Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»


Мағынаны ұғынуға арналған оқылым (танысу үшін оқу)



Pdf көрінісі
бет65/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

Мағынаны ұғынуға арналған оқылым (танысу үшін оқу) 
 Оқушылар белгіленген уақыт ішінде қысқа әңгіме мен ақпараттық мәтін 
оқиды.Олар негізгі мәселелерді анықтап, пікірлерін ауызша ұсынады. 
 Оқушылар дәлелдерді анықтай отырып, қысқа дискурстық мәтін оқиды. 
 Оқушылар бірқатар мәтінді топтарға бөледі, мысалы, сюжеті/тақырыбы 
ұқсас мәтіндер т.б. 
 Оқушылар өздері жаңа ғана тыңдаған немесе оқыған мәтінге қатысты: 
Кім? Не? Қашан? Қайда (егер қолдануға келсе: Неліктен? және Қалай?) деген 
сұрақтарға жауап береді. 
 Мұғалім жылдам оқып, топқа негізгі мәселелерге қатысты ауызша кері 
байланыс ұсыну үшін жеке, ұзын мәтін береді. (Бұл жаттығуды күрделілігіне 
қарай саралауға болады). 
 Топ мәтіннің мазмұнына қатысты шын/өтірік сұрақтарға команда ретінде 
жауап береді. 
 Оқушылар басқа оқушыларды мәтіннің мағынасына қатысты «тестілеу» 
үшін, шын/өтірік және мәтіннен алынған үзінділермен байланысты 
сұрақтарды әзірлейді. 
 Топтар/сынып мәтіннің мәнісін анықтауға арналған әдіс-тәсілдер тізімін 
жасайды. 
 Оқушылар мәтіннен алынған үзінділермен белгілі бір уақыт ішінде 
танысады және олардың әрқайсысында болып жатқан оқиғаны жалпылайтын 
суреттермен сәйкестігін анықтайды. 
Егжей-тегжейлі білуге (түсінуге) арналған оқылым (сканерлеу) 
 Оқушылар мәтінді қайта оқиды және өздерінің бірінші рет оқығанда нені 
қалдырып кеткенін және екінші рет оқығанда байқағанын айтады. 
 Оқушылар мұғалім/сыныптасы оқыған қысқа мәтінді тыңдайды, сосын 
__________нені естерінде сақтағанын айтады. (Олар, бәлкім, маңызды бір 
тұстарды естерінде сақтар, мысалы, атын, кейіпкерлерін немесе 
статистикалық деректер). 
 Оқушылар жұптасып оқиғаны немесе негізгі идеяны өзгертпестен алып 
тастауға болатын, мәтіндегі екінші дәрежелі элементтерді атап көрсетеді. 
Оқушылар баса көрсетілген материалсыз ненің жоғалтылуы мүмкін екенін 
түсіндіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет