Оқыту қазақ тілінде емес
11 Оқушының аты-жөні: ---------------------------------------------------------------- «Қазақ тілі» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. Анасы: -Қадиша , гүлге су құйшы,-деді Қадиша: -Ертең құямын ,-деді -Қадиша , қуыршақтарыңды жинашы,- деді анасы Қадиша: -Ертең жинаймын,- деді Қадиша анасына: -Апа,тамақ ішемін. Қарным ашты! -деді Анасы: Тамақты ертең істеймін –деді -Апа,теледидар қосшы ,кино көремін ,-деді Қадиша -Теледидарды ертең қосамын . Киноны ертең көресің,-деді анасы 1.Берілген сөйлемдерді сәйкестендір Гүлге су құйшы Тамақты ертең істеймін Анасы Қуыршақтарыңды жина Ертең су құямын Қадиша Қарным ашты, тамақ жеймін Киноны ертең көресің /4/ Айтылым 2. Берілген сөздер бойынша тыңдаған мәтіннің мазмұнын айт. Тірек сөздерді пайдалан. Тірек сөздер:, қуыршақ, су құйшы, тамақ жеймін, кино көремін [4] Оқылым 3. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында. Бір адам жолда тауып алған тағаны көріп: -Балам анау тағаны алшы!-дейді. -Баласы ескі таға ғой ,пайдасы жоқ,-деп тағаны алмайды. Әкесі тағаны өзі алды. Әкесі тағаны ұсталарға 3 тиынға сатып, шие алады. Бала түскен шиені он рет жерден алып жейді.
Қадиша қандай қыз ? [4] Жазылым 4.. Берілген сөздерден сөйлем құра 1. Қадиша, су, гүлге, құйшы 2. қуыршақтарыңды, Қадиша, жинашы 3.Тағаны , алды, әкесі 4. Ұсталарға , сатты, тағаны [4] –––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––- Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады. Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады. Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады. Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отыру қажет. Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек. жүктеу/скачать 1.59 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |