Қоғамдық ғылымдар жүйесінде этнология және оның орны


Этнологиядағы бағыттар мен мектептер



бет4/34
Дата22.12.2023
өлшемі146.94 Kb.
#487586
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
толық жауап этно1

4.Этнологиядағы бағыттар мен мектептер
Эволюционизмнің негізгі идеялары төмендегідей:
- Адамзаттың шығу тегі ортақ, сондықтан барлық адамдарға адами
қасиеттердің ортақ екендігін ұғындырады;
- Адамзат қоғамы өз дамуында қарапайымнан күрделіге қарай даму
үдерісін үнемі бастан кешіреді;
- Мәдениет қоғамның бөлігі ретінде төменнен жоғарыға қарай үзіліссіз,
дамиды және ақырындап өзгерістер мен сандық өсу немесе азаюды бастан кешіреді;
- Мәдениеттің дамуы көп сатылы әрі әлемдегі барлық мәдениетке тән
ортақ сатыларға, кезеңдерге сай дамиды;
- Адамзат мәдениетініңәмбебап заңдарына сәйкес түрлі халықтар мен
олардың мәдениеті бірдей даму сатыларынан өтеді және олардың мәдениеті бірдей нәтижелерді береді;
- Қоғамдық даму тірі табиғатқа тән эволюция заңдарына бағынады.
Оның қайнар көзі тіршілік үшін күрес. Нәтижесінде жаңа ескіні ауыстырады. Осындай күрестің салдарынан мәдениеттің түрлі элементтері сәйкесінше бір-бірімен тығыз байланысады.
Э. Тайлор (1832-1917). Эдуард Тайлор - этнология ғылымында эволюциялық мектептің негізін салушы. Негізгі еңбектері: «Исследования в области древней истории человечества» (1865); «Первобытная культура» (1871).
Негізгі тұжырымдары:
Мәдениеттің бастауы - Жер планетасында жартылай өркениетті адам нәсілдерінің пайда болуынан: оның дамуы екі түрлі жолмен өтті: 1) артқа - тағылық қоғамға қарай; 2) алға- өркениеті адамдарға қарай.
Тарихи және табиғи катаклизмдердің салдарынан мәдениетте регрессивті өзгерістер болуы мүмкін, алайда адамзат тарихының негізгі бағыты - мәдениеттің эволюциялық прогрессивті дамуы.
Халықтар арасындағы айырмашылық олардың нәсілдік ерекшеліктеріне қарай емес, мәдени дамудың әр түрлілігіне қатысты анықталады.
Адам табиғаттың бөлігі болғандықтан, табиғат заңдарына сәйкес дамиды. Сондықтан адам да адам баласына ортақ қасиеттер де тән. Мәселен, кейбір халықтарда мәдениеттің ұқсаса белгілері басым болып, дамудың да ұқсас қырлары болуы әбден мүмкін.
Тайлор мәдениет құбылыстарын зерттеуде жаратылыстану ғылыми әдістерін қолдануға ұмтылды. Заттар мен мәдениет құбылыстарының жекелеген категорияларын зерттеуді басты назарға алды. Алғашқы қауым халықтарының сенімдерін зерттеп, дінннің қалыптасуының анимистикалық теориясын ұсынды. Тайлордың эволюционистік көзқарастарының түйіні - тарихи процесс пен мәдениеттің прогрессивті дамуының бірлігі тұжырымы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет