2012 жылға арналған міндеттер:
- бұқаралық-спорт жұмыстарының өңірлік орталығын (клуб) құру;
- балаларға (жасөспірімдер) арналған 5 аула клубтарын жасақтау жұмыстарын жалғастыру;
- қазіргі заманғы 20 жасанды төсенішті шағын футбол спорт алаңдарының құрылысы;
- Лондон қаласында өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға үміткерлердің оқу-жаттығу процесіне қажетті жағдай жасау;
- спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың, № 7 ОБЖСМ-інің материалдық-техникалық базасын жасақтау;
- ат спорты түрлері бойынша спорт мектебінің құрылысын аяқтау;
- Ақтөбе қаласының «Батыс-2» ауданында бассейн құрылысын бастау;
-«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәлізінің туристік инфрақұрылымын кеңейту.
Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау
Мемлекеттің экологиялық саясатын іске асыру қоршаған ортаға техногендік әсер етуді төмендетуге қол жеткізді.
Атмосфералық ауа:
Облыстың экологиялық жағдайын анықтайтын факторлардың бірі атмосфералық ауа жағдайы болып табылады. Ілеспе мұнай газын пайдалану Бағдарламасын табиғатты пайдаланушылармен орындауы нәтижесінде шырақтарда ілеспе мұнай газын жағу көлемінің төмендеуіне қол жеткізілді. Егер 2006 жылы облыс бойынша 56,1% пайдалана отырып, шырақтарда 1,5 млрд. м3 газ жағылса, ал 2011 жылы барлығы 0,6 млрд. м3 жағылған, бұл 85% пайдаға асырғандығын көрсетеді.
2011 жылы 10 мұнай компанияларымен 26 шырақта ілеспе мұнай газының 2010 жылғыдан 24 млн. м3 аз жағылды.
Негізінен, газ шырақтары жағылады - «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (290,4 млн. куб.м), «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ (184,4 млн. куб. м.) және «Қазақмыс Петролиум» ЖШС (54,4 млн. куб.м.) -93,5%.
2011 жылы ауаға ластаушы шығарындыларының көлемі 185,5 мың тн. құрады. Барлық шығарындылардың 50% үш компанияның – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ (53 мың тонна), «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (17,9 мың тонна), «Интергаз Орталық Азия» УМГ «Ақтөбе» АҚ (14,5 мың тонна) үлесіне келеді.
Алдағы кезеңде де шырақтарда газды жағудан шығарылатын ластатушы заттарды қысқартудың оң серпіні сақталады. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ 2012 жылы ілеспе мұнай газы пайдалануды 95,59% дейін жеткізуді жоспарлауда.
2011 жылы енгізілген «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС газ өңдеу зауыты газды пайдалану көлемін 2012 жылы – 53,7% дейін, ал 2013 жылы 99,4% дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Жылжымалы көліктің шығарындылары, олардың саны ұлғаюына байланысты, жалпы ластаушы заттардың көлеміне шаққанда 39,4% жуығын құрайды. Осы себеппен, Ақтөбе қаласы ауасының ластану индексі 2011 жылы жоғары болып қалуда, бұл облыс орталығын Қазақстанның ауасы қолайсыз 5 қаласы қатарында ұстауда.
Су қорлары
Ластаушы заттардың тікелей келіп түсуі, «Ақбұлақ» АҚ қоспағанда, жоқ. Ол Ақтөбе қаласының кәріздік желісінде қызмет көрсетеді. Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларының тазартылған ағын суларынан түсетін ластаушы заттардан Елек өзенін ластану деңгейін төмендету мақсатында су өткізу жүзеге асырылады.
2011 жылы Ақтөбе қаласында кәріздік-тазарту құрылғыларына реконструкциялау аяқталды. 2008 жылдан бастап 2011 жыл бойы республикалық бюджеттен 4,1 млрд. теңге игерілді.
Облыстың ірі кәсіпорындарында суды тиімді пайдалану мақсатында айналмалы сумен жабдықтау жүйесі іске қосылған.
«АЗХС» АҚ жер асты ластанған суларынан алты валентті хромды тазарту бойынша оқшаулау станциясының өнімділігін арттыру есебінен Елек өзеніндегі оның құрамы төмендеуде.
Өндіріс және тұтыну қалдықтары
Құралған қалдықтардың негізгі көлемін таукен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарының қалдықтары құрайды. 2011 жылы жиналған өнеркәсіптік қалдықтардың жалпы көлемі 62,7 млн. тоннасының 99% «Коппер технолоджи» ЖШС, «Қазхром» ТҰК ДКБК және т.б. таукен өндіру кәсіпорындарына келеді. Өнеркәсіптік қалдықтарды пайдалану деңгейі 31,0% дейін жеткізілді.
Құрамында мұнайы бар қалдықтарды жою проблемасы шешілді, өңірде мұнай өндіру кәсіпорындарының қалдықтарын орналастыру және қайта өңдеу бойынша 13 кәсіпорын жұмыс жасауда.
Аудан орталықтарына салынатын ҚТҚ полигондары үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде, Қандыағаш қаласы және Шұбарқұдық ауылдары полигондары үшін жұмыс жобалары әзірленді, Қарауылкелді және Мәртөк елді мекендеріне полигондары үшін техникалық-экономикалық негіздемелері дайындалды.
Ірі кәсіпорындардың жеке қаражаттарын инвестициялау есебінен сомасы 37,4 млрд. тг. 279 табиғатты қорғау іс-шаралары орындалды, оның ішінде ауа сақтауға – 29,85 млрд. теңге, су қорғауға – 1,67 млрд. теңге, жерлерді қалпына келтіру және қалдықтар саласында – 4,94 млрд. теңге бөлінді.
Облыстағы 10 кәсіпорынның қызметі ISO 14001 экологиялық менеджемент халықаралық стандартына сәйкестендірілді. Бұлар «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «СЗТК Мұнай Тас» АҚ, АЗФ, ДТБК, «Ақтөбе» УМГ, «Көктас-Актөбе» АҚ, «Қазстройсервис» НГК АҚ, «Қазтрансойл» АҚ ЗФ.
«Көкжиде құм» жер асты және жер үсті суларының мониторингі ұйымдастырылды. Мониторинг ауқымында мұнай өнімдерімен ластанған учаскелері жойылды, иесіз гидрогеологиялық ұңғымаларды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілді, мұнай өнімдерінің түсуін болдырмау бойынша шаралары қабылданды.
Бұрын әзірленген жұмыс жобасына сәйкес, Ақтөбе қаласы өнеркәсіп аймағындағы қатты тұрмыстық және басқа да қалдықтардың қалалық қоқыс төгетін орнын жою жұмыстары біртіндеп басталды.
Орман қорын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілді. Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерімен 607,5 га алқапқа орман көшеттері отырғызылды, 2012 жылға 305 га жерге орман дақылдарын егетін жерге қолмен күтім жұмыстары жүргізілді. 1135 кг. орман тұқымы дайындалды, 7,4 га тәлімбаққа тұқым отырғызылды, 162,3 млн. көшет өткізілді. Облыстың ауылдық елді мекендері арасында 223,7 га алқапқа жасыл аймақты құру бойынша іс-шаралар өткізілді.
300 га алқапқа орман дақылдары егілді, бұл 2010 жылғыдан 121 га артық. Шалқар ауданында жасыл желектерді дамыту жобасы әзірленді және зерттеу жүргізілді.
Жануарлар дүниесін қорғау, киіктердің популяциясын сақтау және халықтың денсаулығын қорғау, жындану ауруының алдын-алу мақсатында облыс аумағында қасқырлар санын азайту бойынша іс-шаралары жүргізілуде.
Облыстың су айдындарында бағалы балық түрлері санын 400 мыңға дейін молайту.
Ақтөбе облысының су қоймаларына (Ақтөбе, Сазды, Қарғалы және шағын су қоймалары, Қарғалы өзенін қосқанда) және негізгі көлдерде (Орал-Каспий бассейіндегі) су қорғау аймағы мен белдеулерінің жобалау жүргізілді.
Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіндегі су шаруашылығы құрылғыларын паспорттандыру шараларын жүргізу іс-шаралы бойынша жұмыстары орындалды. Ақтөбе қаласы аумағында және облыстың аудандарында гидротехникалық және топографиалық-геодезиялық зерттеулер жүргізілді.
2012 жылға арналған міндеттер:
-
Облыстың су айдындарын карп, ақ амур, дөңмаңдай сияқты түрлерімен 430 мың данаға дейін балықтандыру.
-
Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері бойынша: Ор, Ойыл, Қобда өзендерін және Ащыбек, Мағаджан, Қызылсу, Әулие, Айталы кіші су қоймаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалауда жалғастыру.
-
Жалпы алаңы 710 га алқапқа орман дақылдарын егу.
-
«Көжиде құмы» жер асты суларының сапасына мониторингті жалғастыру
Жер қатынастары
01.01.2012 жылғы жағдай бойынша Ақтөбе облысының жер қоры 30062,9 мың га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 7795,6 мың га құрайды.
Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының аумағында 5051 агроқұрылымдар тіркелген.
Жер заңнамасына сәйкес облыс әкімдігі жер қойнауын пайдалану, құбырлар мен мұнай және газ өңдеу объектілерінің құрылысы мақсатында жер пайдалану құқығын беру туралы 123 қаулы қабылдады.
Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын берілген ауданы 3207 га және 2,6 млн.теңге сомасына 123 жалдау шарты жасалды.
Ауыл шаруашылығына байланысты емес мақсаттар үшін берілген жер учаскелері үшін өтелуі тиіс ауыл шаруашылығы шығындары 163,5 млн.теңге сомасында бекітілді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуден түскен түсімдер сомасы 314,9 млн.теңге құрайды.
2011 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәніне түгендеу жүргізу және одан әрі мемлекеттік меншікке қайтару мақсатында аудандарда және Ақтөбе қаласында жұмыс топтары құрылды.
Түгендеумен 7855,6 мың га аудандағы барлық агроқұрылымдар қамтылды. Олардың ішінде 500,6 мың га, соның ішінде егістік 74,1 мың га аудандағы 712 жер учаскелері пайдаланылмайтыны анықталды, 107,8 мың га аудандағы 155 жер учаскелері иесіз мүлік ретінде есепке қойылды, 50,1 мың га аудандағы 38 материал Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Өңіраралық жер инспекциясына берілді, жер учаскесін жалдау шартын бұзу арқылы 342,7 мың га, оның ішінде егістік 29,2 га аудандағы 519 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Сондай-ақ, 2011 жылы облыстың Шалқар, Байғанин және Ырғыз аудандарындағы су көздерінің болуына суландырылған жайылым алқаптарына түгендеу жүргізілді.
Түгендеумен суландырылған жайылымдық алқаптар алып жатқан 5488,0 мың га жер қамтылды. Жоғарыда аталған аудандардағы жүргізілген түгендеу нәтижесі бойынша жұмыс істеп тұрған су көздері бар, яғни, мал суаттары үшін жарамды 322,4 мың га жер белгіленді, 3916,5 мың га қайта жаңғыртуды талап етеді және 1249,1 мың га су көздерінің болмауына байланысты есептен алып тастауды талап етеді.
Облыс орталығындағы ерекшеліктерге және жергілікті жағдайларға байланысты «Ақтөбе облысында жеке меншікке жер учаскелерін беру кезінде олар үшін базалық төлем мөлшерлемелерін белгілеу туралы» бірлескен облыстық әкімдіктің қаулысы мен облыстық мәслихаттың шешімі қабылданды. Облыс орталығында базалық төлем мөлшерлемесі 1 шаршы метрге 1287 теңге белгіленді.
2012 жылға арналған міндеттер:
- Облыс аудандары бойынша жеке меншікке жер учаскелерін беру кезінде олар үшін базалық төлем мөлшерлемелерін белгілеу;
- Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге тексеру жүргізу. Пайдаланылмайтын, тиімсіз пайдаланылатын және мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жерлерге тексеру жүргізу;
- Әкімшілік процедураларды оңтайландыру, азайту, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процесстерін автоматтандыру жөнінде ұсыныс енгізу;
- Мемлекеттік қызметтің төрт түрі бойынша регламенттер әзірлеу және бекіту.
Қаржы
2011 жылы мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдер Ұлттық қорды есептегенде 560,5 млрд. теңгені құрады, 2010 жылдың деңгейінен 1,4 есе артық . Оның ішінде Ұлттық қор- 362,3 млрд. теңге(өсім-1,5 есе), республикалық бюджет- 134,0 млрд. теңге (1,3 есе), жергілікті бюджет 64,2 млрд.. теңге і (110%).
Мемлекеттік бюджеттің жылдық болжамы 102,7% орындалды (Ұлттық қорды қоспағанда), оның ішінде республикалық бюджет-103%, жергілікті бюджет – на 101,9% орындалды.
Жергілікті бюджет түсімінің үлес салмағы мемлекеттік бюджеттің түсімінің жалпы көлемінің 32,4%. құрайды
Облыстың бюджетінің шығындары 2010 жылмен салыстырғанда 7 пайызға ұлғайды немесе 126,5 млрд. теңгені құрады.
Оның ішінде шығындардың негізгі үлес салмағы әлеуметтік саланы қаржыландыруға (57%), көліктік инфрақұрылымдар (4,1%) мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты (16,8%) дамытуға бағытталды.
Негізгі бағыттар бойынша бюджеттің шығындары
млн. теңге
Сала
|
2010 жыл
|
Шығындардың жалпы көлеміндегі үлес, %
|
2011 жыл
|
Шығындардың жалпы көлеміндегі үлес, %
|
ШЫҒЫНДАР
Білім
Денсаулық сақтау
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету
|
118 024, 9
37 000, 0
18 355, 3
4 389, 9
|
100
31,3
15,6
3,7
|
126 456
43 004
17 669
4 085
|
100
34
14
3,2
|
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
|
15 041, 1
|
12,7
|
21 239
|
16,8
|
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік
|
8 063, 5
|
6,8
|
7109
|
5,6
|
Ауыл, су, орман, балық шарушылықтары, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, қоршаған ортаны қорғау мен жануарлар әлемі, жер қатынастары
|
6 906,1
|
5,8
|
9367
|
7,4
|
Көлік және коммуникация
|
6 474, 0
|
5,5
|
5153
|
4,1
|
Басқалары
|
21 795
|
18,6
|
18830
|
14,9
|
2012 жылға арналған міндеттер:
- дағдарысқа қарсы күрес шараларын есепке ала отырып экономикалық өсімді қамтамасыз ете алмайтын бюджет шығындарын қысқарту бойынша талдама жүргізу және ұсыныстар енгізу.
- тиімділік пен нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті орындау мен қалыптастыру жүйесін енгізуді жүзеге асыру.
Кадр саясаты
2012 жылғы 1 қаңтарына облыста 4623 мемлекеттік қызметкер (өткен жылы – 4609) жұмыс жасайды, оның ішінде 2640 әйел немесе 59,4 %. Жалпы саннан 2267 мемлекеттік қызметкер облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда қызмет етеді, оның ішінде 172 саяси мемлекеттік қызметкерлер.
Облыста мемлекеттік қызметкерлерді ротациялау жөніндегі жұмыс басталды.
ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген өңірлік деңгейде инвестиция және индустриализацияландыру мәселелері бойына әкімнің арнайы орынбасарларын тағайындау жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, қала әкімі лауазымдарын атқарған Н.Қ.Әбдібеков облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған Е.Б.Омаров Ақтөбе қаласы әкімі лауазымына тағайындалды.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде сектор меңгерушісі болып қызмет еткен Ғ.М.Тасмағамбетов Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Басшылық санатта әйелдер санының артқаны байқалады. 19 облыстық басқарманың үшеуінде бірінші басшы лауазымын әйелдер атқарып отыр. 2011 жылғы қазан айында Г.Т.Төлебаева облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы лауазымына, З.Ж.Жұмабаева облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.
2012 жылғы 1 қаңтарына 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметкерлер саны жалпы саннан 1162 немесе 26,1 % құрайды. Басқа жас ерекшеліктерімен салыстырғанда бұл үлкен көрсеткіш болып отыр.
2012 жылғы 1 қаңтарына жоғары білімді мемлекеттік қызметкерлер саны жалпы саннан 3752 немесе 84,4 % құрайды. Бұл өткен жылғы 83,0 % көрсеткіштен артық.
Мемлекеттік қызметтегі орта қызмет өтілі 11,0 жыл.
2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 30 мемлекеттік қызметкер қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында 668 мемлекеттік қызметкер курстардан өтті, өткен жылғы көрсеткіш 588 мемлекеттік қызметкерді құрады.
2012 жылға арналған міндеттері:
- Әбден қалыптасқан кадрлардың, әсіресе жастар тарапынан, карьералық өсуін қамтамасыз ету. Жоғары оқу орындарын үздік аяқтаған, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу бітірген жас мамандарды қызметке тарту.
- Өз лауазымдық нұсқаулықтарын орындауда, қызметтік тәртіпті және Ар-намыс кодексін сақтауда мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершіліктерін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық көріністерін болдырмау атмосферасын қалыптастыру.
- Лауазымдық нұсқаулықтарды орындауда жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануға қол жеткізу.
- Жергілікті басқару органдарында басшылық лауазымдарға әбден қалыптасқан және ынталы әйелдерді жоғарылатуды жалғастыру.
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру
Бүгінгі күнге жергілікті атқарушы органдар көрсететін барлық 47 мемлекеттің қызмет стандарттары бекітілген.
2011 жылы «Мұрағаттық анықтамалар беру» жөнінде мемлекеттік қызметтің 1 регламенті бекітілді. Қалған регламенттер әзірленіп ҚР көлік және коммуникация министрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сараптамасы институтымен келісу процесінде
«Өңірлік шлюз, «Электронды үкімет» (Е-әкімдік) шлюзінің ішкі жүйесі» ақпараттық жүйесін енгізу аясында жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметтің 19 түрі электронды форматқа ауыстырылды.
«Е-әкімдікке» 3 облыстық басқарма (мұрағаттар және құжаттама, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жер қатынастары басқармалары) және Ақтөбе қаласының 5 бөлімі қосылды.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйе» (ХКО ЫАЖ) жобасы аясында 2011 жылы ҚР байланыс және ақпарат министрлігімен (ХКО ЫАЖ)–ні аудандық деңгейде енгізу және дамыту бойынша шаралар жүргізілді.
Ақтөбе облысы бойынша ХКО ЫАЖ-на ХКО қызметкерлері, ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 «Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізбесін бекіту туралы» қаулысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын аудандық және қалалық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар қосылған,
2012 жылға арналған міндеттері:
-
Е-әкімдігін облыстың 12 ауданына тарату;
-
жергілікті атқарушы органдардағы әлеуметтік-мәні бар 5 қызмет түрлерін электронды форматқа көшіру;
-
«Е-әкімдік» АЖ аясында жүзеге асырылған электронды мемлекеттік қызмет регламенттерін әзірлеу және бекіту.
Қоғамдық-саяси ахуал
Ақтөбе облысында қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.
Қазіргі таңда облыста 9 саяси партиялардың облыстық филиалдары жұмыс жасауда, партия филиалдарымен тікелей қарым-қатынас жүйелі жолға қойылған. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы жанынан қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және әлеуметтік келіспеушіліктің алдын алу жөнінде арнайы құрамына облыстағы барлық саяс партиялардың өкілдері кірген қоғамдық-саяси Кеңес құрылып, жұмыс жасауда. Кеңес отырысы барысында облыстағы барлық саяси құрылымның пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, сонымен қатар туындаған проблемалы сұрақтарды дер кезінде шешудің жолдары қарастырылады.
Облыстағы ұлтаралық жағдай тұрақты, этностар арасында қақтығыстар тіркелген жоқ, барлық ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісім аясында өмір сүруде.
Этномәдени орталықтар көптеген қоғамдық маңызы бар мәдени акциялардың ұйымдастырушысы мен белсенді қатысушылары болып табылады.
Ақтөбе облысында 114 діни бірлестік жұмыс жасайды. Жергілікті атқарушы органдармен облыстағы діндік жағдайларды тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар қабылданды.
Үкіметтік емес ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың Кеңесі мен комиссия жұмысына белсене қатысып, әлеуметтік проблемаларды шешу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізеді. Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңесі жұмыс жасайды.
Конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында көптеген шаралар өткізіліп тұрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша ақпараттық-насихаттық топтар облыс тұрғындарымен 14 мыңға жуық кездесулер өткізіп, 500 мыңнан астам адамды қамтыды.
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы – облысымыздың тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері мен табыстарына баға беретін аса маңызды және жарқын оқиға, бүкілхалықтық тарихи құндылығы бар төл мереке.
Жергілікті атқарушы органдар барлық жұмыс жасап тұрған бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Жастар саясатын іске асыру жөнінен Ақтөбе облысы республика бойынша бірінші сатыда келеді.
Соңғы бес жылда жастар саясатын қаржыландыру көрсеткіші 30 есе артып, 256 млн. 800 мың тенгені құрады. Бұл көптеген әлеуметтік-маңызды бағдарламаларды қаржыландыруға, жастардың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.
2011 жылы стипендия мен гранттар иегерлерінің саны 10 еседен астам көбейіп, қаржыландыру сомасы 45,5 млн. теңгені құрады.
Жастарды әлеуметтік қолдау бойынша жүйелі жұмыс нәтижесінде жасөспірімдер Үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға 60 млн. теңгеге жуық мөлшерде шоттары толтырылды.
Күндізгі бөлімде оқитын оқушылар мен студенттерге қоғамдық көлікте жүруге жеңілдік жасалды.
2011 жылдың наурызында Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Ақтөбе қаласында «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасы, студенттік құрылыс және «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының еңбек маусымының ашылуына орай Республикалық форум бастау алды.
Биылғы жылы марафон-эстафетаға 90 мыңнан астам студенттер мен оқушылар қатысып, 1 млн.түп ағаш отырғызды.
6 жыл қатарынан облыста студенттер құрылыс жасақтарының қозғалысы белсенді дамып келеді. «Жасыл ел» Жалпыұлттық бастамасы қоғамдық -саяси мәнге ие болды. Жыл сайын студенттер жасақтарына еңбек ететін жастар саны артып келеді.
2011 жылы жұмыс семестрінде жауынгерлер саны 6500-ден асып, 10 еседен астам жұмыс көлемі атқарылды.
«Қазақстанның болашағы үшін» бастамасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында Ақтөбе облысында ірі шаралардың біріне айналды. Ол мемлекеттік рәміздерге, Тәуелсіз Қазақстанға деген мақтаныш, патриоттық сезімді қалыптастыру негізінде азаматтарды топтастырып, біріктіруге игі ықпалын тигізді.
2012 жылға арналған міндеттер:
- Қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға, азаматтық қоғам институтын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді түрде жүзеге асыру;
- «Қазақстан-2030» Стратегиясын, ҚР Президентінің «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның үдемелі индустриялды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасын насихаттау және түсіндіру бойынша мақсатты жұмыстар ұйымдастыру;
- Мемлекеттік ақпараттық саясатты мемлекеттік және тәуелсіз аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отыра жүзеге асыру;
- Жастардың шығармашылығын дамыту үшін жағдайлар жасау, оларды мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы жұмысына тарту, аз қамтылған, мүгедек және жетім балаларды әлеуметтік қорғау, жас мамандарды ауылдарға тарту жұмыстарын жүргізу.
Қоғамдық тәртіпті қорғау
Ақтөбе облысы әкімдігімен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін нығайту, қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың деңгейін азайту жөнінде кешенді жүргізілді.
2011 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен ішкі істер департаментімен 20 бірлік Дэу Нексия автокөлігі, сондай-ақ 10 бірлік УАЗ автокөлігі алынды. Бұдан басқа, 5 объектінің жөндеуі өткізілді: «Динамо» спорт кешені, облыстық ІІД ғимараты, Шалқар аудандық ІІБ-нің ғимараты мен Алғашқы дайындық училишесі және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау басқармасының ғимараты қайта жоспарланып, жөнделді. Сонымен бірге, Темір ауданының Кеңкияқ КПБ күрделі жөндеуден өтіп, Мәртөк ауданының ІІБ әкімшілік ғимараты газдандырылды.
Сонымен қатар, есептік кезең ішінде Ойыл ауданының Ойыл селосындағы аудандық прокуратура мен сотының бірлескен ғимараты салынып, пайдалануға берілді. Байғанин ауданының Қарауылкелді кентіндегі прокуратура мен сот ғимаратының бірлесіп салу жоба құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
Қоғамдық құрылымдар мен жұмыстар жалғасын табуда. Ақтөбе облысы аумағында ішкі істер органдарымен 656 қоғамдық құрылымдар 2645 адаммен қызмет жасайды, 228 консьерждер, оның ішінде Ақтөбе қаласы бойынша 72 адам. Облыстағы қоғамдық құрылымдардың құқық қорғау органдарымен: «Сарбаздар» тобы – 405 (1420 адам), «Сақшы» тобы – 12, студенттер тобы – 12, учаскелік полиция пунктері жанындағы қоғамдық кеңес – 69, сондай-ақ 158 - қоғамдық көмекшілер жұмыс жасайды.
2011 жылғы 12 айында қоғамдық құрылымдардың қатысуымен 124 қылмыс ашылды, түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 2148 адам ұсталды.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының статистикалық деректері бойынша өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2011 жылғы 12 айында қылмыстар саны 5 734-ден 8 719-ге дейін 1,5 есеге өскен.
Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 23,7%, ауыр қылмыстар 15,8%, қоғамдық орында жасалған қылмыстар 73,5%, көшедегі қылмыстар саны 37,6%, бұзақылық 68,8%, ұрлық 93,4%, мал ұрлығы 23,7%, айдап әкету 70,3% өскен.
Есірткімен байланысты қылмыс саны 3 есеге, оның ішінде есірткіні өткізу 2,5 есеге азайды. Сонымен қатар жасөспірімдер қылмысы -11,4%, кісі өлімі -2%, қорқытып алушылық -38,5 төмендеді.
Қылмыстардың ең көбі Ақтөбе қаласы аумағында, Хромтау, Мұғалжар, Алға, Мәртөк, Шалқар аудандарында қылмыс тіркелген.
Қылмыстардың ашылуы 2011 жылғы 12 айында 51,8%, өткен жылғы ұқсас кезеңде – 72,0% құрайды.
Қылмыс санының көбеюі және оның ашылу деңгейінің төмендеуі республика бойынша қылмыс туралы барлық өтініштер мен хабарламаларды толық және объективті тіркеудің қатан курсы жүргізілуімен түсіндіріледі. Сондай – ақ, қылмыстық қудалау органдар басшыларының қылмыстарды есепке алудан жасырып қалу жауапкершілігі күшейтілген.
Сонымен қатар 67 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда – 22,1 % төмендеген.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін 186 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда – 24,1 % (2010жылдың 12 айында – 245) төмендеген.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссия жұмыс істейді. Тоқсан сайын комиссияның отырыстарында сыбайлас жемқорлықпен күрестің түйінді мәселелері, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері мен облыстың атқарушы орган басшыларының есептері тыңдалады.
Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға іс-шаралар жоспары әзірленді.
2012 жылға арналған мақсаттар:
-
қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту жұмыстарының сапасын жақсарту;
-
құқықтық түсіндіру жұмыстары мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын насихаттауды күшейту жөнінде шаралар қабылдау;
-
ұйымдасқан қылмысқа, нашақорлыққа, экстремизм және заңсыз көші қонға қарсы сенімді жүйені қамтамасыз ету;
-
мемлекеттік органдардың басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершілігін қатаңдату;
-
бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам институттарымен бірігіп қарымқатынас жүйесін жетілдіру;
Төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету
Облыста табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілді.
Көктемгі су тасқының қауіпсіз өткізу үшін бюджеттен 35,5 млн. теңге бөлінді. Су тасқыны науқаны алдында 97 мың тонна қар шығарылып тасталды. Ашық типті арық жүйесін, жолдардағы, автомобиль мен теміржол көпірлерінің астындағы су өткізгіш құрылғыларды тазарту жұмыстары жүргізілді. Апаттан құтқарушылар және құрал-жабдықтар толық дайындықта болды. Қолданылған шаралар нәтижесінде су тасқынына байланысты төтенше жағдайды болдырмауға қол жеткізілді.
Қысқы кезеңде ауа-райы бұзылған жағдайда төтенше жағдайларды болдырмау бойынша шаралары қабылданды, қар тазарту жұмыстарына бақылау, дауыл болатындығы туралы ақапараттандыру жүзеге асырылды.
Үстіміздегі жылы қауіпті өрт кезеңінің алдында барлық аудандардың селолық округтерінде ерікті өртке қарсы құрылымдармен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, мұнда орман-дала өрттерін сөндіруде барлық қызметтер мен құрылымдардың іс-әрекеттері жасалынды.
«Ғарыштық зерттеу институты» МКД арасында 2011 жылға орман-дала өрттеріне күнделікті ғарыштық мониторинг жүргізуге келісім шарт жасалды.
Ерікті өрт сөндіру құрамаларын жабдықтау үшін 94,8 млн. теңгеге мотопомпалы ыдыстар мен жеңіл өрт сөндіру автокөліктерін сатып алынды.
Облыс аудандарында құрамында 3255 адамы, 721 бірлік әр түрлі техникасы, 122 мотопомпасы, 348 су жеткізетін ыдысы, 1300 аспалы өрт сөндіргіші, 852 топтамалы арнайы киімі, 2845 сапалағы бар 263 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылды.
Орман-дала өрттерін уақытында сөндіруді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар қабылданды. 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрттер мен өрттен зардап шеккен далалық алқаптардың аумағы елеулі азайды.
Жергілікті және объективті ауқымдағы ТЖ жоюға, Мұғалжар ауданы аумағында табылған радиоактивті заттарды шығаруды және өртке қарсы іс-шаралардың алдын алуды ұйымдастыруға, ғарыштық мониторинг нәтижелерін пайдаланып оларға шұғыл ден қоюға қатысты.
Есепті кезеңде облыс аумағында 50 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, бұл 2010 жылға қарағанда 3 есе төмен.
Зардап шеккендер саны 2 есе азайды және 62 адамды құрады. Төтенше жағдайлардың әсерінен материалдық шығын болған жоқ.
2010 жылмен салыстырғанда техногендік төтенше жағдайлар 16 жағдайға немесе 36 % төмендеді.
Табиғи сипаттаға төтенше жағдайлардың саны 21 жағдайды құрады немесе ТЖ жалпы санының 42 % (81 % төмендеді).
2012 жылға арналған міндеттер:
азаматтық қорғаныс бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және іске асу, табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ алдын алу және жою жөнінде уақытылы іс-шараларды қабылдау үшін АҚ пен ТЖ өздерінде бар құралдар мен күш топтарының жедел дайындығын толық қамтамасыз ету;
қардың көктемгі еруіне, су тасқынына, гидро құрылғылардың нығайтуға дайындық жұмыстарын қамтамасыз ету.
Қорытынды
Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауы адамдар өмірінің барлық жақтарын қамтыды және Қазақстандық қоғам өмірінің жаңа кезеңі – әлеуметтік жаңғырту кезеңінің бастамасы болды.
Әлеуметтік қайта құрылымдаудың түпкі мақсаты интеллектуалды ұлттың жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуі, жаңа заманауы әлемде өз орнын тауып, өз мүмкіндіктерін дамыту және кеңейту, сонымен қатар инновациялық ойлауға негізделген мүмкіндігін дамыту болып табылады.
Елбасының жаңа бастамасы Ақтөбе жерінде де тұрғындар арасында кең қолдауға ие болды. Еліміздің болашағына деген сенім тұрғындарды Мемлекет Басшысының алға қойған міндеттерін шешуге жұмылдырды және тәуелсіздіктің 20 жылдық кезеңдегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында жоғарғы белестерге жетуіне қол жеткізілді. Бүгінгі таңда Мемлекет Басшысының Жолдауында қойылған кезекті міндеті өңірдің жұмыскерлері игере алатындығы және ақтөбеліктер оны абыроймен орындайтындығына нық сеніммен айта аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |