35
1923 – 1927
жылдары Мәскеуде Жоғары әдебиет-көркемөнер институтында
оқиды. Онда
орыс әдебиетін, Батыс
Еуропа әдебиетін
терең зерттеп, орыс
мәдениет қайраткерлерімен жете танысып, көпшілігімен достық қарым-
қатынаста болады. Мәскеуде оқып жүргенде
оның шығармалары орынсыз
сынға ұшырады.
1924
жылы
24 қарашада
Мәскеу қаласындағы Шығыс
еңбекшілері коммунистік университетінде қазақ жастарының жерлестік
ұйымында жиналыс өтіп, олар Жұмабайұлының
1922
жылы
қазанда,
1923
жылы
Ташкентте
басылып шыққан жыр жинақтарын талқыға
салды. Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл
қаулы
“
Еңбекші қазақ”
газетінің
1925
жылы
14 ақпандағы
санында басылды.
Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын “Сәлем хат” деген өлең жазды. Жаңа
құрылысқа, жаңа тұрмысқа қатысты нақтылы өлең жазбаса да,
“уралап
айқайламадың” деген кінәмен, тап күресіне белсене араласып, кедей сөзін
сөйлемедің деген айыппен Жұмабайұлы қатаң сынға алынды.
Жұмабайұлы
1927 – 1929
жылы
Бурабайда,
одан соң
Қызылжарда
оқытушылық
қызметтер атқарады. 1929 жылы Жұмабайұлы
“
Алқа”
атты жасырын ұйым
құрғаны үшін деген айыптаулармен Мәскеудегі
Бутырка
түрмесіне қамалып, 10
жыл айдауға кесіледі.
1936
жылы
М.Горький
мен
Е.Пешкованың
араласуымен
бостандық алып,
Қазақстанға
қайтады.
Петропавл
қаласыннда мектепте
орыс
тілі
мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалім болып жұмыс істейді. Көп ұзамай
қалалық оқу ісінің меңгерушісі оны саяси себептерге байланысты деген
айыппен мұғалімдік қызметтен босатады.
1937
жылы наурызда
Жұмабайұлы
Алматыға
келеді. Аударма ісімен айналысады.
1938
жылы
қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.
1960 жылы
Түркістан әскери
округі әскери трибуналының алқасы шешімімен Мағжан Жүмабаев толығымен,
біржола ақталды. Алматы және Петропавл қалаларында
бір-бір көшеге есімі
берілді. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш
қойылған.
Ақынның 100 жылдық мерейтойына арналып
1993
жылы ашылған.
Ол Мағжан Жұмабайұлы аудандағы өзінің туып-өскен
Сарытомар
ауылында
орналасқан. Мұражай бұрынғы Мағжан Жұмабайұлы атындағы кеңшардың
мектебінде. Ондағы жиналған қорлар мен материалдар ақынның
шығармашылық өміріне арналған.
Құжаттардың
көшірмесі
Алматы, Петропавл, Омбы
қалаларында және кейбір аудандарда
сақталған. Мұражайдың жалпы аумағы 60м
2
.
Достарыңызбен бөлісу: