Облыс Әкімінің «Облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2012 жылға арналған міндеттері туралы» есебінің тезистері



бет3/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.88 Mb.
#22169
1   2   3   4

Материалдық-техникалық базаны нығайту.

Облыста жалпы білім беретін мектептерді жаңа модификациялық пәндік оқыту кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жалғастырылуда. Осы мақсатқа облыстық және республикалық бюджет есебінен 808, 8 млн. тенге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 272,5 млн. тенге, жергілікті бюджеттен 536,3 млн. теңге.

Облыс бойынша соңғы 5 жылда 303 мектеп физика кабинеттерімен, 149 мектеп биология, 124 мектеп химия және 193 мектеп лингафонды-мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды. Облыс бойынша пәндік кабинеттермен жабдықтау 48,3%-ды (2010 ж. – 36,6%) құрайды.

Білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 210,6 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 68,9 млн. теңгеге мектеп жиһаздары, 50,1 млн. теңгеге компьютерлер және басқа да құралдар, 82,5 млн. теңгеге спорттық құралдар алынған және т.б.

Білім беру ұйымдарын оқу жылына дайындау мақсатында 807,1 млн. теңгеге 71 білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2011 жылы облыста республикалық және жергілікті бюджет қаржылары есебінен үш аусымдық мектептерді жою, апаттық мектептерді алмастыру мақсатында 4004,3 млн. тенгеге (РБ – 1449,5 млн. теңге, ЖБ – 2554,8 млн. теңге) 27 білім беру нысандарының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 13 мектеп, 3 балабақша 4 өзге де білім беру нысандарының құрылысы жүргізілсе, республикалық бюджет есебінен 5 мектеп және 2 балабақша құрылысы жүргізілуде.

2011 жылы пайдалануға 6 мектеп, 3 балабақша және 4 өзге де білім беру нысандары берілді.


Мектепке дейінгі білім беру.

Мектепке дейінгі ұйымдарының өсу серпіні


Облыста мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің контингентінде 35970 бала бар 505 мектепке дейінгі ұйымдар жүзеге асырады, оның ішінде 26671 контингентімен 231 балабақша және 9299 бала тәрбиеленетін 273 мектепке дейінгі шағын орталықтар. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 61,2 %, 3-жастан 6 жасқа дейінгі балалар -80,3% құрайды.

2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес 2011 жылы облыста 1675 орынды 31 мектепке дейінгі білім беру нысандары ашылды.

Облыста балабақшаларды ашу мәселесіне жеке инвесторларды тарту жұмыстары қолға алынды. Аталған жұмыстар Темір, Мұғалжар аудандарында және Ақтөбе қаласында белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2011 жылы жеке инвесторлар есебінен облыс бойынша 215 орындық 2 балабақша салынды, оның ішінде 75 орындық 1 балабақша қайтарымсыз жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Жалпы орта білім беру.

2011 жылы облыстың 8913 оқушысы (2010 жылы - 8 722) облыстық, республикалық және халықаралық интеллектуалдық сайыстарда жоғарғы деңгейден көрініп, олардың 21,6%-ы жеңімпаз атанды (2010 жылы –20%). 95 оқушы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысының қатысушысы болып, 69-ы жеңімпаз атанды, соның ішінде 19 - алтын, 28 - күміс, 22 - қола медальдар иегерлері.

Мектеп оқушыларының білім сапасы артып келеді. ҰБТ қорытындысы бойынша 2010 жылмен салыстырғанда орташа 84,3 балды құрады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде жалпы орта білім беретін мектептердің 138 түлегі ( үміткерлер санынан 52,5%) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатының иегерлері болып, 85 бітіруші үздік аттестат алды.



Оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру. Жалпыға міндетті оқыту.

2011 жылдың қорытындысы бойынша оқушыларды ыстық тамақпен қамту облыстың 428 жалпы білім беретін мектептерінде (96,8%) ұйымдастырылды. Ыстық тамақпен қамту 87 %-ды құрайды, бұл республика лық көрсеткіштен жоғары (72%).

Тегін ыстық тамақпен барлық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының 58 %-ы қамтылған. 1-4 сынып оқушылары 100 % тегін тамақпен қамтылды.
Облыс бойынша ыстық тамақпен қамту





Аз қамтылған отбасындағы барлық балалар ыстық және буфетті тамақпен қамтылған.

Арнаулы білім беру. Балалар құқығын қорғау. Қазіргі таңда облыста нақты мәліметтер бойынша 4009 мүмкіндігі шектеулі балалар тіркелген. Бұл санаттағы балаларды арнаулы білім беру бағдарламаларымен қамту - 70,7% құрайды, 2010 жылмен салыстырғанда 10,6% - ға артты.

Облыста қазіргі таңда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала саны – 1960, бұл 0 мен 18 жас аралығындағы барлық балалар санының 0,8% құрайды. Олардың ішінде: 1184 бала қорғаншылық пен қамқоршылықта; 111 бала қазақстандық отбасындағы патронаттық тәрбиеде.

Облыс әкімдігімен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы арқылы облыстық жасөспірімдер Үйінің тәрбиеленушілеріне тұрғын үй алу үшін 47668,0 мың теңге бөлінді. 2011 жылы облыстық жасөспірімдер Үйінің 7 тәрбиеленушісі пәтер алды. Соңғы 5 жылда мемлекеттік тұрғын үй қорынан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 33 бала тұрғын үй алды.

Ақтөбе облысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау департаменті қызметінің негізгі мақсаты: балалардың сапалы өмірінің әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету.

Есепті жылдың қорытындысы бойынша облыста екі жоба: «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бағдарламасы» және «Жаңа туылған сәбилерден бас тартудың алдын алу» бағдарламасы құрылды. Бағдарламаның іске асырылуына 1,4 млн.тенге бөлінді.

2011-2012 оқу жылында 170 студенттер қайырымдылық «Бөбек» қорынан көмек стипендиясын алады, (өткен жылы-142).

2011 жылы «Анашым мені, тапшы!» жобасы бойынша 11 бала отбасына орналасты, оның ішінде: 5 – бала патронат тәрбиесіне, 3 - бала асырап алынды, 3 - бала қорғаншылық/қамқоршылыққа орналастырылды. Облыстық Алға балалар үйінен 83, Үміт балалар үйінен 394 бала отбасына орналастырылды.

Облыстық Алға балалар үйінде 2011 жылдың 15 шілдесінде «Қабылдаушы ата-аналар клубы» ашылды. Департаментке 59 азамат өтініш жасады.

КТБО-да кәмелетке жасы толмаған бала саны 2,1 есеге азайып, 2011 жылы 165 бала құрады. 2010 жылмен салыстырғанда өзіне өзі қол жұмсау оқиғасы елеулі азайып келеді (10-нан 8-ге дейін).



Балалардың құқығын қорғау саласында мүдделі мемлекеттік құрылымдар, жергілікті атқарушы және қадағалаушы органдар, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар арасында ведомствоаралық өзара іс-қимыл әрекеттестігінің тиімді жүйесін құру мақсатында 1 меморандумға, 2 келісімге қол қойылды.

Қосымша білім беру.







2011-2012 оқу жылындағы қосымша білім беру ұйымдарының желісі оқушыларды қосымша біліммен қамту контингентінде 33534 оқушысы бар 47 бірлікті құрайды. Қосымша білім берумен қамту 29,3%-ке өсті, республикалық көрсеткіштен жоғары.



Жазғы демалыс, сауықтыру.

Облыста балалардың жазғы демалысын өткізу барысында басымдылық атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасы балаларын қамтуға бағытталды. Облыс бойынша аз қамтылған отбасыларындағы 12292 бала және мектеп - интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін 511 оқушының барлығы дерлік демалыс, сауықтыру шараларымен қамтылды.

Жазғы кезеңде демалыс, сауықтыру шараларымен 1- 10 сыныптардағы оқушылардың жалпы санынан 77380 (72,7%) оқушы қамтылды (2010 жылмен салыстырғанда 17,7% артты). Жыл қорытындысы бойынша облыс балаларды жазғы демалыспен қамтуда республикадағы үздік бестіктің қатарына кіреді.

Кадрмен қамтамасыз ету.

Облыстың білім беру ұйымдарында 15886 педагогикалық қызметкерлер жұмыс жасайды. Оның ішінде 38,3 % жоғары білімді және бірінші категориялы мұғалімдер.

Облыс педагогикалык кадрлардың сапалық құрылымы



Мұғалімге мемлекеттік қолдау көрсету және статусын көтеру мақсатында облыстық педагогикалық жетістіктердің конкурс-марафоны өткізілді. Педагогикалық жетістіктер конкурс-марафонының қорытындысы бойынша облыстың 916 мұғалімі аталған байқаудың жеңімпазы және облыс әкімі грантының иегерлері болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру.

Облыста 42 оқу орны техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасымен мамандар даярлауда, онда 38,0 мың жастар оқып білім алуда. 15 кәсіптік лицейде жергілікті бюджет қаржысы есебінен 5,6 мың білім алушы 45 мамандық бойынша, 27 колледжде 87 мамандық бойынша 32,0 мың білім алушы оқытылып даярлануда.

Облыста мемлекеттік тапсырыс 12 пайызға өсіп, 4690 адамды құрады, оның ішінде колледждерде - 2230, кәсіптік лицейлерде – 2460.

Есепті кезеңде 6034 колледж түлектерінің 5113 жұмысқа орналасты немесе 84,7%. 2268 кәсіптік лицей бітірушілердің жұмысқа орналасқаны 2033 немесе 89,6%, өткен жылмен салыстырғанда сәйкесінше 9 % және 2%-ға өсті.

2012 жылға арналған міндеттер:

Білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында:



  • 25 мектеп пен 3 бала бақшаның күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыру;

  • Салынып жатқан 8 мектептің пайдалануға берілуін және 11 мектептің құрылысын бастауды қамтамасыз ету;

  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға балаларды тартуда 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды 65%, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды 85%-ке жеткізу;

  • Білім сапасын арттыру, 2012 жылы ҰБТ нәтижесін республикалық орташа деңгейге дейін ұлғайту;

  • Асханалары мен ас блоктары жаңа технологиялар мен қамтамасыз етілген мектептер үлесін 5 пайыздан 7 пайызға дейін ұлғайту;

  • Алға, Ойыл, Байғанин аудандарында педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттерін ашу.

  • ҚР Президентінің «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.


Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

Экономикалық потенциалдың өсуі, жаңа өндірістерді ашу және жұмыс жасап тұрған өндірістерді кеңейту, шағын және орта бизнесті және жеке еңбек қызметтерді дамыту 2011 жылы 19,0 мың жаңа және 3,0 мың әлеуметтік жұмыс орындарын құруға ықпал етті.

13608 жұмыссыз азаматқа жұмысқа орналасуға көмек берілді, қоғамдық жұмыстарға 5091 адам жіберілді.

Жастар арасында жұмыссыздықты қысқарту мақсатында «жастар іс-тәжірибесіне» 2315 адам, оның ішінде Бизнестің жол картасы 2020 бойынша – 866 адам жіберілді.

2011 жылдың 1 шілдесінен бастап облыста Жұмыспен қамту -2020 бағдарламасының пилоттық жобасы іске асырылды, оның үш бағыты бойынша өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және облыс тұрғындарының аз қамтылған азаматтарынан 4150 адам қатысты. РБ барлығы 564,7 млн. теңге бөлінді және игерілді.

«Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша:


  • әлеуметтік жұмыс орындарына 1210 адам жіберілді;

  • оқуға 1913 адам бағытталды.

Бағдарламаның «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» екінші бағыты бойынша:

  • 83 заем алушы 120,0 млн.теңге көлемінде шағын несие алды;

  • сомасы 14,3 млн. теңгеге 352 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

«Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» үшінші бағыты бойынша экономикалық әлеуеті төмен елді-мекендерден экономикалық даму орталықтарына көшуіне жәрдемдесу бойынша 26 отбасы (104 адам) жоспарланды.

Қазіргі уақытта 26 отбасының (104 адам) Хромтау ауданның Көктау ауылында «Нұрлы көш» Бағдарламасы бойынша салынған үйлерге көшуге тізімдері келісілді.

Халықты жұмыспен қамтуға қабылданған шаралар жұмыссыздардың санын азайтуға ықпалын тигізді.

2012 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,2% немесе 958 адамды құрады, жалпы жұмыссыздық деңгейі 2011 жылдың 3 тоқсандағы қорытындысы бойынша орташа республикалық көрсеткіш 5,3 % қарағанда 4,8 % (немесе 20,7 мың адам).

2011 жыл бойы компанияларда 2690 жаңа жұмыс орны құрылды, оқуға 122 қазақстандық маман жіберілді (біліктілікті арттыру есебімен), 103 шетел маманы қазақстандық маманмен алмастырылды.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар 52 кәсіпорында жұмыс жасайтын қазақстандықтардың саны 20457 адам.

Жалғыз басты қарттармен және мүгедектермен жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 18003 мүгедек есепте тұр, солардың ішінде 1947 жуығы 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

Мүгедекерді оңалту жеке бағдарламаларға сәйкес 2011 жылы 4,1 мың мүгедекке 168,2 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Жан басына шыққандағы орташа кірістері жоғары емес отбасыларымен мақсатты жұмыстар жүргізілді. 2012 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне құрамында 1171 адамы бар 344 аз қамтылған отбасы өтініш жасады.

Облыс халқының санынан аз қамтылған азаматтардың үлесі (кірістері кедейшілік шегінен төмен), 2010 жылғы сәйкес кезеңіндегі 0,3 % қарағанда 2012 жылдың 1 қаңтарына 0,1 % құрады, кірістері ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2011 жылдың 3 тоқсанында 2,2 % құрады (орташа республикалық көрсеткіш – 5,0 %).

2011 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 1123 аз қамтылған азаматқа 25,8 млн. теңге көлемінде тағайындалды, сомасы 196,1 млн. теңгеге 4949 отбасына тұрғын үй көмегі, 18 жасқа дейінгі 25079 балаға 317,4 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды.

Жергілікті атқарушы және орындаушы органдардың шешімдері бойынша халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарын қолдау үшін қосымша төлемдер және өтемақылар, әр түрлі жеңілдіктер 2012 жылдың 1 қаңтарына 124,5 мың. азаматқа 1969,7 млн.теңге көлемінде тағайындалды.

Есепті жыл ішінде әлеуметтік – еңбек саласы тұрақты болды.

2011 жылдың басында жалақы бойынша берешек 9 кәсіпорында 141,5 млн. теңгені құрады, қабылданған шаралары нәтижесінде 2012 жылдың 1 қаңтарында берешек сомасы 48,1 млн. теңгеге 3 кәсіпорында қалды.

Халықтың жағдайын әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкеліктің субъектілерінің қоғамның алдында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті құрастыруға және жоғарылатуға бағытталған, «Парыз» республикалық сайысқа облыста жыл сайын кәсіпкерлердің қатысуы бойынша ұйымдастыру жұмыстар жүргізіледі.

Бұл бағыттағы жұмыстар 2011 жылы жалғасын табуда. «Ең үздік жылдық әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша 1 – ші орынды және алтын мүсіншені «Қазақтүрікмұнай» ЖШС алды, екі екінші орынды «Ең үздік әлеуметтік жауапкершілікті мекеме» және «Ең үздік келісім шарт» номинациялары бойынша «Трансэнерго» ЖШС және «Евразия медициналық орталығы» алды, сонымен бірге «Экологияға қосқан үлесі» номинациясы бойынша үшінші орынды – «Гелиос» ЖШС алды.



2012 жылға арналған міндеттер:

  • 15000 жаңа тұрақты және 2700 әлеуметтік жұмыс орындарын құру, кемінде 2000 жұмыссызды оқыту, «жастар практикасына» 2200 адамды жіберу.

  • Өңірдің экономикалық белсенді орталықтарында адамдарды еңбекке орналастыру арқылы табиғи ресурстардың ұтқырлығын арттыру.

  • Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасына қатысуға 4706 адамды тарту, жалпы қаржыландыру көлемі 2242,6 млн. теңгені құрайды.

  • Аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамтудың, қайырымдылық көмек көрсету, жер телімдерін, микрокредиттерді бөлудің белсенді формаларын қолдану арқылы күн көріс шегінен төмен кірісі бар тұрғындардың үлесін 5,7%-дан 5,0%-ға дейін төмендету.

  • Қиын өмірлік жағдайда тұрған тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтерді стандарттарға сәйкес ұсынуды қамтамасыз ету.


Мәдениет.
Мәдениет деңгейі өңірдің тұрақты экономикасының индикаторы болып табылады.

Осы саланың ең басты мақсаты мен міндеті - өңірдің тұрғын халқының рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыруда сапалы да қолжетімділікпен мәдени қызмет көрсету.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 486 мәдениет ұйымдары қызмет көрсетуде. Мәдениет саласын қаржыландыру 2011 жылы 3,0 млрд. теңгені құрады, оның ішінде бюджеттен 2,9 млрд.теңге бөлінді немесе 96,7%.

2011 жылы 6 мәдени орын жаңадан ашылды, оның ішінде 4 кітапхана, 2 клубтық мекеме бар.

17 нысанның құрылысы мен қайта жаңғыртуға, күрделі жөндеуге 359,1 млн. теңге, материалдық базасын жабдықтауға 201,1 млн.теңге бөлінді және игерілді. Ақылы қызметтен түскен қаражат көлемі 2011 жылы 90,5 млн.теңгені құрады (2010 жылы – 75,6 млн. тг). Облыстағы мәдениет және өнер қызметкерлерінің саны өсуде, 2011 жылы салада жаңадан 60 тұрақты жұмыс орны ашылды. Облыстағы «халықтық» және «үлгілі» атақтарын алған өнер ұжымдарының саны да 13 бірлікке артты.

2011 жылы Байғанин, Ырғыз, Темір, Шалқар аудандарында және Қобда ауданында 2 - барлығы 6 ауылдық кітапхана жаңартылды (2010 жылы - 5), 105 мың дана жаңа әдебиет сатып алынды. Облыс кітапханаларының жалпы кітап қоры 4 млн. дананы құрады, 2010 жылмен салыстырғанда кітап қоры 2,6% өсті. Кітапханалардың электрондық қызметтерін тұтынушылар саны 3,5 мың адамды, оқырман саны 230 мыңға жуық адамды құрады.

Облыс қорында 157,1 мың экспонаты бар 18 мұражай жұмыс жасайды, 2011 жылы 260,2 мың келушіге қызмет жасалды. «Руханият» облыстық мұражайының тұсау кесері өтті.

«Мәдени мұра» бағдарламасы ауқымында 100 мәдени-тарихи ескерткіштері паспортталды. «Хан моласы» қорымында Кіші жүз ханы Әбілқайыр ханның жерлену орынын анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары аяқталды, көп жылдық зерттеулер нәтижесі «Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал Каспий аймағы» атты ІІ-ші халықаралық ғылыми конференциясында жарияланды.

2011 жылы облыс бойынша барлығы 20 мыңнан астам мәдени шаралар мен театралды-концерттер өткізілді. Оған 3,5 миллионнан астам көрермен қамтылды. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты Астанада өткен Ақтөбе облысының күндері, «Ақтөбе джаз-2011» халықаралық фестивалі, Кердері Әбубәкірдің 150 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы жоғарғы шығармашылық және ұйымдастыру деңгейінде өткізілді.

Алыс және жақын шетелдермен мәдени байланыс нығайтылуда.

Сонымен қатар, салада уақытылы шешімін табуы күтілетін өзекті мәселелері де бар: облыстың 26 ірі перспективалы елді мекендерінде нормативке сәйкес 35 мәдениет мекемесін ашу қажет. Мәдениеттің 70 объектісіне күрделі жөндеу керек. Жалпы желі санына шаққанда жеке ғимаратпен қамтамасыз етілгені 47%.

Аудан әкімдері, негізінен Қарғалы, Мұғалжар және Алға аудандарында, кітапханаларды жаңғыртуға және кітап қорын толықтыруға тиісті көңіл бөлінбейді, тек қана мемлекеттік тапсырыс арқылы жүзеге асырылады.





2012 жылға арналған міндеттер:

- Мәдениет мекемелерінің желісін дамыту, соның ішінде 4 кітапхана, 2 клуб, 1 мұражай ашу;

- кітапхана жүйесін жаңғырту және материалдық базасын нығайту және жарақтандыру, құрылысы, реконструкциялау, күрделі жөндеу бойынша жұмысты жалғастырсын;

- Бөкенбай батыр және т.б. тарихи тұлғаларды зерттеу, Шалқар, Ырғыз, Мұғалжар, Байғанин аудандарының ескерткіштер Жинағына материалдар жинау, Ойыл ауданының ескерткіштер Жинағын шығару, Байғанин ауданы Індібай тамы мавзолейін қайта қалпына келтіру, тарих және мәдениет ескерткіштерін паспорттау және Қобда ауданының Жиренқопа селосында халықаралық археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуді жалғастыру;

- Мәдениет және өнер мекемелеріне мамандар даярлау және олардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жақсарту.

Мемлекеттік тіл саясаты

Облыста мемлекеттік тілді еркін меңгерген адамдар саны жылдан-жылға өсіп келеді, оның ішінде қазақтармен басқа ұлт өкілдері де бар. жатқанын көрсетті. Мемлекеттік тілді еркін деңгейде меңгергендердің үлесі 48 % құрады, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 10%-ға артты.

Мемлекеттік тілді белгілі бір деңгейде меңгерген облыс тұрғындарының үлесі 80% құрайды.



Мемлекеттік тілді оқып үйренушілер саны артып келеді. Жыл сайынғы әлеуметтік зерттеулер бойынша тұрғындардың 80 пайызы өздеріне және балаларына қазақ тілін оқып үйренуді қажет деп есептейді. Облыс бойынша 2010 жылмен салыстырғанда мемлекеттік тілді меңгерген басқа ұлт өкілдерінің саны 3 пайызға өсті.

Қазақ тілінде тәрбиелеп, оқытатын мекемелер саны көбеюде. Жалпы білім беретін қазақ мектептері 65% (республика бойынша-53%), ал мектепке дейінгі білім мекемелерінде 71% (республика бойынша-49%) оқу-тәрбие процестері мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Тілді үйренемін деген адамға облыста барынша мүмкіндік жасалып отыр. Бұл бағытта ең керекті форма тілдік курстар болып табылады. Бұдан басқа ағылшын тілін оқып үйрену үшін жағдайлар жасалды. 2007 жылдан бері 5000 адам мемлекеттік тілді, 479 адам ағылшын тілін оқу курстарына тартылды. Ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептерде басқа ұлттың 290 өкілі туған тілдері мен мемлекеттік тілді оқып үйрену курстарына тартылды.

Мемлекеттік тілді оқытумен қамтылған тыңдаушылар саны 2010 жылмен салыстырғанда 8%-ға, оның ішінде жеке тұлғалардың үлесі 8%-ға артып отыр.

Құжат айналымының мемлекеттік тілдегі үлесі 2011 жылдың қорытындысымен 97 пайызды құрады және құжаттарды мемлекеттік тілге ресми аудару жылмен салыстыру бойынша 34% өсті. (2006 ж.- 63%)

2012 жылы мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту мақсатында курстар, радио желісінде сабақтар мен арнайы радиохабарлар, БАҚ арқылы қазақ тілді сабақтар циклдары, ересектер және балалар үшін оқыту сипатындағы телехабарлар ұйымдастырылды. Мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік негізі жасалуда. Мемлекеттік тілді үйренудің 20 салалық кешендері мен оқу-әдістемелік құралдары, балалар үшін дамытушы әдебиеттер жарық көрді.

Сонымен бірге, мемлекеттік тілді дамытуда тілдің дамуының қоғамның әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігінде, каржылық, нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуде төменгі дәрежеде көрінетін ішкі және сыртқы факторлар да кездеседі.

2012 жылға арналған міндеттер:

- қоғамдық өмірдің әр қилы салаларында мемлекеттік тілді үйрету үлесінің сапасын көтеру;



  • мелекеттік тілді жан-жақты дамытуға, кең көлемде насихаттауға, жағымды образ қалыптастыруға бағытталған жобалар санын ұлғайту.

  • мемлекеттік тілді оқытуға 1600 тыңдаушыны қамту;

- Қарғалы ауданында тілдерді оқыту орталығының өкілдігін ашу
Туризм, дене шынықтыру және спортты дамыту

Туризм, дене шынықтыру мен спорттың дамуы өміріміздің әлеуметтік маңызды факторларының бірі болып табылады. Облыста дене шынықтыру мен спорттың дамуына үлкен көңіл бөлінеді. Өңірде спортпен шұғылдануға жағдай жасалып, тұрғындарды дене шынықтыру құралдары арқылы спортпен айналысуға жан-жақты қамту мәселелерін іске асыру тәсілдері мен әдістері үнемі жетілдірілуде.

Қолда бар 1493 (2010 ж. 1454;) спорт құрылғыларында 59 спорт түрінен 180,5 мың (2010 ж. 150,8 мың.) адам дене шынықтыру және спортпен айналысады, бұл жалпы тұрғындар санының 22,9% (2010 ж. 19,6%) құрайды.

Қазіргі уақытта 27 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 15,6мың (2010 ж. 14 мың) тәрбиеленуші спортпен айналысады.

2011 жылы 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері (2010 ж. 2), 42 ҚР спорт шебері (2010 ж. 37), 142 спорт шеберлігіне үміткер (2010 ж. 176), 113 бірінші разрядты спортшы (2010 ж. 99) дайындалып, 238 спортшы Қазақстан құрама командаларына енді.

2011 жыл спорт түрлері бойынша көптеген облыс спортшыларына жемісті жыл болды. Дойбыдан Жекеев Мирас әлем чемпионы, Сұлтанов Қадыржан – қысқы Азия ойындарының чемпионы болды. Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, 2008, 2010 жылдардағы Қазақстан Суперкубогының иегері, 2011 жылғы қола жүлдегер «Ақтөбе» футбол клубы ақтөбеліктердің басты мақтанышы болып есептеледі.

Біздің спортшыларымыз төрт жылда бір рет өтетін Қазақстан Республикасының ІІІ жазғы Спартакиадасында жалпы командалық 8 орынды иеленіп, өздерінің көрсеткіштерін екі есеге жақсартты.

Дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың саны үнемі өсіп келеді. 2011 жылы 2 мыңдай спорттық-сауықтыру шаралары өткізіліп, 350 мың адам қамтылды.

Ұлттық спорт және ат спорты түрлері бойынша облыс фестивалінің өткізілуі осы спорт түрлерінің дамуына соны серпін қосты.

Облыста спорттың материалдық-техникалық базасының нығаюы үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Олимпиада резервін даярлау орталығына қарасты «Мұнайшы» стадионын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды (жобалық-сметалық құны – 750,0 млн. теңге). Ақтөбе қаласында 5, Темір ауданында 4 жасанды төсенішті көп құрылымды спорт алаңдары салынды, ат спорты мектебінің құрылысы жүргізілуде.

«Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» марафоны аясында 150 қарапайым спорт алаңдары қайта жаңғыртылды.

2011 жылы туристік іс-шараларды іске асыру үшін 32,7 млн. теңге бөлінді. 2010-2012 жылдарға арналған туристік кластерді дамыту «Шеберлік жоспары» жұмыс жасайды.

«ITFA – 2011. Туризм. Саяхат. Спорт» ІХ халықаралық туристік көрмесі және республикалық «Шеберлер ауылы» қолданбалы өнер шеберлерінің фестивалі өткізілді. Облыстың туристік әлеуеті көптеген республикалық және халықаралық көрмелерде ұсынылды. Жетекші туроператорлар үшін жарнамалық-ақпараттық турлар ұйымдастырылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет