Оқытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан есбосын нағиша қожақҚызы №10 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация»


Нақты нәрсені анықтауға арналған оқылым



Pdf көрінісі
бет66/108
Дата26.01.2023
өлшемі1.99 Mb.
#468776
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   108
Жаңа әдіс тәсілдер кітап

Нақты нәрсені анықтауға арналған оқылым 
77 


 Оқушыларға белгілі бір сала туралы ақпараты бар бірнеше мәтін 
ұсынылады. Олардан аталған жағдайда аталған адам үшін тиісті іс-
әрекеттерді анықтау сұралады. Мысалы, ақпарат түрлі жастағы ұлдар мен 
қыздарға арналған жергілікті клубтарға және/немесе жергілікті көрікті 
жерлер мен ойын-сауық орындарына қатысты болуы мүмкін. Оқушылар бұл 
адамдар қандай жұмыстардың қандай түрлерін орындай алатынын 
анықтайды және өздерінің нені және қашан істей алатынын көрсететін 
график құрастырады. 
 Жұптасып отбасының әртүрлі мүшелеріне арналған жұмыс түрлерін 
талқылау (әртүрлі жас санаттары, қолжетімдік және т.б.). 
 Жұптар романнан үзінді тыңдайды немесе оқиды/бірнеше сюжеттік желісі 
бар шоудан үзінді көреді, сосын нақты осы кейіпкермен немесе сюжеттік 
желімен не болғанын түсіндіреді. 
Жаңа сөздерді үйренуге арналған оқылым 
 Оқушыларға бірқатар таныс емес сөздері (10-нан артық емес) бар мәтін 
беріледі, олар оқу барысында ол сөздердің астын сызу керек. Оқушылар 
төмендегі белгілерге қарап ол сөздердің мағынасын анықтайды: 
• 
таныс сөздермен ұқсастығы; 
• 
өзіне таныс басқа тілдегі сөздермен ұқсастығы; 

мәнмәтіндегі байланыс; 

сөздердің буынға бөлінуі (жалғау мен жұрнақтарды қоса алғанда). 
 Оқушылар мағынасын көрсету үшін жаңа сөздерді синонимдерімен немесе 
оларды басқа сөзбен жазады. 
 Оқушылар мағынаны түсінгенін көрсету және бекіту үшін, сөйлемде жаңа 
сөздерді пайдаланады. 
 Оқушылар газеттің бірінші бетін өздері білмейтін/олардың ойынша 
басқалар білмейтін көп дегенде он сөзбен көшіреді. Сөздікті пайдалана 
отырып, олар анықтамасын тауып жазады – жұптар/топтар сосын 
басқалардан сөздің (сөздердің) мағынасын анықтауды сұрайды. 
 Оқушыларға балама анықтамалары ұсынылады немесе олар оны өздері 
құрастырады. Сосын мәнмәтінге қарай олардың ішіндегі дұрысы таңдалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   108




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет