Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»



Pdf көрінісі
бет68/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

«
Он сұрақ» 
«Он сұрақ» әдісі арқылы алған біліміне сүйене отырып, ойды 
жинақтап, түйін түю: Мұғалім бір оқушыны таңдап алады және оның 
маңдайына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырады. Қатысушы сыныпқа 10 
сұрақ қоя алады, оған жауап не «ИӘ» не «ЖОҚ» деп беріледі. Оқушы сол 
арқылы бүгінгі сабаққа қатысты ұғымды табады.
79 


 
«Ортақ әңгіме»
 
Мақсаты:Топ мүшелерінің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. 
Бәрі шеңбер бойымен отырады. Біреуі қандай да бір тақырыпта әңгіме 
бастайды (мысалы, детектив), бірақ тек бірінші сөйлем ғана айтады. 
Жанында отырған қатысушы екінші сөйлемін, оның жанында отырған 
үшінші сөйлемін және т.с. шеңбер бойымен орындалады. 
Талдау: Жаттығу ұнады ма? Не ұнамады? Не қиындық келтірді? 
Қандай әсер алдыңыздар? 
 
 
«Ортақ портрет» 
Оқушылар өз тобының ортақ портретін құрастырады. Бұл үшін олар 
топ құрамындағы оқушылардың арасында дене мүшелерін бөліп (мәселен, 
біреудің көздері мен қолдары, екіншісінің құлақтары мен иықтары
үшіншісінің шашы мен аузы, төртіншісінің мойыны мен мұрыны т.с.с), 
оларды біріктіріп, ауызша сипаттайды. 
Әрине, әдеттегідей сипаттардың барлығы да жағымды тұрғыдан болуы 
керек, мұнда оқушылардың бірін-бірі мақтағаны дұрыс. 
Топтар өз портреттерін сыныпқа оқып береді. 
«Орынсыз жауаптар» 
 
Оқушыларға кезекпен кез келген сұрақ қоюға рұқсат етіледі. 
Бірақ жауап беруші тікелей ол сұраққа жауап бермейді. Мысалы: 
«Сағат неше болғанын айтып жібере аласыз ба?» - «Рақмет, мен 
түстеніп алғанмын» 
«Марста тіршілік бар деп ойлайсың ба?» - «Маған ертегі 
оқығанды ұнатамын» 
Сұрақтарды бүгінгі өтілген материалды еске түсіруге арнап 
құрастырғызуға да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет