Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050»



бет3/9
Дата23.02.2016
өлшемі1.36 Mb.
#11356
1   2   3   4   5   6   7   8   9

(2011 – 2013 жылдары)

 

      Осыған байланысты, ауылдық аумақтарды дамытудың ортақ проблемаларын шешумен қатар, ауыл халқының анағұрлым жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз ете отырып, тірек АЕМ-ді кешенді дамытудың жаңа кезеңін бастау қажет.
      Тірек ауылдарды дамыту үшін Беларусь Республикасының ауылдық аумақтарының даму тәжірибесі зерделенді.
      Беларусь Республикасында Ауылды жаңғырту мен дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды, ол ауылды басым әлеуметтік-экономикалық дамыту және агроөнеркәсіптік кешен жұмысының тиімділігін арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған.
      Осы Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаттары мен міндеттері мыналар болды:
      1) Беларусь ауылдарының әлеуметтік және өндірістік саласын жаңғырту және дамыту, ауыл шаруашылығы өндірісін орнықты жүргізу үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
      2) ауыл халқының табысын жоғарылату, ауылдық жерде тұру беделдігі және ауылда демографиялық жағдайды жақсарту үшін негіздер құру;
      3) ауыл шаруашылығы өнімін және азық-түлігін ішкі нарыққа және экспорттық ресурстарды қалыптастыру үшін жеткілікті көлемде тиімді өндіруді қамтамасыз ету.
      Агроқалашықтар ауылдағы әлеуметтік стандарттардың жүргізушілері болып айқындалды.
      Осы құжатта агроқалашық ауыл кенттерінің сапалы түрде жаңа түрі ретінде айқындалған: агроқалашық – халқының саны, әдетте, мың адамнан аз абаттандырылған елді мекен, онда тұрып жатқан халықты және іргелес аумақтардың тұрғындарын әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құралатын болады.
      Агроқалашықтар аумағы тарихи қалыптасқан әкімшілік құрылым болып табылатын базалық деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірліктердің негізінде құралады. Бағдарламаны іске асыру барысында агроқалашықтар екі топқа бөлінген. Біріншісі – толыққанды қонысты құру бағыты алынып, бұрыннан және жүйелі түрде іске асырылып жатқан қоныстар. Бұл жерде әртүрлі түрлендіру мен жетілдіру жоспарлы сипатқа ие және төтенше, радикалды болып қабылданбайды. Агроқалашық мәртебесіне ие болу үшін басқа қоныстар көптеген тұрғыдан айтарлықтай өзгеруі тиіс. Бұл жағдайда елеулі қаржылай салымды талап ететін айқын көрінетін және түбегейлі жаңалықтар қажет.
      Беларусь Республикасында қол жеткізілген оң нәтижелер Қазақстан Республикасының жаңа өңірлік саясатын іске асыру шеңберінде тірек АЕМ-ді дамытуда ұқсас тәсілдер мен құралдарды қолдануды өзекті етеді.

      Шекара маңындағы аумақтар



      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының құрлықтағы жалпы ұзақтығы 13394 км құрайды. Республикада 12 шекара маңындағы облыс, 62 шекара маңындағы аудан және олардың аумақтарында орналасқан 1297 елді мекен бар.
      Бұл мән-жайлар даму және осындай жағдайға байланысты барлық артықшылықтарды пайдалану өзектілігінің жоғары деңгейін және осыдан туындайтын кемшіліктерді ескеру және нивелирлеу қажеттілігін болжайды.
      Еліміздің оңтүстік өңірлерінде іргелес елдердің шекара маңы аумақтарының қалың қоныстануына, сондай-ақ дамыған инфрақұрылымның көліктік қолжетімділік пен шекара маңы саудасының болуына байланысты елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетінің серпінді өсуі үшін барлық алғышарттар бар.
      Экономикасы өтпелі елдер үшін олардың шекара маңында орналасуы «әлеуеттер әртүрлілігі» жағдайында – ең арзан жұмыс күші және көліктік шығындары төмен кезінде инфрақұрылым сияқты бәсекелі артықшылықтары бар аумаққа өндірісті көшіруге мүдделі анағұрлым дамыған көршімен шекаралас орналасуы (мысалы, АҚШ шекарасындағы Мексиканың Сонора штаты, Чехия, Мажарстан шекаралары ЕО ескі елдерімен) экономикалық тұрғыдан өте тиімді. Алайда дамыған елдермен шекаралас болғанның өзінде егер институционалдық орта инвестициялар үшін қолайсыз болса, шекара маңы әсері нашар болады (мысалы, Ресейдің солтүстік-батыс шекарасы және ЕО).
      Қазақстан мен Ресей шекарасында «әлеуеттің әртүрлілігі» жоқ, Ресейдің көршілес өңірлерінде де Қазақстан өңірлері сияқты дамудың анық артықшылығы жоқ. Қазақстанның батыс облыстарында және Тюмень облысында жан басына шаққандағы жоғары ЖӨӨ статистикалық көлем болып қалуда, мұнай-газ табыстарының басым бөлігі орталық бюджетке орталықтандырылады, бұл жылдам дамуға және өңірлерде жаңа жұмыс орындарын құруға кедергі жасайды. Орташа немесе нашар дамыған өңірлердің шекара маңы өзара іс-қимылы көп емес немесе алмасудың аз номенклатурасына, көлеңкелі сауданың қомақты үлесіне ие.
      Еліміздің оңтүстік-шығысындағы шекара маңындағы өңірлерінде көршілес мемлекеттер экономикасының қарқынды өсуі, халықтың қалаларға кетуі және елеулі аумақтардың депопуляциясы, көршілес мемлекеттердің тарапынан шекара маңындағы өңірлерге демографиялық қысым сияқты жағымсыз факторларды күшейтті.
      Айталық, 2000 жылы Қытайда «Батысты кең ауқымды дамыту стратегиясы» бағдарламасы қабылданды. Қытайдың алдағы жылдарға экономикалық дамуының ресми ұраны «Тұрақты Шығыс, дамып келе жатқан Батыс» деп жария етілді. 2000 – 2009 жылдары Батыс Қытайда жалпы ішкі өнім (бұдан әрі – ЖІӨ) жыл сайын орташа есеппен 11,9 %-ға өсті, бұл ел бойынша орташа деңгейден артты. 2009 жылы ел әлемдік қаржылық дағдарыс кезінде қиын кезеңдерді бастан өткізгеннің өзінде мемлекетте қарқынды даму үрдісі сақталды. Батыс Қытайда елдің шығыс бөлігіне5 қарағанда, ЖІӨ 2,8 %-ға жоғары болды. Бұл ретте, Шығыс Қазақстан облысында халық санының депопуляциясы байқалады, 2003 жылы 1466 мың адамды құраса, 2013 жылы халық саны 1394 мыңға дейін төмендеді.
      Сонымен қатар, Қытаймен серпінді дамып келе жатқан тауар айналымы, халықаралық шекара маңындағы сауда орталықтарын құру, басқа елдерге шығумен республика аумақтарының ішіне қарай көлік байланыстарын дамыту жөнінде қабылданған шаралар, үлкен туристік әлеует осы өңірлердің экономикасын дамыту үшін алғышарттар жасайды.
      Көліктік қолжетімділік жоғары болғандықтан, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 12 ресейлік және 7 қазақстандық өңір орналасқан шекара маңындағы аумақтарының жоғары ықпалдасуы байқалады.
      Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша даму деңгейі жоғары шекара маңындағы өңірлерге Шығыс Қазақстан (шекара маңындағы ресейлік аймақ) және Атырау облыстары, дамыған өңірлерге – Оңтүстік Қазақстан облысы, орташа дамыған өңірлерге – Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан (шекара маңындағы қытайлық аймақ), Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстары, даму деңгейі төмен өңірлерге – Қызылорда облысы жатады.
      Осыған байланысты, ауылдық аумақтарды дамытудың жалпы проблемаларын шешумен қатар, әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шекара маңындағы аумақтарды кешенді дамытудың жаңа кезеңін бастау қажет.
________
5 Елдің батысын игеру стратегиясы шегінде мына мегажобалар ең маңызды болып саналады: су ресурстарын оңтүстіктен солтүстікке қарай бұру; Цинхай-Тибет теміржолы; «Батыс-Шығыс» газ құбыры; батыс және шығыс өңірлері арасындағы электр беру желісі. Сондай-ақ Қытайдың батыс өңірлерінің топырақ құнарлығы қалпына келтіріліп жатқан егін егетін жерлерінің орман-шөп жамылғысын қалпына келтіруді көздейтін кең ауқымды және қымбат тұратын экологиялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

4. Бағдарламаны іске асыру мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

4.1. Бағдарламаның мақсаты

      Елдің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру, экономикалық өсу орталықтарында халықтың және капиталдың шоғырлануын ынталандыру арқылы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту үшін жағдайлар жасау.



4.2. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

Индикатор атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

1. Агломерациялар халқының саны, мың адам

Барлығы

5 894,6

5 999,1

6 106,2

6 215,8

6 328,2

Астана

964,2

992,6

1 021,9

1 052,1

1 083,2

Алматы

2 763,9

2 820,8

2 879,3

2 939,2

3 000,8

Шымкент

1 567,8

1 581,1

1 594,4

1 607,9

1 621,5

Ақтөбе

598,7

604,6

610,6

616,6

622,7

2. Жан басына шаққанда негізгі капиталға инвестициялар (Бағдарлама шеңберінде), мың теңге

«бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар)

20,7

22,7

25,2

30,2

30,9

«екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары)

32,4

37,1

36,9

43,0

45,5

«үшінші деңгейдегі» қалалар (шағын және моноқалалар)

21,9

23,4

30,3

31,6

33,0

тірек АЕМ және шекара маңындағы аумақтарды қоса алғанда, ауылдық аумақтар

24,0

24,2

27,2

30,2

31,2

3. Жаңғыртылған желілердің үлесі, оның ішінде, жылумен, электрмен және газбен жабдықтау (%), оның ішінде:

«бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар)

Астана

19,94

20,0

21,05

22,0

22,5

Алматы

0,33

0,45

0,5

0,6

0,7

Шымкент

11,8

12,2

12,9

13,1

14

Ақтөбе

10,1

11

11,9

12,4

13,2

«екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары)

7,8

8,4

9,05

9,9

10,5

«үшінші деңгейдегі» қалалар (шағын және моноқалалар)

5,5

6,1

6,9

7,3

7,9

ауылдық аумақтар, оның ішінде шекара маңындағы аумақтар

4,9

5,2

6

6,7

7,15

4. Орталықтандырылған сумен жабдықтауға және су бұруға қолжетімділік (%)

«бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар), оның ішінде:

сумен жабдықтау

81

85

87

91

94

қалалар

85

88

92

96

100

АЕМ

51,5

55,5

69

75

80

су бұру

52

57

64

70

77

қалалар

77

82

87

94

100

АЕМ

12

13

15

18

20

«екінші деңгейдегі» қалалар (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары)

сумен жабдықтау

90

92

94

96

100

су бұру

77

82

87

94

100

«үшінші деңгейдегі» қалалар (шағын және моноқалалар)

сумен жабдықтау

87

92

94

96

100

су бұру

77

82

87

94

100

Тірек АЕМ және шекара маңындағы аумақтарды қоса алғанда, ауылдық аумақтар

сумен жабдықтау

51,5

55,5

69

75

80

су бұру

12

13

15

18

20

4.3. Міндеттер

      Бағдарламаның 2020 жылға дейінгі алдағы кезеңге арналған мақсаттарына қол жеткізу мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылатын болады:


      1) елдің аумақтық дамуын жетілдіру;
      2) қоршаған ортаның жай-күйін, тұрғын үй қорын, коммуналдық және көлік инфрақұрылымын жақсартуды қоса алғанда, халықтың тұруына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету;
      3) халықты ауыз сумен және су бұру қызметтерімен тиімді және ұтымды қамтамасыз ету;
      4) халық үшін тұрғын үй қолжетімділігін одан әрі арттыруды қамтамасыз ететін тұрғын үй құрылысын дамыту проблемаларын кешенді шешу.

4.4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде өңірлік дамуға және әлеуетті өсуді жандандыру бойынша өңірлік бастамаларды ілгерілетуді қаржылай қолдауды ұлғайту көзделіп отыр.

      «Бірінші деңгейдегі» қалалар (агломерациялар)



Көрсеткіштің атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

1. Жаңғыртылған желілердің ұзындығы (км), оның ішінде

1) жылумен жабдықтау, барлығы

161,2

98,1

18,1

19,2

21,5

Астана

77,2

1,3

3,5

3,7

4

Алматы

75,93

84,22

5,7

6,1

6,7

Шымкент

5,2

5,1

5

5,3

6,5

Ақтөбе

2,91

7,48

3,9

4,1

4,3

2) электрмен жабдықтау, барлығы

1345,3

1128,1

1185,3

1199,0

1080,0

Астана

125

129

212

200

150

Алматы

320

350

382

320

320

Шымкент

631,3

297,12

195,3

269

200

Ақтөбе

269

352

396

410

410

3) газбен жабдықтау, барлығы

2165,0

1365,0

1422,0

1421,0

1405,0

Астана

-

-

-

-

-

Алматы

425

365

315

400

400

Шымкент

1115

468

849

700

700

Ақтөбе

625

532

258

321

305

4) сумен жабдықтау, барлығы

399,0

428,0

548,0

605,0

591,0

Астана

102

95

138

162

164

Алматы

219

230

284

248

264

Шымкент

0

0

0

80

46

Ақтөбе

78

103

126

115

117

5) су бұру, барлығы

127,0

137,0

155,0

177,0

176,0

Астана

42

27

45

59

68

Алматы

48

51

63

74

72

Шымкент

0

16

20

16

12

Ақтөбе

37

43

27

28

24

2. Қалалық сумен жабдықтау және су бұру желілеріндегі авариялылықты азайту, желілердің 1 километріне есептегенде авариялар саны, оның ішінде:

1) сумен жабдықтау, барлығы

0,39

0,35

0,31

0,28

0,24

Астана

0,8

0,7

0,6

0,5

0,4

Алматы

0,24

0,22

0,21

0,2

0,2

Шымкент

0,17

0,17

0,16

0,15

0,15

Ақтөбе

0,35

0,3

0,275

0,25

0,2

2) су бұру, барлығы

0,21

0,20

0,19

0,17

0,16

Астана

0,16

0,15

0,14

0,13

0,12

Алматы

0,14

0,13

0,13

0,12

0,11

Шымкент

0,14

0,13

0,12

0,11

0,11

Ақтөбе

0,40

0,38

0,35

0,33

0,30

3. Қалаларда су қоймаларына ағызу кезінде нормативтік тазартылған ағын судың үлесі (%), оның ішінде:

Астана

100

100

100

100

100

Алматы

71,4

73,95

76,5

79,05

81,65

Шымкент

89

89

89,5

92

92

Ақтөбе

76,5

79

80

82,5

84,5

4. Агломерацияларда тұрғын үйді іске қосу (оның қала маңындағы аймағын қоса алғанда)*, (мың шаршы м.)

барлығы, оның ішінде:

3 238,5

3 275,8

3 118,4

3 084,1

3 322,4

Астана

1 294,4

1 310,1

1 285,7

1 310,7

1 329,4

Алматы

981,0

988,4

938,7

904,3

1 011,7

Шымкент

449,0

463,3

425,1

414,9

436,1

Ақтөбе

514,2

514,0

468,9

454,2

545,2

*тұрғын үй-құрылыс бағыты бөлігінде тұрғын үйді іске қосу көрсеткіштері осы Бағдарламаға 3-қосымшада көрсетілген

5. Агломерацияларда күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесін азайту (%), оның ішінде:

 13,5

13,5

12,5

10,5

9

Астана

6

6

4

1

0

Алматы

56

56

54

50

47

Шымкент

49

49

47

43

40

Ақтөбе

28

28

26

22

20

6. Экономиканың әртүрлі салалары объектілерінің құрылысы үшін жаңа технологиялар және үлгілік жобаларға технологиялық карталарды, сметалық-нормативтік базаны, нормативтік-техникалық құжаттарды, қала құрылысы құжаттамасын жетілдіру (бірлік), оның ішінде:

1) Қазақстан Республикасын аумақтық дамытудың өңіраралық схемалары



2

1





2) агломерациялар аумағын дамытудың өңіраралық схемалары

2



2





3) агломерациялардың орталық қалаларының бас жоспарлары

3

-

-

1

-

4) шағын қалалардың бас жоспарлары

-

3

2

4

-

5) АЕМ бас жоспарлары мен құрылыс салу схемалары

116

65

66

69

55

6) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сметалық-нормативтік құжаттарды әзірлеу*

45

48

45

42

42

7) құрылыс өндірісінің жаңа технологиялары бойынша технологиялық карталарды әзірлеу*

20

40

40

40

40

8) үлгілік жобаларды әзірлеу*

83

49

-

-

-

9) нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлеу және қайта өңдеу*

49

-

-

-

-

*әзірленген құжаттамалар бойынша көрсеткіштер «екінші деңгейдегі», «үшінші деңгейдегі» қалаларға, ауылдық және шекара маңындағы аумақтарға бірыңғай

7. Аумақтарды дамыту және ұтымды жайластыру

Жобаларды әзірлеу және іске асыру (бірлік)

8

11

11

25

21

      

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет