Объединение юридических лиц в форме ассоциации


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL



Pdf көрінісі
бет63/199
Дата28.02.2023
өлшемі3.95 Mb.
#470155
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   199
1 3 ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ НАУКИ

INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2020: CENTRAL ASIA» 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, FEB-MARCH 2020 
 
61 
7. Әрбір оқушы үшін жетістік қажет ету өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын 
әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасында» инклюзивті білім беруді дамытудың алғышарттары 
жасалынды [2, 35 бет]. 
Мемлекеттік бағдарламада арнайы және инклюзивті білім беру стратегиясын 
әзірлеу және оны енгізу қарастырылған. Бұл бағдарламаға сәйкес, инклюзивті білім беруге 
жағдай жасайтын мектептердің үлесін жалпы мектеп санынан 70%-ға дейін арттыру 
(қазіргі уақытта 38%), мүгедек-балалар үшін «кедергісіз қол жетімділікті» құрайтын 
мектептердің үлесін жалпы мектеп санынан 20%-ға арттыру, инклюзивті білім берумен 
қамтылған балалардың үлесін, дамуында арнайы қажеттілігі бар балалардың жалпы 
санынан 50%-ға арттыру қарастырылған. Инклюзивті білім беру жүйесі қазіргі кезде 
өзінің ғылыми негіздері мен әдіснамасын жетілдіруге ұмтылуда. Ол әдіснаманың басты 
ерекшелігі сонда, бұл сала бойынша бала - оқытуды қажет ететін, бірақ түрлі қажеттілік 
деңгейлері бар жеке тұлға. Инклюзивті білім беру түрлі деңгейде оқи алатын түрлі 
ерекшеліктері бар балаларды қанағаттандыруға икемді болып келетін тәсілді зерттеуде.
Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беру мен осы жүйеде қызмет ететін 
педагогтерді арнайы даярлау – әлі де болса толыққанды игерілмеген тың сала. Осы 
саланың тұжырымдамалық негіздерін және оны іске асырудың білімдік, ғылыми, оқу-
әдістемелік, практикалық және ағартушылық тетіктерін зерттеу – қазіргі күн тәртібіндегі 
өзекті мәселе. Ерекше білімді қажет ететін балалар үшін инклюзивті білім берудің 
жағымды көрсеткіштері анық: 
- инклюзивті ортадағы ерекше білімді қажет ететін балалар, арнайы мектепте 
оқитындармен салыстырғанда, өздерінің қалыпты деңгейдегі құрбыларымен әлеуметтік 
өзара байланысқа түсуде жоғары деңгейді көрсетеді. 
- Инклюзивті ортада ерекше білімді қажет ететін балалар күрделі бағдарламалар бойынша 
оқиды, нәтижесі – дағдылар мен академиялық жетістіктердің жақсаруы. Әрине, арнайы 
мектепке қарағанда жалпыға білім беру бағдарламалары жоғары әрі күрделі білім деңгейін 
талап етеді. Яғни, мүмкіндігі шектеулі балалар инклюзивті мектепте академиялық 
міндеттерді шешуге көбірек уақыт жұмсайды, және де, салыстырмалы деңгейде жоғары 
академиялық нәтижелерді көрсетеді. 
- Ерекше білімді қажет ететің балаларды әлеуметтік қабылдау, инклюзивті сыныптарда 
кіші топтарға бөліп оқытуға байланысты, нәтижелі қалыптасады. Балалар кіші топтарда 
педагогтың тапсырмасын орындау барысында кейбіреулерінің даму ерекшеліктері бар 
екендігін ұмытады. Біртіндеп, қалыпты деңгейдегі балалар өздерінің мүмкіндігі шектеулі 
балалармен ұқсастықтары көп екендігін түсінеді. 
- Инклюзивті сыныптарда қалыпты деңгейдегі балалар мүмкіндігі шектеулі балалармен 
дос болады. 
- Инклюзивті білім беру дамуында ерекшеліктері бар балалардың жалпы білімдерінің 
қалыптасуына әсер етеді. 
- Инклюзивті сыныпта оқыған балалар үлкейгенде де даму ерекшеліктері бар адамдармен 
араласады. 
Сонымен, қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту – балалардың тең құқығын 
анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті 
қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру мүмкіндігі шектеулі 
балаларға оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін 
қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   199




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет