Облыстық №2 әмбебап ғылыми кітапханасы Әдістеме – библиография бөлімі



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата14.11.2023
өлшемі0.6 Mb.
#483209
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Нәзір Төреқұлов 
(1892-1937) 
Нәзір Төреқұлов 1892 жылыТүркістан қаласының 
Қандөз елді мекенінде дүниеге келді. Нәзір сегіз жасқа 
келгенде Қоқан қаласындағы медресенің табалдырығын 
аттады. Оны аяқтаған соң Қазан қаласындағы орыс-
түземдік мектепте, коммерциялық училищеде дәріс 
алды. 1913 жылы Мәскеу коммерциялық институтының 
экономика факультетіне түсті., 1916 жылдан бастап Н. 
Төреқұлов қоғамдық өмірге араласа бастады. Еңбек 
жолын Минск қаласының түбіндегі батыс майдандағы 
«Жеродағы» қоғамының нұсқаушысы болып бастаған 
соң «Еркін дала» ұйымының жетекшісі, «Қазақ мұңы», 
«Халық сөзі» газеттерінің, «Ағарту және Коммунистік 
мәдениет жаршысы» журналының редакторы болды. 
1918-1919 жылдары – Ферғана облыстық революция кмитетінің төрағасы, 
1920 жылы Түркістан Республикасының ағарту комиссары қызметінде болды. 
1920-22 жылдары Түркістан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып 
сайланды. Сондай-ақ 1922 жылы КСРО халықтары баспасөзі орталық 
басқармасының төрағасы, жаңа түрік альфавитін жасау комиссиясының 
төрағасы болып қызмет етті. 1928 жылы Н. Төреқұлов Сауд Араб еліне КСРО-
ның бас консулы болып аттанды. 1932-36 жылдар аралығында КСРО-ның Сауд 
Араб мемлекетіндегі өкілетті елшісі қызметін атқарды. 1936-37 жылы Мәскеу 
және Ленинградтағы Шығыс халықтары институтының ғылыми қызметкері, 
оқу бөлімі жөніндегі проекторы болды. 1937 жылдың 15 шілдесінде Төреқұлов 
абақтыға жабылды. Сол жылдың 3 қарашасында ату жазасына кесіліп, сол күні-
ақ атылды. 1958 жылы КСРО Жоғарғы сотының әскери коллегиясының шешімі 
бойынша ақталды. 

 
 
 


43 
Шығармалары: 
273.
Мансұров Т. Нәзір Төреқұлов - кеңес одағының сауд 
арабиясындағы елшісі / Мансұров Т. А.; ауд.: Ә. Амангелді, Г. 
Қабыланова. - Алматы: Зерде, 2011. - 640 б. 
274.
Төреқұлов Н. Шығармаларының көп томдық жинағы. 1-том. 
Зерттеулер, мақалалар / Төреқұлов Нәзір; алғы сөзін жазғ.: Р. 
Бердібай.- Алматы: Ел-шежіре, 2007. - 256 б. 
275.
Төреқұлов Н. Шығармаларының көп томдық жинағы. 2-том. 
Доклады, выступления, письма / Төреқұлов Нәзір; алғы сөзін жазғ.: 
Р. Бердібай.- Алматы: Ел-шежіре, 2007. - 240 б. 
276.
Мансұров Т. Нәзір Төреқұлов: ғұмырнамалық деректі хикаят / 
Мансұров Т. А.- Алматы: Қазақстан, 2007. - 240 б. 
277.
Төреқұлов Н. Қазақтың би-шешендері. 1-2 кітап / Төреқұлов 
Н., Қазбеков М. - Алматы: Жалын, 1993. - 400 б.
278.
Жолдасбеков М. Тоқсан толғау: деректі ғумырнамалық эссе / 
Жолдасбеков М., Төреқұлов Нәзір. - Алматы: Өнер, 1992. - 232 б. 
279.
Төреқұлов Н. Төле би: биліктері, толғаулары, 
тапқырлықтары, шешендік сөздері, өсиеттері / Төреқұлов Н. - 
Алматы: Дәуір, 1991. - 31 б. 
280.
Төреқұлов Н. Жүз жасаған бәйтерек / Төреқұлов Н. - Алматы: 
Жалын, 1989. - 240 б. 
281.
Дастан-ата: Жамбыл Жабаев туралы естеліктер / құраст.: 
Н.Төрекұлов.- Алматы: Жазушы, 1989. - 416 б. 
282.
Төреқұлов Н. Қырық хикая: деректі әңгімелер / Төреқұлов Н.- 
Алматы: Жалын, 1985. - 196 б.
283.
Әзірбаев К. Екі томдық таңдамалы шығармалар. 1-том. 
Өлеңдер, терме, толғаулар / Әзірбаев К.; құраст.: Н. Төреқұлов, Б. 
Әзірбаев. - Алматы: Жазушы, 1984. - 360 б. 
284.
Төреқұлов Н. Жамбыл мен Кенен: творчестволық этюдтер /
Төреқұлов Н. - Алматы: Жалын, 1978. – 128 б.
285.
Төреқұлов Н. Қанатты сөздер / Төреқұлов Н. - Алматы: 
Жазушы, 1977. - 236 б. 
286.
Төреқұлов, Н. Нақыл сөздердің тәрбиелік мәні: мұғалімдерге 
көмекші құрал / Төреқұлов Н.- Алматы: Мектеп, 1971. - 120 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет