құрылысын дамыту жөніндегі шаралар туралы
Құрылыс материалдарының өнеркәсібі экономиканың ірі құрамдас бөлігі болып табылады және құрылыс үшін материалдық негіз бола отырып, экономиканың басқа салаларындағы өсу қарқынына және тұтастай алғанда, қоғамның әлеуметтік жағдайына айтарлықтай әсер етеді.
Құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі бағдарламада жиналмалы-қаңқалы үй құрылысынан басқа тұрғын үй құрылысының мерзімдерін қысқарту және құнын төмендету мақсатында басымдық ретінде ірі панельді үй құрылысын дамыту көзделген.
Өңірлерде мемлекеттің қаражаты есебінен тұрғын үйлерді іске қосу көлемдерін негізге ала отырып, осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде үй салу комбинаттарының оңтайлы саны, өте тиімді технология, өндірістің қуаты, қаржыландыру схемасы мен құрылымы, оның ішінде «Өнімділік 2020» бағдарламасының құралдары немесе әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (бұдан әрі – ӘКК) жарғылық капиталына кіру есебінен қаржыландыру айқындалатын болады.
Тұрғын үй құрылысының бағыттары
Бағдарлама аясында тұрғын үй құрылысының мынадай негізгі бағыттары көзделеді:
1. ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй
2. ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй:
1) халықтың барлық санаты үшін;
2) жас отбасылар үшін.
3. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «ҚИК» ИҰ» АҚ) тұрғын үйі:
1) сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй;
2) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.
4. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ) тұрғын үйі.
5. Авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберіндегі тұрғын үй.
6. Жеке меншік тұрғын үй.
Бағыттар бойынша тұрғын үй құрылысын іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері
мың шаршы метр
Тұрғын үйді іске қосу
|
2015
жыл
|
2016
жыл
|
2017
жыл
|
2018
жыл
|
2019
жыл
|
1. «Бірінші деңгейдегі» қалаларда (агломерациялар, оның қала маңындағы аймағын қоса алғанда) барлығы, оның ішінде:
|
3238,5
|
3275,8
|
3118,4
|
3084,1
|
3322,4
|
1) ҚТҚЖБ желісі бойынша халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй
|
118
|
120,6
|
130,9
|
137,9
|
137,5
|
2) ЖАО кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй
|
62,5
|
65,7
|
72,4
|
16,6
|
76,4
|
3) ҚТҚЖБ желісі бойынша жас отбасыларға арналған тұрғын үй
|
77,8
|
86
|
84
|
82,7
|
81,5
|
4) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның тұрғын үйі
|
264
|
231
|
125
|
83
|
98
|
5) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үйі
|
84,0
|
84,0
|
84,0
|
84,0
|
84,0
|
6) Астана қаласында авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберіндегі тұрғын үй
|
25,0
|
30,0
|
40,0
|
40,0
|
40,0
|
7) жеке меншік тұрғын үй
|
2 607
|
2 658,5
|
2 582,0
|
2 639,9
|
2 805,0
|
2. «Екінші деңгейдегі» қалаларда (облыс орталықтары, Семей және Түркістан қалалары) барлығы, оның ішінде:
|
2404,6
|
2532,0
|
2873,8
|
3060,4
|
3489,1
|
1) ҚТҚЖБ желісі бойынша халықтың барлық санаттарына арналған тұрғын үй
|
183,1
|
192,1
|
214,4
|
234,2
|
250,8
|
2) ЖАО кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй
|
91,9
|
86,9
|
101,4
|
157,8
|
112,5
|
3) ҚТҚЖБ желісі бойынша жас отбасыларға арналған тұрғын үй
|
99,8
|
101,6
|
100,3
|
101,7
|
103,7
|
4) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның тұрғын үйі
|
210,0
|
177,0
|
95,0
|
63,0
|
76,0
|
5) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үйі
|
66,0
|
66,0
|
66,0
|
66,0
|
66,0
|
6) жеке меншік тұрғын үй
|
1 753,8
|
1908,5
|
2 296,7
|
2 437,5
|
2 880,1
|
3. «Үшінші деңгейдегі» қалаларда (шағын және моноқалаларда) барлығы, оның ішінде:
|
1 158
|
1 190
|
1 203
|
1 244
|
1 344
|
1) ЖАО кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй
|
59,8
|
66,9
|
66,0
|
66,5
|
67,6
|
2) ҚТҚЖБ желісі бойынша жас отбасыларға арналған тұрғын үй
|
37,3
|
37,6
|
43,3
|
68,1
|
48,2
|
3) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның тұрғын үйі
|
10,0
|
17,0
|
9,0
|
6,0
|
7,0
|
4) жеке меншік тұрғын үй
|
1 051
|
1 068
|
1 085
|
1 103
|
1 222
|
4. Ауылдық, оның шекара маңындағы аумақтарда барлығы, оның ішінде:
|
298,5
|
302,6
|
304,9
|
312,0
|
344,1
|
1) ЖАО кезекте тұрғандарға арналған тұрғын үй
|
21,6
|
20,4
|
20,2
|
23,6
|
23,9
|
2) «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның тұрғын үйі
|
3,0
|
4,0
|
2,0
|
1,0
|
2,0
|
3) жеке меншік тұрғын үй
|
273,9
|
278,2
|
282,7
|
287,4
|
318,2
|
Осы қосымшада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) өтініш беруші (үміткер) – тұрғын үй алу үшін (жеке меншікке, жалға алуға, кейіннен сатып алу құқығымен жалға алуға) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген тұлға;
2) Бағдарламаға қатысушы – қаржы институты белгілеген тәртіппен төлем қабілеттілігін растаған және тұрғын үйді бөлу рәсімінен өткен тұлға;
3) тұрғын үй құрылысының мемлекеттік және салалық бағдарламалары:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 маусымдағы № 1388 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005 – 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 20 тамыздағы № 383 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 2008 – 2010 жылдарға арналған Мембағдарлама);
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 329 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2011 – 2014 жылдарға арналған бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 821 қаулысымен бекітілген «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы;
4) төлем қабілетін бағалау – өтініш берушінің мүмкіндігін бағалау үшін жүргізілетін шаралар кешені, тұрғын үй сатып алуға берілетін қарызға уақтылы және толықтай қызмет көрсету және өтеу, тұрғын үйді кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу кезінде тұрғын үй-жинақ шотында ақша жинау, жалдау төлемін төлеу;
5) тұрғын үйге мұқтаж адамдарды есепке алу – «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 71-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан және жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органдар жалға алған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу;
6) ЖАО-ның кезегінде тұрғандар – жергілікті атқарушы органдарда тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрғандар;
7) тұрғын үйді өткізетін операторлар – ЖАО, ҚТҚЖБ, Жылжымайтын мүлік қоры;
8) тұрғын үй құрылысының (сатып алудың) операторлары – ЖАО, «ҚИК» ИҰ» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлік қоры).
2. Тұрғын үйді өткізу тетігі
1. Бағдарламаға қатысушылар
«ЖАО кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 67-бабының 1-тармағында көрсетілген ЖАО-да кезекте тұрған тұлғалар қатысады.
ЖАО кезекте тұрғандар Бағдарламаның мынадай бағыттары: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтық барлық санаты үшін», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бойынша I топ қатысушысы не өтініш берген және Бағдарламаның белгіленген талаптарына сәйкес келген жағдайда II немесе III топ қатысушылары ретінде қатыса алады.
Топтар қатысушыларына қойылатын талаптар мен критерийлер және қалыптастыру тәртібі осы бөлімнің ережелерінде көзделеді.
ЖАО кезекте тұрғандар Бағдарламаның аталған бағыттарының шеңберінде тұрғын үйді жеке меншікке немесе сатып алу құқығымен жалға алған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алынып тасталады.
Бағдарламаның «ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй», «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның тұрғын үйі» бағыттары бойынша мынадай қатысушылар көзделеді:
1) I топ, оның ішінде:
«ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша – Заңның 68-бабының 2), 4), 10) тармақшаларын қоспағанда, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көзделген адамдар санатына жататын ЖАО-да кезекте тұрғандар;
«ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша – ЖАО-да кезекте тұрғандар, Заңның 67-бабының 1-тармағының 1-1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатына жататындар, атап айтқанда:
көп балалы отбасылар;
толық емес отбасылар;
мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;
жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
оралмандар;
мемлекеттiк қызметшiлер, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi.
Аталған бағыттың қатысушыларын қалыптастыру мынадай кіші топтар мен критерийлер бойынша жүргізіледі:
1-кіші топ – ЖАО-да осы санатта кезекте тұрғандар, кемінде 3 жыл некеде тұрған, балалары (баласы) бар және жұбайлардың екеуінің де жасы 35 жасқа толмаған (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 35-ке толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы;
2-кіші топ – 1-кіші топқа кірмейтін, көрсетілген санаттағы ЖАО-да кезекте тұрғандар.
Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынға қайта ұйымдастырылған жағдайда, аталған санат бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар «Бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері» санатына теңестіріледі;
2) II топ: ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санатына арналған тұрғын үй» бағытына қатысушы халықтың барлық санаты;
3) III топ: мынадай талаптарға сәйкес келетін тұлғалар санаты:
кемінде екі жыл некеде тұрған жас отбасы, жұбайлардың екеуінің де жасы 29-дан аспауы қажет (Бағдарламаға қатысуға өтініш беру сәтінде), сондай-ақ балаларды (баласы) жасы 29-ға толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір/тұл қалған ата-ананың бірі ғана тәрбиелеп отырған толық емес отбасы.
Кемінде екі жыл тіркелген некеде тұру кезеңі «үшінші деңгейдегі» қалаларда (шағын және моноқалаларда) немесе АЕМ тұрғын үй алуға үміткер жас отбасыларға қатысты болмайды. Қазақстан Республикасы шағын және моноқалаларының тізбесі осы Бағдарламаға 1-қосымшада көрсетілген.
ІІІ топқа жататын адамдар санаты ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» бағытына қатысады.
4) IV топ:
«ҚИК» ИҰ» АҚ келісімдер/меморандумдар жасаған мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметкерлері;
«ҚИК» ИҰ» АҚ, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаты негізінде келісімдер/меморандумдар жасаған моноқалаларға немесе тірек ауылдық елді мекендерге көшуді ынталандыру және кадрлардың кетуін төмендету мақсатында өз қызметкерлеріне тұрғын үй салуды және/немесе сатып алуды ұйымдастыратын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қызметкерлері. Бұл ретте көрсетілген заңды тұлғалардың, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттарында тұрғын үй салуды және/немесе сатып алуды ұйымдастыруға құқығы бар.
Өтініш берушілер Бағдарлама талаптарына сәйкес келгенде және Бағдарламаның 3-кіші бөлімінің 2-тармағында көзделген талаптарды сақтаған жағдайда топтардың біріне қатысушысы ретінде қатыса алады.
2. Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар
1. I топқа қойылатын негізгі талаптар:
1) Заңға сәйкес тұрғын үйге мұқтаждар есебіне тұрғанын және тұрғын үйге мұқтаж мәртебесін растау;
2) 3-кіші бөлімнің 1-тармағында көрсетілген тұрғын үйді сату талаптары бойынша міндеттемелерді тиісті кірістермен орындау мүмкіндіктерін растау.
Адам басына пайдалы алаңының көлемі кемінде он бес шаршы метр және он сегіз шаршы метрден аспайтын, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме болған кезде тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатымен тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған адамдар І топ ретінде Бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.
2. ІІ және ІІІ топтарға қойылатын негізгі талаптар:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығының немесе оралман мәртебесінің болуы;
2) өтініш берген күнге соңғы екі және одан да көп жыл тіркеуде болуы ескерілетін Астана және Алматы қалаларын қоспағанда, тұру мерзіміне қарамастан, тұрғын үй алуға үміттенген елді мекенде тұрақты тіркеуде болуы.
Астана және Алматы қалалары бойынша жоғарыда көрсетілген тәртіпті қоспағанда, ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» бағыты бойынша қатысқан кезде өтініш беруші тұрғын үй алуға үміттенген елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болуы талап етілмейді;
3) Бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының, кәмелет жасына жетпеген балаларының), сондай-ақ өтініште көрсетілген отбасы құрамына кіргізілген өзге де отбасы мүшелерінің:
әрбір отбасы мүшесіне ауданы 15 шаршы метрден аз болатын жатақханадағы бөлменің болуын;
осы тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша ЖАО-ның тиісті анықтамасымен расталатын құлайын деп тұрған апатты жағдайдағы балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында жеке меншік үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға алынған тұрғын үйінің жоқтығы (ортақ бірлескен меншігі, осы тармақта көрсетілген өзге отбасы мүшелерімен үлестік меншіктің үлесі, тұрғын үй бірлігі).
4) Бағдарламаға қатысушыда және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің (жұбайының (зайыбының), кәмелетке толмаған балаларының), сондай-ақ отбасы құрамына енгізілген және өтініште көрсетілген отбасының басқа мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үйді ауыстыру немесе өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйді иеліктен шығару арқылы тұрғын үй жағдайларын әдейі нашарлатуы фактілерінің болмауы;
5) 3-кіші бөлімнің 1-тармағында көрсетілген тұрғын үйді сату шарттары бойынша тиісті кірістермен міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін растау.
IV топтың Бағдарламаға қатысушыларына қойылатын шарттары, тәртібі мен талаптары «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ) келісім бойынша келісімдермен/меморандумдармен және «ҚИК» ИҰ» АҚ-ның ішкі құжаттарымен анықталады.
3. Бағдарламаға қатысушыларға тұрғын үйді өткізу шарттары
1. Тиісті табыс деңгейі болған кезде Бағдарлама қатысушысына тұрғын үй:
1) ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй» және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыттары бойынша жеке меншікке немесе сатып алу құқығымен жалға алуға;
2) ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасылар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша сатып алу құқығымен жалға алуға;
3) «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз жалға алуға өткізіледі.
2-кіші бөлімнің 1-тармағының 2) тармақшасында, 2-тармағының 5) тармақшасында көзделген талаптарды орындау мақсатында өтініш берушілер ҚТҚЖБ, «ҚИК» ИҰ» АҚ және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның ішкі талаптарына сәйкес тиісті табысты (төлем қабілеттілігін бағалау) растайды.
ҚТҚЖБ желісі бойынша «ҚТҚЖБ барлық санаттағы тұрғындар үшін» бағыты бойынша өтініш беруші бастапқы кезде тұрғын үйді сатып алушы ретінде төлем қабілеттілігін растайды.
Төлем қабілеттілігі шегін растамаған жағдайда, ай сайынғы жиынтық (отбасылық) табысының ең жоғарғы деңгейі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 20 еселенген мөлшерінен аспаған кезде тұрғын үйді жалға алушы ретінде қаралады.
Жиынтық (отбасылық) табысқа (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығы мен өзге де шегерімдерді, соның ішінде отбасының әрбір мүшесін асырауға кететін шығындардың белгіленген ең аз деңгейін есепке алғанда) қатысты мәліметтер болған жағдайда, үміткерлер жалдау төлемінің ең жоғары сомасын есептеу бойынша «ҚИК» ИҰ» АҚ және «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның автоматтандырылған бағдарламасы арқылы табыстың тиісті деңгейіне алдын ала талдау (төлем қабілеттілігін бағалау) жүргізуге құқылы.
2. Бағдарлама аясында Бағдарламаның барлық бағыттары және Қазақстанның барлық өңірлері бойынша 1 бірліктен аспайтын тұрғын үйді жеке меншікке сатып алуға немесе жалға алуға рұқсат етіледі.
Аталған талаптың орындалуына бақылау тұрғын үйді өткізу операторларына жүктеледі.
Бағдарламаға қатысушы жалдау шарттарын жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу жөніндегі уәкілетті органда міндетті мемлекеттік тіркеуге тиіс.
Бағдарлама аясында:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен соттан тыс тәртіппен мәжбүрлі немесе соттың шешімі бойынша кепілдікке алынған тұрғын үйді сату жағдайларын қоспағанда, Бағдарламаға қатысушының сатып алу-сату шартымен меншікке сатып алған тұрғын үйді сатып алған күнінен бастап екі жыл ішінде;
2) Бағдарламаға қатысушы жалға алған тұрғын үйді жалға алған күнінен бастап 10 жылдық мерзім ішінде меншікке сатып алған жағдайда үш жылдық кезең ішінде;
3) Бағдарламаға қатысушының жалға алған тұрғын үйді меншікке сатып алған жағдайда сатып алу құқығымен жалға алу мерзімінің өтуі бойынша екі жылдық кезең ішінде тұрғын үйді иеліктен шығаруға жол берілмейді.
Бағдарламаға қатысушының жалға алынған тұрғын үйді қосымша жалға беруіне, жалға алушылардың жалға беру келісімшартын қайта табыстау жолымен сыйлыққа беруіне немесе айырбастауына тыйым салынады.
3. 1, 2-кіші бөлімдердің талаптарына сәйкес келетін І және ІІІ топтардан үміткерлер Бағдарламаның белгілі бір бағыты бойынша ЖАО хабарландыруларды және тұрғын үйді жүзеге асыру тәсілдерін (пәтерлер саны мен түрлері, жүзеге асыру тәсілдері – сату, сатып алу құқығымен жалға беру, сатып алу құқығынсыз жалға беру) жариялаған жағдайда пәтердің белгілі бір түріне өтініш (бұдан әрі – өтініш) пен мынадай құжаттарды тапсырады:
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) неке қию (некені бұзу), жұбайының/зайыбының қайтыс болуы туралы, балаларының туу туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы өтініш;
3) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының аумағы бойынша меншік құқығы бар үйінің немесе кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үйдің болуы немесе болмауы туралы анықтама;
4) өтініш берушінің және онымен үнемі бірге тұратын отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мекенжай анықтамасы;
5) өтініш берушінің (Заңның 67-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санаттарының I тобы үшін) және жұбайының (ІІІ топтың өтініш берушісі үшін) жұмыс орнынан анықтамасы;
6) отбасы мүшелерінің мүгедектігін немесе кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрінің болуын растайтын анықтама;
7) тұрғын үйдің техникалық жағдайы туралы (III топтың өтініш берушісі үшін) қорытынды;
8) Бағдарламаға қатысуға өтініш берген сәтте кезектілік нөмірін көрсете отырып, тұрғын үйге мұқтаждардың есебіне қою туралы анықтама (І топ үшін);
9) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша өз қаражаты және (немесе) қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға әзірлігі туралы өтініш (І топ үшін);
10) өтініш иесінің табыстар алғанын растайтын анықтама.
Аудан орталықтарында, қалаларда, республикалық маңызы бар қалада, облыстық маңызы бар қалаларда, астанада үміткерлерден өтініштер мен құжаттар «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы қабылданады, ауылдық елді мекендерде – қағаз жеткізгіште ауылдық округтің (ауылдың, кенттің) әкімдері қабылдайды.
4. Бөлінетін тұрғын үй нормалары және
Бағдарлама бағыттарының операторлары
1. Тұрғын үй мынадай мөлшерде және тәртіппен бөлінеді:
1) «ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй» бағыты бойынша мемлекеттік (коммуналдық) жалға берілетін тұрғын үй Заңның 74-бабына сәйкес ЖАО толық көлемде кезекте тұрғандарға бөледі;
2) «ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаты үшін тұрғын үй» бағыты бойынша:
5-кіші бөлімге сәйкес ЖАО қалыптастыратын I топ пулына қатысушылар арасында – 50 %;
6-кіші бөлімге сәйкес ҚТҚЖБ қалыптастыратын II топ пулына қатысушылар арасында – 50 %.
Топтардың арасында тұрғын үй тепе-тең мөлшерде және бірдей пәтерлер түрімен бөлінеді.
ЖАО мен ҚТҚЖБ арасында пәтерлерді бөлу тәртібі әрбір құрылыс объектісі бойынша ынтымақтастық туралы тиісті шартта айқындалады. Құрылыс объектісінде пәтер саны тақ болған жағдайда, бұл қалдық ҚТҚЖБ-ға бекітіледі.
I топтан Бағдарламаға қатысушылар пулын қалыптастыру кезінде өтініш берушінің табысы (қажет болған кезде) тиісті деңгейде расталмаған жағдайда, ЖАО екі реттен асырмай алдын ала тізімдегі кейінгі өтініш берушілерден іріктеу жүргізуге құқылы. Өтініш берушілер болмаған жағдайда, ЖАО бөлінбеген пәтерлерді ҚТҚЖБ-ға береді.
ІI топтан тұрғын үй алуға үміткерлер болмаған жағдайда, ҚТҚЖБ бөлінбеген пәтерлерді ЖАО-ға береді.
І және ІІ топтан өтініш берушілер болмаған жағдайда, ҚТҚЖБ 6-кіші бөлімде көзделген тәртіпке сәйкес Астана және Алматы қалалары үшін 2-кіші бөлімнің 2-тармағы 2) тармақшасының және басқа өңірлер үшін 3), 4) тармақшаларының талаптарына сәйкес келмейтін ҚТҚЖБ салымшылары арасында тұрғын үйлерді бөледі;
3) ҚТҚЖБ желісі бойынша «Жас отбасы үшін тұрғын үй» бағыты бойынша 5-кіші бөлімге сәйкес ЖАО қалыптастыратын III тобы пулына қатысушылардың арасында жалға берілетін тұрғын үй толық көлемде бөлінеді;
4) «ҚИК» ИҰ» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша 5-кіші бөлімге сәйкес ЖАО қалыптастыратын I топтың пулына қатысушылар арасында жалға берілетін тұрғын үй мынадай мөлшерде бөлінеді;
1-кіші топ қатысушылары үшін 50%;
2-кіші топ қатысушылары үшін 50 %;
Бұл ретте, тұрғын үй әртүрлі санаттағы ЖАО-да кезекте тұрғандар арасында есепке алудың жеке тізімдеріне сәйкес тең мөлшерде бөлінеді.
Кіші топтардың бірінен тұрғын үй алуға үміткерлер жетіспеген жағдайда, тұрғын үй үміткерлер арасында осы қосымшада белгіленген тәртіппен басқа кіші топ үміткерлері арасында бөлінеді немесе өтініштерді қайта қабылдауға болады.
Мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар үшін (ІV топтар) жалға берілетін тұрғын үйдің көлемі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ келісімі бойынша «ҚИК» ИҰ» АҚ-мен жасалған келісімдерге/меморандумдарға сәйкес анықталады;
5) «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша 5-кіші бөлімге сәйкес ЖАО қалыптастыратын I топтың пулы үшін тұрғын үйді ЖОА арқылы сатуға Жылжымайтын мүлік қоры айқындағанның 100 %-ы.
I топтан тұрғын үй алуға үміткерлер болмаған жағдайда, Жылжымайтын мүлік қоры 8-кіші бөлімге сәйкес үміткерлерді іріктеуге және тұрғын үйді бөлуге байланысты іс-шаралар жүргізеді.
2. Тұрғын үйді сату операторлары тұрғын үйлерді бөлу рәсімдерінің ашықтығын, пәтерлерді бөлу туралы шешім қабылданғанға дейін өтініштер берілген сәттен бастап қатысушылардың өтініштерін қарауды қамтамасыз етеді, өздерінің интернет-ресурстарында:
1) үміткерлердің алдын ала тізімін және бас тарту бойынша себептері көрсетілген өтініш берушілердің тізімін;
2) Бағдарламаға қатысушылардың түпкілікті тізімін жариялайды (Бағдарламаға қатысушының балы, санаты және Бағдарламада көзделген өзге талаптары көрсетіледі).
5. I және III топтардың Бағдарламаға қатысушылары үшін тұрғын үйді өткізу рәсімдері
1. ЖАО функциялары:
1) жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің қатысуымен тұрғын үй комиссиясының жұмыс істеу тәртібін белгілеу;
2) ҚТҚЖБ, «ҚИК ИҰ» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ өзара іс-қимылы тәртібін белгілеу;
3) бұқаралық ақпарат құралдарында және өздерінің интернет-ресурстарында Бағдарламаның негізгі бағыттарын кеңінен насихаттауды, сондай-ақ халық арасында түсініктеме жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;
4) бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстар арқылы «ҚИК» ИҰ» АҚ-тан, жылжымайтын мүлік қорынан алынған ақпараттың және ҚТҚЖБ-мен жасалған келісімдердің негізінде Бағдарламаны іске асыру бағыттарын, азаматтардың санаттарын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары, тұрғын үйдің сипаттамалары, құжаттарды қабылдау орындары, құжаттарды қабылдау басталатын және аяқталатын күні туралы хабарландыру жариялауды қамтамасыз ету;
5) ҚТҚЖБ, «ҚИК ИҰ» АҚ, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-мен жасалған келісімдерде анықталатын мерзімдерде I және III топтардың қатысушылары бойынша пулдарды қалыптастыруын, бірақ бағытын көрсете отырып, тұрғын үйді сату шарттары туралы ақпаратты және 4-кіші бөлімнің 2-тармағына сәйкес Бағдарламаға қатысушылардың тізімдері жарияланған күнінен бастап 6 (алты) айдан кешіктірмей, қамтамасыз ету;
6) 3-кіші бөлімнің 2-тармағында көзделген талаптарды сақтау мақсатында өңірлерге және Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша I және III топ үміткерлерінің қатысуына мониторинг жүргізу;
7) Бағдарлама бағыттары шегінде сатып алу немесе сатып алу құқығымен жалға алу арқылы тұрғын үй алған Бағдарламаға қатысушыларды тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алып тастау.
2. I топ үшін тұрғын үйді сату рәсімдері
I топтың қатысушылары арасында тұрғын үйді сату ҚТҚЖБ желісі бойынша «Халықтың барлық санаты үшін тұрғын үй», «ҚИК ИҰ» АҚ тұрғын үйі», «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша пулдарды қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу сатылатын пәтерлердің санына және пәтерлердің түрлеріне сәйкес мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) үміткерлерден өтініштер мен құжаттарды қабылдау, өтініш берушілерді Бағдарламаның талаптарына сәйкестігіне тексеру және тұрғын үйге мұқтаждар есебіне қою тізіміне және осы есепке қою күніне сәйкес үміткерлердің алдын ала тізбесін және бас тарту бойынша себептері бар өтініш берушілердің тізбесін қалыптастыру;
2) төлем қабілеттілігін бағалауға жолдама алу үшін кейінгі алдын ала тізімге енгізілген өтініш берушілердің келуін көрсетіп, тізімді және хабарландыруды жариялау.
Өтініш берушінің тиісті табысы расталмаған жағдайда, Бағдарламаның тиісті бағытындағы алдын ала тізімнен келесі өтініш берушілерден іріктеу жүргізіледі;
3) өтініш берушінің және жұбайының (зайыбының) жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, тұрғын үй комиссиясының шешімімен Бағдарламаға қатысушылардың, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйі» бағыты бойынша тұрғын үйді тікелей сатып алуға өтініш білдіргендердің түпкілікті тізімін бекіту;
4) іріктелген Бағдарламаға қатысушыларды хабардар ету және бекітілген тізімдерді:
ҚТҚЖБ-ға Бағдарламаға қатысушылармен тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарттарға қосымша келісімдер жасау және 6-кіші бөлімге сәйкес одан әрі іс-шаралар үшін;
«ҚИК» ИҰ» АҚ-ға 7-кіші бөлімге сәйкес Бағдарламаға қатысушылар арасында тұрғын үйді бөлу үшін;
Жылжымайтын мүлік қорына 8-кіші бөлімге сәйкес Бағдарламаға қатысушылар арасында тұрғын үйді бөлу үшін жіберу.
3. ІІІ топ үшін тұрғын үйді сату рәсімі
Бағдарламаға қатысушыны іріктеу сатылатын тұрғын үйлер саны және тұрғын үйлер үлгісіне сәйкес мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) үміткерлерден өтініштер мен құжаттарды қабылдау, өтініш берушілерді Бағдарламаның талаптарына сәйкестігін тексеру және балдық жүйені ескере отырып, үміткерлердің алдын ала тізімін құру (балдың ең көп саны бойынша):
бірінші бала үшін – 20 балл, келесі екінші және кейінгі балалар үшін 30 балл;
мүгедек болып табылатын және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын отбасының әрбір мүшесі үшін – 10 балл;
тұрғын үй құрылысындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде өткен іріктеу кезінде салынған тұрғын үйдің тізіміне қосылмаған үміткерлер үшін – қосымша 5 балл;
кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың санатына жататын ерлі-зайыптылардың әрқайсысы үшін – 10 балл.
Жалға берілетін тұрғын үйді бөлу кезектілігі жиналған балл санымен айқындалады. Үміткерлерде балл саны тең болған жағдайда, отбасындағы ерлі-зайыптылардың біреуі мемлекеттік қызметкер немесе бюджеттік ұйымның және білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болған отбасыларға басымдық беріледі. Тізімге енгізу туралы шешімді ЖАО тұрғын үй комиссиясы көпшілік дауыспен шешеді;
2) төлем қабілеттілігін бағалауға жолдама алу үшін алдын ала тізімге енгізілген өтініш берушілердің келуін көрсетіп, тізімді және хабарландыруды жариялау;
Өтініш берушінің тиісті табысы расталмаған жағдайда, Бағдарламаның тиісті бағытындағы алдын ала тізімнен келесі өтініш берушілерден іріктеу жүргізіледі;
3) өтініш берушінің және жұбайының жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, тұрғын үй комиссиясының шешімімен Бағдарламаға қатысушылардың түпкілікті тізімін бекіту;
4) Бағдарламаның іріктелген қатысушыларын хабардар ету, ҚТҚЖБ-ға бекітілген тізімдерді жіберу және 6-кіші бөлімнің 3-тармағына сәйкес Бағдарламаға қатысушылармен жалға беру шарттарын жасасу.
6. «ҚТҚЖБ тұрғын үй желісі» (жас отбасылар және халықтың барлық
Достарыңызбен бөлісу: |