Оггеогеоопоопооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооо


Қазіргі қазақ прозасындағы экзистенциялық бағыт



бет7/13
Дата31.03.2023
өлшемі0.77 Mb.
#471451
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Îããåîãåîîïîîïîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîî

1.2 Қазіргі қазақ прозасындағы экзистенциялық бағыт

Қазақ әдебиетіндегі осы философиялық ойдың кейбір көріністерін XX ғасыр басынан-ақ байқаймыз. XX ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік, қоғамдық жағдай сол шақтағы алғашқы туындылардың проблематикасын белгіледі. Уақыт өткен сайын асқына түскен отарлық бұғау, қазақ даласындағы бір қоғамдық формациядан екіншісіне өту, әкімшілік-саяси құрылымдардың күштеп ауыстырылуы барысындағы өліара кезең, салт-сана, ел арасындағы өрескел жүгенсіздіктер, адамдық ардың ала жібін аттаған парақорлық сол дәуірдегі әдеби шығармаларға арқау болған шындықтар. Қазақ халқының басына түскен ауыртпашылық, қым-қуат тіршілік сол кезеңдегі қаламгерлердің қарапайым адамның жан-дүниесіндегі өзгерістерге үңілуге мұрындық болды. Адам табиғатының трагедиялылығы, бұл өмірдегі таусылып бітпес «күйбең» қаракеті жайлы, әлемнің, болмыстың қатыгездігі, оның адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы жайлы ойлар алғашқы экзистенциалистік пікірлердің көрінісі ретінде танылады. Адам ғұмырының мәнісі жөніндегі мәңгілік мәселелер жазушылардың бірден-бір тереңдей ұмтылған тақырыбы болды [35.41б.]. ХХ ғасырдағы Батыс Еуропа мен Ресейдің экзистенциалды әдебиеті өзінің әртүрлілігімен жеке тұлғаға деген қызығушылықтың артуымен және әр адамның өмірінің мәнін іздеумен ерекшеленеді. Жатсыну - әлемдік жалғыздықты білетін адам қоғамнан, сондай-ақ оның қарым-қатынасында дамитын нормалардан асып кетуі керек немесе тысқары қалуы. Экзистенциалды білім мен ойлау ХХ ғасырдағы бірінші дүниежүзілік соғыстың өсуіне және екінші дүниежүзілік соғыс кезінде адамзат бір-біріне жойқын майдан ашқан кезде күшейген әсерге байланысты болуы мүмкін. Яғни, экзистенциалды ойлау ағымы, әлеуметтік құрылымдағы және әлемдік деңгейдегі қайшылықтарды тереңдете отырып, санадағы қақтығыстар кезеңінде адам өзінің жалғыздығын жақсы біледі.


Экзистенциалды авторлардың мәтіндері туралы сөз келгенде, экзистенциализм философиясына қатысты мәтіндер жинағы экзистенциалды мәтіндердің жиынтығымен сәйкес келмейтінін ескеру қажет. А.Шопенгауэр, С.Кьеркегор, Н.Бердяев, М.Хайдеггер мәтіндері "мәнерлі" философияның принциптеріне жауап беретін мінсіз модельдер болып табылады. Бұл мәтіндер жалпы идеяны ойлауға арналған ғылыми трактаттардың бірлігіне қарсы тұрады. Экзистенциалды авторлардың мәтіні логика заңдылықтары бұзылғандықтан емес, философиялық және әдеби жанрдың синтезі болғандықтан бөлінбейді. «Егер сіз философ болғыңыз келсе, роман жазыңыз», - дейді Альберт Камус. Идея – пайымдау идея – сезім, идея – оқиға, идея – образ арқылы жинақталады; алыпсатарлық ақыл-ойдан бөлінбейді; заттардың мәнін түсіну заттардан тыс пайда болмайды, бірақ әрқашан нақты жағдайларды модельдеумен, талдаумен, сипаттамамен және тәжірибемен сүйемелденеді.
Сипаттамалардың ұқыпсыздығы – бұл ештеңе бере алмайтын және ештеңені жоққа шығаруға болмайтын мағынасыз әлемге қатысты өзіндік бейтарап. Іс жүзінде, зат бетін зерттеуден басқа, санада ештеңе болмаған кезде өзінің логикалық соңына дейін жеткізілген феноменологиялық бейтарап. "Сипаттама – абсурдтық ойлаудың соңғы түйсігі». Экзистенциалды тенденциялардың күшеюі әлемдегі жалпы әлеуметтік және рухани жағдаймен де байланысты. Күнделікті өмірден қиын жағдайдан шығудың жолын табу, адамның ұмтылысына көзқарас, өмірдің мәнін өзінен табуды ұсыну – бұл адамның жеке басына деген қызығушылықпен, демек, экзистенциалды мотивтерді күшейтумен байланысты. Экзистенциалды архетиптерге жүгіну арқылы реалистік өнердің жаңаруының жалпы тенденциясы 20-ғасырдың екінші жартысынан бастап әдебиетте айқындалды: ол өмірдің өзінен және қоғамдық-саяси, мәдени-көркемдік өзгерістерден туындады.
Әдебиеттегі экзистенциализм мен архетиптердің өзара байланысы өте күрделі. Әдебиеттегі осы екі құбылысты сан түрлі бағалау әрқашан олардың терең мәнін көрсете бермейді. ХХ ғасырдың аяғында әдебиетте экзистенциализм мен архетиптер арасындағы байланысты біркелкі түсіндірудің болмауы осы мәселенің күрделілігі мен шешілмегендігін көрсетеді. Егер бірқатар ұлттық әдебиеттерде структурализм, модернизм, постмодернизм сияқты ағымдардың болуы аз немесе көп жалпыға ортақ танылса, онда басқаларды (постексистриализм, наитивті экзистенциализм, депсимизм, готицизм, постмодернизм постмодернизм) ерекшелеу заңдылығы даулы.
Әдеби архетип - фольклордағы және әдеби шығармалардағы жиі қайталанатын бейнелер, сюжеттер, мотивтер. Әдебиеттанушы А.Ю.Большакованың анықтамасы бойынша, әдеби архетип - бұл «өзгеру», «генерациялау моделі», ол сыртқы өзгерістерге қабілеті болса да, өзгермейтін құндылық-семантикалық өзекті құрайды [36.171 б.]. Ескерткіш хаттарының ең ежелгі мәтіні, келесі көшірмелердің бастапқы көзі болып табылады. Архетип - бұл бастапқы сурет, түпнұсқа, ұжымдық негізсіз кескіндер (К.Джунг), яғни, ежелгі жалпыланған символдар, образдар, мифтердің, фольклордың және тұтастай алғанда мәдениеттің тірегінде жатыр және ұзақ уақытты еске алады. Мысалы: зұлым өгей шеше, жақсы және әдемі өгей қыз, мейірімді қарақшы т.б. Архетип – о баста адам қиялында пайда болып, соңында өзіндік мазмұнға ие болған архаикалық рәсімдердегі психологиялық схемаларға тән мотивтер мен әдіс-тәсілдер. ХХ ғасырдың 90-шы жылдарындағы әдеби сын да суретшілердің архетиптерге жүгінулерінің артуына назар аударады, бұл түсінікті: әлеуметтік дамудың қарқындылығы адамның қоғамдағы рөлін арттырады, жеке өзін-өзі танудың өсуіне ықпал етеді, адамды ата-бабаларына, тамырына бұрады.
Әдебиетте қаламгерлік «мен» деген термин бар. Және ол термин көбінесе лирикада көрініс тауып, автордың өзінің ішкі дүниесіне үңілумен және сыртқы қоршаған ортадан ой түюмен шектеседі. Профессор Г.Н.Поспелов жоғарыда аталған процесстің лирикалық сипаты жөнінде: «Лирика может быть медиативная, медиативно-изобразительная и собственно изобразительная. В первых двух из этих своих разновидностей лирика может быть по преимуществу обращена к самоанализу, заключать в себе эмоциональную или мыслительную рефлексию. Или же лирическая медитация может быть направлена вовсе, на отношения и события объективного мира и на постижение идеала» [37], - деп жазды. Бұл пікірдің философиялық негізі мен эстетикалық астарын орыстың атақты Ф.М.Головенченко [38,261-б] және В.В.Кожинов [39,60-б] атты әдебиеттанушы-теоретиктері қолдады. Сонда қаламгер объективті өмір мен шындықты суреттеуге бағытталған өзін-өзі тану және саралау кезеңдерін психологиялық түрде жүзеге асырады. Осы кезде ғана қаламгерлік «меннің» көркемөнер қатынасында психоаналитикалық тәсілмен биік деңгейде орындалатынын көреміз. Сонымен, мысал ретінде қазіргі қазақ әдебиетіндегі көрнекті прозаик ретінде Әкім Тарази шығармашылығын алатын болсақ, Ә.Тарази жасаған әр бейне – саяси-әлеуметтік, моральдық-этикалық, ұлттық-психологиялық, мәдени-эстетикалық сипатқа ие көркем қаһармандар деген тұжырымға саяды. Олардың әрқайсысынан өзіндік сабақ алуға болады. Өйткені заман талабына сәйкес, дәуір ағымымен дүниеге келген замандастар бейнесі жазушы туындыларында кешенді түрде суреттеліп, Кеңес дәуірі мен бүгінгі күннің көркемөнердегі бейнелі суретіне айналды. Ә.Тарази шығармашылығының биік белесі, кең құлашты пафосы – ұлттық ұлылық пен гуманистік идеяны дәріптеу. Ал эстетикалық мұраты – тән сұлулығынан гөрі, жан сұлулығының тазалығы, сезім мөлдірлігі, нәзік лиризмнің жалынды үні, ұлы ерліктің оттылығы екендігіне жазушы шығармаларын оқыған кезде көзіміз анық жетеді.
Көркем туынды – белгілі бір тарихи дәуірдің, қоғамдық жағдайдың, заман шындығының жемісі. Ал замандас келбеті – осы жемістің негізгі дәні. Әрбір көркем дүниенің ұлттық сипаты болады. Әйтпесе оның еш құндылығы қалмақ емес. Ұлы философ Гегель: «Әрбір көркем шығарма халқына, өз уақыты мен ортасына тән және ерекше тарихи, басқа да мақсат-мүдделерге бағынышты» [40,15-16-б], - дегендей, көркемөнер туындысы белгілі уақыт пен көркем бейнеге телінеді. Ә.Тарази жасаған көркем дәуір мен көркем бейне – ұлттық сипатқа негізделіп жасалған модель. Н.Г.Чернышевскийдің: «Нағыз роман, повестер жергілікті ерекшелігі бар жағдайды, ұлттық бедерлі кейіпкерлерді айналып өте алмайды. Жергілікті бояусыз және ұлттық әдет-ғұрыпсыз, ойсыз, сондай-ақ кейіпкерлер мінезіндегі ұлттық сипатсыз реализм жоқ, кейіпкерлердің іс-әрекеттерінен шындық ұғынылмайды. Ал бұндай шарттарсыз нағыз роман, повестердің дүниеге келуі мүмкін емес» [41,269-б], - деп жазғанындай, қаламгер алып отырған жағымды, жағымсыз кейіпкер болсын, оның бойындағы қасиеттердің өзі халықтық менталитетке құрылуы тиіс. Өйткені әр халыққа тән психология бар, мінез бар дейтін болсақ, осы жерден келіп бейне мәселесі туады. Қаламгер шығармашылығының көпшілігі Кеңес дәуірінде дүниеге келді. Оның кейбір туындыларында кеңестік саясаттың басым бағыттары жылт етіп көрініп қалады. Зерттеуші П.С.Выходцевтің: «Әдебиеттің ұлттық негізі, ұлттық дәстүрінің социалистік реализмнің ең күрделі мәселелерінің бірі күйінде әлі де қала беретіндігін ешбір әсірелеусіз-ақ айтуға болады» [42,100-б], - дегеніндей, бір кездері ұлттық әдебиетіміздің арнасы социалистік реализмнің сағасына барып тоғысты. Бірақ социалистік реализм жалпыадамзаттық мәселелерді, ұлттық сипатты шешіп бере алған жоқ. Осы ретте кеңес дәуірінде болған мынадай пікірталасты келтіріп кеткен жөн. Кеңес әдебиетінің ұлттық сипаты жөнінде пікір айтушылардың басты назар аударғаны - әдебиет кейіпкерлерінің мінезіне әдебиеттің ұлттық сипаты тұрғысынан талдау жасау. В.Освоцкий бастаған ғалымдар тобы көркемөнердің жалпыадамзаттық, жалпы ұлттық сипатын жалқы ретінде қарастырып, олардың ара-жігін жалпы мен жалқы ұғымдарының аясына сыйғызды.
Көркем сөздің өзекті мұраты – адам жанын арпалыстың алапат күйіне салар, тіршілік тотысының тоқсан тарауы. Әдебетте жанр көп, әдебиетте түрмен түрлендірудің тәсілдерінің де жеткілікті екендігі көпке аян. Алайда сол әдебиеттің сан тармағы, айналып келіп құяр айдыны біреу–ақ. Ол – адам, оның болмыс бітімі, іс - әрекеті. Осы ретте Әкім Тарази шығармаларында кездесетін өмір құбылыстары, тіршілік тарамдары, сезім иірімдері несімен ерекшеленер еді. Жазушы өзінің сипаттап отырған негізгі образының сырт көзге оғаштау көрінер қасиеттерін ғана термелей бергені байқасақ, әңгімені оқып болғасын, ой жетегі сенің бар болмыс жаратылысыңды алыс – алыс қиырларға, өзің көріп жүрген, естіп жүрген етене таныс адамдар арасына бастап бара жатады.
Ә.Тарази жастарды ғана алып солардың өмірін ерекше етіп суреттеген жазушы деп қарасақ бұл жайда тар шеңберде қарағанымыз болар еді. Оның әңгімелері мен повестеріне әлеуметтік ортаның бойында сан түрлі мінез-құлық бар әрқилы өкілдері енген. Суреткер өз кейіпкерлеріне берер оқиға төңірегінде, жан дүниесі оңай ашыла қалатын адам ретінде қарамайды, қайта әр оқиғаға енгізген кезде әр ойды басқа қырынан таныта біледі. Бұдан адам санасының сан қабат сыры ашылады. Адам деген шынында жұмбақ екен ғой деген ой түюге болады. Бұл жазушы интеллетісінің терең болмысын көрсететін ерекше құбылыс [43]. Өзінің өмір сүрген дәуірі жағынан келсек Ә.Тарази қазақ жерінде социолизм қоғамы негізінен орнап, оған қарсы болған немесе оны қабылдамаған адамдардың қуғынға ұшыратылып, атылып, жер аударылған кезінде дүниеге келді. Балалық шығы Отан соғысы жылдарындағы тылдағы майдан үшін өмір сүрген шығын ауылда өтті. Кейін оқу бітіріп жаймашуақ өмірге бет алған жылдары ол бір топ өзі қатарлас жас қаламгерлермен бірге әдебиет табалдырығын аттады. Осылайша өиір мектебін бітірген қаламгердің бар оқыған мен бойына тоқығаны өз ортасынан, ата-анасы мен ұстаздарынан ел ішінен алған қазақи ұлттық тәрбие мен ата-бабадан келе жатқан салт-дәстүр негізінде өмірлік көзқарас еді. Ол кейін өз қатарластары тәрізді шетел әдебиетін де, классикалық орыс әдебиетін де мол сусындады. Бірақ жұрттың алдына түсіп өз тапқандары мен білгендерін, тәжірибесін жазып қалдыруды артық санады. Бұны жазушының шығармашылық құпиясы деуге болады. Ә.Тарази шығармаларына тән басты ерекшеліктер қандай дегенде оның кейіпкерлерінің бойынан төгіліп тұратын иман нұрын айтамыз. Қазақтың бірде-бір жазушысын өзінің кейіпкерлерінің кемелділігі мен көңіл бүтіндігі, әсемдігі мен ұлттық қадір-қасиетін сақтай білу жағынан онымен теңестіруге болмайды. Осы тұрғыдан алғанда Ә.Тарази шығармаларының айрықша тәрбиелік мәні болатын, өмірлік үлкен тәрбие мектебі екендігін қазіргідей басқа халықтармен қоян-қолтық қатар өмір сүріп жатқан уақытта айрықша түсінеміз.
Өзінің небір жат қылықтарымен, кейде өрескел болмысымен аттамайтын шекарадан аттапкеткен адамдар да жазушы қаламынан шыққан оқырман тарапынан жеккөрушілік сезімін тудырмайды. Адам баласының кейбір әлсіздігіне деген жанашырлық сезімін оятады. Кейде адамға жасаған дөрекі қысасымен кей кейіпкерлер адамның ыза-кегін емес, керсінше әттеген-ай дегізерлік аяушылығын туғызады. Оқырман ішкі дүниесінде ол адамнан күдер үзбей, қайта одан бір жақсылықтар күтетіндей сезім қалдырып отырады. Бұл да қаламгер бойындағы суреткер болмысын ерекшелеп тұратын толық адамгершілік сезімінің белгісіндей көрінеді. Ұлы Абай айтқан толық адам сипаты осындай суреткерлік болмыстан мүсінделіп шығады деген пікір ойға келетіндей.
Бүгінгі қаламгерлерді ұлт жазушысы деп сеніммен айтуға болады. Өйткені олардың әрбір әңгімесінен, әрбір кейіпкерінен, тіпті шағын эпизодқа енген кішкене пероснаждардың өзінен сол адамның ұлттық болмысы, қазақи ерекшелігі, әлеуметтік ортаның өзіндік қадір-қасиеті білініп тұрады. Бұл шығармалардан біздің халықтың сабырлы болмысы, өмірге деген көзқарасы, әке мен бала, үлкен мен кіші, ұстаз бен оқушы, аға мен іні, жақсылық пен жамандық туралы таным-түсініктері ерекше байқалады. Жазушылар оны жеке кейіпкерлердің басынан өткен түрлі оқиғалар нәтижесінде шеберлікпен ішкі толғаныстар арқылы береді.
Қаламгерлер өз геройларын ерекше бір ситуацияларға қойып жатпайды, оқиғаны кейіпкердің өз болмысынан жасап шығарады. Осы жолдағы нәзік психолгизм, адамның ішкі дүниесіне бойлай білу сияқты шеберліктердің меңгерген суреткер кейіпкердің болмысын екіге жару сияқты нәрселерге бармайды. Түрлі қақтығыс, шешілмес конфликт, берілмес қамал сияқтықиындықтардан тойтарыс алу үстінде де әңгіме геройлары күрескерлік сипатын, адамгершілік болмысын қасиеттерін сақтай біледі. Қаламгерлердің көп әңгімесінде пәлендей есте қаларлық оқиға, тартып ала жөнелтетіндей ерекше бір сюжеттік желі, бірден-бірге ширыққан тартыстар кезедесе бермесе де олардың композициялық құрылымы шебер, мазмұн құрылымы берік негізге құралады. Тәрбие құралының небір жетілген, оқу құралының небір жақсарған кезінде де көркем әдебиетті ешбір нәрсе адамзат өмірінен ығыстырып шығара алмақ емес. Ал өздерінің сирек талантымен халқының ыстық ықыласына бөленген жазушылардың қай уақытта да өмірі ұзақ, ойлары оқырменмен бірге дамып жетіле бермек. Классикалық типтегі жазушыларды ол ана тақырыпты былай, мына тақырыпты артығырақ ажзып еді деп саралап талдау қиын. Айтылар нәрсе біреу шынайы қаламгер адамның жан дүниесі, оның бары мен жоғы, азабы мен рахатын өз басынан түгел өткізіп жазатыны.
Демек колхоз өмірі, жастар проблемесы, махаббат сезімі, әке мен бала қатынасы, қоғам мен жеке адам мәселесі бола ма қай жақтан алып қарағанда да қазіргі қазақ жазушылары шығармашылығы толымды түрде мақтанышпен сөз етуге лайық қазына. Олардың шығармашылығы бірден түсінікті бола қалатын жалаң түрдегі сырдың көркемдік емес. Ол әлдеше оқып тексере қарауды керек ететін кәдімгі мол қоры бар асыл қазынасы.
Жазушылар өмір сүрген дәуір өзінің әлеуметтік сипаты жағынан біртекті, таптық сипаты жойылған, қалың көпшілікке арнап теңдік орнаған заман еді. Сөйтсе де оның кейіпкерлері де, өзі де заманының сол бір азғана күндік науқандық ауруларынан таза күйінде қалады. Әсіресе теңшілдік, науқаншылық, мансапқорлық, саятшылдық сияқты өз заманының жат қасиеттерінде суреткер халық өмірінің шынайы болмысын суреттеу арқылы өлтіре соққы береді десе де болады. Өйткені оның суреттеген оқиғаларындағы небір жойқын қылықтар жасап жүрген кейіпкерлер де әділетсіздігін іштей сезеді. Соның жазасын тартып бақытсыздыққа душар болады. Өзінің болмысындағы осалдықтар мен істеген жат қылығының зардабын шегеді. Ақыр соңында өз істері мен жасаған әрекеттерімен ерте ме, кеш пе бірге қалып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет