Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет7/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 

оқыту түрін жан-жақты зерттеп, оның теориялық-әдіснамалық негізін жасау - біздің 
міндетіміз болып табылады. «Тұлғалық-бағдарлы білім беру» «тұлғалық-бағдарлы 
оқыту», «Тұлғалық-бағдарлы ізгілік қатынас» т.б. ұғымдарының түсіндірмесінде әр алуан 
пікірлер кездеседі. Мұндай пікірлердің көптігі былайша түсіндіріледі: кез-келген 
оқытудың түрі тұлғаны дамытуға бағытталған, яғни олардың әрқайсысын тұлғалық-
бағдарлы оқыту деп тануға болады. Бүгінгі таңда оқытудың түрлі модельдері мен 
технологиялары жасалуда. Олардың әрқайсысы «тұлға», «тұлғаның дамуы», «тұлғалық-
бағдарлы білім беру» ұғымдарын өз бетінше түсіндіреді. Тұлғалық-бағдарлы білім берудің 
орталығы тұлға болып табылады. Тұлғаға арналған зерттеулер негізінде біз орыс ғалымы 
А.Н. Леонтьевтің анықтамасын ұсынамыз: «Тұлға – таным, толғаныс және дүниеге деген 
көзқарас негізінде дүниені өзгертуші субъект ретіндегі нақты адам»деп келтіреді [2,193]. 
Жоғарыда айтылған зерттеулерді , ғылыми талдауларды саралай отырып, біз «тұлғалық-
бағдарлы білім беру» ұғымына мынадай анықтама береміз: тұлғалық-бағдарлы білім беру 
– бұл оқушы мен мұғалім тұлғасының субъект ретінде танылатын, оның шығармашылығы 
мен даралығын дамытуға, оқыту үрдісінде оқушының субъектілі тәжірибесін есепке алуға 
бағытталған білім беру процесі деп айтамыз.
Жаңартылған 
білім мазмұны негізіндегі тұлғалық-бағдарлы білім берудің 
педагогикалық негіздеріне талдау барысында біз мынадай тұжырымдар жасаудық: - 
бейінді оқытудағы тұлғалық-бағдарлы білім беру – қазіргі білім беру теориясы мен 
тәжірибесіндегі бағыт; ол білім беру үрдісінде субъект-субъектілі қарым-қатынастарды 
жүзеге асыруға бағытталған, яғни педагогтың қоғамдық тәжірибені беруі мен 
оқушылардың оны меңгеруі барысында екі жақты жеке ерекшеліктерді, мүмкіндіктерді 
және қажеттіліктерді есепке алу арқылы екі жаққа тең дәрежеде даму және өзін-өзі 
дамыту мүмкіндігін беретін оқыту процесі. Яғни, оқушылардың шығармашылық 
қабілеттерін дамыту мақсатында тұлғалық-бағдарлы технологияны қолдану әдістемесін 
барлық пәндер бойынша жетілдіру қажет; - тұлғалық-бағдарлы білім беру 
технологияларын басқа оқыту технологияларымен байланыста қолдану керек; Демек, 
жаңартылған білім мазмұны негізіндегі тұлғалық-бағдарлы білім беруде оқушылардың 
шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық негіздері проблемаларын зерттеу, 
оны педагогикалық процесте ұтымды қолдану уақыт талабы болып табылады [3,112]. 
Тұлғаға бағытталған оқыту технологиясының мақсаты–баланың өмірінде бар 
тәжірибе негізінде оның жеке таным қабілетін барынша дамыту. Шығу көзі ретінде 
қосымша білім күштеуімен ештеңе де қалыптастырмауы керек деген алғышартты 
қабылдамау қажет, керісінше, - ол баланың қызметке табиғи түрде енуі үшін жағдайлар 
жасайды, оның дамуы үшін қоректік ортасын жасайды. Тұлғаға бағытталған оқыту 
технологиясының мазмұны, әдістері мен тәсілдері, бәрінен бұрын, әрбір оқушының 
субъективті тәжірибесін ашу мен пайдалануға, таным қызметінің ұйымдастыру жолымен 
тұлғаның қалыптасуына көмектесуге бағытталған.
Бастысы, педагог тек білім беріп қана қоймай, сонымен қатар оқушының тұлғалық 
дамуына жағдайлар жасауы керек. Тұлғаға бағытталған оқытудың дәстүрліден қандай 
айырмашылығы бар? 
1)мақсатты болжауы. Мақсат – оқушыны дамыту. Білімге, өзін-өзі дамытуға 
қызығушылығы бар субъектіге айналдыра отырып, әрбір сабақта оқу қызметі 
қалыптасатын жағдайлар жасау. Сабақтағы тұрақты диалог -мұғалім-оқушы. 
2)педагогтің негізгі қызметі бірлесе отырып, оқушының өзі ізденетін оқу қызметін 
ұйымдастыру. Мұндағы негізгі кейіпкер – оқушы. Педагог табысқа жету ситуациясын 
туғызады, сезімге бөлейді, мадақтайды. 
3)оқушының қызметі. Оқушы мұғалім қызметінің субъектісі болып табылады. 
Қызмет мұғалімнен емес, баланың өзінен болады. Мінез-құлықты дамытатын оқытудың 
проблемалық - іздеу және жобалау әдістері пайдаланылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет