Оггеогеоопоопооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооооо



бет3/13
Дата31.03.2023
өлшемі0.77 Mb.
#471451
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Îããåîãåîîïîîïîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîîî

Зерттеу жұмысының мақсаты: Өмір шындығын образ әрекеті, кейіпкер психологиясы, ұлттық таным мен халықтық идея, ұлттық психология, шығармадағы адам мен қоғам арасындағы өзара үндестік пен тартыс, қайшылықтар диалектикасы арқылы суреттеу нәтижесінде автордың өз замандастарының көркем образдарын беру ерекшеліктері әдебиеттану ғылымында қай кезде де өзекті зерттеу нысанасы болып келе жатқаны аян. Осы бағытта, яки әдебиеттегі замандас бейнесі мәселелерін зерттеу саласында әлемдік әдебиеттану ғылымында көптеген ғылыми-зерттеу еңбектер жарыққа шықты. Бұл орайда А.И.Белецкий, Б.С.Мейлах, Д.С.Лихачев, М.Х.Храпченко, М.Арнаудов, Г.М.Ленобль, С.Г.Петров, Б.В.Томашевский, Н.К.Пиксанов, В.В.Гура, А.М.Бабаян, Б.Эйхенбаум, М.Ярошевский, А.Цейтлен, т.б. зерттеулерін атасақ та жеткілікті.
Ал қазақ әдебиеттану ғылымында көркем прозадағы ұлттық таным көріністерінің сипатталуы мен берілуінің әдеби-эстетикалық әдіс-тәсілдері, оның даму жайы, адам мен адам, адам мен саяси-әлеуметтік орта, адамның рухани әлемінің сан алуан қатынастар мен қайшылықтар, тартысты күрес үстінде толысу эволюциясы сынды заман мен адам арақатынасын талдауға арналған зерттеулерде әдебиеттегі замандас бейнелері тақырыбы әр қырынан қарастырылды. Ал нақты қаламгерлер шығармашылығы мен стиль даралығы, қалам қуаты жөнінде мынадай мақалалар мен сыни еңбектер, естеліктер жарыққа шықты: М.Қаратаев «Қазақ әдебиетінің тарихы» 3-том, 2-кітап [1], Р.Бердібаев «Қазақ прозасындағы замандас тұлғасы»[2], Б.Уахатов «Көркемдік ізденістер» [3], С.Қирабаев «Өрлеу жолында»[4], Н.Ғабдуллин «Замандас келбеті»[5], Ш.Елеукенов «Замандас парасаты»[6], «Қазақ әдебиеті» газеті («Ерлікке жаралған ұрпақ жазушысы») [7], Б.Сахариев («Күрескер тұлғасы») [8], Ж.Дәдебаев («Шымырлап бойға жайылған») [9], Н.Қазбеков («Ой таразысы») [10], Т.Кәкішев («Қазақ әдебиеті» газеті, 1992, 4-желтоқсан) [11], т.б. Алайда, қазіргі қазақ прозасындағы ұлттық таным, халықтық идея мәселелері тақырыбы бүгінгі таңда ғана емес, жалпы бұрын-соңды арнайы қарастырылып, зерттеу объектісіне айналмады. Сондықтан қазіргі қазақ прозаиктерінің шығармашылығын кең ауқымда зерттей отырып, олардың туындыларындағы ұлттық таным көріністерін, халықтық идеяның бүтіндігін, ұлттық мінез бен болмыс мәлелесін, замандас бейнесін, көркемдік ерекшелігін, жалпы еңбектерінің поэтикасын ашып, айқындау – зерттеу жобамыздың басты нысаны ретінде алынды.
Зерттеу нысаны: қазіргі қазақ жазушылар шығармалары, қазіргі қазақ әңгімелері, повестері, романдары, аймақтық әдебиеттану өкілдері шығармалары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет