Оқытудың жаңа әдістері


Оқудың жаңа әдістерін сабақта қолдануы



бет3/4
Дата24.03.2023
өлшемі266.02 Kb.
#471052
1   2   3   4
Матчен Анастасия ФБ- 32 ҚБ курс

5 . Оқудың жаңа әдістерін сабақта қолдануы

  • Әртүрлі тақырыпта диалог құру мынадай нәтиже береді:
  • - Сабақта белсенділік жоғарлайды.
  • -Сөздерді есте сақтау қабілеті дамиды.
  • -Дұрыс сөйлемдер құруға дағдыланады.
  • -Оқуға қызығушылықтары артады.
  • Сонымен қатар оқушылар жұпта және топта өзара диалогты жүзеге асырады.
  • Диалогтік оқытуда жүзеге асыруда пікірталас, рөлдік ойын, зерттеушілік әңгіме әдістерін пайдалануға болады. Бұл әдіс-тәсілдер оқушының қандай деңгейде тұрғанын білуге көмектеседі.
  • Бағдарламаның құрлымы үш деңгейден тұрады.
  • 1.Қызығушылықты ояту. Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады,белсенділігі артады, оқушыларды психалогиялық тұрғыдан дайындай отырып,қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін таңдай отырып,қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққа тарту.Бұл қызығушылықты ояту кезеңі-« жаңа білімге көпір салу»
  • 2.Мағынаны ашу.Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы біліммен ұштастыра түседі.Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар.Олар болжау кестесі ,ойлан,жұптас,ортаға сал,өзара оқыту т.басқа . Осы әдіс-тәсілдерді қолдану кезеңді ең тамаша кезеңге яғни оқушының өздігінен білім алу өзін-өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму ,шығармашылық іс-әрекетінің ояну бір сөзбен айтқанда өзіндік еңбек ету кезеңіне айналады
  • 3.Ой толғаныс .Оқуды қортындылау . Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп,өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды ,топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса өздері дәлелдейді,көрсетеді, бағалайды.

6 . Оқыту әдістерін жетілдіру. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оларды таңдай білуі шарттары

  • Оқыту әдісін таңдауға ықпал ететін шарттар: 1. Оқыту әдістерін оның мақсат-міндеттеріне, оқушылардың жас және таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану; 2. Мектептің материалдық - техникалық негізін ескеру; 3. Мектептің орналасқан жерін ескеру. Мысалы, қала мектептерінде оқушыларды өндіріс орындарына экскурсияға, ауыл мектептерінде мектеп жанындағы учаскелерге, табиғатқа, ауылшаруашылық өндірісіне апару; 4. Мұғалімнің шығармашылығы және шеберлігі. Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын сабақ мақсатының айқындығы. Себебі оқу материалын баяндауда негізгі идеясын немесе оқушылардың іс-әрекетін анықтап алмай, оқыту мақсатына жету мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет