4-тарау
ҚР ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНДАҒЫ КАДРЛАРДЫ
ІРІКТЕУ, ОРНАЛАСТЫРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ
1. Кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
ҚР прокуратура органдарында кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу мәселелерімен прокуратура органдарының басшыларымен қатар. Кадр қызметінің қызметкерлері айналысады. Прокуратура органдарындағы кадр жұмыстары әр- түрлі және өздерінің ерекшеліктері бар. Кадр қызметтерінің қызметкерлері прокуратура кадрларын іріктеу, орналастыру және тәрбиелеуден басқа кадр жұмыстарының есепке алу және талдау, прокуратураның жедел қызметкерлерін аттестациядан өткізу мәселелерімен айналысады; кадр резервтерімен ( бұл жұмыс жоғары оқу орындарындағы заңгер мамандығы бар студенттер арасында жиі жүргізіледі ) және ішкі кадр резервтерімен, прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша үнемі жұмыс жүргізеді.
Аудандық ( қалалық ) прокуратураларда прокуратура органдарындағы бос лауазымдарға кандидаттарды іріктеу бойынша алдын ала жұмвстар ғана жүргізіледі. Жұмысқа қабылдау, жұмыстан босату, көтермелеу, тәртіптік жазаға тарту, қажетті құжаттарды ресімдеу, жеке іс қағаздарын сақтау мәселелерімен облыстық және оларға теңестірілген прокуратуралардың, сондай- ақ Бас прокуратураның кадр бөлімшелері айналысады.
Прокуратура органдарының прокурорлары мен қызмеикерлерінің басым көпшілігі, қажетті кәсіби және жеке қасиеттерін көрсете отырып, тапсырылған учаскелерінде қайсарлықпен еңбек етеді. Дегенменде, қызметтік парызын, мемлекеттік және қызметтік тәртіп талаптарын бұзатын, сондай- ақ қызмет бабын пайдаланып заң бұзышылық жіберетін қызметкерлер де бар. ҚР Бас прокуроры өзінің бұйрықтарында, талаптарында және нұсқаулықтарында прокурорлық қадағалауға қатысушы барлық қызметкерлердің саяси жетілуін, табанды, сатылмайтын, құзыретті және әділ заңдылықты, құқықтық тәртіпті, мемлекеттік және еңбек тәртіптерін нығайту бойынша талаптарды өмірге шығармашылық және мақсатты түрде келтіре алатын қабілетті болу керектігі туралы міндеттерін қойды.
Болашақ прокурорларда: неге прокурорларға осындай үлкен талап қойылды деген сұрақтар жиі туылады. Өйткені, олар ерекше түрдегі мамандар. Осы органдардың қызметкерлеріне мемлекеттік билік пен басқарудың өзге орган қызметкерлеріне қаранда, оларға аса үлкен талаптар қойылады. Заң прокурорларға басқару- бөлу сипатындағы аса зор өкілеттіктер берді. Өздерінің қызметтік баптарын пайдалана отырып, заң бұзышылық жасаса, оныдұрыс пайдаланбаса ауыр зардапқа әкеп соқтырады. Прокурор қылмыстық істі қозғауға, қылмыс жасағаны үшін сезіктіні айыптауға, айыпталушыға қатысты бұлтартпау шараларын таңдауға, оның ішінде қамауға алуға, оның тұрғын жайып тінту немесе алуды, почта- телеграф жөнелтімдерін тұтқындауды, айыпталушыны атқаратын қызметінен шектеуді, телефондар мен сөйлесулерде тыңдауды орнатуды және т.б. жургізуге құқықты. Өздерінің ең кішкентай қатесі немесе заңнан атап кетуі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын маңызды шектеуге әкеп соқтыруы мүмкіндігін және де кей кезде жиі әкеп соқтыратынын, айыпталушы мен оның жақындары ментуысқандарына ауыр жара қалдырылуы мүмкін екендігін прокурорлар әрқашанда есте сақтауға тиіс.
Барлығымызға белгілі билік басындағы лауазымда адамдар жоғарлаған сайын өздерінің қызмет баптарын пайдалана отырып, заң бұзышылықтарды жиі жібереді. Бұл өмірдегі шыңдық.
Прокуратура органдары практикада соңғы уақытта дейін кең таралған құбылыс, яғни бағынышты прокурорларына тәртіптік жазаны тарту құқығы бар, прокуратура органдарының басшылары өздеріне берілген басқару- бөлу өкілеттіктерін пайдала отырып, өздерінің кәсіби қызметтерінде жіберілген қателіктері үшін; негізсіз қылмыстық істі қозғаны үшін немесе керісінше, қылмыстық істі қозғаудан бас тартқаны үшін, айыпталушының жасаған қылмыстарын заңды бағалауда қате жібергені үшін бағынышты қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану болды.
Прокуратура тарихында прокуратура қызметкерлері партия көшбасшыларынің ерік жігерін орындай отырып, заңсыздықты қорғау, билікке қиянат жасау және басқа да жалпы заң бұзышылықтардың жолына түскен жағдайлар бәрімізге белгілі. Қазіргі таңда осындай заң бұзушылықтарды қайталау туралы айтуға да жол берілмейді. Бірақ заңсыз қамауға алыңған немесе негізсіз сотқа берілген адамдар үшін бұл заң бұзышылық жеке немесе жалпы сипатқа ие болатыны ешқандай да маңызды емес. Әсіресе қылмыстық сот ісін жургізу саласында заң бұзушылық мәселелерінде үлкен құрамдағы санаттармен ойлауға болмайды. Прокурордың жауаптылығы туралы мәселені қою үшін жалғыз заң бұзушылықтың өзі жеткілікті.
Егер прокурорлық кадрлар иеленетін билік- басқарушы өкілеттіліктерді олар дұрыс қолданбаса, осылауазымды адамдардың жеке тұлғасын қалыптастыруда теріс көзқарастарды туғызады. Жылдан жылға тергеуші мен прокурор қылмыстық істерді қозғайды, әр түрлі іс жургізу шараларына қатысады. Біртіндеп олар осыған үйренеді және осы іс жүргізу әрекеттерінің ауырлығы мен ерекшеліктерін байқамайды. Кейбір прокурорларда мейшршмсіздік, немқұрайлық, адамдарға көніл бөлмеу, ақталмайтын қатаңдық, және өзінің дұрыстығына сенімділік байқалады. Осындай қайта өзгерулерді болдырмау үшінм басшылық тарапынан бағынышты қызметкерлердің қызметіне қатаң бақылау жасау, ең бастысы әрбір орындалатын іс жургізу актілерін үнемі өзі бақылап отыру керек. Прокуратураның әрбір қызметкері өзінің кәсіби міндеттерін заң шеңберінде ғана емес жалпы адамдық гуманизм шеңберінде орындауға, адамдарға мейірімділікпен қарауға және кішіпейіл болуға, көңіл аударуға міндетті.
Прокуратура органдарының қызметкерлері ұстанымдылық және заңдылық пен құқықтық тәртіптің бұзылуына қарсы ымыраға келіспеушілік қасиеттеріне ие болуға тиіс. Қылмысты тергеу және ашу, заң бұзушылықты анықтау, оның ішінде кінәлі адамдарды жауапқа тарту үнемі оңайға түспейді. Ақиқат пен әлеуметтік шындықты орнату жолындағы әрекеттерге қарсы және кедергілерді прокурорлар кездестірулері мүмкін және кездестіріп те жүр.
Прокурорлар үшін тағы бір қажетті кәсіби сапа- бұл бастамашылық. Осы мамандардың еңбектері творчестволы, заңдылықты орнату үшін күресте олардың бастамашылдығымен, сыншылдығымен көп нәрсе байланысты. ҚР Бас Прокурорының 2001 жылғы № 48 " прокуратура органдарынын кадрларымен жүргізілетін жұмыстардың басымдық бағыттары туралы" бұйрығына сәйкес: " Бас прокуратураның департаменттеріне, басқармаларына және бөлімдеріне, облыс және оларға теңестірілген прокурорларға, әскери прокурорларға ": іріктеу, орналастыру және кадрларды көтеру кезінде бөлімшелерді жетілген, моральдық қасиеттерге иеленетін, қазіргі талаптарға сай заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту бойынша алдарынақойылған міндеттерді шешуге қабілетті құзіретті қызметкерлермен кешендеуді қамтамассыз ету. Алқа мүшелерінің, Бас прокуратураның құрымдылық бөлімшелер және облыс прокуратура басшыларының жауаптылығы мен рөлін арттыру керек. Бас әскери прокурор, облыспрокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар кадр қызметінің басшылығын жеке өздері іске асыруға тиіс.
2. Прокуратура органдарында лауазымға тағайындалатын прокурорлар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар
" Прокуратура туралы " ҚР Заңы және ҚР Бас прокурорының бұйрығы және басқа нормативтік құқықтық актілер прокурор ( прокурор көмекшісіне ) қызметіне тағайындалатын адамдарға қатысты профессионалды, сондай- ақ рухани- әдепті сипаттағы қамтиды. " Прокуратура туралы " ҚР Заңының 48- бабына сәйкес:
Прокурорлар мыналар болып табылады:
-
Республиканың Бас прокуроры, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары, аға көмекшілері мен кқмекшілері, ерекше тапсырмалар жөніндегі көмекшілері, прокуратура органдары департаменттерінің, басқармалары мен бөлімдерінің бастықтары және олардың орынбасарлары, барлық төмен тұрған прокурорлар, олардың орынбасарлары, аға көмекшілері, қадағалау сатысындағыпрокурорлар, прокуратура органдарының аға прокурорлары және басқармалары мен бөлімдерінің прокурорлары, сондай- ақ әскери, уәкілетті және арнаулы прокурорлар.
-
Прокуратура органдарының қызметкерлері мыналар: прокурорлар қызметіне аттестациядан өткен адамдар және тікелей ғылыми- зерттеу немесе оқытушылық жұмыс жүргізетін прокуратура ғылыми және білім беру мекемелерінің аттестацмядан өткен қызметкерлері.
-
Әскери, табиғат қорғау, көлік сондай- ақ арнайы обьектілердің прокуратуралары мамандандырылған прокуратуралар болып ұғынылады.
-
Прокуратура органдарына қызметке алу мемлекеттік қызметшілер кадрлары туралы республикалық деректер орталығына алдын- ала сұрау салынған және азаматтар міндетті арнаулы тексеруден өткен жағдайда жүзеге асырылады.
-
Бұрын сотталған және қылмыстық жауапкершіліктен ақталмаған негіздер бойынша босатылған, сондай- ақ мемлекеттік қызметтен, өзге де құқық қорғау органдарынан жағымсыз қылықтары бойынша босатылған адамдар прокуратура органдарына қызметке қабылдануға тиіс емес.
-
Прокуратура органдары қызметкерлерінің лауазымына денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды, әдетте жоғары білімі бар ҚР- ның азаматтары қабылдана алады. Оларды қызметке тағайындағанда сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.
-
Прокурорлар болып жоғарызаң білімі бар, қажетті іскерлік және моральдық қасиеттерге ие, денсаулық жағдайына қарай прокуратура органдарында қызмет өткеруге жарамды азаматтар тағайындала алады. Әскери прокурорлар бірге әскери қызметші болуы керек.
-
Облыстардың прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар лауазымына, аудандық, қалалық және оларға теңестірілген прокурорлар лауазымына 25 жасқа толған, прокуратура органдарында кемінде үш жылдық жұмыс стажы бар адамдар тағайындалады.
-
Прокуратура органдарына қызметкерлері үш жылда бір рет аттестациядан өткізіледі. Аттестация тәртібін ҚР- ның Бас прокуроры белгілейді.
-
Прокуратура органдарында қызметке тұңғыш рет тағайындалған адам ант береді, оның мәтінің республика Президенті бекітеді.
Антты, әдетте салтанатты жағдайда, ашық жария түрде қабылдайды. Мұндай салтанатты жиынғы республика, облыс, өлке прокуратураларынын басшылары, осы прокуратуралардың алқа мүшелері, прокуратура органдарының ардагерлері қатысады. Жас маманның қолы қойылған ант оның алдағы барлыцқ қызметтері көрсетілетін жеке іс қағаздарында сақталады.Қабылданған ант болашақ прокурорларды өзінің қызметтік парызын үлгілі орындауға міндеттейді.
Аудандық, қалалық, оларға теңестірілген прокуратуралардың прокурор көмекшілерінің лауазымына ерекше жағдайларда, ҚР Бас прокурорының рұқсатымен арнаулы жоғары заң білім мекемелерінде оқып жатқан адамдар тағайындалады.
Прокуратура органдары қызметкерлерінің жоғары кәсіби дайындығы олардың заңды бұзбауға азаматтық күшіне, әділдігіне, сатылиайтындығы мен шыншылдығына сәйкес болу керек. Прокуратура органының қызметкерлері жоғары да айтылғандай, денсаулық жағдайына қарай өте қиын жұмыстарды және өздеріне жүктелген, әсіресе қылмысқа қарсы күресте адамгершілік міндеттерді орындауға қабілетті болуға тиіс.
Прокуратура органдарының практикасында мынадай жағдайлар кездесті,өзін қорғау үшін айыпталушының келтірген дәлелдері туралы күдікті адам өтініш жасағанда, прокурорлар бір қатар жағдайда алибелерді тексерген кездерінде болды. Мынадай таптаурындар: тергеуші айыпталушыға сенбейді, өйткені ол айыпталушы, ал жәбірленушіге сенеді, өйткені ол жәбірленуші. Сондай- ақ екеуінің де көрсетпелері бірдей дәлді тексеруге және сыналуға жатады. Әсіресе бұрын сотталған немесе сот үкімімен аса қауіпті кінәлі қылмыскерлер болып танылған адамдарға қылмысқа қатысты жоқ екендігін немесе кінәсіз екендігін дәлелдеу өте қиын. Осыған байланысты, олар үшін жағымсыз жағдайлар тууы мүмкін, осы жерде тергеуші мен прокурордан шындыққа шын көзқараспен қарауларын талап етіледі.
Бұл қасиеттер эмоциялық сипаттың басқа бөлінбес жағы, яғни аяушылық сезімімен байланысты. Қылмысты тергеу кезінде не тергеуші, қылмыстық істер бойынша сотта мемлекеттік айыптаушыны қолдау кезінде не прокурор осы қасиеттерді ұмытпау керек. Өйткені прокурор мен тергеушінің мамандықтары адам тағдырының қасіретіне байланысты ғой: қасақана өлтіру, оның ішінде аса қатыгездікпен, ауыр зардапты зорлау, адамның шығынымен бандиттік жапқындық жасау...
Егер сот залында қатысып отырған азаматтар мемлекеттік айыпталушыны қолдайтын прокурор қаза болған адамды аямаса немесе зорланған жас қыздың жас өмірінің бұзылғаны оған бәрібір болса, тыңдаушылардың жүрегіне оның айтқан сөздері ешқашанда терең із қалдырмайды.
Кәсіби сипаттағы бірнеше ұсынымдар. Дәрігер, мұғалім сияқты заңгер де тергеуші және прокурор мамандығын бір рет және өмірлікке таңдайды, басқа қызмет саласындағыдай, бұл жерде кәсіби және өмірлік тәжірибесі болмайды. Жоғары оқу орнын аяқтағаны туралы диплом алысымен прокурордың немесе тергеушінің күнделікті жұмысы басталып кетеді. Бұл ауыр және көп күш жұмсайтын және әсерлі еңбек. Юұған ертерек дайындау керек. " Прокуратура тураы " заңда тергеушілер мен прокурорларғамынадай кең көлемдегі тізбектің талаптарының қойылуы кездейсоқ емес.
Олар адамның айтқандарын мұқият тыңдау қасиеттеріне ие болуға тиіс. Көптеген прокурорлар өте жақсы және көркем тілде сөйлей алады, ол тыңдауға шыдамдары жетпейді, кейбір жағдайларда олар осы айтылғандарды орындағысы келмейді. Кейбір прокурорлар өздеріне шағымданып келіп отырған адамдарды тыңдауға шыдамдары жетпейді. Ол асығып, келушінің айтқан сөздерін бөле отырып, оны есіктен шығарып салады. Өзініз ойлап көрініз, прокурордың алдына келген осы адам қандай ауыр оймен кетеді.
Прокуратура органдарының жұмысшылары тек белгілі теориялық деңгейде ғана емес, сондай- ақ жалпы және кәсіби мәдениеттің жоғары деңгейінде болу керек. Қылмыстық істерді сотта қарау кезінде бұл өте маңызды. Кең жария ету жағдайында жүргізілетін сот процесі прокурордан заңдылық ұстамдылығының сотталушыға, тергеушіге, өзге де сот процесіне қатысушыларға салақтықпен, дұрыс қарамауына жол берілмейді. Прокурорлар әділ сотты іске асырушы орган ретінде сотты сыйлауға міндетті.
Прокурорлық қызметкерлер өздерінің теориялық ілімдерін толықтырып отыру керек. Бәрімізге белгілі жоғары оқу орнында алған білім он- жиырма жыл өткен соң ғана бағаланады. Заң өзгеріп және жетілдіріп отырады, сондай- ақ тергеу және прокурорлық практикада жетілдіріп отырады. Қазіргі уақыттабарлық ұйымдасқан және сыбайлас жемқорлық қылмыстардың өсуі жағдайларында қылмыстарды жасау тәсілдері аса жемісті бола бастады. " Егер біліміңді күн сайын толықтырып отырмасаң, олар азаяды " деген ақиқат бар екені белгілі. Соңдықтан, прокуратура органдары жедел қызметшілерінің қызметтері жүріп жатқан жағдайда, олар өздерінің кәсіби денгейің, өз құзыреттерін және кәсіби біліктілігін арттыруға тиіс.
3. Прокуратура қызметкерлеріне кластық шендер беру және аттестациялау. Прокуратура қызметкерлеріне қолданылатын тәртіптік жазалар мен мадақтау шаралары.
" Прокуратура тураы " ҚР Заңының 49- бабына және ҚР Жоғарғы Кеңесі Төралқасынығ 1992 жылғы 6 шілдедегі қаулысымен бекітілген " Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында қызмет атқару туралы, Қазақстан Республикасы прокуратурасы қызметкерлерінің кластық шендері мен әскери атақтары туралы " Ереженің 26- бабына сәйкес прокуратура қызметкерлеріне атқарған қызметіне, біліктілігіне және арнаулы қызмет стажына сәйкес кластық шендер мен әскери атақтар беріледі.
-
жоғары сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі- әскери генерал;
-
1- сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, әділет генерал- полковнигі;
-
2- сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, әділет генерал- лейтенанты;
-
3- сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, әділет генерал- майоры;
-
аға әділет кеңесшісі, әділет полковнигі;
-
әділет кеңесшісі, әділет подполковнигі;
-
кіші әділет кеңесшісі, әділет майоры;
-
1- сыныпты заңгер, әділет капитаны;
-
2- сыныпты заңгер, әділет аға лейтенанты;
-
3- сыныпты заңгер, әділет лейтенанты;
-
Кіші заңгер, прапорщик, мичман.
" Прокуратура туралы " ҚР заңының 4- бабындағы 2) тармақшасына сәйкес прокуратура органдарының сыныптық шендер мен әскери атақтар бәрілген қызметкерлері нысанды киіммен тегін қамтамассыз етіледі.
Нысандары мен айырым белгілерінің үлгілері, нысанды киімді киіп жүрудің тәртібі және қамтамассыз ету нормасы, сондай- ақ сыныптық шендері немесе әскери атақтар беру және олардан айыру тәртібі ҚР- ның Президенті бекіткен Прокуратуіра органдарында қызмет өткеру туралы ережемен белгіленеді.
Сыныптық шендері мен әскери атақтары бар адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыныптық шендері үшін қосымша ақы немесе әскери атақтары бойынша айлық ақы белгіленеді.
" ҚР- сы прокуратура органдарына қызмет атқару туралы, ҚР- сы прокуратурасы қызметкерлерінің кластық шендері мен әскери атақтары туралы " Ереженің 27- бабына сәйкес кластық шенді немесе әскери атақтағы арнаулы қызмет стажына сәйкес оң міңездеме болған жағдайда беріледі.
Аталған Ереженің 28- бабы прокуратура органдары қызметкерлеріне лауазымдарына сәйкес тиісті қызметтер, кластық шендер және әскер атақтар беруді белгілейді:
Жоғарғы дәрежелі мемлекеттік Қазақстан Республикасының
Заң кеңесшісі Бас прокуроры
1 дәрежелі мемлекеттік заң Бас прокурордың бірінші
Кеңесшісі; заң генерал- полковнигі орынбасары
2 дәрежелі мемлекеттік заң Бас прокурордың орынбасары
кеңесшісі; заң генерал- лейтенанты
3 дәрежелі мемлекеттік заң Облыс прокуроры және оған
Кеңесшісі; заң генерал- майоры теңестірілген прокурорлар,
Бас прокуратура басқарма
бастықтары
Аға заң кеңесшісі, заң полковнигі Бас прокуратураның басқарма,
бөлім басьықтары және олардың
орынбасарлары; Бас прокурордың
аға көмекшілері; Республика
әскери прокурорының орынбасар-
лары, аға көмекшілері, бөлім бас-
тықтары, штат саны 8 офицерден
кем емес гарнизондардың, бірлес-
тіктердің әскери прокурорлары;
Бас прокуратураның ғылыми меке-
мелері мен оқу орындарының
басшылары және олардың орынба-
сарлары; Облыс прокурорлары мен
оларға теңестірілген прокурорлар-
дың орынбасарлары; қалалардың-
облыс орталықтрының прокурор-
лары
Заң кеңесшісі, заң подполковнигі 1. Бас прокуратураның басқармала-
ры мен бөлімдерінің аға прокурор-
лары және прокурорлары
2. Басқармалардың, бөлімдердің,
гарнизондардың әскери прокурор-
лары гарнизондардың әскери проку-
рорының көмекшілері және ірі әске-
ри прокуратураларыдың бөлім бас-
тықтары
3. Облыс прокуратулары мен оларға
теңестірілген прокуратулардың
басқарма және бөлім бстықтары,
олардың орынбасарлары
4. Облыс прокурорлары мен оларға
теңестірілген прокурорлардың
аға көмекшілері
5. Қаланың, ауданның прокурорла-
ры, оларға теңестірілген прокурор-
лар
6. Бас прокуратураның ғылыми
мекемелері мен оқу орындарының
кафедра, лаборотория, сектор, бө-
лім меңгерушілері, ғылыми хатшы-
лары
Кіші заң кеңесшісі, заң майоры 1. Облыс прокурорлары мен оларға
теңестірілген прокурорлардың
көмекшілері
2. Облыс прокуратулары мен олар-
ға теңестірілген прокуратуралардың
басқармаларының, бөлімдерінің аға
прокурорлары және прокурорлары
3. Гарнизондар мен құрамалардың
әскери прокурорларының аға
көмекшілері
4. Бас прокуратураның оқу
орындарының аға оқытушылары
-1 дәрежелі заңгер, заң капитаны Бас прокуратураның оқу орын-
-2 дәрежелі заңгер, заң аға лейтенанты дарының оқытушылары, қала,
-3 жәрежелі заңгер, заң лейтенанты аудан прокурорлары мен оларға
-кіші заңгер, прапорщик, мичман теңестірілген прокурорлардың
аға көмекшілері және көмекші-
лері. Аттестациядан өткен маман-
дар.
Тәртіп пен аттестация мерзімдерін ҚР- сы прокуратура органдарында қызмет атқару туралы, прокуратура қызметкерлерінің кластық шендері мен әскери атақтары туралы Ереженің 10- бабына сәйкес Бас прокурор белгілейді.
Қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке қауіпсіздігін қамтамассыз ету және қылмыстық әрекеттердің алдын алу үшін прокурор мен тергеуші белгіленген тәртіпте табельдік қару- жарақ пен басқа арнаулы құралдары алып жүруге құқықты.
Қару- жарақ пен арнаулы басқа құралдары беру тәртібін Бас прокурор анықтайды.
Әскери қызмет жағдайларынан шыға отырып, әскери прокуратура офицерлерінің құқықтары мен міндеттері заңмен анықталады.
14- бапқа сәйкес прокурорлық- тергеу қызметкерлеріне емделуге, қайта дайындау біліктілігін арттыруға сайланбалы лауазымға сайлауына байланысты жұмыстан босауына, басқа жерге көшуіне, қызметтік іссапарға шығуына байланысты және басқа жағдайларда заңдарда белгіленген кепілдіктер мен үстемақылар тарайды.
Қызметтік іссапарда жүргенде прокурорлар мен тергеу қызметкерлері қонақ үйден кезексіз орын алуға құқықты.
Қызметкер өз міндетін бұзған жағдайда немесе прокуратура органдарының беделін түсіретін теріс қылықтар жасағанда ол белгіленген ретте тәртіптік, материалдық және қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Бағынышты қызметкер әрбір тәртіптік теріс қылық көрсеткен жағдайда тікелей жаза қолдануға құқығы бар жоғары тұрған басшыға дереу баяндауға тиісті.
Жұмысқа қабылдауға өкілеттігі бар прокурор тәртіптік жаза қолдануға құқықты. Кез келген қызметкерге қатысты тәртіптік жазаны Бас прокурор қолданылады.
Тәртіптік жаза қызметкердің кінәсінен өзіне жүктелген міндеттерін мүлде орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны әкімшілік немесе басқа әдепсіз теріс қылықтар жазағаны үшін беріледі.
Ереженің 18- бабы тәртіптік жазардың түрлерін белгілейді:
-
Ескерту.
-
Сөгіс.
-
Қатаң сөгіс.
-
Қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескертпе.
-
Қызметін, кластық шенін немесе әскери атағын төмендету.
-
Прокуратура органдарынан жұмыстан босату.
-
Жұмыстан босатумен қатар кластық шенінен немесе әскери атағынан айыру.
Кластық шендерін немесе әскери атақтарын ҚР- ның Президенті берген адамдардың кластық шенін ( әскери атағын ) төмендетуден басқа барлық жағдайларда Бас прокуор тәртіптік жазаны толық көлемде қолдануға құқықты.
Облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар кластық шенді ( әскери атағын ) төмендетуден басқа барлық жағдайларда өзі тағайындаған адамдарға тәртіптік жазаны толық көлемде пайдалануға құқықты.
Егер жасалған теріс қылықтың деңгейіне қарай тиісті тәртіптік жаза шаралары осы прокурорға берілген құқықтар шеңберіне кірмесе, ол жоғары тұрған прокурорға ұсыныс енгізеді.
Тәртіптік жаза теріс қылық байқалған күннен бастап бір айға дейігі мерзімде беріледі, оған қызметкерлердің ауырған және демалыста болған уақыты кірмейді.
Теріс қылық жасалған күннен кейін алты ай өткен соң тәртіптік жаза қолдануға болмайды.
Берілген тәртіптік жазаның орындалуын шағымдану тоқтата алмайды.
Теріс қылық жасаған қызметкер кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда еңбекақысы сақталып, қызметтік міндеттерін орындаудан уақытша шеттетілуі мүмкін.
Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрыққа Бас прокурорға шағымдануға болады. Шағымдану берілген тәртіптік жазаның орындалуын тоқтата алмайды.
Прокурорлық қызметкерлер қызметтік парызын үлгілі орындағаны және басқа қызметтегі ерекшеліктері үшін мадақталады.
Ереженің 25- бабына сәйкес прокуратура органдары қызметкерлерін мадақтау шаралары:
-
Алғыс.
-
Айлық жалақысына дейінгі мөлшерде ақшалай сыйлық.
-
Қызметтегі озаттығы үшін құны екі жалақыға дейіңгі ақшалай сыйлық.
-
кластық шенін немесе әскери атағын көтеру.
-
" ҚР- сы Прокуратурасының құрметті қызметкері " төске тағатын белгісімен наградтау.
Сіңіргеннңбегі үшін прокуратура қызметкерлері " ҚР- сының еңбек сіңірген заң қызметкері " құрметті атағын беруге жататын басқа наградаларға ұсынылуы мүмкін.
" ҚР- сы Прокуратурасының құрметті қызметкері " төске тағатын белгісі туралы ережені және онымен наградтау тәртібін Бас прокурор белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |