«Екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары)
Көрсеткіштің атауы
|
2015
жыл
|
2016
жыл
|
2017
жыл
|
2018
жыл
|
2019
жыл
|
1. Жаңғыртылған желілердің ұзындығы (км), оның ішінде:
|
1) жылумен жабдықтау
|
95,5
|
101,7
|
72,2
|
67
|
67
|
2) электрмен жабдықтау
|
854,4
|
873,1
|
774,4
|
228,0
|
230,0
|
3) газбен жабдықтау
|
216,4
|
172,2
|
45
|
45
|
45
|
4) сумен жабдықтау
|
371
|
334
|
346
|
352
|
355
|
5) су бұру
|
67
|
103
|
127
|
234
|
236
|
2. Қалалық сумен жабдықтау және су бұру желілеріндегі авариялықты азайту, желілердің 1 километріне авариялар саны (коэффициент), оның ішінде:
|
1) сумен жабдықтау
|
0,475
|
0,45
|
0,425
|
0,40
|
0,375
|
2) су бұру
|
0,32
|
0,30
|
0,275
|
0,235
|
0,20
|
3. Қалаларда су қоймаларына ағызу кезінде нормативтік тазартылған ағын сулардың үлесі, %
|
57
|
68
|
75
|
85
|
93
|
4. Тұрғын үйді іске қосу, барлығы (мың шаршы м.), барлығы:
|
2404,6
|
2532,0
|
2873,8
|
3060,4
|
3489,1
|
*тұрғын үй-құрылыс бағыты бөлігінде тұрғын үйді іске қосу көрсеткіштері осы Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетілген
|
5. Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін азайту (%)
|
7,6
|
7,6
|
7
|
5,9
|
5
|
6. Экономиканың әртүрлі салалары объектілерінің құрылысы үшін жаңа технологиялар және үлгілік жобаларға технологиялық карталарды, сметалық-нормативтік базаны, нормативтік-техникалық құжаттарды, қала құрылысы құжаттамасын жетілдіру (бірлік), оның ішінде:
|
1) облыс аумақтарының қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемалары
|
-
|
3
|
7
|
3
|
1
|
2) екінші деңгейдегі қалалардың бас жоспарлары
|
3
|
1
|
3
|
3
|
2
|
7. Аумақтарды дамыту және ұтымды жайластыру
|
Жобаларды әзірлеу және іске асыру (бірлік)
|
21
|
12
|
15
|
34
|
34
|
«Үшінші деңгейдегі» қалалар (шағын және моноқалалар)
Көрсеткіш атауы
|
2015
жыл
|
2016
жыл
|
2017
жыл
|
2018
жыл
|
2019
жыл
|
1. Жаңғыртылған желілердің ұзындығы (км), оның ішінде:
|
1) жылумен жабдықтау
|
138,53
|
93,1
|
110,4
|
68
|
68
|
2) электрмен жабдықтау
|
504,7
|
522,0
|
377,0
|
173,6
|
181,0
|
3) газбен жабдықтау
|
126,7
|
177,0
|
433,0
|
126,0
|
126,0
|
4) сумен жабдықтау
|
208
|
225
|
230
|
236
|
239 239239
|
5) су бұру
|
45
|
71
|
83
|
113
|
159 159
|
2. Қалалық сумен жабдықтау және су бұру желілеріндегі авариялықты азайту, желілердің 1 километріне авариялар саны (коэффициент), оның ішінде:
|
1) сумен жабдықтау
|
0,4
|
0,375
|
0,35
|
0,325
|
0,3
|
2) су бұру
|
0,45
|
0,4
|
0,35
|
0,3
|
0,25
|
3. Қалаларда су қоймаларына ағызу кезінде нормативтік тазартылған ағын сулардың үлесі (%)
|
75
|
79
|
83
|
87
|
94
|
4. Тұрғын үйді іске қосу, барлығы (мың шаршы м.), барлығы:
|
1158
|
1190
|
1203
|
1244
|
1344
|
*тұрғын үй-құрылыс бағыты бөлігінде тұрғын үйді іске қосу көрсеткіштері осы Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетілген
|
5. Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін азайту (%)
|
4,6
|
4,6
|
4,2
|
3,6
|
3,1
|
6. Экономиканың әртүрлі салалары объектілерінің құрылысы үшін жаңа технологиялар және үлгілік жобаларға технологиялық карталарды, сметалық-нормативтік базаны, нормативтік-техникалық құжаттарды, қала құрылысы құжаттамасын жетілдіру (бірлік), оның ішінде:
|
1) шағын қалалар
|
-
|
3
|
2
|
4
|
-
|
2) моноқалалар
|
-
|
-
|
-
|
-
|
-
|
7. Аумақтарды дамыту және ұтымды жайластыру
|
Жобаларды әзірлеу және іске асыру (бірлік)
|
72
|
52
|
10
|
56
|
56
|
Ауылдық аумақтар
Көрсеткіш атауы
|
2015
жыл
|
2016
жыл
|
2017
жыл
|
2018
жыл
|
2019
жыл
|
1. Тірек АЕМ халық саны, мың адам
|
952,8
|
971,5
|
990,2
|
1008,9
|
1027,5
|
2. Жаңғыртылған желілердің ұзындығы (км), оның ішінде:
|
1) жылумен жабдықтау
|
21,65
|
56,2
|
35,1
|
11
|
11
|
2) электрмен жабдықтау
|
1232,3
|
1309,1
|
1278,1
|
990,0
|
1000
|
3) газбен жабдықтау
|
656,3
|
1004,0
|
487,4
|
200
|
200
|
4) сумен жабдықтау
|
3354
|
3200
|
3200
|
3200
|
3200
|
5) су бұру
|
31
|
45
|
60
|
45
|
45
|
3. Тұрғын үйді пайдалануға беру (мың шаршы м.), барлығы:
|
299
|
303
|
305
|
312
|
344
|
*тұрғын үй-құрылыс бағыты бөлігінде тұрғын үйді іске қосу көрсеткіштері осы Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетілген
|
4. Күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін азайту (%)
|
1,4
|
1,4
|
1,3
|
1,1
|
0,9
|
5. Аумақтарды дамыту және ұтымды жайластыру
|
Жобаларды әзірлеу және іске асыру (бірлік)
|
6
|
9
|
1
|
10
|
10
|
Шекара маңындағы аумақтар
2020 жылға қарай шекара маңындағы аумақтарда орналасқан тірек АЕМ-дегі халық санының өсуі 5 %-ға артады (2013 жылғы факті – 175,2 мың адам)
2015
жыл
|
2016
жыл
|
2017
жыл
|
2018
жыл
|
2019
жыл
|
177,0
|
178,7
|
180,5
|
182,2
|
184,0
|
Мақсаттарға, нысаналы индикаторларға, міндеттерге, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жауапты мемлекеттік органдар: ҰЭМ, Қаржымині, ИДМ, АШМ, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының ЖАО.
5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
РҚАО-ның ескертпесі!
5-бөлімге өзгеріс енгізілмеді - ҚР Үкіметінің 05.02.2015 № 42 қаулысымен.
Бағдарлама кезеңдерге бөлінбей 2015 – 2019 жылдары іске асырылатын болады. Бағдарлама шеңберінде:
1) елдің аумақтық дамуын жетілдіру;
2) қоршаған ортаның жай-күйін, тұрғын үй қорын, коммуналдық және көлік инфрақұрылымын жақсартуды қоса алғанда, халықтың тұруына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету;
3) халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен тиімді және ұтымды қамтамасыз ету;
4) халық үшін тұрғын үй қолжетімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу бойынша міндеттерді шешу көзделген.
Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамытуды қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған осы міндеттер жоғары деңгейде урбандалған аймақтарды қарқынды дамытудың, халықтың тіршілігі үшін қолайлы ортаны қамтамасыз етудің, экономиканың әртүрлі салалары объектілерінің құрылысы үшін жаңа технологиялар және үлгілік жобаларға нормативтік-техникалық құжаттарды, сметалық-нормативтік базаны, технологиялық карталарды әзірлеудің адамдар мен капиталдың перспективалық аудандар мен:
1) «бірінші деңгейдегі» қалалардың (орталықтары Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларындағы агломерациялардың);
2) «екінші деңгейдегі» қалалардың (облыс орталықтарының, Семей және Түркістан қалаларының);
3) «үшінші деңгейдегі» қалалардың (шағын және моноқалалардың);
4) тірек ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, ауылдық аумақтардың;
5) шекара маңындағы аумақтардың экономикалық өсу орталықтарында аумақтық шоғырлануын қамтамасыз ету негізінде жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламада көзделген міндеттерді шешуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін жобаларды қайтарымды қаржыландыру, оның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қоры» акционерлік қоғамы арқылы қайтарымды қаржыландыру тетіктері қолданылатын болады.
1. «Бірінші деңгейдегі» қалаларды (орталықтары Астана, Алматы,
Шымкент және Ақтөбе қалаларындағы агломерацияларды) дамыту
Қалалық агломерацияларды дамыту бойынша міндеттерді іске асыру:
1) республикалық және өңірлік нарықтарда қалалық агломерацияларды экономикалық позициялау;
2) инновациялық технологияларды пайдалана отырып, қалалық агломерациялар инфрақұрылымдарын үйлестіре дамыту;
3) қалалық агломерацияларды дамытудың аумақтық, қала құрылысы және институционалдық саясатын жетілдіру бағыттары бойынша жүзеге асырылады.
1. Республикалық және өңірлік нарықтарда қалалық агломерацияларды экономикалық позициялау.
Осы бағыт шеңберінде әлемдік бизнес үшін олардың тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Астана, Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларының кәсіпкерлік ахуалын жақсартудың және имиджін жаңартудың нысаналы саясаты жүзеге асырылатын болады.
Осы агломерациялардың жоғары ұйымдастырылған шоғырлану ортасын құру және олардың жаңа рөлде қалыптасуы үшін:
1) агломерацияларда және оларға жақын аумақтарда:
жалпыұлттық және перспективада, Орталық Азиялық дистрибуцияның (сауда және көрсетілетін қызметтер);
перспективада өңірдегі ең ірі сауда-логистикалық орталықтарды (мысалы, Сингапур, Гонконг), авиатранзит орталықтарын («хабтар») қалыптастыра отырып, көлік-логистикалық және процессинг қызметтерінің;
технологиялық трансферттер: жалпы стандартты технологиялардың импорты, ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарланған жетекші шетел компанияларының процессинг орталықтарын ашудың (филиалдар, бірлескен ұйымдар);
инновациялық дамудың (Алматы қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» мысалында), яғни қалалық агломерациялардың белгілі бір экономикалық мамандандырылуы шеңберінде арнайы экономикалық аймақтарды, индустриялық парктерді, инновациялық өсу аймақтарын, өнеркәсіптік алаңдарды, технологияларды коммерцияландыру орталықтарын қалыптастырудың;
туристiк, рекреациялық және спорттық қызмет көрсету, ойын-сауық және бос уақыт қызметін көрсету орталығының;
азық-түліктік мамандандырылудың (азық-түлік белдеуі);
халықаралық қаржы орталығының көп функционалдық аймақтарын қалыптастыру көзделген;
2) ірі мемлекеттік жобаларды, оның ішінде қалалық агломерациялардың белгілі бір экономикалық мамандандырылуы шеңберінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) тетігі арқылы (мысалы, «Назарбаев Университетінің», «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының, G4 City серіктес қалаларының, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылысы сияқты және басқа да жобалар) іске асыру;
3) халықаралық ұйымдардың өкілдіктері мен кеңселерін, ең ірі трансұлттық компаниялардың филиалдарын қалалық агломерациялар орталықтарында орналастыруды ынталандыру;
4) мемлекеттік және салалық бағдарламаларда көзделген құралдарды қолдану («Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы», туризмді, көлік және коммуникацияны және басқаларды дамыту).
Белгіленген іс-шараларды іске асыру агломерациялар аймағына кіретін әкімшілік аумақтарды қамтуды көздейді, ол бір жағынан оларды дамытуға импульс болады, екінші жағынан басқаруды үйлестіру (өңірліктен жоғары реттеу), сабақтас өңірлердің біріккен іс-шараларын өткізу (кооперативтік жобалар) қажеттілігіне алып келеді.
2. Инновациялық технологияларды пайдалана отырып, қалалық агломерациялар инфрақұрылымдарын үйлестіре отырып дамыту
Осы бағыт шеңберінде оларды дамытудың негізгі тетіктерінің бірі ретінде агломерацияларды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Қалалық агломерациялардың инфрақұрылымын (ұзақ мерзімді жоспарлау арқылы) үйлестіре отырып дамытуда:
1) мыналарды:
көліктің жаңа жүрдек түрлерін (жүрдек рельсті көлік) енгізу;
қоғамдық көлікті басымдық дамыта отырып, агломерациялар шегінде қаламаңы және қалаішілік қатынас жүйелерін реконструкциялау арқылы ықпалдастырылған көлік жүйесі;
2) өндiрiстiк, энергетикалық, инженерлiк-коммуналдық, су шарушылық және озық инновациялық және технологиялық шешiмдерді қолдана отырып (әлемдiк үрдiстердi ескере отырып) әлеуметтiк инфрақұрылымды дамыту арқылы ықпалдастырылған көлік жүйесі;
3) мыналарды:
кең жолақты (цифрлық тепе-теңдік) қолжетімділіктің енгізілуін жоғары дәрежеде қамтамасыз ету;
желілердің (сымсыз технологиялар) таратылу және ауысуы мүмкіндігін қамтамасыз ету арқылы ақпараттық коммуникацияны;
4) мыналарды:
энергия және ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету;
«жасыл белдеулер» және саябақ аймақтарын дамыту;
экологиялық таза көлікті пайдалану;
өндірістерді қаладан тыс жерлерге шығару арқылы «жасыл экономиканы» құру;
5) тасқындарға, селдерге, көшкiндерге, жер сiлкiнiстерiне қарсы әрекет ету инфрақұрылымын сондай-ақ агломерациялардың өртке қарсы қорғанысын дамыту көзделетін болады.
3. Қалалық агломерацияларды дамытудың аумақтық, қала құрылысы және институционалдық саясатын жетілдіру.
Агломерацияларды үйлесімді дамыту үшін агломерациялық дамытуды әкімшілік-аумақтық басқару құралдарын жетілдіру жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Қазақстан Республикасының агломерациялық құрылымдарының әртүрлі әкімшілік-аумақтық ұйымдастырылуына байланысты, олар мемлекеттік басқару субъектілері арасындағы қатынастарды құрудың сараланған моделін талап етеді. Бұл ретте агломерацияны басқару модельдерін қалыптастырудың маңызы зор. Осыған байланысты:
1) Астана және Алматы агломерацияларына қатысты Астана, Алматы қалалары, Ақмола және Алматы облыстары әкімдіктерінің арасындағы шарттық қатынастардың негізінде, сондай-ақ Үкімет жанынан осы агломерациялардың дамуына жауапты комиссия құру арқылы басқаруды жүзеге асыру;
2) Шымкент, Ақтөбе агломерацияларына қатысты облыс әкімдіктері деңгейінде, сондай-ақ арнайы облыстық комиссия құру арқылы басқаруды жүзеге асыру көзделеді.
Агломерацияларды дамыту үшін:
1) тұжырымдамалық-әдіснамалық негіздерін әзірлей отырып, өңірлердің біріктірілген үш орталығы бойынша (орталық, оңтүстік, батыс) Қазақстан Республикасын аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын;
2) мыналарды:
агломерацияны дамытуда өңіраралық және салааралық мүдделерді үйлестіруді (өйткені, бұл бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікке қатысты);
агломерация аумағын неғұрлым нақты функционалдық аймақтарға бөлуді;
жерлерге түгендеу жүргізу, агломерацияны дамыту мақсатында аумақтарды резервте қалдыру арқылы ерекше қала құрылысын реттеу аймақтарын белгілеуді (тұрғын үй құрылысы, өнеркәсіптік алаңдар, магистральді инфрақұрылым, рекреация аймақтары, жасыл белдеулер және басқалар);
орталық-қаланың, қала маңының, тартылу аймақтарының инфрақұрылымдарын дамытуды үйлестіруді қамтамасыз етеді;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қала құрылысы кадастрының бiрыңғай жүйесін;
4) Үкіметтің қаулыларымен (Астана және Алматы агломерациялары бойынша) және облыстық мәслихаттардың шешімдерімен (Шымкент, Ақтөбе агломерациялары бойынша) бекітілетін агломерацияларды дамыту жөніндегі ұзақ мерзімді іс-шаралар жоспарларын әзірлеу көзделіп отыр.
Қала құрылысы саясатын жетілдіру бос аумақтарды игеру, сондай-ақ қазіргі алғышарттар (экономикалық-географиялық жағдай және табиғи-ресурстық әлеует) негізінде агломерациялардың тірек қаңқасын айқындау есебінен агломерациялар өзегінің аумақтық кеңістігінің өзгеруін ескере отырып, қалалардың және оның маңындағы елді мекендердің бас жоспарларын қайта қарауды көздейді.
2. «Екінші деңгейдегі» қалаларды (облыс орталықтарын, Семей және
Түркістан қалаларын) дамыту
«Екінші деңгейдегі» қалаларды (облыс орталықтарын, Семей және Түркістан қалаларын) дамыту оларды дамыту бағдарламалары шеңберінде мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) Кеден одағы мен Орталық Азия нарықтарында экономикалық позициялау;
2) инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын тиімді дамыту;
3) аумағын тиімді қала құрылыстық жоспарлау.
1. «Екінші деңгейдегі» қалаларды (облыс орталықтарын, Семей мен Түркістан қалаларын) Кеден одағы мен Орталық Азия нарықтарында экономикалық позициялау.
Жергілікті атқарушы органдар облыстардың ғылыми қоғамдастығымен бірлесіп, шеңберінде перспективалы экономикалық мамандандырулар анықталатын екінші деңгейдегі қалаларды брендингтеу бойынша маркетингтік зерттеулер жүргізетін болады.
«Екінші деңгейдегі» қалаларда жоғары ұйымдастырылған урбанистік өмір сүру ортасын құру және оларды жаңа рөлде қалыптастыру үшін:
1) екінші деңгейдегі қалаларда және оларға жақын аумақтарда:
өңіраралық дистрибуцияның (сауда және қызмет көрсету);
өңіраралық сауда-логистикалық орталықтарды қалыптастыра отырып, сауда-логистикалық және процессингтік қызметтердің;
инновациялық даму, яғни арнайы экономикалық аймақтарды, индустриялық парктерді, инновациялық өсу аймақтарын, өнеркәсіптік алаңдарды, «екінші деңгейдегі» қалаларды арнайы экономикалық мамандандыру аясында технологияларды коммерцияландыру орталықтарының;
туристік, рекреациялық және спорттық қызмет көрсету, ойын сауық және бос уақытқа қызмет көрсету орталықтарының («екінші деңгейдегі» қалалардың брендингі бойынша маркетингтік зерттеулер қорытындылары және жергілікті шарттарға байланысты);
азық-түліктік мамандандырудың (азық-түліктік белдеу) көп функционалдық аумақтарын құру;
2) «екінші деңгейдегі» қалаларды белгілі экономикалық мамандандыру аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы жобаларды іске асыру;
3) салалық және мемлекеттік бағдарламаларда көзделген құралдарды қолдану («Бизнестің жол картасы 2020», «Жұмыспен қамту 2020», туризмді, көлік пен коммуникацияларды және басқаларды дамыту) көзделетін болады.
2. «Екінші деңгейдегі» қалалардың (облыс орталықтарының, Семей және Түркістан қалаларының) инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын кешенді дамыту.
«Екінші деңгейдегі» қалалардың инфрақұрылымын кешенді дамыту:
1) Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың және ықпалдастырудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тиімді көлік жүйесін;
2) озық инновациялық және технологиялық шешімдерді (озық үрдістерді ескере отырып) қолдана отырып өндірістік, энергетикалық, инженерлік-коммуникациялық, су шаруашылығы және әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуды;
3) энергия тиімді экономиканы:
энергия және ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ету;
«жасыл белдеулер» мен орман-саябақ аймақтарын дамыту;
экологиялық таза көліктерді пайдалану;
экологиялық зиянды өндірістерді қала сыртына шығару арқылы құруды;
4) агломерацияларды тасқындарға, селдерге, көшкіндерге, қар көшкіндеріне, жер сілкіністеріне, сондай-ақ өртке қарсы қорғау инфрақұрылымдарын дамытуды көздейтін болады.
3. «Екінші деңгейдегі» қалалардың (облыс орталықтарының, Семей және Түркістан қалаларының) аумақтарын тиімді қала құрылыстық жоспарлау.
«Екінші деңгейдегі» қалаларды әлеуметтік-экономикалық дамыту оларға іргелес елді мекендерді дамытумен үйлестірілетін болады.
«Екінші деңгейдегі» қалаларды дамыту үшін:
1) облыстардың аумақтарын қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді схемаларын әзірлеу;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қала құрылысы кадастрының бірыңғай жүйесінің облыстық және базалық деңгейлерін әзірлеу;
3) Семей және Түркістан қалаларын дамыту бойынша бағдарламалық шараларды тиісті облыстардың бесжылдық кезеңге арналған даму бағдарламаларына енгізу көзделеді.
3. «Үшінші деңгейдегі» қалаларды (шағын және моноқалаларды) дамыту
Бағдарлама шеңберінде шағын және моноқалаларды дамыту бойынша міндетті шешу үш бағыт:
1) шағын және моноқалалардың брендингі, олардың кешенді дамыту жоспарларын әзірлеу;
2) шағын және моноқалаларда экономиканы әртараптандыру және кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары аясында шағын және орта бизнесті дамыту;
3) шағын және моноқалалардың инфрақұрылымын дамыту бойынша жүзеге асырылатын болады.
Осы бағыттарды іске асыру үшін уәкілетті орган нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, орталық мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдар тарапынан шағын және моноқалаларды дамытуды қолдауды үйлестіру бойынша шаралар қабылдайтын болады.
Уәкілетті орган мен облыс әкімдерінің арасында Бағдарламада айқындалған шағын және моноқалаларды дамыту бойынша бірлескен шаралар туралы келісімдер жасалады.
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органның ұсынымдарына сәйкес шағын және моноқалаларды экономикалық әлеуеті жоғары, орташа және төмен қалаларға топтастыруды жүргізетін болады («Қазақстан Республикасының шағын және моноқалаларының тізбесі» деген 1-қосымша).
Бұл ретте мемлекеттік қолдау саясатының тетіктері моноқаланың әлеуетіне қарай әртараптандырылатын болады.
Экономикалық әлеуеті төмен шағын және моноқалаларға инфрақұрылымды өмір сүру сапасының ең аз қажетті деңгейінде ұстау үшін Бағдарламаның ағымдағы бюджеті шеңберінде қолдау көрсетіледі.
Әлеуеті орташа және жоғары шағын және моноқалаларға олардың әлеуетін жоғарылату мақсатында даму Бағдарламаның даму бюджеті аясында нысаналы қолдау көрсетілетін болады.
Бұдан басқа, агломерациялардың ықпал ету аймағына кіретін шағын және моноқалаларға, сондай-ақ шекара маңындағы аумақта орналасқандарға әлеуметтік-экономикалық әлеуетті дамыту бойынша ерекше қолдау көрсетілетін болады.
1. Шағын және моноқалалардың брендингі, олардың кешенді даму жоспарларын (бұдан әрі – КДЖ) әзірлеу.
Осы Бағдарламада «шағын және моноқала брендингі» деген шағын және моноқаланың аумағында қалыптастыру үшін әлеуетті ықтимал табысты және тиімді қызмет түрлерін анықтау құралдарын білдіреді.
Аталған бағыт шеңберінде жергілікті атқарушы органдар университеттерді не өзге ғылыми-зерттеу институттарын және орталықтарды тарта отырып, әрбір шағын қаланың даму перспективалары бойынша жүйелі диагностика мен маркетингтік зерттеулер жүргізеді, оның аясында экономиканың перспективалы жаңа мамандануы анықталады, имиджді жақсарту бойынша шаралар белгіленеді, экономикалық проблемаларды шешуде жеке және қоғамдық секторлардың күштері үйлестіріледі, қала брендін тұтынушылардың аса маңызды нысаналы топтары және сыртқы нарықтары және басқалар бағаланады.
Жүргізілген маркетингтік зерттеулер және қалалардың жүйелік диагностикалары негізінде жергілікті атқарушы органдар шағын және моноқалалардың КДЖ әзірлейтін болады.
КДЖ шағын қалалардың даму перспективаларын, халықтың болжамды санын және жаңа мамандануын (брендтерін) анықтаумен ұзақ мерзімде кезеңге әзірленеді.
КДЖ жоспарлы кезеңде республикалық және жергілікті бюджеттерден әрбір шағын және моноқаланы қаржыландыру көлемін анықтау үшін негіз болып табылады.
Шағын және моноқалалардың әлеуметтік, тұрғын үй және инфрақұрылымын дамыту бойынша КДЖ іс-шаралары халықтың перспективалы санына сүйене отырып және тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты әзірленуі тиіс.
Шағын қалалардың КДЖ-ын әзірлеу мынадай алгоритм бойынша жүргізіледі:
1) облыстардың әкімдіктері университеттерді немесе басқа да ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтарын тартумен шағын қала брендингінің перспективалары бойынша (әлеуметтік сауалнаманы өткізу арқылы) жүйелі диагностика мен маркетингтік зерттеу жүргізеді, олардың шеңберінде экономикалық әлеует, оның дамуына оң және кері әсерін тигізетін факторлар, сондай-ақ перспективалық жаңа мамандану анықталатын болады;
2) облыстардың әкімдіктері уәкілетті орган ұсынысының, брендинг перспективалары бойынша жүргізілген жүйелі диагностикасы мен маркетингтік зерттеулердің негізінде ұзақ мерзімді кезеңге әрбір шағын қаланың КДЖ-сын әзірлейді.
Шағын және моноқалалардың КДЖ-сын әзірлеу мерзімі – КДЖ-ны іске асырудың жоспарланған кезеңінің алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейін;
3) КДЖ-ды уәкілетті орган жанынан құрылған жұмыс тобы қарайды.
Жұмыс тобы әрбір КДЖ-ды егжей-тегжейлі зерделейді, пысықтау бойынша ұсынымдар береді және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету және кейін ВАК-тың қарауына енгізу үшін инвестициялық жобаларды іріктейді;
4) ВАК жұмыс тобының ұсыныстарын ескере отырып, ДБЖ-ды, сондай-ақ республикалық бюджет, даму институттары мен ұлттық компаниялар есебінен іске асыру үшін инвестициялық жобаларды мақұлдайды;
5) ВАК мақұлдаған КДЖ облыстық мәслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.
2. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары шеңберінде шағын қалалар мен моноқалаларда экономиканы әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту.
Осы бағыт шеңберінде шағын және моноқалалардың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлі» инвестициялық жобалар (индустрияландыру бағдарламалары құралдарын қоса алғанда) іске асырылатын болады.
Жергілікті атқарушы органдар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп әрбір шағын және моноқалада іске асыру үшін 1-3 «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іріктейді.
Шағын және моноқалалардың экономикалық әлеуетін дамыту мынадай бағыттар бойынша іске асырылатын болады:
1) шағын және моноқалаларда олардың ерекшелігін ескере отырып, ұлттық холдингтердің қосалқы және қызмет көрсететін өндірістерін, тапсырыстарын орналастыруы.
«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ жобаның қаржылық-экономикалық және өндірістік орындылығын, компанияның ерекшелігін ескере отырып, инвестициялық жобаларды шағын және моноқалаларда ықтимал іске асыру бойынша шаралар қабылдайды;
2) шағын және моноқалалардың ерекшеліктерін ескере отырып, қала құраушы кәсіпорындардың қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарын орналастыруы.
Жергілікті атқарушы органдар қала құраушы кәсіпорындармен бірлесіп, әрбір шағын және моноқалада оның мамандануына сәйкес кемінде бір инвестициялық жобаны іске асыру бойынша шаралар қабылдайды;
3) мына:
қолданыстағы мамандандыруды жаңғырту не жаңа мамандандыруды құру үшін стратегиялық инвесторды тарту арқылы шағын және моноқалаларда бұрынғы мамандандыруды қалпына келтіру.
Бағдарлама шеңберінде стратегиялық инвесторды тарту үшін индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган Инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қабылдайтын болады.
Бұдан басқа, әлеуеті төмен және орташа шағын және моноқалаларда инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыратын заңды тұлғаларға газға, электр энергиясына, жер учаскесін сатып алуға және ғимараттарды, құрылыстарды сатып алуға (салуға) жұмсалатын шығындардың орнын толтыру немесе бір бөлігін төлеу арқылы өнеркәсіптік жеңілдіктер ұсынылатын болады.
Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалану саласындағы уәкілетті органмен тікелей келіссөздер жүргізудің негізінде пайдалы қазбалардың игерілетін кен орнын пайдалану мерзімі шектеулі кәсіпорындарға жер қойнауын пайдалану құқығын беру:
1) шағын және моноқалаларға жақын орналасқан пайдалы қазбалардың перспективалы кен орындарын «Қазгеология» ҰК» АҚ-ның немесе кәсіпорынның шикізат базасын кеңейтуге мүдделі жеке инвесторлардың қатысуымен жете барлау бойынша шараларды айқындай отырып анықтау;
2) «тұйыққа тірелу» проблемаларын шешу, шағын және моноқалалардың транзиттік әлеуетін дамыту мүмкіндіктері қаралатын болады.
Жергілікті атқарушы органдар, көлік саласындағы уәкілетті орган «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесе отырып, тұйыққа тірелу проблемасын шешу үшін көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылдайтын болады.
3. Шағын және моноқалалардың инфрақұрылымын дамыту
Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру мақсатында шағын және моноқалалардың инфрақұрылымын дамыту қалаларды дамыту әлеуетінің дәрежесіне байланысты оларды дамытудың ұзақ мерзімді перспективалары ескеріле отырып жүзеге асырылады.
Осы бағыт шеңберінде агломерациялардың ықпал ету аймағындағы, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің орталықтары, көліктік-өнеркәсіптік орталықтар (тораптар) болып табылатын немесе туристік-рекреациялық әлеуеті бар әлеуеті жоғары және орташа шағын және моноқалалар халқының оңтайландырылған санына шаққанда тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын салуды және (немесе) реконструкциялауды басым қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.
ВАК одан әрі дамыту бойынша шешім қабылдаған әлеуеті жоғары және орташа шағын және моноқалалар бойынша инвестициялық жобалар бюджет заңнамасында бекітілген тәртіппен қаржыландырылады.
Бұл ретте, бірінші кезекте қала тыныс-тіршілігінің неғұрлым өткір мәселелері шешіледі (жылумен, сумен, электрмен, газбен жабдықтау, жолдар, авариялық және тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу, абаттандыру және экология).
Моноқалаларда мемлекеттің мұқтаждықтары үшін жер учаскелерінің алып қойылуына байланысты, жер учаскелері мен өзге де жылжымайтын мүліктер мәжбүрлеп алынған жағдайларда, Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша қоныс аударуға жататын азаматтар үшін тұрғын үй салу көзделеді.
Бұдан басқа, осы бағыт шеңберінде республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен мынадай іс-шаралар қаржыландырылатын болады:
1) көлік инфрақұрылымын жөндеу (қалаішілік жолдар, бөгеттер, дамбалар мен көпірлер);
2) коммуналдық шаруашылық: тұрғын үйлер қорын сақтау және қоқыс шығару, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар және мал қорымдары полигондарын жайластыру, жылыту жүйелерін жөндеу, балалардың аула ойын алаңдарын орнату;
3) елді мекендерді абаттандыру жөніндегі іс-шаралар.
4. Тірек ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, ауылдық аумақтарды дамыту
Ауылдық аумақтарды дамыту бойынша қойылған міндетке қол жеткізу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) аудан орталықтары мен тірек АЕМ-ді дамыту;
2) ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамыту;
3) даму әлеуеті жоғарғы және орташа басқа АЕМ-ді дамыту;
4) ауылдық жердің кадрлық әлеуетін арттыру;
5) жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау.
Өңірлік даму саласындағы уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен, орташа және жоғары елді мекендерді айқындау критерийлеріне сәйкес ауылдық аумақтардың ағымдағы жағдайын бағалау үшін жергілікті атқарушы органдар АЕМ-нің өндірістік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымына мониторингті жүзеге асырады және оның негізінде олардың даму әлеуеті айқындалатын болады.
Тірек АЕМ тізбесін өңірлік даму мәселелері жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен тірек ауылдық елді мекендерді айқындау әдістемесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдар айқындайды.
1. Тірек АЕМ-ді және аудан орталықтарын дамыту жеке кешенді даму жоспарларының негізінде жүзеге асырылады, оларда мынадай құрамдауыштар ескеріледі:
1) тірек АЕМ-дегі экономикалық қызметті дамыту.
Бұл құрамдауыш тірек АЕМ-де өндірістік саланы дамытуға, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өндірісті тұрақты жүргізу үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге, ауыл халқының табысын арттыруға бағытталған.
Бірінші құрамдауыш шеңберінде міндеттерді шешу қала құраушы кәсіпорындарды қалыптастыру, жұмыс істеп тұрған өндірісті кеңейту және жаңғырту, шағын және орта бизнесті дамыту үшін инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен жүзеге асырылады.
Инвестициялық жобаларды енгізу базалық қала құраушы өндірісті құруға мүмкіндік береді, ол тірек АЕМ-нің өндірістік әлеуетін дамытудың негізгі тетігі болып табылады, экономиканы көтеруге, экспорттық әлеуетті ұлғайтуға, қосымша жұмыс орындарын құруға ықпал етеді.
Шағын және орта бизнесті дамыту үшін тірек АЕМ-де ісін жаңадан бастайтын кәсіпкерлерге құқықтық, қаржылық және басқа да қызметтерді көрсету үшін кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылатын болады;
2) тірек АЕМ-нің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту.
Бұл құрамдауыш тұтастай алғанда, тірек АЕМ-де инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру арқылы ауылдық жерлерде тұратын халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
Инфрақұрылымдық жобалар мыналарды қамтиды:
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерін (сумен жабдықтау, кәріз, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау жүйелерінің объектілері) салу, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;
инженерлік-көліктік инфрақұрылымды (кентішілік және ауылішілік жолдар, кіреберіс жолдар, бөгеттер, тоғандар және көпірлер) салу, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу;
тұрғын үйлер салу және күрделі жөндеу, авариялық үйлерді бұзу;
елді мекендерді абаттандыру (көшелерді, саябақтарды, гүлзарларды жарықтандыру мен көгалдандыру, иесіз объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, шағын сәулет нысандарын, қоршауларды, балалардың ойын алаңдары мен спорт алаңдарын жайластыру);
3) тірек АЕМ-де көліктік қолжетімділікті дамыту.
Үшінші құрамдауыш өткізу және жабдықтау нарықтарына көліктік қолжетімділікті қамтамасыз ететін облыстық және аудандық маңызы бар, тірек ауылдар мен тірек АЕМ-нің тартылыс аймағына кіретін басқа да елді мекендердің арасындағы жолдарды дамытуға бағытталған.
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының желісін дамыту халықтың ұтқырлығы мен материалдық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді, көліктік шығындарды төмендету мен тасымалдауға кететін уақытты азайту есебінен ауыл экономикасының өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту және олардың техникалық жағдайын нормативтік талаптарға сәйкес келетін деңгейге жеткізу мақсатында мынадай жұмыс түрлері іске асырылатын болады:
салу және реконструкциялау;
күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу.
Бұл құрамдауыш іске асырылған жағдайда, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру тірек АЕМ-нің қызмет көрсету аясының оңтайлы шеңберінің аймағына кіретін елді мекендердің көліктік қолжетімділігін жақсартуға ғана бағытталатын болады;
4) мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтарын дамыту және құру.
Бүгінгі күні мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету орталықтары негізінен аудан орталықтары мен қалаларда орналасқан, бұл ауыл халқына, әсіресе шалғай аумақтарда қажетті көрсетілетін қызметтерді алуда қиындықтар туғызуда.
Бұл құрамдауышты іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде, сондай-ақ басқа да көздердің есебінен тірек АЕМ-де кепілдендірілген мемлекеттік, әлеуметтік және коммерциялық қызметтерге қолжетімділік мәселесін шешуге мүмкіндік береді, олар өз кезегінде ауылдық елді мекендердің белгілі бір тобына қызмет көрсететін болады.
Бұл құрауышты іске асыру:
1) халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімдерін, полицияның, азаматтық хал актілерін тіркеудің тірек пункттерін және басқаларын ашу арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету орталықтарын дамыту және құру;
2) екінші деңгейдегі банктердің, микрокредиттік ұйымдардың, ауылдық кредиттік серіктестіктердің, сақтандыру компанияларының, нотариустардың, сервистік-дайындау орталықтарының, техникалық қызмет станцияларының және басқалардың бөлімшелерін ашу есебінен қаржыландыру жеке инвесторлардың және басқа да көздердің есебінен жүзеге асырылатын коммерциялық қызметтерді көрсету орталықтарын дамыту және құру арқылы жүзеге асырылатын болады.
2. Ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдарды және кенттерді дамыту.
Осы бағытты іске асыру үшін облыстық іс-шаралар жоспарлары әзірленеді, оларда жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдау және кеңейту, орта және ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын құру, шағын және орта бизнесті, ауылдық инфрақұрылымдарды дамыту, тұрғын үй салу бойынша шаралар көзделетін болады.
Ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамыту бойынша облыстық іс-шаралар жоспарын әзірлеу кезінде табиғи-климаттық жағдайлар, АЕМ экономикалық бағыты, ауыл шаруашылығы өндірісінің мамандандырылуы, ауылдық инфрақұрылымның дамығандығы және басқалары ескерілетін болады.
Бұдан басқа, жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен бас жоспарларды әзірлеу немесе түзету қажет, олардың стратегиясы орта және ұзақ мерзімді перспективада болжанатын халық санын ескере отырып, әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталатын болады.
Агломерацияның аймағына кіретін АЕМ-нің бас жоспарларын және құрылыс салу схемаларын әзірлеу және түзету міндеттерін іске асыру оның стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасын аумақтық дамытудың өңіраралық схемаларын әзірлеумен қатар жүзеге асырылатын болады.
3. Даму әлеуеті жоғары және орташа басқа АЕМ-ді дамыту үшін аудандық іс-шаралар жоспарлары әзірленеді, оларда жұмыс істейтін кәсіпорындарды қолдау және дамыту, ұсақ тауарлы өндірістерді орта және ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына біріктіру, шағын және орта бизнесті дамыту, әлеуметтік инфрақұрылымның объектілерін нормативтік қамтамасыз етілуге жеткізу, ауылдық инфрақұрылымды қалыпты жағдайда ұстап тұру бойынша шаралар көзделетін болады.
Тірек АЕМ-ді және аудан орталықтарын кешенді дамыту жоспарларын өңірлік даму саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін облыстық мәслихаттар бекітетін болады.
Ауылдық округтердің орталықтарын, ауылдар мен кенттерді дамыту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарларын облыстық мәслихаттар бекітеді, ал даму әлеуеті жоғары және орташа басқа АЕМ-ді дамыту жөніндегі аудандық іс-шаралар жоспарларын облыстардың және аудандардың аумақтарын дамыту бағдарламаларына өзгерістер енгізу арқылы аудандық (қалалық) мәслихаттар бекітетін болады.
4. Ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін жоғарылату ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін дамытуға бағдарланған және ауылдық жерлерге жұмыс істеуге және тұруға келген әлеуметтік сала агроөнеркәсіптік кешен мамандарына көтерме жәрдемақы төлеу және тұрғын үймен қамтамасыз ету түрінде мемлекеттік қолдауды көздейді.
Осы бағытты мемлекеттік қолдау «Дипломмен ауылға» жобасының және облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларының шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
5. Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау АЕМ-ді дамытуға және ауыл халқының тыныс-тіршілігін жақсартуға бағытталған іс-шараларды айқындау бойынша ұсыныстар әзірлеуге халықтың өзін тартуға бағытталған.
Іс-шараларды іске асыру жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық қолдауы шеңберінде әлеуметтік-экономикалық дамудың экономикалық әлеуеті жоғары және орташа АЕМ-де ғана жүзеге асырылады.
Ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімдері жергілікті қоғамдастықтың жиналыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, онда бірінші кезектілігі мен өзектілігі негізге алына отырып (іс-шараларды «төменнен жоғары қарай» іріктеу қағидаты), іс-шараларды іріктеу бойынша ұсыныстар талқыланады және шешімдер қабылданады.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
1) білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, сумен жабдықтау, газбен жабдықтау объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу;
2) коммуналдық шаруашылық: көшелерді жарықтандыру және көгалдандыру, иесіз қалған объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтар және мал қорымдары полигондарын жайластыру, жылу жүйелерін жөндеу, балалардың аула ойын алаңдарын орнату;
3) көлік коммуникациялары: кентішілік жолдарды және көпірлерді күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, бағдаршамдар орнату;
4) ауыл шаруашылығы: су қоймаларын тазарту, иесіз қалған су техникалық құрылыстарын қалпына келтіру.
5) елді мекендерді абаттандыру жөніндегі іс-шаралар.
Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын қаржыландыру кезінде қолданыстағы мемлекеттік және салалық бағдарламаларды, облыстар мен аудандардың аумақтарын дамыту бағдарламаларын қаржыландыру тетіктері пайдаланылатын болады. Бұл ретте ауылдық аумақтарды дамыту бойынша барлық бюджеттік инвестициялық жобалар (бұдан әрі – БИЖ) кешенді дамыту жоспарлары мен іс-шаралар жоспарларына сәйкестігі тұрғысынан өңірлік даму саласындағы орталық уәкілетті органмен және басқа мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісілуі тиіс.
5. Шекара маңындағы аумақтарды дамыту
Қойылған міндетке қол жеткізу мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) шекара маңындағы аудандардың ірі қоныстарының әкімшілік маңыздылығын арттыру;
2) перспективалы елді мекендерді – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерін және оларды дамыту бойынша шараларды айқындау;
3) шекара маңы ынтымақтастығы елді мекендерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру;
4) шекара маңындағы аумақтардың экономикасын әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту.
Аталған бағыттарды іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шекара маңындағы ынтымақтастықтың инфрақұрылымын дамыту, өндірісті әртараптандыруды жүзеге асыру, шағын бизнестің қалыптасуын ынталандыру, жергілікті инвестициялық климатты жақсарту және әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту арқылы бекітілген мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, облыстардың аумақтарын дамыту бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Шекара маңындағы аудандардың ірі қоныстарының әкімшілік маңыздылығын арттыру.
Шекара маңындағы аумақтардың ірі қоныстарының әкімшілік маңыздылығын арттыру мақсатында:
1) көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, бар көліктік және транзиттік дәліздер арқылы жүк ағындарын ұлғайту;
2) туристік-рекреациялық объектілерді туристік инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) және пайдалану бойынша бірлескен кәсіпорындарды құру, туризм саласындағы өңірлік және шекара маңындағы ақпараттық жүйелерді дамыту және өзара іс-қимыл жасау;
3) өнеркәсіпті, жаңа технологияларға негізделген экспортқа бағдарланған және импорт алмастырушы өндірістерді дамыту, сауда және экспорт көлемдерін ұлғайту, озық басқарушылық тәжірибені енгізу бойынша шаралар қабылданатын болады.
2. Перспективалы елді мекендерді – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерін және оларды дамыту бойынша шараларды айқындау.
Осы елді мекендерде жаңа өндірістерді, тиісті көліктік инфрақұрылымды құру, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін жағдайлар жасалады.
Перспективалы елді мекендердің – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерінің тізбесін облыс әкімдіктері айқындайды және өңірлік даму саласындағы уәкілетті органмен келіскеннен кейін жергілікті атқарушы орган бекітеді.
Перспективалы елді мекендерді дамыту бойынша шаралар экономикалық белсенділіктің өсуін және ивестициялық тартымдылықты ынталандырудың әртүрлі тетіктері арқылы, оның ішінде қамтамасыз ететін инфрақұрылымды дамытуға арналған мемлекеттік инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады.
Перспективалы елді мекендерді – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерін дамыту мақсатында:
1) Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттеріне және басқа елді мекендерге еркін және жылдам жүруге мүмкіндік беретін шекара маңындағы жолдар торабын құру;
2) пайдалы қазбалардың трансшекаралық кен орындарын бірлесіп пайдалану, халықты жұмыспен қамту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың бар өндірістік қуаттарының жүктемесін арттыру;
3) перспективалы елді мекендердің – шекара маңы ынтымақтастығының тораптық нүктелерінің осы елді мекендердің әлеуметтік сыйымдылығын арттыру мақсатында әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
3. Шекара маңы ынтымақтастығы пункттерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру.
Осы бағыт шеңберінде дамыту көршілес мемлекеттермен шекара маңы ынтымақтастығының инфрақұрылымын бірлесіп салу және пайдалану жөніндегі шараларды қоса алғанда, оларды дамыту (шекарадан өту орындарын, бақылау-өткізу және кеден бекеттері және басқалар) жөніндегі шаралар қабылданатын болады.
Шекара маңы ынтымақтастығы пункттерінің инфрақұрылымын дамыту және жайластыру мақсатында:
1) кедендік және шекаралық инфрақұрылымды дамыту, шекарадан өту орындарын, бақылау-өткізу және кедендік бекеттерді, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, фитосанитариялық және басқа бақылау органдарын материалдық-техникалық жарақтандыру деңгейін арттыру;
2) шекаралық, кедендік, иммиграциялық, экологиялық, фитосанитариялық және бақылаудың өзге түрлерінің рәсімдерін жетілдіру;
3) өткізу қабілетін арттыру мақсатында Мемлекеттік шекарадан өткізуді ұйымдастырудың технологиялық схемасын жетілдіру;
4) экспорттық және импорттық операцияларды ресімдеу мерзімдерін қысқартуға ықпал ететін жағдайлар жасау, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерін электрондық құжат айналымы жүйесімен және автоматты сәйкестендіру жүйесімен жайластыру, кеден қоймалары мен терминалдарын жаңғырту бойынша шаралар қабылданатын болады.
4. Шекара маңындағы аумақтардың экономикасын әртараптандыру және шағын және орта бизнесті дамыту.
Шекара маңындағы аумақтардың экономикасын әртараптандыру мақсатында:
1) шекара маңындағы аумақтарда бар резервтер мен пайдаланылмайтын шаруашылық активтерді (айналымнан шығарылған тоқтап тұрған өндірістерді және басқаларды), пайдалы қазбаларды экономикалық айналымға тарту және бар инженерлік және көліктік инфрақұрылымды тиімді пайдалану;
2) өңірлерде бар ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді (егістіктер, оның ішінде суармалы, жайылымдар, шабындық, көпжылдық екпелер, тыңайған жерлер) экономикалық айналымға тарту;
3) мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы саласындағы ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуіне, оны дайындауды және сақтауды ұйымдастыруға бағытталған нақты жобаларды іске асыру;
4) халықты жұмыспен қамту үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың бар өндірістік қуаттарының жүктемесін арттыру;
5) шекара маңындағы аумақтардың шаруашылық субъектілері арасындағы өңіраралық өзара тиімді байланыстарды белгілеу, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы кооперациясы, құрылыс, қаржы, технологиялармен алмасу салаларына және заңнамаға және іргелес мемлекеттердің шекара маңындағы аумақтарының режимдеріне қайшы келмейтін басқа салаларға инвестициялар тарту мақсатында шарттар жасасу;
6) іргелес елдердің озық технологияларын, заманауи машиналары мен жабдықтарын пайдалану арқылы шекара маңындағы сауданы, шағын және орта бизнесті дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Іс-шараларды қаржыландыру көзделген бағдарламалық құжаттар шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен, сондай-ақ жеке инвестицияларды тарту есебінен жүзеге асырылады.
Көрсетілген бағыттар бойынша шекара маңын дамытуды мемлекеттік қолдау мемлекеттік және салалық бағдарламалар, сондай-ақ облыс аумақтарын дамыту бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
Экономикалық өсу орталықтарын дамыту жөніндегі іс-шараларды мемлекеттік қолдау басымдықтары
1-басымдық. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту (электрмен, жылумен, газбен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері)
Қаржыландыру басымдығы уәкілетті органда іріктеуден өткен инженерлік инфрақұрылымдар объектілерін салу және реконструкциялау бойынша БИЖ Бағдарлама шеңберінде қаржыландыруға жатады.
Осы басымдық бойынша газбен, жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін дамыту тетіктері осы Бағдарламаға 2-қосымшада көрсетілген.
2-басымдық. Қолжетімді тұрғын үй салу
Бағдарлама шеңберінде мынадай негізгі бағыттар көзделген:
1) Жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй.
2) ҚТҮҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй:
халықтың барлық санаттары үшін;
жас отбасылар үшін.
3) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның тұрғын үйі.
4) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үйі.
5) Авариялық тұрғын үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобалар шеңберіндегі тұрғын үй.
6) Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу.
Аталған басымдықтың тұрғын үй құрылысын жүзеге асыру тетіктері осы Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетілген.
3-басымдық. Тұрғын үй қорын жаңғырту (терможаңғырту)
Тұрғын үй қорын жаңғырту тетігі осы Бағдарламаға 4-қосымшада көрсетілген.
4-басымдық. Ірі өңірлік индустрияландыру жобаларына, АӨК-ке, туризм саласының және энергияның балама көздеріне арналған инфрақұрылымды дамыту
Аталған басымдық шеңберінде Бағдарлама қаражаты есебінен қаржылық қолдау көрсетудегі артықшылық республика және өңірлер үшін ең жоғарғы мультипликативтік әсерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін БИЖ-ге беріледі.
Ірі бизнес-жобаларды іске асыру үшін инженерлік-көліктік инфрақұрылымды (жолдарды, кәріздерді, газдандыру, жылумен жабдықтау, су құбырларын, теміржол тұйығын, қосалқы электр станцияларын, электр желілерін, жер суландыру жүйелерін) салу және жеткізу бойынша БИЖ-дер қаржыландыруға жатады.
Инфрақұрылымды салу және жеткізу бірнеше бизнес-жобаны қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.
Бағдарлама шеңберінде балама энергия көздерінің инфрақұрылымын дамытуға қаржы бөлу электр және/немесе жылу энергиясын жаңғыртылатын энергия көздерінен (су ағыны, жел, күн энергиясы және басқалар) гибридті қондырғыларды қоса алғанда, өндіру үшін қондырғылар алуға және құруға бағытталатын болады, олар:
1) шаруа қожалықтарына - коммуналдық және өндірістік мақсаттар үшін электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында;
2) агломерация аймағындағы АЕМ-ге негізгі және/немесе резервтік энергия көзі ретінде;
3) вахталық (уақытша) кенттерге;
4) туристік-рекреациялық әлеуеті бар жерлерге арналған.
5-басымдық. Қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту
Аталған басымдық бойынша қаржы бөлу қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға және энергия тиімділігін арттыруға арналған, оның ішінде:
1) қалдықтарды тиімді кәдеге жарату бойынша;
2) атмосфералық ауаның жағдайын жақсарту бойынша;
3) энергия үнемдеу және экологиялық (жасыл) кешенді технологияларды салынып жатқан және қолданыстағы коммуналдық тұрғын үй қорына енгізу бойынша БИЖ-ге бағытталатын болады.
Бұл ретте БИЖ-ді іріктеу осы Бағдарламаның, сондай-ақ қолданыстағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму, су ресурстарын дамыту бағдарламаларының, Индустрияландыру картасының, қалалар мен елді мекендердің бас жоспарларының, «жасыл экономика» Тұжырымдамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
6-басымдық. Көлікке қолжетімділікті арттыру және агломерацияларда тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін жағдай жасау
Агломерацияларда іске асырылатын мынадай:
1) агломерациялық құрылым ішіндегі жол торабын дамыту бойынша;
2) облысішілік көліктік коммуникацияны салу және жаңғырту бойынша БИЖ қаржыландыруға жатады.
Бұл ретте БИЖ-ді іріктеу осы Бағдарламаның, сондай-ақ қолданыстағы үдемелі индустриялық-инновациялық даму, су ресурстарын дамыту бағдарламаларының, Индустрияландыру картасының, қалалар мен елді мекендердің бас жоспарларының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
7-басымдық. Ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін дамыту
Ауылдық жерлердің кадрлық әлеуетін дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
8-басымдық. Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының негізінде жергілікті бюджеттің шығыстар базасына енгізілген жалпы сипаттағы трансферттер шеңберінде жүзеге асырылады.
Осы басымдық бойынша қаржыландыру тетігі мен қатысушылардың өзара іс-қимылы осы Бағдарламаға 5-қосымшада көрсетілген.
Жергілікті атқарушы органдар ұсынған жоғарыда көрсетілген басымдықтар шеңберінде іс-шараларды іске асыру бойынша БИЖ-ді жұмыс органы қараған кезде артықшылық жобаға мынадай критерийлер негізінде беріледі:
1) БИЖ-ді іске асырудан бюджеттік инвестициялар бірлігіне шаққандағы жиынтық әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің мыналарда көрсетілген мөлшері:
өңірде құрылған уақытша/тұрақты жұмыс орындарының саны;
өндіріс көлемінің өсуі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көрсетілетін қызметтер);
өңірлік бюджетке салықтық түсімдердің ұлғаюы;
БИЖ-ді іске асырудан пайда алушылардың саны;
коммуналдық, инженерлік және рекреациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу деңгейінің артуы;
қозғалыс жылдамдығының ұлғаюы және жол жүру уақытының азаю;
2) жобаны іске асырудан жиынтық экологиялық тиімділіктің мыналарда көрсетілген мөлшері:
зиянды заттарды атмосфераға шығаруды азайту;
ластағыш заттарды төгу деңгейін азайту;
өңделетін қалдықтардың үлесін арттыру;
энергия үнемдейтін технологияларды енгізу;
3) БИЖ-ді іске асыруға бағытталған бөлінетін бюджет қаражаты көлемінің коммерциялық жобаны іске асыруға бағытталған жеке инвестициялар көлеміне қатынасы;
4) жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру үлестері.
Достарыңызбен бөлісу: |