүйесінің басты мәселелерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2011- 
2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасында: «Қазіргі жалпы білім беретін 
мектептегі оқытудың мазмұны фактология күйінде қалып отыр, пәндік тәсілге негізделген 
мемлекеттік стандарттар моральдық тұрғыдан ескірген. Оқушының даралығына 
бағдарланған білікті көзқарас жоқ. Мектепте оқушының өмірлік жолын, мүдделері мен 
перспективаларын таңдауына нақты дәлелдемелер бермейді. Орта білім берудің мақсаты – 
жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби 
дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, 
адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны 
қалыптастыру» қажет делінген [1]. Демек, жаңартылған білім беру жүйесін дамытудың 
басты міндеттерінің бірі білім берудің мазмұнын жетілдіру болып табылады. Оның негізі 
жаңа білім беру парадигмасы негізінде жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол 
мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі – шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру 
мәселесі және адами құндылықтар өзінің тамырын адамзат дамуы тарихының тереңінен 
алады. Білім берудің мазмұны оқушыларға тек белгілі бір білім, іскерлік, дағдылар 
жиынтығын меңгертіп қана қоймай, оқушы тұлғасын дамытуға, өмірлік проблемаларды өз 
бетімен және тиімді шешуге, тұлғаның өзін-өзі анықтауына, әлеуметтенуіне және өзін-өзі 
жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап білім, тәжірибе және қабілеттердің 
жиынтығын меңгертуге бағытталған. Білімге бағытталған оқытудан құзыретті, тұлғалық 
бағдарлы білім беруге көшу білім берудің мазмұнында экономикалық, саяси, құқықтық, 
дене, коммуникативтік мәдениет компоненттерінің, сонымен бірге, еңбек, салауатты өмір 
салтын ұстану, өмір қауіпсіздігін сақтау мәдениетінің көрініс табуын белгілейді. 
Осы міндеттерге сәйкес мектептердің басты мақсаты – оқушының өз тұлғалық 
мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін барлық жағдайды тудыру, баланың даралығын ашу
оның айқындалуына, дамуына, тұрақтануына көмек беру болып табылады. Мектепте әрбір 
бала қайталанбайтын, ешкімге ұқсамайтын даралық ретінде қалыптасуы тиіс. Оқыту 
үрдісі барысында әрбір баланың даралығын жетілдіру мектепте тұлғалық-бағдарлы білім 
беруді ұйымдастыруды қажет етеді. Мұндай, білім берудің мазмұнына, оқыту 
технологиясына өзгеріс енгізу қажеттілігінің бір көрінісі болады. Осы мақсатқа қол 
жеткізу үшін мектептің педагогикалық процесіне көптеген оқытудың түрлері енгізілуде. 
Солардың бірі – тұлғалық-бағдарлы тұрғыдан оқыту технологиясы болып табылады. 
«Тұлғалық-бағдарлы білім беру» ұғымы қазіргі уақытта кеңінен қолданылады. Яғни, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет