Білім, икемділіктер, дағдылар: мектептегі тәртіп нормалары мен ережелері туралы білімді, оларды қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Тыныштық минуты: Өзіңнің болашақтағы мектебіңді көз алдыңа елестетіп көрші. Сен өзіңді онда қалай сезінесің?
Тапсырма: 1. Өз мектебіңнің суретін сал (суреттер вернисажы). 2. «Мен және менің мектебім» тақырыбына шығарма жаз.
Мектеп өмірінен алынған жағдайларды ойнау: 1. Мектеп мұғалімдерінен интервью алу. 2. Досыңмен үзілісте ренжісу. 3. Сабаққа дайындалмадың. 4. Мектепке жаңа оқушы келді және т.б.
Пікір талас: «Неге мектеп адамға өмірге жолдама береді дейді?».
8-тақырып. Бұл әлем қандай тамаша Білім, икемділіктер, дағдылар: қоршаған әлемнің сұлулығы туралы түсінікті, оған деген қамқорлық сезімді тәрбиелеудің икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Тыныштық минуты: Өзіңді жағасы көзге көрінбейтін көк теңізде жүзіп жүргеніңді көз алдыңа елестетші.
Шығармашылық ойыны: аялдамасы бар «Экология мұражайына» саяхат: 1. Қаланың (ауданның, ауылдың) экологиялық проблемалары (сурет, фотосуреттер пайдалану). 2. Экологиялық проблемаларды қалай шешуге болады (нақты қарсылық акциясы, іс-әрекеттер және т.б.). 3. Өзіңнің жақсы көретін табиғат бұрышының, жануардың суретін сал (суреттер вернисажы, оларды көрсету).
Ойындар: «Күн мен түн», «Тиіндар, қояндар, тышқандар».
9-10-тақырыптар. Қабылдаудың түрлері мен қасиеттері Білім, икемділіктер, дағдылар: қабылдаудың түрлері мен қасиеттерін, оларды іс-әрекетте қолдану икемділіктері мен дағдыларын жетілдіру.
Ойындардың, ойын тапсырмаларының, жаттығулардың, жағдайлардың сан алуан түрі: Роршах тесті.
Тапсырма ойындар: «Не жетіспейді?», «Құпиясы бар суреттер», «Суретші нені ұмытты?», «Не ортақ?», «Орманның суретін аяқта», «Өрнектің суретін аяқта», «Дене мүшелеріне қарай жануарларды таны».