Облыс әкімі А. Мұхамбетовтің «Облыстың 2014 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындысы және 2015 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері Кіріспе



жүктеу 0.53 Mb.
бет2/3
Дата23.02.2016
өлшемі0.53 Mb.
1   2   3

Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамыту

Бүгінгі таңда облыстың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын ауқымды түрде жаңғырту шешілуі тиіс негізгі мақсаттардың бірі.

«Ақбұлақ», «2011-2020 жылдарға арналған ТҮКШ жаңғырту» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары аясында облыс тұтынушыларына сапалы коммуналдық қызмет көрсету деңгейін арттыру бойынша мақсатты жұмыстар атқарылуда.

Жылу және электр қуатымен жабдықтау

Есеп беріліп отырған жылдың ішінде «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында облыс орталығының жылу желілерін жаңғырту бойынша айтарлықтай жұмыстар атқарылды.

2014 жылы 312 атқыштар дивизия көшесіндегі ұзындығы 11,0 км жылу жүйесіне қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді.

Сондай ақ, Ақтөбе қаласының 11 және 12-мөлтек аудандарында ұзындығы 6,2 шақырым жылу желісі толығымен жаңғыртылды. Қарғалы ауданының орталығы Бадамша селосының орталық және кіші қазандықтары қайта жаңғыртылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында облыстың үш шағын қаласы – Алға, Шалқар, Қандыағаш қалаларының жылумен қамту жүйелері, соның ішінде Алға, Шалқар қалаларының орталық жылыту қазандықтары қайта жаңғыртылды, Шалқар қаласында 15,4 шақырым жылу желісі ауыстырылды. Қандыағаш қаласында ұзындығы 20 шақырымнан асатын жылу желісін қайта жаңғырту жұмыстары басталып, үстіміздегі жылы бұл жұмыстар толығымен аяқталынатын болады.

2011 жылдан бастап, 90 көппәтерлі тұрғын-үйге терможаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар үшін 1,3 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде 2014 жылы 34 көппәтерлі тұрғын-үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді. (Ақтөбе қаласында – 15, Алға ауданында – 6, Мұғалжар ауданында – 4, Темір ауданында – 2 және Хромтау ауданында – 7 үй).

Бұдан басқа, Ақтөбе қаласында кері қайтарылатын 122,4 млн. теңге қаражаттың есебінен 7 тұрғын-үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2015 жылға арналған міндеттер:

- жылумен қамту нысандарын қайта құру және жаңғырту жұмыстарының сапалы және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету.



  • республикалық бюджеттен қаржы бөлінген жағдайда Ақтөбе қаласының 20 көппәтерлі тұрғын-үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізу.

«Ақбұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру

Облыс халқын сапалы ауыз сумен қамту жұмыстары жалғасын табуда, өткен жылдың басында халықты сапалы сумен қамту 90,5% құрады. Өткен жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде тұрғындардың 92,0% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп отыр.

«Ақбұлақ» бағдарламасы аясында 2014 жылы сумен жабдықтау 20 жобасы жүзеге асырылды. Оның ішінде құны 5,3 млрд. теңге болатын 355,7 шақырым сумен жабдықтау желілерінің құрылыс мен қайта құру жұмыстары жүргізілді, соның ішінде 13 ауылдық-елді мекенінде 273,4 шақырым су желісі тартылды (Алға ауданы Маржанбұлақ, Байғанин ауданы Бұлақтыкөл, Жарлы, Әйтеке би ауданы Жамбыл, Мәртөк ауданы Хлебодар, Қаратаусай, Ырғыз ауданы Жайсаңбай, Қалыбай, Құйылыс, Құмтоғай, Темір ауданы Сарыкөл, Шұбаршы, Хромтау ауданы Қызылсу елді-мекендері). Ақтөбе, Қандыағаш және Темір қалаларында 82,3 шақырым сумен жабдықтау желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілді.


Инфрақұрылым атауы

Тұрғындардың

қамтылуы, %

Қаржыландырылуы,

млрд. теңге

2014 ж.

Сумен жабдықтау

92,0

6,8

Газбен жабдықтау

83,0

6,2

2014 жылы 7 кәріз желісін қайта құру мақсатында бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді.

Темір ауданы Кенкияқ, Шұбарқұдық, Хромтау ауданы Никельтау елді-мекендерінің кәріз желілерін, Ақтөбе қаласының сорғы стансалары мен арынды коллекторлары қайта жаңарту жұмыстары аяқталып, Мұғалжар ауданы Жем және Ембі қалаларының биологиялық тазарту және кәріз желілері қайта жаңарту бойынша жұмыстар жалғасуда.



2015 жылға арналған міндеттер:

- «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы есебінен облыстың елді мекендерінде сумен қамту және кәріз желілерін қайта құру.



Газбен жабдықтау

Елді мекендерді газдандыру халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту үшін тиімді жағдай жасаудағы басты мәселелерінің бірі болып табылады.

2014 жылдың басында облыстағы 380 елді мекеннің 93-і немесе 24,5% газдандырылды, облыстың жалпы халық саны бойынша 632,3 мың адам немесе 80% газбен қамтылған.

2012 жылы шағын қалаларды газбен толық қамту бойынша жұмыстар толықтай аяқталды. Келесі кезекте жоспар бойынша аудан орталықтарын 100% газдандыру, бұл бағыттағы жұмыстарды 2016 жылға дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, тірек елді мекендер газдандырылуда.

2014 жылы Алға ауданы Маржанбұлақ, Бесқоспа Қайындысай, Қобда ауданы Талдысай, Әлия, Бестау, Қобда, Қарғалы ауданы Степное, Бородиновка, Әйтеке би ауданы Қарабұтақ, Байғанин ауданы Қарауылкелді, Мәртөк ауданы Родниковка және Ақтөбе қаласына қарасты Өлке ауылдары газдандырылды.

Жалпы алғанда газбен қамту нысандарына 6,2 млрд. теңге бөлінді.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде газбен қамтылған халық саны көбейіп, облыс халқының 83 % құрап отыр (679,6 мың адам).

2015 жылы Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылына газ құбыры жеткізілетін болады, сондай ақ, Алға ауданының Қарақұдық ауылын газдандыру жұмыстары да толық аяқталмақшы.



2015 жылға арналған міндеттер:

Ырғыз, Ойыл ауданы орталықтарына және Мәртөк ауданы Жайсан ауылына газ құбырын тарту жұмыстарын жалғастыру.



Көлік инфрақұрылымын дамыту

Экономиканың бәсекеге қабілеттігін арттырудың негізгі факторларының бірі заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру болып табылады.

Есебі беріліп отырған жылдың ішінде бұл мақсат үшін 15,9 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық маңызы бар трассалармен қатар облыстың автокөлік жолдарын жөндеу, қайта құру және күтіп ұстау жұмыстары да бар.

Бүгінгі таңда, жалпы ұзындығы 684 шақырымды құрайтын «Самара-Шымкент» (БҚО шекарасынан Қызылорда шекарасына дейін) трассасын қайта жаңғырту жұмыстары толықтай аяқталды.


Өз кезегінде, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын, ауылдық елді- мекендер мен Ақтөбе қаласы көшелерінің көлік инфрақұрылымын дамытуға 9,6 млрд. теңге бөлінген.

Рельс-арқалық зауыты маңында жол өтпесінің құрылысы аяқталды, «Покровка-Темір-Кеңқияқ-Ембі», «Қарабұтақ-Комсомол-Северное-Ұшқатты» автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтті және «Ақтөбе қаласын оңтүстік айналма жолын» қайта жаңарту жобасын іске асыру басталды.

Хромтау моноқаласында ұзындығы 9,6 шақырымды құрайтын 18 көше қайта жаңарту жұмыстарымен қамтылған, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 318,0 млн. теңге бөлінген, 2015 жылы осы жұмыстарды жалғастыру жоспарланып отыр.

Мұғалжар ауданында «ЖҚЖК-2020» бағдарламасы аясында ұзындығы 5,2 шақырым құрайтын 2 көше жөнделді.

Алға, Әйтеке би, Қобда, Байғанин, Шалқар және Мұғалжар аудандарында елді мекендердегі көшелерді түбегейлі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бөлінген қаржыға облыстын ауылдық елді мекендері мен шағын қалаларында 20-дан астам көшеде жөндеу жұмыстары жасалды.

Облыс орталығының жол желісін дамытуға айрықша назар аударылып отыр.

2014 жылы Ақтөбе қаласында 20 көшеде жалпы құны 1,9 млрд. теңгені құрайтын күрделі жөндеу жұмыстары жасалды.

2015 жылға арналған міндеттер:

- 2015 жылы автокөлік жолдарын жөндеуге және қайта жаңартуға бөлінген қаржыны толық көлемде игеру;

- Елбасының «Нұрлы жол – Болашаққа бастар жол» Жолдауын жүзеге асыру аясында «Ақтөбе-Атырау» автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын дайындауды жалғастыру;

- «Шұбарқұдық – Ойыл – Қобда – Тұз-Төбе» автокөлік жолын қайта жаңарту жұмыстарын жалғастыру;

- «Ырғыз селосына кіреберіс» автокөлік жолының күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтау.
Тұрғын үй құрылысы

Облыс әкімдігі қызметінің басты бағыттарының бірі халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысын дамыту болып табылады.

2014 жылы 476,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 4,0 мың жаңа пәтер деген сөз. Бұл жұмыстар үшін 5,3 млрд. теңге игерілді, оның ішінде:

- «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында тұрғын үй құрылысы жинақтары жүйесі арқылы жалпы алаңы 64,78 мың шаршы метр төрт тұрғын үйі пайдалануға беріліп, 726 отбасы жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілді;

- Ақтөбе қаласының «Нұр Ақтөбе» тұрғын кешенінде жас отбасылар үшін жалпы алаңы 19,04 шаршы метр жалға берілетін тұрғын үй пайдалануға беріліп, 216 жас отбасы жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

- Кезекте тұрған жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері үшін «Нұр Ақтөбе» шағын ауданындағы №15 кредиттік тұрғын үйге жанасқан жалпы алаңы 10,25 мың шаршы метр 127 коммуналдық пәтер мен Хромтау қаласында 24 пәтер пайдалануға берілді.


Сонымен қатар, әкімдікте кезекте тұрғандар үшін жалпы алаңы 19,28 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, яғни, Алға, Ырғыз, Қобда, Темір, Ойыл және Хромтау аудандарында 8, 2 және 1 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйлер және Ақтөбе қаласында 216 пәтерлі тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді, 268 отбасы жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Есебі беріліп отырған кезеңнің ішінде 353,8 км инженерлік желілер пайдалануға берілді, оның ішінде: электрмен жабдықтау желісі – 78,3 км, сумен жабдықтау желісі – 234,2 км, кәріз желісі – 0,5 км және газбен жабдықтау желісі – 40,8 км. Бұл мақсаттарға 4,3 млрд. теңге бөлініп, игерілді.

2015 жылға арналған міндеттер:

- барлық қаржыландыру көздерінің есебінен жалпы ауданы 466,6 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру, оның ішінде 108,8 мың шаршы метр бюджеттік тұрғын үй және 357,8 мың шаршы метр жеке және коммерциялық тұрғын үйлер;

- «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасының шеңберінде үстіміздегі жылға жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру – «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында 3 несиелік тұрғын үйдің, Ақтөбе қаласы, Байғанин, Қарғалы және Хромтау аудандарындағы жергілікті атқарушы органдардың кезегінде тұрғандар үшін жалға берілетін тұрғын үйдің және Ақтөбе қаласындағы жас отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үйдің пайдалануға берілуін қамтамасыз ету, мұның нәтижесінде 1025 отбасы жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілмекші;

- «Қазақстандық Ипотекалық Компания» акционерлік қоғамы арқылы жалға берілетін тұрғын үй» тұрғын үй құрылысы бағыты бойынша «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында екі жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысын бастап, 2016 жылы жалпы алаңы 28,0 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалнуға беру;

- жоспардағы тұрғын үй нысандарын орналастыру үшін инженерлік инфрақұрылымды дамыту мен жайластыру үшін республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыны игеру.
Қаржы

2014 жылы облыс бюджеті кірістер бойынша 106,8 % орындалды, яғни, болжанған 81,9 млрд. теңгенің орнына нақты түсім 87,5 млрд. теңгені құрады.

Облыс бюджетінің шығыстары 178 591,1 млн.теңгені құрады. Қаржының басым бөлігі әлеуметтік салаға бағытталды: білім беруге - 54,8 млрд. теңге (шығыстардың жалпы көлемінің 30,7%), денсаулық сақтауға – 23,1 млрд. теңге (12,9%), әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыруға – 5,3 млрд. теңге (3 %), мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік үшін – 9,6 млрд. теңге (5,3 %) және т.б.

2015 жылға арналған міндеттер:


  • салықтық түсімдер мен бюджетке жасалатын басқа да салықтық емес төлемдердің болжанған мөлшерде орындалуын қамтамасыз ету;

  • облыс бюджеттің барынша тиімді және ашық түрде орындалуын қамтамасыз ету.

Денсаулық сақтау

Ақтөбе облысы бойынша есебі беріліп отырған жылдың ішінде денсаулық сақтауға жұмсалған қаражат мөлшері 30,9 млрд. теңгені құрады, оның ішінде тұрғындарға мемлекет тарапынан кепілдендірілген ақысыз медициналық көмек көрсетуге 27,8 млрд. теңге жұмсалды.




Мемлекеттік «350 дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік акушерлік пунктер және 50 емхана құрылысы» бағдарламасы шеңберінде елді мекендерде 10 дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріліп, бұл жұмыстарға барлығы 172,0 млн.теңге көлемінде қаражат жұмсалды. 138 жұмыс орны ашылды.

16 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, бюджеттен бөлінген 375,7 млн.теңге қаржы толық игерілді.

Есебі беріліп отырған жылдың ішінде денсаулық сақтау мекемелері үшін жоғарғы технологиялық құрал-жабдықтар сатып алынып (өздігінен жүретін стоматологиялық комплекс, компьютерлік томограф, заманауи эндоскопиялық және кардиохирургиялық құрал-жабдықтар, 13 санитарлық көлік жөне т.б.), олардың ресурстық қоры едәуір жаңғыртылды.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша өткізілген шаралар кадрлар тапшылығының 38,9% азаюына ықпал етті.

Басқару технологиясын жетілдіру мен медициналық көмекті ұйымдастыру медициналық-демографиялық тенденцияларға оң әсер етіп, тұрғындардың денсаулығының негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына себепкер болды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша, облыста оң демографиялық ахуал қалыптасып, тұрғындардың туу көрсеткіші артып, халықтың табиғи өсімі көтерілді, өлім-жітім көрсеткіші едәуір төмендеді.

Туу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 23,7-ден 24,1-ге көтерілді, өткен жылы 19784 бала дүниеге келді (2013ж. – 18887 бала).

Жалпы өлім–жітімнің көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 7,1-ден 6,8-ге дейін төмендеді, нәтижесінде тұрғындардың табиғи өсімі 4,1%-ға өсті (16,60-ден -17,29-ге).

2014 жылдың қорытындысы бойынша, ана мен бала өлімі оң динамикаға ие. Ана өлімі 68,3% төмендеп, 100 мың тірі туылғандарға шаққанда 5,5 (2013ж.-17,4). Нәрестелер өлімі көрсеткіші 18,8% төмендеді (2014ж.–9,46%, 2013ж.-11,66%).

Әлеуметтік маңызы бар аурулардан болатын өлім-жітім саны төмендеуде. Қан жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім саны 16,1% төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 142,2 құрады (2013ж.-169,4). Қатерлі ісіктен болатын өлім–жітім саны 32,5 % төмендеп, 69,3 құрады (2013ж.–102,6).

Туберкулезбен ауру өткен жылдың қорытындысы бойынша 4% төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 69,0 құрайды (2013ж.–71,9). Туберкулез бойынша өлім-жітім саны 10,2% төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 4,4 құрады (2013ж. – 4,9).

2014 жылдың қорытындысы бойынша, жарақаттану 100 мың адамға шаққанда 4,6% азайып, 2726,2–ні құрады (2013ж.-2856,6).

Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу аймақта жоғары технологияны дамытты, соның арқасында жоғары мамандандырылған медициналық көмек көлемі аймағымыз бойынша өсті. 2014 жылы облысымызда 464 түрлі жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетілді. Есебі беріліп отырған жылдың ішінде облысымызда интервенциондық кардиохирургиялық араласумен 1577 ота жасалды, 411 стенттеу, 26 имплантациялық электрокардиостимулятор отасы жасалды. Жүрекке ашық түрде 122 ота жасалды, оның ішінде балаларға жасалған ота саны– 31.

2014 жылы қараша айында батыс аймағында бірінші рет созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын екі науқасқа бүйректің трансплантациясы жасалды.


2015 жылға арналған міндеттер:

- тұрғындардың денсаулығын сақтау және санитарлық–эпидемиологиялық жағдайды жақсартуды мәселелері бойынша секторлар мен ведомстволар аралық өзара әрекетті жақсарту арқылы халықтың денсаулығын жақсарта түсу;

- алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге басым бағыт бере отырып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру;

- инновациялық технологияларды енгізе отырып, халықтың медициналық көмектің жоғарғы технологиялық түрлеріне деген қажеттілігін қанағаттандыру;

- емдеу-алдын-алу мекемелерінде материалдық және интелектуалдық ресурстарын жекеленген аурулар бойынша шоғырландыру арқылы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру- маммологиялық, гастроэнтерологиялық, офтальмологиялық және ерлер денсаулығы және отбасылық ұзақ өмір сүру орталықтарын ашу;

- салауатты өмір салтымен өмір сүру және аурудың алдын алу мәселелері бойынша халықты мотивациялап, ақпараттануын арттыру.



Санитарлық –эпидемиологиялық жағдай

Соңғы жылдар ішінде Ақтөбе облысы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты қалыпта.

Есепті кезеңде 27 нозология бойынша жұқпалы аурулар тіркелген жоқ, жұқпалы аурулар нозологиясы 19 ға төмендеді.

Жалпы облыс көлемінде егумен қамту оптималдық деңгейі 99,1% . Тұмауға қарсы 77,1 мың адам егілді немесе барлық тұрғындар санынан 9,6% құрайды (2013 жылы 9,3%).

Жергілікті бюджеттен бөлінген 77,3 млрд. теңге қаражатқа «А» вирусты гепатитке қарсы вакцинаны сатып алынды. Иммунизациялау мақсатында 2012 жылы туған 16,4 мың балалар егілді.

Карантиндік және аса қауіпті аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Ақтөбе облысы аймағына сырттан келген аурулар тіркелмеген. Обаға қарсы 10424 адам егілді, немесе вакцинациялауға тиісті халықтың 94,8% қамтыды.

Қобда және Ойыл аудандарының туляремия табиғи ошақтарында орналасқан 21 елді мекендерінде жоспарлы түрде дератизация және дезинсекциялық шаралар жүргізілді.

Балаларды сауықтыру және иммунитетін көтеру үшін 12 ауданда және Ақтөбе қаласында 462 орынға арналған тәулік бойы күн тәртібімен жұмыс жасайтын санаторлық топтар жұмыс жасайды, 2014 жылы 1063 бала сауықтырылды.



2015 жылға арналған міндеттер:

- облыстың санитарлық –эпидимиологиялық жағдайын мониторинглеу, профилактикалық шараларды уақытылы жүргізу және тұрақты эпидимиологиялық жағдайды сақтау;

- тұтынушылардың құқығын қорғау заңдылығын бұзушыларға сәйкес жауапкершілікті шараларды қолданумен қатар тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңдылықтың сақталуын бақылауды жүргізу.

Білім беру

Қазақстан Респібликасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» халқына Жолдауында «Нұр Отан» партиясының сайлау алды платформасының негізгі көрсеткіші үш жылдың ішінде индикаторы -апатты жағдайдағы мектептер мен үш аусымды оқыту проблемаларын шешу, мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын түбегейлі қысқарту екенін атап өтті.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында 2321 орынға 18 мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 2300 орынға 16 балабақша, 21 орынға 2 шағын орталық.

Сонымен қатар, қызмет жасап тұрған мектепке дейінгі ұйымдарда қосымша 120 орын ашылды.

Облыс бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту 64,4% (2013 ж - 61,3%), 3-тен 6 жас аралығында - 87% құрады (2013 ж - 83,5%).

Дегенмен, балабақшалардағы орын тапшылығы әлі де болса орын алып отыр, 1-6 жасар 34 мың балаға орын қажеттілігі бар, оның ішінде 28,0 мыңнан астам бала Ақтөбе қаласында.


Осы мәселені шешу үшін 2015 жылы 2470 орынға 17 мектепке дейінгі ұйымдар ашу жоспарлануда, соның ішінде республикалық және жергілікті бюджет есебінен жаңа балабақша құрылысын салу, жеке балабақшалар мен шағын орталықтар ашу.

Жалпы орта білім. Оқушы саны 4,0 мың балаға көбейіп, 119,0 мыңнан астам оқушы санын құрады. 2014 жылы құны 4,7 млрд.т теңгені құрайтын 16 білім беру нысанының, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 7 нысанның құрылысы жүргізілді. 2014 жылы 5 мектеп іске қосылды, оның ішінде үш ауысымда оқытуды жою үшін 3 мектеп, 2 мектеп апатты жағдайдағы мектептердің орнына салынды. Бұл проблемалық мәселелер 2017 жылға дейін шешімін табады. Жалпы құны 2532,9 млн.теңгеге 69 білім нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, оның ішінде 12 мектепке дейінгі білім беру ұйымы, 45 мектеп, 5 қосымша білім орталығы және 7 колледж.

2014 жылы жаңа нұсқадағы 46 химия кабинеті сатып алынды. Қазіргі таңда пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілу 57,3% құрады.

Соңғы үш жыл көлемінде Ақтөбе облысының ҰБТ нәтижесі айтарлықтай жақсарғандығын атап өтуге болады. Республика бойынша 2014 жылы ҰБТ қорытындысында Ақтөбе облысы Алматы және Астана қалаларынан кейінгі 3-орынды иелендік. Халықаралық олимпиадаларда облыстың дарынды балалары түрлі дәрежедегі 52 медальға қол жеткізді.

Мемлекет Басшысының маңызды тапсырмаларының бірі - даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, әсіресе, балаларға көмек беру болып табылады, облыста бұл балалар саны – 5169. «Дара» жеке Қорымен бірлескен жұмыс нәтижесінде Ақтөбе қаласында психологиялық-педагогикалық түзетілім кабинеті ашылды. Бұл жерде балаларға заманауи түзетілімді қолдау жасау үшін барлық жағдай жасалған.

Соңғы 2 жыл ішінде осындай 5 кабинет жұмыс жасай бастады. Есту қабілеті шектеулі балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары 2014 жылдан бастап сол жерде кәсіби білім алуға мүмкіндігі бар. Ол үшін мектеп-интернат мектеп-интернат-колледж болып қайта құрылды.

Техникалық-кәсіби білім. Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде колледждерде 12482 оқушы оқиды, ол барлық контингенттің 37% құрайды. Кадрларды дайындау бағыттары бойынша мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің 56,1% техникалық және технологиялық, 19,8% ауыл шаруашылығы –7,3% медициналық мамандықтар, 6,0% білім беру –және басқалары – 10,8% құрады. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған жастардың 79,0% жұмысқа орналасқан.

Кәсіптік білім беретін оқу орындарын тәуелсіз бағалаулардың қорытындысы бойынша бітірушілердің білім сапасының 86,2%-ы кәсіби деңгейін дәлелдеді. Бұл көрсеткіш бойынша Ақтөбе облысы республикада алғашқы бестіктегі облыстардың қатарында.

Ауылшаруашылық, металлургиялық, транспорттық, машина жасау, мұнайгаз, химиялық және тау кен салалары бойынша облыстың алдыңғы қатардағы 6 колледжінде дуалды оқыту енгізілді.

2015 жылға тапсырмалар:

- апатты жағдайдағы мектептер, үшауысымды оқыту және мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығы мәселелерін шешу жұмыстарын жалғастыру;

- мектептегі білім сапасына халықаралық мониторингтік зерттеу нәтижесін жақсарту арқылы білім беру сапасын арттыру;

- техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарында дуальдық жүйені енгізу бағытындағы жұмысты жалғастыру және бұл жұмыстарға облыстың өндірістік кәсіпорындарын (әлеуметтік әріптестер) жұмылдыру.



Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету

Есепті жылы облыста 15725 жаңа және 1096 әлеуметтік жұмыс орны ашылды, 10506 азаматты жұмысқа орналастыруға ықпал етілді, 4506 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарда уақытша жұмыспен қамтамасыз етілді, Жастар тәжірибесіне 615 адам жіберілді.



Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету көрсеткіштердің орындалуы

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасын іске асыруға 4,8 млрд.теңге бөлініп игерілді, 8369 жұмыссыздарға, өз-өзін жұмыспен қамтығандар мен аз қамтылғандарда жұмысқа орналастыруға осы бағдарлама аясында ықпал жасалды.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2014 жылы 82 инфрақұрылымдық жобалар мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына (72 нысандарды күрделі жөндеу және 10 дәрігерлік амбулаторияларды салу) 3,3 млрд.теңге бөлінді.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» бойынша 686,3 млн.теңге бөлінді. 173 Бағдарламаға қатысушылар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

382 Бағдарлама қатысушыларына сомасы 654,2 млн.теңгеге шағын несие берілді (қайтарылған қаражат есебінен). Шағын несие алғандар қосымша 602 жұмыс орындарын құрып, онда жұмыспен қамту Орталықтары арқылы 336 адам жұмысқа орналастырылды.

Жетіспейтін инженерлі - коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 172,0 млн.теңге қаражат бөлінді, оның 167,6 млн.теңге игерілді. Жұмыспен қамту 2020 жол картасының үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» ағымдағы жылға 734,2 млн.тенге бөлініп 100,0% игерілді.

Облыстың еңбек нарығына қажетті мамандықтарға оқыту үшін 2014 жылы 351,6 млн.теңге бөлініп игерілді. Кәсіптік оқытуды аяқтаған 889 бағдарламаға қатысушылардың (бұрынғы жіберілгендерді қоса есептегенде) 818 жұмысқа орналастырылды немесе 92,0%.


1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет